1001 мақал, 101 жұмбақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

1001 мақал, 101 жұмбақ

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: «1001 мақал, 101 жұмбақ»


Мақсаты: Қазақ халқы сөз қадірін біліп, қасиетті сөздерді аузынан тастамай, қастерлеп келе жатқан халық екенін түсіндіре отырып, студенттердің тіл байлығын, сөздік қорын дамыту және ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Көрнекіліктері: слайд, мақал - мәтелдер, жұмбақтар.
Жүргізуші: Жанның жайын жарыққа шығару үшін, жанның сырын сыртқа білдіру үшін адамның екі құралы бар. Біреуі – мимика, біреуі – сөз. Мимика жанның сыртының дене арқылы сыртқа білінуі (күлу, жылау). Ал ым – ішкі тіл сезімі. Ым арқылы ойды жарыққа шығару мүмкін емес. Ойдың тілі – сөз. Тіл – жүрек түбіндегі бағасыз сезімдер, жан түкпіріндегі асыл ойлар жарық көрмей, қор болып қалар еді. Адам тіл арқасында жан сырын сыртқа шығарып, басқалардың жан сырын ұға алады. Тіл адамға осындай қымбат болса, әрине ұлт болу үшін бірінші шарт тіл болмақ.
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кең тілім.
Таза терең өткір, күшті, кең тілім.
Таралған балаларын бауырына
Ақ қолыңмен тараларсың сен тілім.

«Мақал – сөздің мәйегі», «Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің сәнін келтіреді», - деген қанатты



сөздермен «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты тіл білгірлер сайысын бастаймыз.

I-тур
Шарты: Берілген жұмбақты шешіп, жұмбақ мәтінінен бір сөз алып мақал - мәтел тауып айту.
1. Үңгір түбінде жалбырап,
Өсіп тұр жалғыз жапырақ. (Тіл)
2. Бір ғажап бар тілі жоқ.
Сөйлесем десең міні жоқ. (Кітап)
3. Күміс қазықтың асы алтын. (Тіл мен сөз)
4. Жаңалықты үн - түнсіз таратады,
Барша жұртты бір өзіне қаратады. (Газет)
5. Үсті шарбақ,
Асты шарбақ,
Ортасында тұрар сарнап,
Жалғыз бармақ. (Тіс пен тіл)
6. Жел соқса жайқалып толқиды.
Ел оқыса тұла бойың балқиды. (Өлең)


II-тур
Шарты: Мақал - мәтелдердің сыңарын жалғстыру.
1. Жалақ кісі тілден жазар,... (таз кісі қолынан жазар).
2....(Тіл – буынсыз), ой – түпсіз.
3....(Тіл – шекер), бала кетер, байлық бекер.
4. Шебердің қолы ортақ,...(шешеннің сөзі ортақ).
5. Қымбат дүние қолға түсе бермейді,...(қымбат сөз ауызға түсе бермейді).
6. Тіземнен сүріндірсең, сүріндір,...(тілімнен сүріндірме).
III тур
Шарты: М. Қашқари жинаған түркі мақал - мәтелдерінің мағынасын ашу.
Баланың ісі іс болмас,... (лақтың мүйізі сап болмас).
Кең тігілген тон тозбас,... (кеңесілген іс бұзылмас).
Бір - бірлеп мың болар,... (тама - тама көл болар).
Далада бөрі ұлыса,... (үйдегі иттің бауыры солқылдар).
Қас батыр өкініші жаңбырдай,... (білімі мірдің оғындай).
«Ұстазым» әні. Орындайтын: Оразалиев Мұқасан.

IV-тур
Шарты: Көп нүктенің орнына қажетті сандар қою, санның сырын ашу.
1. Анасын... арқалап барса да қарызын өтей алмайды.
2. Жақсы әке жаман балаға.. жыл азық.
3.... атасын білмеген жетесіз.
4.... рет өлшеп,... рет кес.
5. Қыздың... жаны бар.
6. Жігіттің... жұрты болады:
Ата жұрты – күншіл,
Ана – жұрты сыншыл,
Қайын жұрты – міншіл.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.12.2018
698
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі