Н/Ф-206-01-23
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжі
«АНАТОМИЯ, ФИЗИОЛОГИЯ ЖӘНЕ МЕКТЕП ГИГИЕНАСЫ»
пәні бойынша
ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Мамандық: 0105000 «Бастауыш білім беру»
Біліктілік: «Бастауыш сыныптардың мұғалімі»
Көкшетау қаласы, 2019 ж.

Құрастырған: биология және химия мұғалімі Омарова Ш.Қ.
Пән бойынша оқу –әдістемелік кешен мамандық бойынша жұмыс оқу
жоспарына және «Анатомия, физиология және мектеп гигиенасы» пәні бойынша
үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру
(ҚР үкімінің 23.08.2012 ж. № 1080 қаулысы) үлгілік оқу бағдарлама негізінде «Анатомия,
физиология және мектеп гигиенасы» пәні бойынша Қазақстан Республикасының
техникалық және кәсіптік білім беру саласынынң Мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандартына (ҚР МЖМБС 4,05073 -2009) сәйкес 0105000 «Бастауыш білім беру»
мамандығынын біліктілерді әзірленген
Оқу - әдістемелік кешен 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша пәнді
оқытудың мақсаты, мазмұнын көрсететін қажетті материалдардан турады.
Бөлім отырысында бекітілді
Хаттама № « » 20 жыл
Бөлім меңгерушісі___________ Амержанова Ш.Б.
ПЦК отырысында қарастырылды
Хаттама № « » 20 ж.
Төрайымы __________ Калдарбекова Б.А.

МАЗМҰНЫ
1 ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
1.1 Түсіндірмелі хаттама.
1.2 Оқушылардың білімін және ынтасын тексеру.
1.3 Тақырыптық жоспар.
1.4 Тақырыптық жоспар мазмұны
1.5 Қолданылған әдебиет
2 ПӘН БОЙЫНША ОҚУ –ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
2.1 Тақырыптық жоспар
2.2 Мамандық бойынша лекция
2.3 Практикалық жұмыстың жоспары
2.4 Бақылау жұмысына арналған тапсырмалар

1.1 ТҮСІНДІРМЕ ХАТТАМА
Осы оқу бағдарламасы «Анатомия, жас ерекшелік физиология және мектеп
гигиенасы» пәні бойынша Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім
беру саласынынң Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (ҚР БжҒМ 2016
жылғы 22 қаңтардағы № 72 бұйрығының 25-32 –қосымшаларына) сәйкес 0105000
«Бастауыш білім беру» мамандығынын біліктілерді әзірленген.
-«Анатомия, жас ерекшелік физиология және мектеп гигиенасы» пәннің оқыту
мақсаттары:балалардың өсу және даму заңдылықтарын білу, ағзанын құрылысын,
қызметін, жеке мүшелер мен жүйелер қызметін жас ерекшелік физиологиясы мен
анатомиясын зерттеуді және гигиенаны сақтау мәселелерін зерделетуді қарастырады.
Теориялық білімдерін бекіту және қажетті тәжірибелік біліктіліктер мен
дағдыларды қалыптастыру үшін пәннің бағдарламасында зертханалық жұмыстарды
жүргізу қарастырылады.
«Анатомия, физиология және балалар гигиенасы» пәні Мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру шартына сәйкес пәнге бөлінген жалпы сағат саны 68, сонын ішінде:
-теориялық сабақтар: 40 сағат
-практикалық сабақтар: 28 сағат
Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру саласынынң
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру Стандартына сәйкес пәннің оқыту нәтижесінде
оқу жылдың аяғында сынақ өткізіледі.

II. ПӘНДІ ОҚЫТУДА ЖОСПАРЛАНҒАН НӘТИЖЕЛЕР
Білім алушылар пәнді оқып үйренудің нәтижесінде
Біледі:
-Жасуша, ұлпалар құрылысының ерекшелігі мен тіршілік әрекетінің негізгі үрдісің
-Балалардың өсуі мен дамуының заңдылықтарын
-Балалардын жоғарғы дәрежелі жүйке жүйесінің қалыптасу ерекшеліктерін
-Тыныс алу мүшелерінің құрылыс қызметтердің ерекшеліктерін
-Өкпенің тыныс алу сыйымдылығы көлемін
-Ауа мен қан арасындағы газ алмасуды
-Гормондар және олардың құрамы мен физиологиялық белсенділігінің
ерекшеліктерін
-Жыныстық тәрбие негіздерін және жыныс мүшелерінің гигиенасын
Меңгереді:
-Балалардың өсіп жетілудің қадағалауды
-Балаларда дұрыс тыныс алу дағдыларын қалыптастыруды
-Балаларда болатын тыныс жолдары жұқпалы ауруларының алдын алу
Дағдыларды қалыптастырады:
-Балаларға антропометриялық өлшеулер жүргізіп, олардың дене дамуын бағалау
-Өкпенің тіршілік сиымдылығын анықтау
-Тыныс алуды реттеу
-Санитарлық - ағарту жұмыстарының нормаларын сақтау
-Астың қорытылып, сіңірлуін бақылау
-Зат алмасудың жасқа байланысты ерекшеліктерін анықтау
-Әртүрлі жастағы балалардың тәулік рационын құру
-Балалардың тамақтану кезінде гигиеналық дағдыларын қалыптастыру
-Жас балалардағы несеп ұстамуының алдын алу
-Гигиена талаптарын орындау, іске асыру
Құзыретті:
-Тәрбиеленушілердің жеке бас гигиенасын сақтауын, өзін-өзі күті
жұмысын ұйымдастыруға
-Балалардың анатомо-физиологиялық көрсеткіштерін
ерекшеліктеріне қарай дамытуға
-Мектепке дейінгі ұйымдар үйінің негізгі санитарлық – гигиеналық
нормаларын сәйкес пайдалануға
Біледі:
-Жүйке жүйесінің құрылысын, қызметін, дамуын
-Балалардың қозуы мен тежелу процестерінің ерекшеліктерін
-Сезім мүшелерінің сезімталдығының ерекшеліктерін
-Ас қорыту мүшелерінің құрылысы мен қызметтерін
-Ас қорыту процесін зерттеу жолдарын
-Баланың жасына қарай дұрыс тамақтануды жүзеге асыру
жолдарын
-Ас қорыту мүшелерінің және тамақтану гигиенасын
-Зәр шығару жүйесінің қызметтері мен құрылысын

-Несеп түзілу механизмін
Меңгереді:
-Анализаторлардың қасиеттерің түсіндіру
- Балаларда көру, есту мүшелеріне гигиеналық талаптарды
негіздеуді
-Балаларда жоғарғы жүйке дәрежесінің бұзылуының себептерін
көрсетуді, оларды алдын алу шараларын ұйымдастыру
-Тамақ рационын жасуды және есептеу әдістерін
-Балаларды уландырудан сақтандыруды және алғашқы көмек
көрсетуді
ІІІ. ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ МАЗМҰНЫ
№ Бөлімдер мен тақырыптар атауы Оқу уақытынын
п/п Барлығы Сонын
ішінде
теорет.Практик
1 бөлім. Кіріспе. 4 2 2
1Тақырып 1.1
Анатомия, физиология және балалар гигиенасы пәннің міндеттері
және зерттеу әдістері.
2 2 -
2Тақырып 1.2
Адам ағзасының өсіп, дамыуының заңдылықтары.
2 - 2
2 бөлім. Жүйке жүйесі 12 8 4
3Тақырып 2.1
Жүйке жүйесі. Жүйке жүйесінің құрылысы мен атақаратын
қызметі.
2 2 -
4Тақырып 2.2
Нейрон – жүйке жүйесінің негізі.
2 - 2
5Тақырып 2.3
Жұлынның құрылысы мен қызметі.
2 2 -
6Тақырып 2.4
Вегетативтік жүйке жүйесі.
2 2 -
7Тақырып 2.5
Мидың құрылысы мен қызметі.
2 - 2
8Тақырып 2.6
Үлкен ми сыңарларының құрылысы мен қызметі.
2 2 -
3 бөлім. Жоғарғы дәрежелі жүйке әрекеті 12 6 6
9Тақырып 3.1
Жоғарғы дәрежелі жүйке әрекеті.
2 2 -
10Тақырып 3.2
Жоғарғы дәрежелі жүйке әрекеті туралы И.П.Павлов, И.М.
Сеченовтың ілімдері.
2 2 -
11Тақырып 3.3
Шартты және шартсыз рефлекстер.
2 - 2
12Тақырып 3.4
Доминанта. Ұйқы. Түс көру. Гипноз.
2 2 -

13Тақырып 3.5
Балалардағы жоғары дәрежелі жүйке әрекетінің ерекшеліктері,
типтері.
2 - 2
14Тақырып 3.6
Мектеп жасындағы балалардың ақыл-ой еңбегіне қойылатын
гигиеналық талаптар.
2 - 2
4 бөлім. Анализаторлар. 6 2 4
15Тақырып 4.1
И.П. Павловтың анализаторлар туралы ілімі. Анализаторлардың
жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасы.Көру анализатордың
құрылысы мен қызметі.
2 - 2
16Тақырып 4.2
Есту анализаторы және вестибуляр аппараты. Анализаторлардың
жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасы.
2 2 -
17Тақырып 4.3
Дәм, иіс сезу және тері анализаторлары, бұлшықет , буын
анализаторы.
2 - 2
5 бөлім. Тірек-қимыл жүйесі. 8 2 6
18Тақырып 5.1
Тірек- қимыл жүйесі және оның жас ерекшеліктері.
2 2 -
19Тақырып 5.2
Сүйектердің қасиеттері, құрылысы мен құрамы.
2 - 2
20Тақырып 5.3
Бұлшық еттердің құрылысы мен маңызы. Бұлшықеттердің шаршау
себептері.
2 - 2
21Тақырып 5.4
Тірек-қимыл жүйесінің гигиенасы. Мектеп құрал жабықтарына
қойылатын гигиеналық талаптар.
2 - 2
6 бөлім. Жүрек, қан айналым жүйесі. 6 2 4
22Тақырып 6.1
Қан. Қанның құрылысы мен қызметі. Қан құрамының жас
ерекшеліктері.
2 - 2
23Тақырып 6.2
Қан топтары, физиологиясы, қан құю.
2 - 2
24Тақырып 6.3
Жүрек. Жүректін құрылысы. Қан айналымының жүйесі.
2 2 -
7 бөлім. Тыныс алу жүйесі. 6 6 -
25Тақырып 7.1
Тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі.
2 2 -
26Тақырып 7.2
Дауыс аппаратының жасқа байланысты ерекшеліктері.
2 2 -
27Тақырып 7.3
Тыныс алу қызметінің бұзылуы және аурулары. Таза ауаның
маңызы.
2 2 -
8 бөлім. Ас қорыту жүйесі. 4 4 -
28Тақырып 8.1
Ас қорыту мүшелерінің құрылысы мен қызметі.
2 2 -

29Тақырып 8.2
Астың қорытылуы. Тамақтану гигиенасы.
2 2 -
9 бөлім. Зат және энергия алмасуы. 4 4
30Тақырып 9.1
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың зат алмасуы.
2 2 -
31Тақырып 9.2
Дәрумендер.
2 2 -
10 бөлім. Зәр шығару жүйесі. 2 2 -
32Тақырып 10.1
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың зәр шығару жүйесінің
құрылысы мен қызметі.
2 2 -
11 бөлім. Тері. 2 2 -
33Тақырып 11.1
Терінің құрылысы мен қызметі. Терінің гигиенасы. Шынықтыру
негіздері.
2 2 -
12 бөлім. Ішкі секреция бездері. 2 - 2
34Тақырып 12.1
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың ішкі секреция бездері
2 - 2
Барлығы 68 40 28
IV.ПӘННІҢ ҮЛГІЛІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Тақырып 1.1 Анатомия, физиология және гигиена ғылымдары туралы түсінік.
Денсаулықты сақтау және салауатты өмір туралы түсінік. Адам ағзасы туралы жалпы түсінік.
Ағзаның жалпы құрылысы: мүшелер жүйесі, мүшелер, ұлпалар мен жасушалар. Жасушаның
құрылысы, химиялық құрамы. Жасушаның жеке құрамдарының қызметі. Адам ағзасының
дамуы.
Тақырып 1.2 Адам ағзасының өсіп, дамуының заңдылықтары.
Балалардың өсу және даму заңдылықтары. Жас кезеңдері. Мектеп жасындағы балалардың
жас кезеңдерінің сипаты. Өсу және оның көрсеткіштері. Даму. Акселерация.
2 бөлім. Жүйке жүйесі.
Тақырып 2.1 Жүйке жүйесі. Жүйке жүйесінің құрылысы мен атқаратын қызметі.
Физиологиялық тыныштық және физиологиялық әрекет. Тітіркендіргіштер және оның
түрлері. Қозу. Қозғыштық. Қозғыш ұлпалар. Нерв жүйесінің жалпы құрылысы. Синапс және
оның құрылысы, қозуды өткізу ерекшеліктері.
Тақырып 2.2 Нейрон – жүйке жүйесінің негізі.
Жүйке жүйесінің негізгі құрылымы – нейрон. Нейронның құрылысы, қызметі. Жүйке
талшықтары.
Тақырып 2.3 Жұлынның құрылысы мен қызметі.
Жұлынның құрылысы, дамуы, олардың бөлімдері. Жұлынның жасқа байланысты
ерекшелігі, қызметі.

Тақырып 2.4 Вегетативтік жүйке жүйесі.
Вегетативтік жүйке жүйесі, құрылымы және қызметі. Симпатикалық және
парасимпатикалық вегетативтік жүйке жүйесі.
Тақырып 2.5 Мидың құрылысы мен қызметі.
Мидың құрылысы мен қызметі. Ми бөлімдері.
Тақырып 2.6 Үлкен ми сыңарларының құрылысы мен қызметі.
Үлкен ми сыңарлары қыртысының құрылысы мен қызметі. Ми қыртысының анализдік,
синтездік қызметі. Динамикалық стереотип.
3 бөлім. Жоғарғы дәрежелі жүйке әрекеті.
Тақырып 3.1 Жоғарғы дәрежелі жүйке әрекеті.
И.П.Павлов, И.М. Сеченовтың жоғары нерв жайындағы ілімдерінің маңызы.
И.П.Павловтың шартты рефлекстер туралы ілімі.
Тақырып 3.2 Жоғарғы дәрежелі жүйке әрекеті туралы И.М. Сеченовтың және
И.П.Павловтың ілімдері.
И.М. Сеченовтың және И.П.Павловтың жоғары нерв әрекеті жайвндағы ілімдерінің
маңызы. И.П.Павловтың шартты рефлекстер туралы ілімі.
Тақырып 3.3 Шартты және шартсыз рефлекстер.
Шартты рефлекстердің пайда болуының физиологиялық негіздері. Шартты рефлекстердің
тежелуі. Мектеп жасындағы балалардың шартты рефлекстерінің пайда болуы мен тежелу
ерекшеліктері.
Тақырып 3.4 Доминанта. Ұйқы. Түс көру. Гипноз.
Ми қыртысындағы процестердің таралуы және өзара байланысының әсері. Доминанта
принциптері. Иррадиация. Индукция. Ұйқының маңызы және оның түрлері.
Тақырып 3.5 Балалардағы жоғары дәрежелі жүйке әрекетінің ерекшеліктері, типтері.
И.П.Павловтын бірінші, екініші сигналдық жүйелер туралы ілім. Жоғары дәрежелі жүйке
қызметтерінің типтері.
Тақырып 3.6 Мектеп жасындағы балалардың ақыл-ой еңбегіне қойылатын гигиеналық
талаптар.
Балаларының әдеттері мен дағдыларының физиологиялық негіздері. Баланың күн кестесін
дұрыс ұйымдастыруда уақытқа деген шартты рефлекстерінің маңызы. Шаршау, қалжырау.
Оларды балаларда болдырмау шаралары. Мектеп жасындағы балалардың дене еңбегі мен ой
еңбегін жасына лайықтау. Мектептегі күн кестесінің гигиенасы.
4 бөлім. Анализаторлар.

Тақырып 4.1 И.П.Павловтың анализаторлар туралы ілімі. Көру анализаторлары,
құрылысы, гигиенасы, жасқа байланысты ерекшеліктері.
Сезім туралы жалпы түсінік. Сезім мүшелерінің дүниетануда адам үшін маңызы, түрлері.
Сезім рецепторларының қасиеттері мен қызметінің заңдылықтары. Сезім мүшелерінің
адекватты және адекватсыз тітіркендіргіштер, олардың түрлері, ішкі сезімдер. Көздің
құрылысы. Көздің өткірлігі, оның жасқа байланысты өзгеруі.
Тақырып 4.2 Етсу анализаторы, құрылысы, гигиенасы, жасқа байланытсы
ерекшеліктері.
Құлақтың құрылысы, дамуы. Есту анализаторының сезімталдығы. Дыбыс мүшелерінің
гигиенасы.
Тақырып 4.3 Тері, бұлшық ет, буын анализаторы. Иіс, даму сезу аналиазторы.
Бұлшық ет - буын, дәм – иіс сезу, тері анализаторларының ағзада алатын маңызы,
құрылысы.
5 бөлім. Тірек-қимыл аппарты.
Тақырып 5.1 Қанқаның қызметі.
Тірек-қимыл жүйесінің маңызы, құрылысы, қызметі. Адам қаңқасының құрылысы. Бас
сүйегі, тұлға және аяқ-қолдар сүйектері.
Тақырып 5.2 Сүйектердің қасиеттері, құрылысы, құрамы.
Адам қаңқасының дамуы: сүйектену кезеңдері. Сүйектердің қасиеттері, құрылысы,
құрамы, сүйектердің буыны. Буынның құрылысы.
Тақырып 5.3 Бұлшық еттердің құрылысы. Бұлшық еттердің қажуы.
Көлденен-жолақты бұлшықеттер. Біріңғай салалы бұлшық еттер. Бұлшықеттің дамуы.
Бұлшық еттер күші. Қимыл қарқыны.
Тақырып 5.4 Тірек қимыл жүйесінің гигиенасы. Мектептің құрал-жабдықтарына
қойылатын гигиеналық талаптар.
Дене сымбаты.Тірек қимыл аппаратының гигиенасы. Жалпақ табаңдылық, оның белгілері,
болдыр мау шаралары. Гиподинамиканың ағзаға әсері, онымен күрес.
6 бөлім. Қан-айнылм жүйесі.
Тақырып 6.1 Қан. Қан құрамының жасқа байланысты ерекшеліктері.
Жүрек, қан-тамырлар жүйесінің маңызы, атқаратын қызметі. Қанның құрамы, қасиеттері.
Гомеостаз, оның маңызы. Қан плазмасының құрамы және қасиеттері. Қанның формалы
элементтері. Эритроциттердің шығу жылдамдығының маңызы. Оның адам жасына және ауруға
байланысты өзгеруі. Лейкоциттер. Лейкоцитарлық формула. Оның ауруды анықтакудағы
маңызы. Жас ерекшеліктері. Фагоцитоз. Тромбоциттер. Олардың мөлшері, жас ерекшеліктері,
қанның ұюы.
Тақырып 6.2 Қан топтары, қан фихиологиясы. Қан құю.

Қан топтары, қан құю. Иммунитет, оның түрлері. Қан арқылы жұғатын аурулар түрлері.
Тақырып 6.3 Жүрек. Жүректің жұмысы. Қан айналымы.
Қан айналымы, оның маңызы. Үлкен және кіші айналым жолдары. Жүректің құрылысы,
орналасуы, қызметі. Мектеп жасындағы балалардың жүрек қызметінің ерекшеліктері.
7 бөлім. Тыныс алу мүшелері.
Тақырып 7.1 Тыныс алу мүшелерінің қызметі мен құрылысы.
Тыныс алу жүйесі, олардың маңызы, құрылысы, қызметі. Сыртқы ортамен ағзаның
арасында газдың алмасуы. Тыныс алу қозғалыстары. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Тыныс
алуды реттеу.
Тақырып 7.2 Дауыс аппартының жасқа байланысты ерекшеліктері.
Дауыс құрау кезіндегі тыныс алу мүшелерінің маңызы.
Тақырып 7.3 Тыныс алу қызметінің бұзылуы. Таза ауаның маңызы.
Баланың тыныс мүшелерінің дамуы. Тыныс гигиенасы. Балаларда дұрыс дем алуды
қалыптастыру.
8 бөлім.Ас қорыту мүшелері.
Тақырып 8.1 Ас қорыту мүшелерінің құрылысы мен қызметі.
А с қорытудың маңызы, құрылысы, қызметі. Ас қорыту мүшелері. Ауыз қуысы. Сүт және
тұрақты тістердің өмуі мен дамуы. Тісті күту.
Тақырып 8.2 Астың қорытылуы. Тамақтану гигиенасы.
Сілекей бездері. Астың қорытылуы ерекшеліктері. Ас қорыту мүшелерінің қызметін
зерттеу әдістері.
9 бөлім. Зат және энергия алмасуы.
Тақырып 9.1 Бастауыш мектеп жасындағы балардағы зат пен энергия алмасуы.
Зат алмасу өнімдерін ағзадан сыртқа шығару жолдары. Зәр шығару жүйесінің мөлшері
мен қызметі. Адамның жасына қарай бүйрек қызметінің өзгеруі. Бүйректің қызметімен
байланысты су мен тұздардың алмасуының жас ерекшеліктері.
Тақырып 9.2 Дәрумендер.
Дәрумендердің ағзада алатын орыны. Дәру мендер түрлері.
10 бөлім. Зәр шығару жүйесі.
Тақырып 10.1 Бастауыш мектеп жасындағы балардағы зәр шығару жүйесі.
Зәр шығару жүйесінің маңызы. Несеп шығару мүшелерінің құрылысы. Несептің түзілуі.
11 бөлім. Тері.

Тақырып 11.1 Терінің құрылысы мен қызметі. Тері гигиенасы. Шынықтыру негіздері.
Адам терісінің маңызы, құрылысы, қызметінің ерекшеіктері. Жылуды реттеудегі терісінің
маңызы. Тері гигиенасы. Бастауыш мектеп жасындағы бала ағзасын шынықтыру негіздері.
Дене шынықтыруға әсер етуші сыртқы ортаның негізгі жағдайлары. Экологиялық проблема.
12 бөлім. Ішкі секреция бездері.
Тақырып 12.1 Бастауыш мектеп жасындағы балардың ішкі секреция бездері.
Ішкі секреция бездері туралы жалпы түсінік, олардың маңызы. Гормондар. Ішкі
секрециялық бездердің гипо және гиперсекрециясы. Гипофиз безі, оның гормондарының
бала ағзасына әсері. Гипофиз гомондарының басқа бездерідің қызметіне әсері. Қалқанша
безі, оның гормондарының бала ағзасына, ақыл-ой дамуына әсері. Қалақанша серік бездері.
Айыршық бездері. Оның физиологиялық маңызы, баланыі өсуіне, жыныстық жетілуіне
гормондық әсері. Бүйрек үсті бездері, оныі милы және қыртысты қабаттары. Гормондардың
бала ағзасына әсері. Қарын асты безінің (ұйқы безі) ішкі және сыртқы секрециялық қызметі.
Жыныс бездерінің ішкі секрециялық қызметі. Аталық және аналық жыныс гормондарының
ағзаның өсуіне әсері.
V. ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі әдебиеттер:
1.Антропова М.В. Гигиена детей и подростков. Учебник. – Москва: Инфра – М, 2008
2.Кабанов А.Н., Чабовская А.П. «Мектеп жасына деінгі балалар анатомиясы,
физиологиясы және гигиенасы» А-А, 1982 ж.
3.Хрипкова А.Г. «Возрастная физиология», «Просвещение», М.., 1978 ж.
4.З.Жөкебайқызы, С.Сейсенбекқызы. Тәнтану. «Рауан», Алматы, 1996 ж.
5.Н.Н.Леонтьева, Маринова Анатомия физиология детского организма, «Просвещение»,
Москва 1975 г.
6.А.Г. Хрипкова Анатомия, физиология и гигиена человека. «Просвещение», М., 1975
7.Мотюшонок М.Т. «Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы»
«Мектеп», А., 1986 ж.
Қосымша әдебиеттер:
1. Е.Керімбеков, Адам анатомиясы, «Рауан», Алматы 1992 ж.
2. Ф.А.Исмагулова, И.М.Толембекова, Адам физиологиясы. «Білім», Алматы 1995 ж
3. Х.Қ. Сәтпаев, Ж.Б. Нілдібаева Адам физиологиясы, «Білім», Алматы, 1992 ж.
4. М.М. Дайырбекова, Адам анатомиясының практикумы, «Ана тілі», Алматы, 1992
5. К.Т.Титова, А.А. Гладишева «Анатомия человека», «Просвещение», Москва, 1985 г.
6. В.А.Анисимова, Н.В.Бринов «Адам анатомиясы, физиологиясы, гигиенасы бойынша
оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстар», «Мектеп», Алматы, 1980 ж.
7. Б. Қалкенова Адам анатомиясы, жас ерекшелігіне қатысты физиология және гигиена,
«Фолиант» баспасы, 2015 ж
8. Ш. Набидоллина, Бастауыш мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы
және гигиенасы.

ПЦК _______________________
№ _____ Сабақтың оқу- әдістемелік жоспары
Учебно- методический план занятий № _1_
Топ: _________
Тақырыбы/Тема: Анатомия, физиология және мектеп гигиенасының негіздері пәннің
міндеттері және зерттеу әдістері
Cабақтың түрі/Вид урокаабақтың түрі/Вид урока: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың мақсаты/Цель урока: Анатомия, физиология және балалар гигиенасының
негіздері пәніне қысқаша шолу.
Оқытушылық/Обучающийся : Анатомия, физиология және балалар гигиенасының негіздері
пәніне түсініктеме беру. Осы ғылымға үлес қосқан ғалымдармен таныстыру. Басқа
ғылымдармен байланысын көрсету.
Дамытушылық/Развивающая : Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту..
Танымдық қабілеттерін дамыта отырып, ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру
Тәрбиелік/Воспитательная: алған білімдерін болашақта пайдалану,биологиялық терминдерін
сауатты қолдану, табиғатты көркем қабылдау__________
Пәнаралық байланыс/Межпредметные связи: педагогика, медицина, тарих
Көрнекі құралдар, жабдықтар, үлестірме қағаздар/Наглядные пособия, оборудования,
раздаточный материал: дәріс материалдары , к омпьютер , м ультимеди ялық проектор .
Сабақ барысы/Ход урока
1.Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, түгендеу, сабақтың міндеті мен мақсаттарын қою)/
Организационная часть (приветствие, перекличка, постановка цели и задачи урока).
2 Жаңа тақырып
1. Анатомия пәніне кіріспе.
2. Зерттеу әдістері.
3. Спорттық физиологияның дене тәрбиесі және спорт теориясы мен практикасы үшін
маңызы
3. Нығайту:
1. Анатомия, физиология және дене шынықтыру гигиенасының негіздері нені және қалай
зерттейді?
2. Қазақстан және шет ел ғалымдарының анатомия, физиология және дене шынықтыру
гигиенасының негіздері қосқан үлестері қандай?
3. Анатомия, физиология және дене шынықтыру гигиенасының негіздері өзара және басқа
пәндермен байланысы қандай?
4.Анатомия, физиология және дене шынықтыру гигиенасының негіздері қалай дамыды?
5.Анатомия, физиология және дене шынықтыру гигиенасының негіздері қандай зерттеу
әдістерін пайдаланады
4. Үй жұмысы: конспект
Ұсынылатын әдебиеттер
1. Кабанов А.Н., Чабовская А.П. «Мектеп жасына деінгі балалар анатомиясы,

2. Хрипкова А.Г. «Возрастная физиология», «Просвещение», М.., 1978 ж.
3. Е. Керімбеков Адам анатомиясы, «Рауан», Алматы 1992 ж
Оқутышы: Омарова Ш.Қ.

Лекция №1
Тақырыбы: Анатомия, физиология жғне балалар гигиенасының негіздері пәннің
міндеттері және зерттеу әдістері
Жоспар: 1. Анатомия биология ғылымының бір саласы.
2. Анатомия ғылымының бірнеше салаға бөлінуі .
3. Анатомияның ғылыми зерттеу әдістері.
Биология ғылымы негізінде екі үлкен салаға бөлінеді.Организмнің
құрылысы мен пішінін тексеретін саласын – морфология десе ал оның тіршілік әрекеті
мен қызметін зерттейтін саласын – физиология деп атайды.
Ал анатомия осы морфология ғылымының бір саласы болып табылады.Ол
адам денесінің сыртқы пішіні мен ішкі құрылысын зерттейтін саласын зерттеу мен бірге ,
олардың өзара байланысын және сыртқы ортамен қатынасын және біртұтастығын
дәлелдейді. Пәннің аты грек «аnatome»- кесемін деген сөзінен шыққан. Себебі осып кесу »- кесемін деген сөзінен шыққан. Себебі осып кесу
–анатомияның зерттеу әдістерінің бір тәсілі болып саналады.
Анатомия ғылымы организмі жан-жақты зерттеуіне байланысты бірнеше салаға
бөлінеді. Оларға: сипаттамалы, топографиялық, мүсіндік (пластикалық), функционалды,
динамикалық, антропологиялық, салыстырмалы және микроскопиялық анатомиялар
жатады.
Сипаттамалы анатомия-тек организмнің құрылысы мен пішінін сипаттауға бейімделсе ,
жүйелі анатомия оның құрылысын атқаратын қызметіне қарай (тірекқимыл, ас қорыту,
тыныс алу, зәр шығару т.б.) зерттейді.
Топографиялық анатомия-адам денесіндегі органдардың орналасу тәртібінің өзара
байланысын хирургиялық мақсатқа орай зерттеу.
Мүсіндік (пластикалық) анатоми-адам денесінің сырт пішінін, оның мүшелерінің
пропорциясын зерттеп, суретшілік ілімінің негізін қалайды.
Организмдегі органдардың қалыптасуын, еңбекке, жұмыс әрекетіне және сыртқы
ортаға беймделуін функционалды анатомия дейді.
Динамикалық анатомия адам денесіндегі тірек –қимыл аппараттарының құрылысын
зерттеп, физкультура және спортқа қажетті материалдар береді.
Адамның жасына қарай пайда болатын ерекшеліктерін, өзгерісін жас ерекшелік
анатомиясы зерттейді.
Антропология- адам тегінің пайда болу (филогенездік)жолындағы өзгерістер зерттесе,
салытырмалы анатомия қазіргі кезіндегі адамдар мен жануарлар арасындағы
ерекшеліктері мен ұқсастығын зерттейді.
Организмдегі органдардың ткаьдік, клеткалық (ұсақ) құрылыстарын препараттар
арқылы тексеретін анатомия саласын микроскопиялық анатомия дейміз.
Анатомияның өзі көптеген пәндердің негізгі болып есептеледі.. Себебі
палеантология, антрополгия, физиология, гистология, эмбриология, салыстырмалы
анатомия, дарвинизм, психология т.б. пәндерді анатомиялық білім қағидаларынсыз
айқын түсініп кету қиын.
Жан-жақты зерттеудің нәтижесінде анатомиядан гистология , эмбриология және
цитология пәндері бөлініп шықты. Осыған орай, қазіргі сол аталған ғылымдар
жетістіктеріне байланысты анатомия да дамып келеді.
Психология және педагогика ғылымдары да анатомияның жетістіктеріне сүйенеді.
Себебі әрбір педагог анатомиялық білім берумен оқушылардың дене дамуы гигиеналық
қағидалардың сақталуын және дәрігерлік көмек бере білуін де қажет етеді.
Сонымен қатар анатомиялық білімді меңгеру адамдар мен жануарлар арасындағы
айырмашылықты дұрыс бағалауға жәнке адамның табиғаттағы көзқарастың дұрыс
қалыптасуына да мүмкіндік береді.

Адам тек қана жануарлардың эволюциялық дамуының нәтижесі ғана емес, ол
әлеуметтік ортаның, қоғамдық құрылыстың жемісі. Еңбек әрекетіне байланысты жоғары
дәрежелі нерв жүйесінің дамуы, адам организмін көптеген сапалы ерекшеліктерге
жеткізіп, әлеуметтік жоғары сатыға қойды. Еңбек пен сөйлеу процесінің пайда болуы
адам тегінің жануарлардан бөлініп шығуына жағдай жасады. Адам анатомиясының тағы
бір міндеті-адам денсаулығының дұрыс жағдайы мен патологиялық жағдайын ажыратуға
жәрдем ету. Сондықтан да анатомия пәні медицина ғылымының негізгі бір саласы болып
саналады.
Анатомияның ғылыми зерттеу әдістері жалпы екі салаға бөлінеді. Оның бөлшектеу
салаларын аналитикалық, ал адам мүшелерін тұтастай тексеретін саласын
экспериментальдық әдістер д.а. Бірінші немесе аналитикалық әдістерге өлік денесін
кескілеу, иньекциялық, коррозиялық, мацерациялық, фиксациялау және ежелден келе
жатқан «кескілеу» әдісі қазіргі кезде де өз маңызын жойған жоқ. Ол макропрепараттар
жасауға, адам денесінің барлық мүшелерімен танысуға жағдай жасайды.
Иньекциялық немесе құйып толтыру әдісі тез қататын бояулы заттарды пайдалану
арқылы өтеді. Сол бояулы сұйықтықпен қуысты органдардың ішкі толтырылып, олардың
пішіні, құрылысы тексеріледі.
Коррозиялық әдіс өте нәзік және күрделі құрылысты органдардың (өкпе, бауыр)
құрылысын зерттейді. Осы органдардың тамырларын тез қататын заттарды құйып, қатқан
соң әртүрлі қышқыл ерітінділерімен сыртқы жұмсақ тканін ыдыратып, ішкі құрылысы
мен пішіні анықталады.
Мацерациялық әдіс өлік денесін шірітіп, одан кейін қайнаған сумен шаю арқылы
сүйектерден тұтас қаңқа жасауға мүмкіндік береді. Ол сүйектер жұмсақ тканьнен
ажыратылып, кептіріліп, сабаққа оқу құралы ретінде беріледі.
Фиксациялау (бальзамдау) әдісі тұтас денені, жеке органдарды бұзбай, ұзақ уақытқа
сақтау үшін қолданылады.
Микроскопиялық әдіс анатомиялық зерттеу кезінде органдардың нәзік құрылысын
байқау үшін микропрепаратттар арқылы микроскоп аспабын қолданумен өтеді.
Адам анатомиясының негізгі маңызды мақсаты тірі организмді тексеру. Бұл үшін
рентгенологиялық әдіс кеңінен қолданылады. Бұның өзі екі жолмен жүреді. Егер рентген
сәулесі арқылы органдардың бейнесін экранда көретін болса, оны рентгеноскопиялық әдіс
дейміз де, ал рентген сәулесі арқылы органдардың бейнесін арнаулы пленкаларға түсіріп
алса рентгенография әдісі д.а. Ауторадиографиялық әдіс (радиоактивті изотоптар
жәрдемімен) тіс, қаңқа сүйегінің т.б. органдардың даму кезеңдерін тексереді.
Антропометриялық әдәс-адамның сырт пішінін, салмағын өлшеу арқылы қалай дамып
келе жатқанын анықтайды. Осы соңғы аталған рентгенологиялық, ауторадиографиялық
антропометриялық әдістер эксперименалдық зерттеу түріне жатады.
Әдебиттер
1. Жандар Керімбектің Ермаханы. «Тәнтану» (адам анатомиясы) 2-басылым. А. 2004.
2. Е.Керімбеков. «Адам анатомиясы»I-ІІ-ші том. А. 1992.
3. Алшынбай Рақышев. «Адам анатомиясы». А. 1994.
4. М.Дайырбекова. «Адам анатомиясы». А. 2002.
5. А.Б.Аубакиров, М.К.Жаналиева. Адам анатомиясы Атлас. Сарыарқа 2008.
6. Т.Ә.Ізмұхамбетов, Р.І.Есімбекова, С.Ш.Сахишева, М.Қ.Мұсажанова. Атлас анатомия
және физиология. А. 2007.

Учебно- методический план занятий № _2_
Топ: ______

Тақырыбы/Тема:Адам организмнің құрылым деңгейлері. Жасушалармен ұлпалардың
құрылысы мен атқаратын қызметі. Ұлпалардың түрлері.
Cабақтың түрі/Вид урокаабақтың түрі/Вид урока: Аралас сабақ
Сабақтың мақсаты/Цель урока: жасуша құрылымымен таныстыру. Органоидтердің
құрылыс мен қызметін білу. Ұлпалардың түрлерін ажырату және құрылысы мен
қызметін білу.
Оқытушылық/Обучающийся : Эпителий, дәнекер, бұлшық ет, жүйке ұлпаларының
құрылысы мен атқаратын қызметін білу. Жасушаның органоидтерін және атқаратын

Тәрбиелік/Воспитательная:алған білімдерін болашақта пайдалану,биологиялық терминдерін

Пәнаралық байланыс/Межпредметные связи: биология, цитология, генетика

раздаточный материал: дәріс материалдары , к омпьютер , м ультимеди ялық проектор , тест
Сабақ барысы/Ход урока
1.Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, түгендеу, сабақтың міндеті мен мақсаттарын қою)

2.Өткен тақырыпты қайталау/ Опрос и проверка пройденного материала:
1. Жасқа сай физиология мен мектеп гигиенасы нені және қалай зерттейді?
2. Қазақстан және шет ел ғалымдарының жасқа сай физиология мен мектеп гигиенасына
қосқан үлестері қандай?
3. Жасқа сай физиология мен мектеп гигиенасының өзара және басқа пәндермен
байланысы қандай?
4.Жасқа сай физиология мен мектеп гигиенасы қалай дамыды?
5.Жасқа сай физиология мен мектеп гигиенасы қандай зерттеу әдістерін пайдаланады
3. Жаңа тақырып
1. Өсу және даму заңдылықтары.
2. Жас кезеңдері.
Антропометрлік мәлімет бойынша физикалық дамуын
анықтау».
4. Үй жұмысы: 1 тарау, 19 – 25 бет
Ұсынылатын әдебиеттер
1. Кабанов А.Н., Чабовская А.П. «Мектеп жасына деінгі балалар анатомиясы, физиологиясы
және гигиенасы» А-А, 1982 ж.
2. Е. Керімбеков Адам анатомиясы, «Рауан», Алматы 1992 ж
Оқутышы: Омарова Ш.Қ.
4. Нығайту:
№ 1 практикалық сабақ

Лекция № 2
Балалар мен жасөспірімдердің өсу мен даму жалпы заңдылықтары
1. Өсу және даму заңдылықтары.
2. Жас кезеңдері.
Адам ағзасының физиологиясы және гигиенасы анатомиямен бірге педагогиканың,
психологияның және медицинаның негізін қалайды. Адам ағзасының құрылысы мен
қызметін білу әр адамға ғылыми негізделген жеке және қоғамдық гигиена ережелерін
сақтауға, түрлі ауруларды алдын алып денсаулық сақтауға, дене мәдениетін дамытуға
мүмкіндік жасайды. Кәсіптік тұрғыда педагогика мен психологияда оқу-тәрбие жұмысын,
даму процесін физиолгиялық негізде ұтымды ұйымдастыруға, медицинада емдеудің
нәтижелі әдістерін әзірлеуге көмектеседі. Адам анатомиясы адам ағзасының құрылысы мен
пішіні, оның құрылымдык бөлімдерінің (мүше, ұлпа) жас, жыныс және жеке ерекшеліктері
жайлы ғылым. Адам физиологиясы біртұтас адам ағзасындағы, мүшелер жүйесіндегі,
мүшелердегі, ұлпалардағы, жасушалардағы тіршілік процестері және оларды реттеу
механизмдері туралы ғылым. Адам гигиенасыоның денсаулығына, жұмысқа қабілетіне,
өмірінің ұзақтығына қоршаған ортаның және кәсіптік іс-әрекетінің әсерін зерттейтін ғылым.
Адам ағзасы біртұтас жүйе. Ағза (организм) органикалық (ақуыз, май, көмірсу, нуклеин
қышқылы) және бейорганикалық (су, минерал тұздары) заттардан тұратын дербес тірі
мәніс (существо). Ағзаның негізгі қасиеттері: қоршаған ортамен зат және қуат (энергия)
алмасу, өсу және көбею. Ол қоршаған ортаның өзгерістеріне бейімделіп, өзін-өзі реттейтін
жүйе. Ағзаның тұтастығы оның барлық бөлімдерінің (жасушасының, ұлпаларының,
мүшелерінің, сұйықтықтарының т.б.) құрылымдық бірігуімен, тамырлардағы, қуыстардағы,
кеңістіктердегі сұйықтықтар арқылы ағзаның барлық бөлімдерінің өзара байланысуымен

(гуморальды байланыс), ағзадағы барлық процесті реттейтін жүйке жүйесімен (жүйке
байланысы) қамтамасыз етіледі. Адам ағзасының тұтастығы оның психикалық және
соматикалық бірлігіне байланысты, себебі денеден бөлек психика болмайды. Психика -
жоғары дамыған, ерекше құрылған, ойлауға қабілетті дене мүшесі бас миының қызметі
(функциясы).
Ағза қызметтерінің гуморальды реттелуі жасушалардың химиялық өзара әрекетінің ежелгі
түрі және зат алмасуд өнімдерінің қанмен таралып басқа жасушалар, ұлпалар, мүшелердегі
процестерге әсер етуі арқылы жүреді. Химиялық заттар қан ағымымен жай таралып, тез
ыдырап ағзадан шығарылып отырады. Жасушалардың химиялық тітіркендіргіштерге
сезімталдығы әр түрлі. Ағза қызметтерінің жүйкелі (нервті) реттелуі эволюцияда
гуморальды-химиялық реттелуден кейін пайда болған. Жасушалардың өзара әсері
рефлекторлық жолмен өте тез, қауырт жүреді және нерв импульстары белгілі жасушаларға
тура бағытталып қызметін реттейді. Ағза қызметінің гуморальды және жүйкелік реттелуі
өзара байланыста жүреді. Мысалы, қандағы гормондар белсенді химиялық зат ретінде жүйке
жүйесіне әсер етеді, сонымен қатар ішкі секреция бездерінің гормондарды түзіп қанға бөлуі
жүйке жүйесінің басқаруымен жүреді. Яғни, жүйке-гуморальды реттеудің механизмі
біртұтас. Ағзаның маңызды бір қасиеті – физиологиялық процестердің өзін-өзі реттеуі
арқылы ағзаның ішкі ортасының жағдайының бір қалыптылығын (гомеостаз) ұстап отыруы.
Өзін-өзі реттеу, соңында ақпарат (информация) орталық жүйке жүйесіне түсетін, реттелуші
процеспен реттеуші жүйенің арасындағы өзара байланысқа негізделген.
Ұлпалартегі, құрылысы, қызметі бір жасушалар мен жасушааралық сұйықтықтан құралады.
Адам ағзасында төрт типті ұлпа болады: эпителий, дәнекер, бұлшқет және жүйке
ұлпалары.Мүшелер (орган) түрлі ұлпалардан құралады, белгілі құрылысы, пішіні, қызметі
болады. Ұлпаның бір түрі мүшенің негізгі қызметін, ал қалғандары көмекші қызмет
атқарады. Мүшелердің пішіні, көлемі ағзаның жас, жыныс және жеке ерекшеліктеріне
байланысты. Қызметі және тегі бір мүшелер мүшелер жүйесін құрайды.
Адам ағзасының онтогенезі, даму заңдылықтары.
Адам ағзасының өсуі деп ағзадағы клеткалардың аны мен салмағының ұлғаюына
байланысты дене көрсеткіштерінің артуын айтады. Дене көрсеткіштеріне 1)бойы (адам
денесінің ұзындығы), 2)салмағы, 3)кеуде шеңбері жатады.
Ағзаның дамуы деп сан көрсеткіштерінің сапалық көрсеткіштереге айналып, ұлпалардың
жекешеленіп белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, ағза мен оның жеке мүшелерінің
қызметінің артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады. Өлшеу көрсеткіштеріне
байланысты ағзаның дамуын физикалық және функциялық дамуға бөледі.
Физикалық дамудыңкөрсеткіштеріне мүшенің ұзындығы, ені, тереңдігі, көлемі, аумағы,
салмағы, алып жатқан орны жатады. Функциялық дамудың көрсеткіштері мүшенің
атқаратын қызметіне байланысты болады (мысалы, жүректің функциялық дамуын анықтау
үшін оның систолалық немесе минуттық көлемін өлшейді). Адам өмірі негізгі үш кезеңнен
тұрады: өсіп даму және жетілу, кемелдену, қартаю.Өсу мен дамудың заңдылықтары:
1) өсу мен даму гетерохронды болады, яғни үнемі біркелкі болмайды (гетерос - әртүрлі,
хронос – уақыт):
2) мүшелер мен мүшелер жүйелерінің өсу мен даму қарқыны әр түрлі - өсу қарқыны
адам өмірінде үш рет күшейеді:

а)туғаннан 3 жасқа дейін,
б)3 – 7 жас арасында,
в)жыныстық жетілу кезеңінде;
3) өсу мен даму баланың жынысына байланысты;
4) функциялық мүшелер жүйелері мен мүшелердің қызметтерінің биологиялық беріктігі
немесе мықты болуы;
5) өсу мен дамудың тұқым қуалау қасиеттері мен сыртқы ортаның жағдайларына
тәуелділігі;
6) өсу мен дамудың акселерациясы (акселерация белгілері: жаңа туған нәрестелердің ірі
болуы, қазіргі балалардың белгілі бір жас мерзімінде олардың ата-аналарының сол
жасындағы денесінен ірі болуы, ерте жыныстық жетілуі, баланың снйегінің ерте қатаюы,
жастардың бойының өсуінің ерте тоқталуы). Дене пропорциясы деп адамның басының,
тұла бойы мен аяқтарының ұзындығының дене ұзындығына қатынасын айтады.
Акселерация(жылдамдау, үдеу) сыртқы ортаның әсерінен балалар мен жасөспірімдердің
өсуі мен дамуының ата-аналарының сол жастағы немесе өткен ғасырдағы адамдардың
көрсеткіштерімен салыстырғанда жылдам және ертерек болуы. Дифференциация даму
барысында ағза мүшелерінің немесе жеке ұлпалардың құрылысы мен қызметінің
ерекшеленуі.
Жас аралық классификация.Мектепте оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру балаларды
жасына қарай топтарға (сыныптарға) бөлуге негізделген. Сондықтан адам өмірін бірнеше
жас кезеңдеріне бөлу қажет.
Жас кезеңдері деп өсу мен дамуы ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт
мөлшерінің шегін айтады.
1965 ж. Мәскеуде бүкілдүниежүзілік жас кезеңдерінің шағын жиналысында адамның өмірін
12 кезеңге бөлу қаулысы қабылданған.
Адамның өсіп-даму кезеңдері мен жас ерекшеліктері
Рет
саны
Өсіп-даму кезеңдері Жас кезеңдері
Жаңа туған нәресте 1 -10 күн
Емшектегі сәби 10 күн – 1 жас
Алғашқы (ерте) балалық шақ 1 – 3 жас
Бірінші балалық шақ 4 – 7 жас
Екінші балалық шақ қыздар 8 – 11 жас; ұлдар 8 – 12 жас
Жеткіншек немесе жасөспірімдік кезең қыздар 12 – 15 жас; ұлдар 13 – 16 жас
Кәмелеттік кезең
бойжеткендер 16 – 20 жас; боз
балалар/жігіттік 17 – 21 жас
Кемелге келу немесе ересектік мерзімнің
бірінші жартысы
әйелдер 21 – 35 жас; ерлер 22 – 35 жас
Ересектік мерзімнің екінші жартысы әйелдер 36 – 55жас; ерлер 36 – 60 жас
Егде (орта) жас кезеңі әйелдер 55 – 74 жас; ерлер 60 – 74 жас

Қариялар немесе кәрілік кезеңі 74 – 90 жас
Ұзақ жасаушылар 90 жастан асқандар
Баланың танымдық процесіне сай жас кезеңдері бес топқа бөлінеді.
Рет саны Өсіп-даму кезеңдері
Жас
кезеңдері
Жаңа туған сәби 1 ай
Емшектегі сәби
1 ай – 1
жас
Ясли жасы немесе
балбөбектер тобы
1 – 4 жас
Мектепке дейінгілер тобы5 – 7 жас
Мектеп жасындағылар 7 – 18 жас
А) бастауыш
сыныптағы оқушылар
7 – 11 жас
Б) ортаңғы сыныптағы
оқушылар
11 – 14 жас
В) жоғарғы сыныптағы
оқушылар
14 – 18 жас

Учебно- методический план занятий № _3_
Топ:
Тақырыбы/Тема: Жүйке жүйесі. Жүйке жүйесінің құрылысы мен атқаратын қызметі.
Cабақтың түрі/Вид урокаабақтың түрі/Вид урока: Жаңа тақырып
Сабақтың мақсаты/Цель урока: Жүйке құрылымдарының морфологиясымен таныстыру
Оқытушылық/Обучающийся : Жүйке жүйесінің атқаратын қызметімен таныстыру.
Нейронның құрылысына сипаттама беру. Синапс, аксон, дендрит деген ұғымдарға
түсініктеме беру.
Дамытушылық/Развивающая : Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.. Танымдық
қабілеттерін дамыта отырып, ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру

Пәнаралық байланыс/Межпредметные связи: психология, биология

1. Адамның дене көрсеткіштері?
2 Өсу заңдылықтарын атаныз
3. Адам даму кезеңдерін атаныз
3. Жаңа тақырып
1.Нерв жүйесінің маңызы.Нерв құрылымдарының морфологиясы.Нерв жүйесінің ақпаратты
қабылдау, өңдеу, өткізу, түрліше организм реакцияларын ұйымдастыру, психикалық
қызметтерін атқару кездеріндегі ролі.
2.Нейронның құрылысы мен қасиеттері. Тітіркену, тітіркендіргіш, қозу, қозғыштық, тежелу
ұғымдары. Нерв талшығы және оның қасиеттері.Нерв талшықтарының
жас ерекшеліктері және олардың миеленденуі. Нейрондар арасындағы байланыс. Синапстар.
4. Нығайту:
Кестені толтыру
Орталық жүйке жүйесі Перефериялық жүйке жүйесі
1.Жүйке жүйесінің басты қызметтері қаңдай?
2.Орталық жүйке жүйесінің қандай бөлімдері бар және олардың даму ерекшеліктері қаңдай?
3. Тітіркендіргіштер қандай болады?
4.Қозу, тежелу, синапс дегендер не? Синапстың қандай түрлері бар.
5.Нерв клеткасы - нейронның құрылысы қаңдай?
5.Үй жұмысы: 2 тарау, 30 – 32 бет

Лекция № 3
Тақырыбы: Жүйке жүйесі. Жүйке жүйесінің құрылысы мен атқаратын қызметі
Жалпы түсінік. Нерв жүйесінің орталық бөліміне филогенетикалық ең ерте бөлігі-жұлын
және кеш дамып келе жатқан ми бөлігі жатады. Бұл екеуі де құрылысы және жұмысы бір-
бірімн өте тығыз байланыста келеді.
Нерв жүйесі топографиялық жатқан жағдайына қарай орталық және шеткі бөлімдер деп екіге
бөліп оқимыз: оның орталық нерв жүйесі деген түсінікке сұр және ақ заттан тұратын жұлын мен
ми жатса, нерв түбіршектері, нерв түйіндері, нерв тораптары өрімдері мен нерв ұштары шеткі
нерв жүйесіне жатады.
Адамның психикасы мен жан дүниесінің сырын жақсы түсініп, оның мән-жайына қанығу үшін
ми мен психиканың, материя мен сананың қарым-қатынасын біліп, жүйке жүйесінің құрылысы
мен қызметі жайындағы қажетті мәліметтерді білу керек. Жоғары жүйке жүйесінің қызметі
және оның заңдылықтары — психология ғылымының табиғи- ғылыми негізін құрайтын іргетас.
Жануарлар мен адамдардың психикалық әрекетінің материалдық негізі — мидың және оның
бѳліктерінің құрылысы екендігі тәжірибелік зерттеулер арқылы ғылыми тұрғыдан анықталған.
Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын ліүзеге асырып, айналадағы әсер
еткен түтіркендіргіштерге жауап қайтарады. Сондай-ақ, ол түрлі дене мүшелерінің,

клеткалардың қызметін, зат алмасуы мен қан айналысын реттеп, сыртқы ортаның ѳзгеруіне
бейімделіп отырады. Жүйке жүйесінейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған.
Нейрондардың үзын тармақты аксон, қысқа тармақты дендрит дейтін екі түрлі тармағы бар.
Нейрондардың тарамдала келіп, ѳзара түйінделіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді. Бұлар
орталық, шеткі (перифериялық) Және ішкі (вегетативтік) жүйке жүйелерінің өне бойына
орналасқан
Орталық жүйке жүйесіне жұлын және ми, ал периферия- лык жүйке жүйесіне ми мен жұлын
нервтерінен тарайтын эр түрлі шеткі нервтер жатады. Орталық жүйке жүйесінің бѳліктері кѳп
қатарлы үйдің құрылымына ұқсас, олар бірі- нің үстіне бірі орналаса біткен. Осы бѳліктердің
жоғарғысы- ның қызметі тѳменгілеріне қарағанда барынша күрделі болып кедеді. Орталық
жүйке жүйесінің тѳменгі бѳлімі — жұлын жуандығы 1 см-дей омыртқа қуысының ішіне
орналасқан, оның ұзындығы ересек адамдарда 45 см-ге дейін жетеді. Жұлыннан жан-жаққа 31
жұп нерв талшығы тарайды. Олардың бір тобы ортаға те- бетін, екінші бір тобы шетке тебетін
нерв деп аталады. Жұлын біздің аяқ-қолымызды жинау, керіп-созу сияқты басқа да қарапайым
қозғалыстары-Адамның ортмыздың орталығы болып саналық (перифериялық) жүйке жүлгесі
болады.Бас миы жұлын шеті.Орталық жүйке жүйесінің(перифериялық жүйке жүйесі) жоғарғы
бөлігі ми оның орташа салмағы — ересек адамдарда 1400 граммдай. Мұнда сопақіпа, ортаңғы
және аралық ми — бәрі қосылып, ми бағанасын құрайды. (8-сурет). Омыртқалы жануарлардың
ми бағанасының атқаратын қызметі ерекше. Сопакша мидың сырт жағында формасы ағаш
жапырағына ұқсас мишық (қарақұс) орналасқан. Мишық организмнің қозғалысына, оның
бірқалыпты жүріс-тұрысы.
Мидың бөлімдері. Ми өзінің дамуына, құрылысына және атқаратын қызметіне қарай ми
сыңарларының қыртысына, қыртысасты бөлігіне және ми бағанына бөлінеді.
Ми сыңарларының қыртыстары мидың даму жолында жаңа және өте күрделі көлемді бөлігі
болып саналады. Ми сыңарлары ұрықтың 1-ші ми көпіршігімен дамыған. Көлемінің
үлкендігінен астыңғы жағында жатқан басқа ми бөліктерін қоршап жауып, жабындыға ұқсап
жатады.
сондықтан да, оны ми жабындысы деп те атайды. Оның сыртқы жағы өте қыртысты келеді., ал
ішкі жағы заттан түзілген осы ақ затта нейрондар жиынтығынан түзілген ядролар орналасады,
оларды қыртысасты ядролар деп атайды.
Қыртысасты бөлімі де ұрықтың 1—ші ми көпіршігінен пайдаболады. Бұл ми сыңарларының
ақ затының ішінде терең жатқан сұр түсті ядролар бар. Олар нейрондардың шоғырынан түзілген.
Бұл бөлімі И. П. Павлов мидың «жаңа қыртысты бөлімі»-деп аталған.

Учебно- методический план занятий № _4
Топ:
Тақырыбы/Тема: Нейрон – жүйке жүйесінің негізі.
Cабақтың түрі/Вид урокаабақтың түрі/Вид урока: аралас тақырып

1. Жүйке жүйесінің құрылысы және атқаратын қызметі
2. Мидың құрылыс мен атқаратын қызметі

Карточка 1

Карточка 2

Лекция 4
Тақырып: Нейрон – жүйке жүйесінің негізі.
Жоспар:
1.Кіріспе
2.Нерв жүйесінің физиологиясы.
3.Жоғары нерв әрекеті, олардың жас ерекшеліктері
Кілт сөздер: нерв жүйесі, нерв талшықтары, нейрон, синапс, ми.
«Невропатология негіздері » - бұл балаларда және ересек адамдарда жүйке және психика
жүйелерінде ауытқулары бар, туа пайда болған немесе жүре пайда болған кемістігі бар және
жоғарғы жүйке жуйесінің қызметінде кемістігі бар адамдарды зерттейтін пән.
Курстын мақсаты-өз мамандығында әртүрлі сезім мүшелерінде кемістігі бар балаларды
оқытып-тәрбиелеу негізінде анализаторлардың анатомиясынан , физиологиясы мен
патологиясынан хабары бар, ғылыми және тәжірибелік білімді, коррекциялық педагогика
мамандарын даярлау.
Курстын міндеттері-
-жүйке жүйесінің ауруларының себептері жалпы және даму механизмдері туралы студенттердің
мағлуматы болуы керек.

-жүйке жүйесінің анатомиясы мен физиологиясын; мүмкіндіктері шектелу балаларға тән
неврологиялық синдромдарды білуі керек .
-неврологиялық синдромдарды анықтау және сөйлеу , зият, моторикасының ауытқуларын
түзету біліктілігі болу керек.
Нерв жүйесінің жалпы физиологиясы.
Нерв жүйесі – информацияны жылдам жеткізетін және басқаруды жүзеге асыратын күрделі
ұйымдасқан әрі жоғары дәрежеде маманданған жүйе.Оның негізгі құрылымдық бірлігі- нерв
клеткасы- нейрон.
Адам организімі күрделі де өзара тығыз байланысқан жүйелерден, органдардан және
тканьдерден тұратын жоғары ұйымдасқан биологиялық супержүйе болып есептеледі.Осы
күрделі құрылымда ерекше ролді орталық нерв жүйесі- ми мен жұлын атқарады.Ол адам
организіміндегі барлық клеткаларды, тканьдерді, органдарды, бұлардың жүйелерін, өзара
байланыстырып функциональдық біртұтастықта ұстайды. Орталық нерв жүйесінің қызметтері
арқылы барлық органдер мен тканьдерде болатын рецопторлар тітіркенген кезде туатын
афферентті
(орталыққа тепкіш) импульстер қабылданады, олардың анализі мен синтезі жүреді(өңделеді)
және түрлі шеткі органдардың әрекетін тудыратын немесе тоқтататын, болмаса олардың
тонусын сақтауға көмектесетін эфференттік (орталықтан тепкіш) импульстер пайда
болады.Орталық нерв жүйесі жеке организімнің қоршаған ортаға бейімделуін, оның барлық
қызметтерінің ең жетіген реттелуін, бірлескен түрде іске асуын қамтамасыз етеді. Қозғыш
ұлпалар физиологиясы. Нейрондағы қозу және оның таралуы
Физиологиялық тыныштық пен физиологиялық белсенділік. Тітіркену, тітіркендіргіштер.
Нейрон. Қозу, оның кезеңдері және нерв талшығымен таралуы. Мембрналық және әрекет
потенциалдар, олардың пайда болуы. Тұрақты тканге әсері.
Жан- жануарлар екі түрлі қалыпта болады: физиологиялық тыныштық және физиологиялық
белсенділік.
Физиологиялық тыныштық деп организмнің көзі жұмулы, тыныш, ештеңені ойламай, естімей,
денесін босатып, бір қалыпта ақырын баяу дем алып, ояу жатқан жағдайын айтады. Мұндай
жағдайда тіршілікке қажетті дене құрылымдарының бәрі (жүрек- қан тамырлар, тыныс алу, зәр
шығару, дене мен ондағы торшалардың тұақтылығын, тіршілігін сақтайтын механизмдер зәр
шығару, дене мен ондағы торшалардың тұрақтылығын, тіршілігін сақтайтын механизмдер, зәр
шығару т.б.) белгілі шамада қызмет істейді. Бұл кезде ткандердің торшаларында белгілі
мөлшерде зат алмасуы жүріп жатады. Мұндай қалыпта жатқан сыртқы ортаның қандай да
болмасын бір жағдайлары әсер етсе, ағза физиологиялық тыныштықтан физиологиялық
белсенділікке ауысады.
Ағзаның қандай да болмасын жеке мүшесі немесе мүшелер жүйесі, тіпті бүкіл дененің белсенді
қызмет атқаратын жағдайын физиологиялық белсенділік дейді. Физмологиялық белсенділік
кезінде зат алмасуы тыныштықтағы мөлшерден артады, бірнеше мүшелер немесе мүшелер
жүйелер қызмет атқаруына байланысты оларға қоса, жүрек- қан тамырлар, тыныс, зәр шығару
жүйелерінің т.б. да қызметтері күшейеді. Осындайжағдайда сыртқы және ішкі орталардың
әсерлері денедегі ткандарді, торшаларды тітіркендіреді. Жан- жануарлардың денесіндегі
кһөпшілік тірі торшалардың тітіркену қасиеті болады. Тітіркену деп сыртқы және ішкі
орталардың түрлі әсерлеріне жауап ретінде зат алмасуының үдеуін айтады. Сыртқы және ішкі
орталадың әсері ететін факторларын тітіркендіргіштер дейді. Тітіркендіргіштердің әсерінен ағза
немесе оның жеке ткандері, торшалары физиологиялық тыныштықтан белсенді қызмет етуге
ауысады.
Тітіркендіргіштерді физикалық, химиялық, физико-химиялық және биологиялық деп төрт топқа
бөлуге болады.
Физикалық тітіркендіргіштерге түрлі механикалық (қысым, соққы, шаншу, т.б.) және электрлік
әсерлер жатады.
Химиялық тітіркендіргіштерге сілтілер, қышқылдар, тұздар мен олардың ертінділері, дәрілері,
улы заттар, тамақтың құрамындағы органикалық және анорганикалық заттардың әсері жатады.
Физико- химиялық тітіркенгіштерге ертінділердегі заттардың осмастық және иондардың, түрлі

заттардың концентрациялық айырмашылықтарының әсері (мысалы, тұздың 0,8 және 1 %
ертінділер әсерінің айырмашылығы ) жатады.
Биологиялық тітіркендіргіштерге түрлі үлкенді- кішілі (макро- және микро-) ағзалардың әсері
жатады. Тітіркендіргіштің әсерінен тітіркене алатын ткандерді тітікенгіш ткандер деп атайды.
Мұндайларға без, ет, нерв ткандері жатады. Бұл ткандер тітіркендіргіш әсер еткен қозып жауап
береді, яғни қозу олардың жұмыс қабілеті. Қозғағанда бұл ткандердің электрлік, биохимиялық
қасиеттері өзгереді де ткандер қызмет атқарады немесе бұрынғы қызметін күшейтеді.
Тірі тканлдердің электрлік қасиеті биоэлектрлік құбылысқа жатады. Көп торшалы ағзаларда
сырты және ішкі ортаның мәліметтерін қабылдап, талдап, сақтап, бір жерден екінші жерге
жеткізуі немесе қажетінше қайтадан жаңғыртуы эволциялық даму барысында қалыптасқан
электр сигналдары арқылы орындалады.
Тітіркендіруге жауап қайтару қасиеті жануарларға да, адамға тән. Тітіркену қасиеті бір
торшалы қарапайым жәндіктер де болады. Олардың суға салған тұз кристалынан
қашықтайтынын, жарық түскен жерден көлеңкелеу жерге ауысатынын мектепте зоология
пәнінен қойған тәжірибелерден көрген боларсыздар. Яғни барлық тірі торшалы қарапайым
жәндіктер өсер еткенде тітікеніп жауап бере алады. Ал төменгі сатыдағы көп торшалы
жануарларда ( мысалы, гидра) өте қарапайым жүйке жүйесі болады. Олардың жұлдыз тәрізді
торшалары болады да бірбіріне өздерінің өсінділерімен жанаса алады. Тітіркендіруді
қабылдайтын торшалар қабылдағыштар (рецепторлар) мұндай жануарлардың денесінің сыртқы
қабатында болады. Рецепторлар да пайда болған қозу нерв торшасының барлық торына
таралады да жануар (гидра, медуза) тітіркендіруге жауап қайтарады. Мұны гидра тәжірибе
жасап көруге болады. Егер гидраның денесіне жіңішке инені тигізсе, ол жиырылып домаланып
қалады.
Өте күрделі құрылысты жануарларда орталық жүйке жүйесі бар. Сол түйіндерден бүкіл
денесіне бүкіл денесіне тарайтын нервтері болады.
Омыртқалы жануарлар мен адамның орталық жүйке жүйесі ми мен жұлыннан тұрады., ал
орталық жүйке жүйесінен дененің барлық жеріне нервтер тарайды. Омыртқалы жануарлардың,
балықтан сүт қоректілерге дейін, орталдық жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі әсіресе
анық көрініп тұрған миының дамуы күрделене түседі. Омыртқалы жануарлардың құрылысы
күрделенген сайын ми сыңарлары да дами түседі және жүйке жүйесінің қызметі де көбейіп,
алуан түрлі болады.
Ең жоғары дәреже де дамыған адамның жүйке жүйесі нің анатомиялық және фукциялық негіз
нерв торшасы – нейрондар. Олар тітіркенгіш келеді, яғни қоза алады және электр импульстерін
бір жерден екінші жерге тасмалдап жеткізе алады. Бұл қасиеті рецепторлар мен
эффекторлардың ара қатынасын іске асыруға мүмкіндік береді. Қабылдағыштар (рецепторлар)-
тітіркендіргіштің әсерін, яғни тітіркенуді қабылдайтын торшалар немесе мүшелер (мысалы,
терінің рецепторлары) ал эффекторлар- тітіркендіруге жауап беретін торшалар мен мүшелер.
Нерв серпілістерін орталық жүйке жүйесіне (миға және жұлынға ) тасымалдайтын нейрондар
афференттік немесе сенсорлық нейрондар, ал орталық жүйке жүйесінен импультерді
эффекторларға таситын нейрондар эфференттік немесе моторлық нейрондар деп аталады.
Көптеген жағдайда афференттік нейрондар эфферентік нейрондармекн аралық нейрондар
арқылы байланыстырылады. Әрбір нейронның денесі болады. Оның диаметрі 3-100 мкм.
Нейрон денесінің цитоплазмасында ядро және басқа торшалық органелдалар болады. Оның
денесінің көптеген ұзынды- қысқалы өсінді талшықтары бар. Нейронның денесін сома (грекше-
дене) деп атайды. Ұзын талғығын аксон (грекше – тірек ) немесе нерв талшығы, қысқы
талшығын дендрит (грекше – ағаш ) деп атайды. Аксон нерв импультерін нейронның денесінен
басқа торшаларға немесе шеткі мүшелерге тасиды, оның ұзындығы ондаған сантиметр болуы
мүмкін. Олар жіңішке келеді. Аксонның ұшы нейросекреттер түзе алады және басқа көршілес
торға немесе мүшеге келгенде тармақталып, қабарып аяқталған нерв ұштарына айналады.
Аксондар көршілес нейрондармен синапс деп аталатын ерекше құрылым арқылы жалғасады.
Синапстар қоздырушы және тежеуші болып екіге бөлінеді. Нерв ұштарының қабарып
томпайған жері көпіршіктер мен митохондрияларға толы болады. Көпіршіктерде ерекше
заттар- нейромедиаторлар (ацетилолин) бар. Ал митохондриялар нерв ұштарындағы күшті
метоболистік белсенділікті қамтамасыз етеді.
Дендриттер қысқа және аксондардан анағұрлым алуан болады. Дендриттердің ұштары шеті

томпайған терминальді тармақтарға айналады. Бұл нейрондардың басқа торшалармен ұштасу
ауданын үлкейтеді. Дендриттер арқылы нейронның денесіне бюасқа торшалардан нерв
импульстері келеді, яғни дендриттер олар лың «кірер есігі», ал аксондар «шығар есігі», деуге
болады. Дендриттердің саны көп болады. Нейронның денесінде белоктық синтезделумен
байланысты рибосомалар тобы- Ниссль денешіктері және Гольджи аппараты орналасқан.
Нейронның аксоплазмасывнда эндоплазмалық ретикулум, митохондриялар, нейрофибрилдер
т.б. органеллалар жайласады.
Кейбір талшықтарының сыртында миелин қабаты болады. Миелин- сарғыш май тәрізді (липид)
заттан түзілген. Ол әрбір 1,5-2 мм сайын үзіліп Ранвье белдеушісіне айналады. Белдеушелердің
арасында Шван торшаларының ядроларын көруге болады. Миелині бар нерв талшықтарын
( айталық,ми мен жұлындағы талшықтар) миелинсіз талшықтар деп атайды. Миелин қабатының
сыртында мықты созылмайтын мембрана- негрилемма болды. Миелинсіз талшықтарда Ранвье
белдеушесі болмайды, сондықтан талшықтың сырты Шван н торшасы торшаларымен толық
қапталмайды. Бір Шванн торшасы тоғызға дейін талшықтарды қаптап тұруы мүмкін. Сырты
бәріне ортақ дәнекер тканді қабық-эпиневриямен қапталған нейронның топтаған өсінділерін
нерв деп атайды. Талшықтын ішіне қарай бағытталған эпиневрияның перинеприя деп аталатын
өсінділері нерв талшығын ұсақ дәнекертканді қабығы- эндоевриясы болады. Нерв импультерін
орталық жүйке жүйесіне тасымалдайтын нервтерді сенсорлық немесе афференттік, яғни сезгіш
немесе орталыққа тепкіш нервтер (иіс, дәм, сезу, көру, есту нервтері т.б.) деп, ал орталықтан
периферияға тасымалдайтын нервтерді (көзді қорғаушы ,шығырық, бұру нервтері сияқты)
эфференттер дейді. Аралас нервтер ( мыс., бет, үшкіл, тілжұтқыншақ, кезеген және барлық
жұлын нервтері ) импульстерді екі бағытта тасымалдайды.
Мидың осындай бүкіл организімдегі тіршілік процестерін ең жоғарғы және нәзік
интеграциялаушы орган ретіндегі материалистік көзқарастың қалыптасуында отандық
физиологтардың олардың ішінде И.М.Сеченов пен И.П.Павловтың атқаратын рольдері
айрықша.
И.М.Сеченов (Павлов оны «орыс физиологиясының атасы» деп атаған) организімнің қоршаған
ортамен байланысы, оның түрлі әсерге қайтаратын барлық жауап реакциялары (рефлекстер)
нерв жүйесі арқылы іске асатынын 1862 жылы «ми рефлекстері» деп аталатын еңбегінде
дәлелдеді. Осы және басқа еңбектерінде ол рефлекстің орталық звеносындағы яғни орталық
нерв жүйесіндегі құбылыстар мен процестерді білу керек деген ғылыми идея ұсынды.
Клетка денесінен шығатын өсінділер- дендриттер мен аксондар.Көпшілік жағдайда дендриттер
қысқа, көп тармақталған өсінділер.Осы себептен де олардың жиынтық беткейі клетка денесінен
әлдеқайда артық.Дендриттерде орналасқан синапстар саны өте көп.Сондықтан нейрондардың
информация қабылдауында басты роль осы дендриттерге тиеді.Бұлардың мембранасында
кпетка денесіндегі сияқты химиялық рецепторлар функциясын атқаратын көтеген белокты
молекулалар болады.Осылар белгілі бір спецификалық химиялық заттар әсерін сезеді.Бұл
заттар бір клеткадан екінші клеткаға сигнал жеткізуге қатысады, содықтан синапстағы қозу мен
тежелудің медиаторы болып есептеледі.Аксон- ұзын, бір ғана өсінді.Оның негізгі функциясы
нерв импульсін- әрекет потенциалын өткізу (тарату).Аксонның клетка денесінен шығатын жері
аксон төбешігі (холмик)деп аталады.Аксонның бастапқы 50-100 мкм, бойынша миелин қабығы
болмайды.Осымиелинсіз участокты аксон төбешігімен қосып алғашқы сегмнет деп
атайды.Мұның ерекшелігі- нейронның басқа участоктеріне қарағанда қозғыштығы жоғары
болады: тітіркендіру табалдырығы шамамен үш есе төмен.
Нерв талшықтарының қасиеттері: нейрон денесімен байланысты, салыстырмалы тұрде
шаршамайды, зат алмасу жоғары емес, жоғары қозғыштық және лабильдік.Нерв
талшықтарының яғни нерв клеткалары өсінділерінің ең негізгі қасиеті - өздері арқылы қозу
импульстерін өткізу(тарату) болып есептеледі. Біртекті нерв клеткаларының шығатын нерв
талшықтары шоғырланып орталық нерв жүйесі щеңберінде өткізгіш жолдар деп
аталады.Орталық нервжүйесінен шыққан соң түрлі талшықтар бірігіп нерв бағанын немесе
нервтерді құрайды:Атқаратын қызметтеріне қарай нерв талшықтары түрлішеаталады
(орталыққа тепкіш- афференттік, орталықтан тепкіш- эфференттік, қозғағыш, секреторлық,
трофикалық, тамыр қозғағыш, висцермоторлық т.б. ).
Жүйке жүйесі құрылысына байланысты екіге бөлінеді.
1) орталық ( жұлын, ми)

2) шеткі (нерв талшықтары)
Жүйке жүйесі қызметі бойынша:
1) соматикалық (тірек-қимыл аппаратының қызметін реттейді)
2) вегетативті (ішкі мүшелер қызметін реттейді)
Жүйке жүйесінің құрылысы мен функциялық негізі – нерв клеткасы немесе нейрон. Орталық
жүйке жүйесінде нейрондарды қосымша клеткалар – глиялар қоршаған. Нейрондар мен глиялар
нерв ұлпасын құрайды. Глиялар нерв клеткаларының тірегі болып, оны қоректендіреді және
электр изоляторы қызметін атқарады.
Нейронның денесін сома деп атайды. Оның пішіні әр түрлі: сопақша , ұршық тәрізді, дөңгелек,
домалақ, үш бұрышты, төрт бұрышты, жұлдыз тәрізді т. б. Денесінен ұзынды-қысқалы
өсінділері – нерв талшықтары шығады. Ұзын талшығын аксон(грекше аксон – тірек деген
иағынада), қысқы талшықтарын дендритдеп атайды (дендрон - ағаш).
Жүйке жүйесінің маңызы. Адамның жүйке жүйесінің маңызын оның қызметіне қарай былай
анықтауға болады:
- мүшелерді бір-бірімен байланыстырып, организмнің бір тұтастығын іске асырады;
- денедегі барлық мүшелердің және мүшелер жүйелерінің қызметтерін реттейді;
- организмді сыртқы ортамен байланыстырады;
- сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына организмді бейімдейді;
- денедегі барлық клеткалардың, ұлпалардың, мүшелердің, бүкіл организмнің тірлігін
қамтамасыз етеді:
Нерв ұштары қызметіне байланысты екі түрлі болып келеді: сезгіш ұштары – рецепторлар,
қозғаушы ұштары – эффекторлар.
Нейронның бір-бірімен байланысы синапсдеп аталатын арнайы ерекше құрылым арқылы іске
асады. Синапс екі бөлімнен тұрады: пресинапстық (синапстың алдындағы) және постсинапстық
(синапстың соңындағы) бөлімдер. Пресинапстық бөлімнің пресинапстық мембранасы бар.
Пресинапстық мембрана нейронның аксонның жуандаған ұшы – синапс түймешегінің қабығы.
Синапс түймешесінің іші синапстық көбікке толы болады. Бұл көбік медиатордеп аталатын
белсенді химиялық заттан тұрады (латынша медиатор – делдал, арада жүруші). Қабылдаушы
нейронның пресинапстық бөлімімен жалғасатын жерінің қабығын постсинапстық мембрана деп
атайды. Пресинапстың және мембраналардың арасында синапс аралығы болады.
Нервтер мен нерв талшықтары. Сырты қабықпен қапталған нерв клеткасының өсінділерін нерв
талшықтары деп атайды. Нерв талшықтары екі түрлі болады: миелинді және миелинсіз.
Миелинді нерв талшығының сыртын миелин қабығы қоршаған, ал миелинсіз талшықтың
сыртын тек қана эндотелий қабығы қоршаған миелині болмайды.
Қозуды орталыққа өткізетін нервтерді орталыққа тепкіш немесе афференттік нервтер деп
аталады, ал қосуды орталықтан жұмысшы мүшеге таситын нервтерді, орталықтан тепкіш
немесе эфференттік нервтер дейді.
Орталық жүйке жүйесі ми және жұлыннан тұрады.
Орталық жұйке жүйесінің негізгі қызметі-рефлекс. Рефлекс сөзін бірінші рет қолданған
француз философы Рене Декарт. Оған ғылыми сипаттама берген чех ғылыми Прохаска.
Рефлекс туралы ілімді одан әрі дамытып, рефлекстік теорияны пайымдағандар орыс ғалымдары
И.М. Сеченов, И: П: Павлов , П.К. Анохин.
Рефлекс дегеніміз орталық жүйке жүйесінің сыртқы немесе ішкі тітіргендіргіштеріне беретін
күрделі жауабы. Рефлекстің морфологиялық негізі –рефлекс доға, яғни қозуды рецепторлардан
жүйке орталығына , онан шеткі ағзаға /эффеторға/ жеткізетін жол . Ол бес бөлімнен тұрады:
1/.кабылдаушы құрылым –рецептордан ,2/.қозуды орталыққа жеткізетін афференттік жүйкеден
3/.аралық нейрондардан тұратын орталықтан/ми қыртыстары/,4/.эфференттік жол 5/жауап
беруші құрылым эффектордан тұрады.Соңғы кезде рефлекстік доғамен қатар рефлекстік
шеңбер деген ұғым қолданылады. Рефлекстік шеңбердің доғадан бір бөлімі артық болады.
Оның алтыншы бөлімі эфференттік ағзадан орталық жүйке жүйесіне рефлекстік әсерленіс
туралы хабар, яғни кері байланыс арқылы орталыққа жеткізіледі. Кері байланыс рефлекстік
доғасын бекітіп, оны шеңберге айналдырады.
Рефлекс түрлері. Морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне қарай рефлекс бірнеше
топқа бөлінеді;
1/. Қабылдағыштардың орналасуына қарай экстероцептивтік /теріде , ауыз, көздің кілегей
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
010500 "Бастауыш білім беру" мамандығы үшін "Анатомия, физиология және мектеп гигиенасы" пәнінен оқу-әдістемелік кешені

шағым қалдыра аласыз