Әскери бөлімде «Суицидтің өршуі – қоғамға келген қатер» тақырыбында кездесу өтті
Тақырып бойынша 11 материал табылды
Әскери бөлімде «Суицидтің өршуі – қоғамға келген қатер» тақырыбында кездесу өтті
Материал туралы қысқаша түсінік
Жуалы ауданындағы №91678 әскери бөлімінде «Суицидтің өршуі – қоғамға келген қатер» атты тақырыпта тәрбие бағытына арналған кездесу өткізілді.
Шараға 200-ден астам әскери қызметкер қатысып, қоғамда өзекті мәселеге айналып отырған суицидтің алдын алу жолдары мен оның теріс салдары жайлы түсінік алды.
Кездесуге Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің ақпараттық-түсіндіру және талдау бөлімінің инспекторы, теолог Рамазан Абделиев арнайы қатысып, деструктивті ойлардың адам өміріне келтіретін зияны туралы жан-жақты баяндап берді. Сонымен қатар, өмірді бағалау, төзімділік, қиындықтарды еңсеру жолдары мен діннің асыл құндылықтары арқылы адамның рухани тұрақтылығын арттырудың маңызына тоқталды.
Кездесу барысында әскери қызметкерлер көкейлеріндегі сауалдарын қойып, пайдалы ақпарат алды. Мұндай іс-шаралар жастар мен әскери қызметкерлердің психологиялық тұрақтылығын арттыруға, өмірге деген құлшынысын күшейтуге ықпал етеді.
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
10.10.2025
20
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
шағым қалдыра аласыз













