Материалдар / "1001 мақал, 101 жұмбақ"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"1001 мақал, 101 жұмбақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
математикадан тыс жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Ақпан 2021
379
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Мың бір мақал, 101 жұмбақ.

Мақалдар сайысы.


I-тур шарты. Қатысушы оқушылар саны 3.

Жүргізуші бастаған мақалдың жалғасын айту. Әрбір дұрыс табылған жауапқа 10 ұпай беріледі. Қорытындысында ұпайы аз оқушы шығады.

Орынды айтылған сөз-

Орнына қағылған шеге сияқты демекші ойнымызды бастайық.


1.Ел құлағы –елу.

2. Алып-алтау болмас,

Жеп- жетеу болмас.

3. Жүзден біреу-шешен,

Мынңан біреу-көсем.

4. Екі кісі ығысса,

Бір кісілік орын бар.


5. Екі жүзді пышақтан сақтанба,

Екі жүзді адамнан сақтан.

6. Екі аяқты адам түгіл

Төрт аяқты мал да сүрінеді.

7. Отыз тістен шыққан сөз,

Отыз рулы елге тарайды.

8. Екі жақсы қос болмас,

Екі жаман дос болмас.

9. Жеті жұрттың тілін біл

Жеті түрлі білім біл.

10. Жігіттің басы екеу болмай

Жиғаны жетеу болмайды.

11. Шын- бір сөз,

Өтірік- мың сөз.

12. Бір кісі қазған құдықтан

Мын кісі су ішеді.

1.Ердің жасы екі елу.


2.Екі кісі ығысса,

Бір кісілік орын бар



3. Он адам жүрген жерде із қалады.

Жүр адам жүрген жерде-соқпақ.

Мың адам жүрген жерде жол қалады.


4.Екі жүзді пышақтан сақтанба,

Екі жүзді адамнан сақтан.


5.Ер екі сөйлемейді.


6.Екі аяқты адам түгіл,

Төрт аяқты мал да сүрінеді.


7.Алып –алтау болмас,

Жеп-жетеу болмас.


8. Жүзден біреу –шешен.

Мыңнан біреу-көсем.


9.Жеті түрлі білім біл,

Жеті жұрттың тілін біл.


10.Шын-бір сөз,

Өтірік-мың сөз.


11.Ер көрмеймін деген жерін үш көреді.

Ат баспаймын деген жерін үш басады.

12.Тойған үйге тоғыз бар.


13.Қатының жаман болса-бір қорлық,

Атың шабан болса-бір қорлық,

Ағайының жаман болса-мың қорлық.


14.Сексенде сегіз байлық ,

Сегіз жарлық.



15.Елу шылбырдан алды,

Алпыс тізгіннен алды,

Жетпіс өре салды.


Сексен-тұсау салды

Тоқсан-толқып қалды.


16.Сексен-жермен жексен.


17.Алпыс келгенде

Алты ағаң болсың

Жетпіс келгенде.

Жеті інің болсын.

18.Алпыс-дер шағы,

Жетпіс-мәр шағы,

Сексен-жер шағы,

Тоқсан- шер шағы,

Жүр-қор шағы.


19.Алтыға дейін бала ерке,

Алпыстан кейін шал ерке.


20.Ерінген екі істейді.


21.Бір еңбектің-бір рахаты бар.


22.Есті бір өледі

Еріншек мың өледі.


23.Екі жалқау-елге сыймас.










Жұмбақтар сайысы.


Ортаға жұмбақтар сайысына 3оқушы шығарылады.

І тур. Жүргізуші жасырған жұмбақтың шешуін табу керек. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

І тур қорытындысы бойынша ұпайы төмен оқушы ІІ турға өтпейді.

Аңған сөйлеп ,аспа,

Ойланып ал , саспа деп - Жұмбақтар сайысын бастаймыз.


1.Ерте тұрдым,екі айрық жолға түстім.

(шалбар).


2. Екі езуі құлағына жетеді,

Тамақ ішсе ызың-ызың етеді.

(Ара)


3.Алпыс төртен тең бөлмеде,

Отыз екі тұрғын бар.

Ақ, қара ғып бөлгенде.

Бірін-бірі қуғындар.

Хан үшін де, жаны үшін де

Бермей олар намысын.

(Шахмат.)

4.Күні бойы сен оны,

Екі аяқтап басасың,

Аулақтатып қоясың.

(Етік).

5.Әншейінде біреусің

Қарай қалсаң екеусің

(Айна).

6.Атадан он боламыз.

Бір-бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз

Азайып кейде қаламыз

Бөлініп кейде арамыз

Көбейіп те аламыз.

(Цифрлар).

7.Алпыс кісі аяқтастық,


Ал таңертең таяқтастық.

(Кірпік).



8.Керемет бір ит бар,

Үй бағады үрмейді.

Аяғы жоқ жүрмейді.

Рұқсатсыз ол иттен

Ешкім үйге кірмейді.

( Кілт, құлып)

ІІ-тур. Қалған екі сайыскерге венгр сөзжұмбағын шешу тапсырылады.


1. 1)Лагранж 7)Декарт. 12)Фалес

2)Евклид. 8)Пифагор. 13)Гаусс

3)Архимед. 9)Влет. 14)Галуа.

4)Диофант 10)Дирихле.

5)Абель. 11)Герон


2. 1)Функция. 6)Координата 11)Ромб.

2)Вектор 7)Трапеция.

3)Процент. 8)Бұрыш

4)График 9)Аксиома

5)Тізбек. 10)Теңдеу


Көрермен.

1.Ағып тұрған судан 5л,3л шелектердің көмегімен 4л суды қалай бөліп аламыз.

2.(Ежелгі грек есебі) Бір патша Пифагорды шақырып алып «ұлы Пифагор,сенің мектебінде қанша оқушы бар екенін айтшы»-деп сұраған, оған Пифагор «Барлық оқушыларымның жартысы математика , музыканы үйреніп жүр, үндемей отырады, бұдан басқа тағы 3әйел бар».деп жауап береді. Пифагордың мектебінде неше оқушы бар.




II тур. Қалған екі оқушы өз араларында мақал-мәтелдер айтып жарысады (бір-бірін жалғастырып) Мақал-мәтел арасында сан есім кездесу керек. Кідіріп қалған оқушы ойыннан шығады. Мақалдар жеңімпазы жеңген оқушы атанады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!