Материалдар / 07320100 «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша білім алатын шәкірттердің курстық жобаны орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық

07320100 «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша білім алатын шәкірттердің курстық жобаны орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық

Материал туралы қысқаша түсінік
07320100 «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша білім алатын шәкірттердің курстық жобаны орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Қызылорда Облысының Білім Басқармасы

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі



«Бекітемін»

Директордың оқу жұмысы

жөніндегі орынбасары

____________

Тіркеу №_____ _____________2024 ж


«Политехникалық мамандықтары » бөлімшесі


07320100- «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша білім алатын шәкірттердің курстық жобаны орындауға арналған



Ә Д І С Т Е М Е Л І К Н Ұ С Қ А У Л Ы Қ



Қызылорда 2024 жыл



Құрастырған : 07320100 «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша білім алатын шәкірттердің курстық жобаны орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықты дайындаған арнайы пән оқытушысы АХМЕТОВА .А

Әдістемелік нұсқаулық ҚР Білім және ғылым министрлігі №3.29.04.2014 жылы бекіткен үлгілік оқу жоспарына сәйкес жасалды.



«Құрылыс және өндіріс пәндері» пәндік әдістемелік комиссиясының отырысында қаралып,мақұлданды.



Хаттама № « » « » 2024 жыл.

ПЦК төрайымы :_____________ .



Колледж әдіскері :_____________



Арнайы пән оқытушысы __________Ахметова. А























Курстық жобалау


1. Курстық жобалауға койылатын талаптар

1.1. Курстық жобалаудың мақсаты

Оқу саласының маңызды процессінің бірі-курстық жобалау, оның негізгі мақсаты-оқушылардың теориялық білімін іс жүзінде қолдануына ықпал ету. Курстық жобалау кезінде оқушылар көптеген арнайы оқулықтарды, құжаттарды және нұсқауларды пайдалануға үйренуге, қажетті технологиялық шешімдерді табуға тәжірибе алады.

«Құрылыс өндірісінің ұымдастырылуы мен технологиясы» пәнінен курстық жоба оқушылардың лекцияда, практика сабағында, зертханада алған білімдерінен қорытынды жинаған бағаларын көрсетеді және келешегінде дипломдық жобаны сапалы орындауға көмегін тигізеді.

Курстық жобада қабылданған шешімдер еңбектін өнімділігін арттыруға, жұмсалатын күрделі қаржы шығынын кемітуге және құрылыс мезгілін қысқартуға бағытталуы қажет.

Құрылыс жұмысын өндіру жобасында (ЖОЖ) әр процесстерді орнату тәсілдері мен технолооиялық реті, механикаландыру, звенолар мен жұмысшылар бригадасының құрамы, еңбек қорғау және қауіпсіздік сақтау, жұмыстардың сапасын бақылау ережелері көрсетіледі. Сондықтан жұмыс өндірісінің әдіс-тәсілдерін, машина-механизмдерді техникалық-экономикалық есеппен тандап, бірнеше нұсқаларын салыстырып, оның тиімді және ұтымдысын пайдалану қажет.

Жобада озат технология, тасқынды әдістер және механизмдер жинағын пайдалану қажет.

Оқушылар курстық жобалау шешімдерін қабылдағанда, еліміздің және әлем жетістіктеріне сүйене отырып, озат технологияларды пайдаланып, құрылыстың өзіндік құнын кемітіп, сапасын арттыратын шараларды қолдану қажет. Курстық жобалауды сапалық орындау-әр оқушының аталған пәнді жетік меңгеруінің кепілі. Сондықтан курстық жобалау кезінде оқушылар көптеген нұсқаулармен және құжаттармен танысып, өзінің мамандық ой-өрісін, біліктілігін арттырады.


1.2. Курстық жобаның тақырыптары, құрамы және оның көлемі


Оқу жоспары және бағдарлама бойынша «Құрылыс» мамандығын алатын студенттер (оқушылар) «Құрылыс өндірісінің ұйымдастырылуы мен технологиясы» пәнінен курстық жоба жасайды. Курстық жобалау құрылыс жұмысының бір түріне ғана жасалады.

Сондықтан ол жобаның тақырыптары да «Жер жұмыстарының технологиялық картасы», «Тас қалау жұмысының технологиялық картасы» ,«Шатыр жұмыстарының технологиялық картасы», «Еден жасау жумыстарының технологиялық картасы» «Сылақ жұмыстарының технологиялық картасы» және тағы да басқа жумыстарға арналады.

Олардың құрамына төменде аталған шешімдер енеді:

- Салынатын объектінің еңбек сыйымдылығы және оның көлемі;

- Орындалатын құрылыс процестерінің технологиялық реті мен мерзімі және қолданылатын әдіс-тәсілдері;

-Жұмысшылардың звено, бригада құрамы қолданылатын машиналар, жабдықтар және құрал-саймандар

-технологиялық процестерді ұйымдастыру үлгісі және онда көрсетілген құрылыс құралымдары, белшектері, материалдары және машиналар мен жұмысшылар жұмыс орны белгіленеді;

-Құралымдарды, бұйымдарды құрылыс басына жеткізу кестесі;

-Жұмыста табиғаттын ерекшелігіне орай жер сілкінетін , жоғары және температуралы аудандарда атқару нұсқаулары;

-Еңбек қорғау және қауіпсіздік шараларын сақтау шешімдері;

-Жұмысты сапасын бақылау, қабылдап алу деректері.

Курстық жобалауға қажетті мәліметтер салынатын құрылыстың ерекшелігіне байланысты. Мысалы, салынатын құрылыстың ауданы,топырақтың құрамы, жер асты суларының деңгейі, қыста жердің қату өлшемі, құрылысқа кажетті материалдарды жеткізу қашықтығын, құрылысты жүргізу мерзімі және т.б. Құрылыс технологиясының жобасына аталған ерекшеліктерге орай өзгерістер еңгізіледі.


1.3. Курстық жобалауды ұйымдастыру жұмыстар

Оқулық бағдарламаға сәйкес курстық жобалаудың жетекшісін (оқытушы) әрбір студентке (оқушыға) жеке тапсырма береді. Курстық жобалаудың мазмұны бағдарламаға сәйкестігі тапсырманың сапасына тікелей байланысты. Сондықтан тапсырмада көрсетілген мәліметтер толық және анық болу қажет.

Тапсырма алған соң оқушы оның мазмұны, көрсетілген мәліметтермен мұқият танысып, тусінбеген жерлерін оқытушыдан анықтап алуы қажет. Окушылардың әдістеме кабинетінде бұдан бұрын жасалған курстық жобалаудың үлгісімен танысып, жобаның көлемін, мазмұнын және оны кағазға сызу тәжірибесін анықтауына болады. Жалпы алғанда, курстық жобаны әдістеме кабинетінде орындау оның сапасы мен дәрежесін көтереді, себебі кабинетте керекті оқулықтар, құжаттар, аныктамалар әэне өте сапалы жасалған жобалардың үлгілері болады.

Жобалау процестері - окушылардың ізденуіне жаңа ерекше шешімдер

табуына, мамандыгына катысты шығармашылық ой-өрісін дамытуға зор үлес қосады. Себебі алға койған бір мәселені әр түрлі жолмен шешуге болады.Мысалы, құрылыс процестерінің ұйымдастырудың алуан түрлі белгілі әдістері бар, оның ұтымды әдісін таңдап алу елеулі мамандық есептерімен анықталады.

Есеппен таңдап алынған технологиялық шешімдерді жоба жетекшісі (оқытушы) мақұлдаған соң таза кағазға сызып, түсініктеме жазуға болады.


1.4. Жобаның нобайын сызу және есептік түсініктемесін жазу


Жобаның нобайын сызып, есептік түсініктемесін толтырғанда Мемлекеттік стандарттын нұсқауын бұлжытпай орындау қажет. Жобаның графикалық нобайы мөлшері (формат) A-1кағазына қаламұшпен сызылады немесе оқушының қалауынша AutoCAD арқылы плоттермен шығару арқылы орындауға болады. Бұларға қойылатын талап

«Конструкторлық құжаттардын біріккен жүйесіне» сәйкес болу қажет. «Құрылыс өндірісінің технологиясы мен ұйымдастыруы» пәнінен екі курстық жоба орындалады. Біріншісі : 3-курста «Курылыс өндірісінің технологиясы» бөлімінен- 1 парақ (А-1 форматты ватманына бір курылыс процессіне технологиялық картасы мен еңбек шығындарының калькуляциясы, техникалық қауіпсіздік ережелері мен құрал-саймандар тізімі),екінші 4- курста «Курылыс өндірісінің технологиясы мен ұйымдастыруы» бөлімінен 2-парақ ,яғни курылыс бас жоспары мен күнтізбек/мерзімдік/ жоспары мен ТЭК сызылады.

Курстық жобалаудың есептік түсініктемесін көк пастамен мөлшері 210х297 мм кағазға жазылады немесе оқушының қалауынша компьютермен теріліп жазылады.

«Құрылыс өндірісінің технологиясы» пәнінен 20-25 бет : Кіріспе (Технологиялық карта, орындалатын жұмыс процесінің технологиялық картасы, жұмыс көлемінің жинағы, еңбек шығындарының калькуляциясы, жұмыстын анықтама карточкасы, көтергіш механизмдерді тандау мен ТЭК, техника қауіпсіздігі мен колданылған әдебиеттер тізімі) орындалады.

«Құрылыс өндірісінің технологиясы мен ұйымдастыруы» пәнінен 30-32 бет:

Кіріспе, күнтізбек/мерзімдік жоспары, құрамы мен құрылымы, жұмыс көлемін анықтау,еңбек шығындарының калькуляциясы, жұмыстын анықтама карточкасы, құрылыс бас жоспары,механизмдерді тандау, жұмысшы саның анықтау, уакытша ғимараттар мен қоймаларды есептеу, уакытша инженерлік қондырғылар мен жабдықтарды есептеу, техника қауіпсіздігі және қоршаған ортаны корғау орындалады.

Штампталған рамка ішіне жоғары жағынан 20 мм түсіп, ал төменгі штамп үстінен 20 мм және сол жақ-он жақ жағынан 10мм, әр абзацы 12-15 басталып жазылады.

Әр бөлімнің мазмұны, кіріспе, сәулеттік немесе құрылымдық, технологиялык, қолданған әдебиеттер тізімі, 16 шрифтімен ал калған әріптері 14 шрифтімен теріліп жазылады.

Түсініктемедегі графиктер, кестелер жіне сызулар нөмірленеді. Пайдаланылған оқулықтардың, құжаттардың, анықтамалардың тізімі нөмірленіп, түсініктеменің сонында көрсетіледі. Сөздерді және сөйлемдерді қысқартып жазуға болмайды.

Түсініктеменің парақтары нөмірленіп, файлға сызу парағымен біргіп тігіліеді. Бірінші беттегі титулдык кағазға оқушының, жоба жетекшісінің қолы қойылып, цикл комиссиясында соңғы сабақтан кейін корғау күйінде қабылданады. Қабылданған курстық жобалар жетекшінің сараптауынан кейін 3-данамен актіленіп, цикл бөліміне, колледж мурағатына және оку бөліміне өткізіледі.























31 Қаңтар 2025
144
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі