Аты-жөні енгізілмеген
Жеке ақпарат жазылмаған
Ватсапта бөлісу
Телеграммда бөлісу
Фейсбукта бөлісу
Сілтемені көшіру
Барлығы: 10 материал
Сабақ жоспары "Насихат. Ш.Құдайбердіұлы" 4 сынып
Фазылова Кульжан Ермековна
06 Ақпан 2019
708
Әдеби шығарманы талдауға үйрету. Өлеңді талдай отырып, негізгі ойды, идеяны ұғынады. Автор жайлы мәліметті оқушылардың көмегімен жеткізу. Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды. Жеті жасында әкеден жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады.
Бастауыш сынып
Сабақ жоспары
4 сынып
Сабақ жоспары "Жергілікті жерді бағдарлау." 4 сынып
Фазылова Кульжан Ермековна
06 Ақпан 2019
1427
Жергілікті жерді бағдарлау әдістері туралы түсіндіру. Жергілікті жерде бағдарлау әдістерін және табиғи бағдарларды айқындай біледі. -Біз қоршаған ортаны зерттеуді жалғастырамыз. Ең зерделі және білімді адамға табиғат өз құпияларын ашумен қатар орманда адасып қалған кезде қай жаққа жүру керектігін де айтып береді. Блиц-сауал. -Бағдарлау дегеніміз не? Көкжиек, көкжиек сызығы дегеніміз не? -Көкжиек тұстарын ата. -Құбылнама дегеніміз не? Оқушылар үшін мынадай тапсырма: Парақтарды алыңдар. 3 санынан бастапбатысқа қарай 2 қадам, одан кейін оңтүстікке 3 қадам, одан соң шығысқа 2 қадам, солтүстікке 2 қадам және шығысқа қарай 2 қадам жүріңдер. Қандай санға келдіңдер? Оқулықтағы мәтінді оқып, сыныптасыңмен талқыла. Табиғи бағдарлар туралы қандай жаңа ақпарат алдыңдар? Оқулықта қандай жаңа материал берілген? Қандай мысал келтіре аласыңдар?
Бастауыш сынып
Сабақ жоспары
4 сынып
Ашық сабақ "Екі дененің бір-бірінен қарама-қарсы екі бағытқа қозғалуына берілген есептерді шығару." 4 сынып
Фазылова Кульжан Ермековна
06 Ақпан 2019
740
«қашықтау жылдамдығы»,«жақындау жылдамдығы» деген түсініктерді қалыптастыру; оған сәйкес есептер шығару. «қашықтау жылдамдығы» деген түсінік қалыптасады; есептеу дағдылары жетіледі. -Олар бір-бірінен қашықтаған жылдамдық қалай аталады? (қашықтау жылдамдығы). Нысандар бір нүктеден, сондай-ақ бірінен-бірі белгілі бір қашықтықта болып та қозғалуы мүмкін екенін ескеру. (сызбаларды қарастыру). Ыдыстың ішінде алма бар. Осы ыдысқа 11 алма салынды. Одан жартысын алғаннан кейін, ыдыста 16 алма қалды. Бастапқыда ыдыста қанша алма болған?(21 алма)
Бастауыш сынып
Ашық сабақ
4 сынып
Мақала "Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не?." 4 сынып
Фазылова Кульжан Ермековна
06 Ақпан 2019
838
Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс - әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.
Бастауыш сынып
Мақала
4 сынып
Тәрбие сағаты "Жаманнан жирен, Жақсыдан үйрен." 4 сынып
Фазылова Кульжан Ермековна
06 Ақпан 2019
732
оқушыларды жаман әдеттерден сақтандыру,ішімділік пен темекінің жас организмге зияны,әртүрлі жөтел,асқазан,тері аурулары осы никотин мен алкогольдің әсерінен екенін түсіндіру. Жас бүлдіршіндерді мектеп партасынан-ақ жаман әдеттерден аулақ болып,өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді сіңіруге,ХХІ –ғасыр басындағыСПИД ауруының алғы шарттарын болдырмауға баулу. Ойлау,есте сақтау қабілеттерін және сөздік қорын молайту; Жаман әдеттен аулақ болуға, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Бастауыш сынып
Тәрбие сағаты
4 сынып
Тәрбие сағаты "Отбасым-мақтанышым" 1 сынып
Фазылова Кульжан Ермековна
06 Ақпан 2019
16641
Отбасы деген түсінікті қалыптастыру. Отбасы мүшелері, отбасындағы өзінің орны туралы толық түсінік беру. Отбасы мүшелеріне қамқорлық, жанашырлық сезімдерін дамыту. Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Туып-өскен үйде тату болуға үйрету. Балалар сиқырлы қалтадан отбасы мүшелерінің суреттерін алады. Кімге қай отбасы мүшесінің суреті түссе, отбасы туралы жаттаған тақпақтарын айтып береді. «Мен жаттығуы» Оқушылар және ата-аналар тақтада берілген үлгі бойынша өзі туралы өз ойын дауыстап айтады.
Бастауыш сынып
Тәрбие сағаты
1 сынып
Сабақ жоспары "Негізгі, туынды сын есім" 3 сынып
Фазылова Кульжан Ермековна
06 Ақпан 2019
911
Оқушылардың сын есім туралы білімдерін толықтыру, негізгі және туынды сын есім туралы түсінік беру, туынды сын есім жасай білуге, сын есімдерді қатыстырып, түрлі шығармашылық тапсырмалар орындай білуге үйрету. Оқушылар негізгі, туынды сын есімдерді ажырата біледі,туынды сын есім жасауды үйренеді, сын есімдерді пайдаланып, түрлі тапсырмаларды орындай алады. Сөзді оқып, негізгі немесе туынды сын есім екенін ажырату.
Бастауыш сынып
Ашық сабақ
3 сынып
Сабақ жоспары "Бастауыштан кейін қойылатын сызықша" 3 сынып
Фазылова Кульжан Ермековна
06 Ақпан 2019
1277
оқушылардың бастауыш пен баяндауыш жайындағы алган білім, дағдыларына сүйене отырып, бастауыштан кейін сызықшаның қойылу себебін түсіндіру; бастауыш пен баяндауыштың қай сөз табынан жасалғанын анықтауды үйрету. Бастауыштан қойылатын сызықша туралы біледі; Бастауыш пен баяндауыштың қай сөз табынан жасалатынын біледі. Тыныс белгісін қойып жазу. Бастауышты бір сызықпен, баяндауышты екі сызықмен сызу Бастауышы зат есім, баяндауышы етістік болатын бірнеше сөйлем құрастырып жаз.
Бастауыш сынып
Ашық сабақ
3 сынып
Сабақ жоспары "Сөйлем мүшелерінің байланысы" 3 сынып
Фазылова Кульжан Ермековна
06 Ақпан 2019
1156
Сөйлем мүшелерінің арасындағы байланысты сұрақ қоя отырып анықтауға , сызбаны түсіне білуге үйрету. Сөйлем мүшелерінің байланысын анықтай алады; Сызба салуға үйренеді; Ынтымақтастықпен жұмыс жасау қабілеттері артады; Сөйлемдерді тұрлаусыз мүшелермен толықтырып жазу. Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен көрсет. Сөйлемдегі сөздер дұрыс құрылу үшін, олар өзара мағыналық байланыста болу керктігі сызба арқылы түсіндіру. Топпен жұмыс жасайды. Өз жұмыстарын қорғайды
Бастауыш сынып
Сабақ жоспары
3 сынып
Сабақ жоспары "Көктем. Сөйлем" 1 сынып
Фазылова Кульжан Ермековна
05 Ақпан 2019
891
Оқушылардың сөйлем туралы түсініктерін кеңейту, өлеңді түсініп, мәнерлеп оқуға жаттықтыру. Оқушылардың сөйлеу тілін дамыта отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, табиғаттың әсемдігін сезінуге баулу. Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірін-бірі тыңдап, құстарға деген қамқоршылыққа тәрбиелеу. Берілген сөздерден сөйлем құрастырып жазуға дағдыларын қалыптасрыру; Дұрыс, байланысты сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Бастауыш сынып
Сабақ жоспары
1 сынып