«Бекітемін»
Мектеп директоры:
Қ.Абдуллаев
Бастауыш сынып апталығында
өтілетін
сайыс сабақ
«1001 мақал,101
жұмбақ»
Сынып: 3 «Ә»
Мерзімі:
24.11.2017ж
Уақыты:
1635
Пән мұғалімі:
А.Султанова
Қараөзек ауылы
Тақырыбы:
«1001
мақал,101 жұмбақ»
Мақсаты:
Әр адамның азаматтық
қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өз атамекенін қалай сүюімен, өз
ана тілін қалай білуімен өлшенеді. Ана тілде еркін де сауатты
сөйлей білуде тұрақты тіркес пен мақал - мәтелдердің алатын орны
ерекше екенін ұқтыру. Оқушылардың мақал-мәтел арқылы сөздік қорын
байыту,астарлы сөйлеуге тәрбиелеу,жұмбақтар шешу арқылы оқушылардың
ойлау қабілетін арттыру.
Түрі: интеллектуалды
сайыс
Барысы:
І
кезең - «Тапқырлық»
ІІ
кезең - «Мақал – сөздің
мәйегі»
ІІІ
кезең -«Алғыр болсаң шешіп
көр»
ІҮ кезең
- «Сандар сыры»
Шаттық
шеңбері:
Қазақ тілім өз
тілім,ана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген
дана тілім
Қастерлейді ұл-қызың
мәңгі сені
Болашағым,бақытым,дара
тілім.
Жүргізуші:
Бүгінгі
өтетін сайысымыздың әділ-қазылар алқасы:
1.Бектасова Гүлжан –
д.о.і.ж.о.
2.Идрисова Жазық –
бастауыш сыныптардың ӘБ жетекшісі
3.Азиева
Толғанай-бастауыш сынып мұғалімі
І кезең
«Тапқырлық»
Жұмбақтың жауабын
шешіп, сол сөзге байланысты мақал - мәтел тауып
айту
1. Үңгір түбінде
жалбырап, 1.Тіл тас жарады,тас жармаса бас
жарады.
Өсіп тұр жалғыз
жапырақ. (Тіл) 2.Бас кеспек болса да,тіл кеспек
жоқ.
2. Бір ғажап бар тілі
жоқ, 1.Кітап – білім бұлағы,білім – өмір шырағы.
Сөйлесем десең міні
жоқ. (Кітап) 2.Кітап-ғылым,тілсіз мұғалім.
3.Жарқылдаған қос
қылыш, 1.Өткір қайшы кесуге жақсы
Қолыңа тисе жоқ тыныш
(қайшы) 2.Еңбекқорға дос қайшы,еріншекке қас
қайшы
4.Белі бүкір,алысқа
түкір (мылтық) 1.Оқсыз мылтық – таяқ.
5. Бірі түкті кілем,
бірі түксіз кілем. 1.Таразы туса,таң суиды.Сүмбіле туса су
суиды
(Аспан
мен жер) 2.Ай жарқырап күн болмас.
6. Аяғы
жоқ жүреді 1.Бұлақ көрсең көзін аш.
Сылқ - сылқ күледі.
(Бұлақ) 2.Таулы жер бұлақсыз болмас.
7. Бес жанды бір
жансызға мінгеседі, 1.Бес саусақ бірдей емес.
Үстінде ақ тақырдың
із кеседі. (бес саусақ, қалам) 2.Саусақ бірікпей ине
ілікпейді.
8. Мінсең – желдей
жүйткиді, 1.Ат-ер қанаты.
Көңілің таудай өседі.
2.Ат адасса жерін,ер адасса елін табар.
«Алып ұшар алысқа
3.Атың барда жер таны.
Ер қанаты» деседі.
(Ат)
9. Жаурағанды
күлдірер, 1.От - тілсіз жау
Өз еркіне жіберсең,
2.Ойыннан от шығады.
Дүниені бүлдірер.
(От) 3.Ойын түбі – от.
10. Кезекті бір
жануар, 1.Көрмес түйені де көрмес.
Үстінде екі тауы бар.
2.Түйе – түлік басы.
Мойны ұзын, көзі
үлкен. 3.Түйе – көштің көлігі.
Бұл не өзі, тауып ал.
(Түйе)
ІІ кезең. «Мақал –
сөздің мәйегі».
Мақал - мәтелдің
жалғасын табу.
1. Жылай - жылай
құдық қазсаң,... (Күле - күле су ішерсің)
2. Жолдасы жақсы
жолды болар,... (Жолдасы жаман қолды болар)
3. Сабырлы жетер
мұратқа,... (Асыққан қалар ұятқа)
4. Ағасы бардың
жағасы бар,... (Інісі бардың тынысы бар)
5. Жаздың бір күні...
(қыстың мың күнін асырар)
6.Туған жердей жер
болмас...(туған елдей ел болмас)
7.Туған жердің күні
де...(түні де ыстық)
8.Білетінің бір
тоғыз...(білмейтінің тоқсан тоғыз)
9.Күш
білімде,....(білім кітапта)
10.Қына тасқа
бітеді...(білім басқа бітеді)
ІІІ кезең. «Алғыр
болсаң шешіп көр»
Жасырынған
сөздерді табу
І-топқа:
ІІ-топқа:
1.Күлме кімге?
1.Талаптыға не жауар?
2.Қайда түкірме?
2.Тіл неден өткір?
3.Әдепті бала
қандай бала? 3.Білім басы не?
4.Ұят неден күшті?
4.Неге бал?
5.Тіл не жарады?
5.Ат шаппайды не шабады?
6.Қына қайда
бітеді? 6.Қандай үй базар?
ІІІ-топқа:
ІҮ-топқа:
1.Нені атпа?
1.Отан неден басталады?
2.Неше теңгең
болғанша? 2.Білім бұлағы не?
3.Ердің атын не
шығарады? 3.Кімнен үйрен,кімнен жирен?
4.Қыздың неше жаны
бар? 4 .Сөйлей-сөйлей кім боласың?
5.Оттан ыстық не?
5.Ер қанаты не?
6.Жігітке неше
өнер де аз? 6.Нөсер алдында не ойнайды?
ІҮ кезең «Сандар
сыры»
Қажетті санды қойып,
толықтырып айту.
1. Анаңды... рет
Меккеге арқалап апарсаң да, қарызынан құтыла
алмайсың.
2. Жақсы әке жаман
балаға... жыл азық.
3.... атасын білмеген
жетесіз.
4. Жігіттің... жұрты
болады.
5. Қыздың... жаны
болады.
6.Мал
...жұттық,батыр...оқтық.
7. ...саусақ бірдей
емес.
8.....аға бірігіп әке
болмас.
9.Тойған жерге
...бар.
10.... тістен шыққан
сөз,...рулы елге тарайды.
Біздің тіліміз - ең
қымбат мүлкіміз, оқушылар. «Қазақ тілі – бай, оралымды тіл» деп Ғ.
Мүсірепов атамыз айтпақшы, өз ана тілімізді шұбарламай, ең бірінші
өз тілімізде өзіміз еркін де сауатты сөйлейік. Сонда ғана біздің,
жастардың тілімізді сақтап қалуға, дамытуға қосқан үлесіміз
болмақ.
(Қазылар алқасы
жеңімпаз топтарды анықтап, белсенді араласқан оқушыларды
марапаттайды.)