«100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы - Бахаргүл Төлегенқызы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы - Бахаргүл Төлегенқызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қалың көпшілікке арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы - Бахаргүл Төлегенқызы


«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамының филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұстаздары «Әдемі-Ай» ұлттық кәдесыйлар компаниясы мен «Әдемі-Ай» өнер мұражайының директоры, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, коллекционер-этнограф Бахаргүл Төлегенқызымен кездесу ұйымдастырып, қазақтың қол өнер бұйымдарына қатысты ойларын айтып, пікірлерімен бөлісті.

Бахаргүл Төлегенқызы – еліміздің тарихынан мәдениетінен, салт-дәстүрінен хабар беретін ұлттық кәдесыйлар топтамасын шығарып,  халыққа пайдасын тигізіп жүрген тұлғалардың бірі.

2000 жылы «Әдемі-Ай» компаниясын құрып, еліміздің тарихынан мәдениетінен, салт-дәстүрінен хабар беретін ұлттық кәдесыйлар топтамасын шығарған. Тәуелсіздік жылдары тұрғызылған ескерткіштер мен Қазақстан рәміздерінің кәдесый түріндегі кішірейтілген нұсқаларын жасап, халыққа ұсынды: «Тәуелсіздік монументі», «Астана бәйтерегі», «Қожа Ахмет Яссауи» кесенесі, «Алтын адам», «Исатай-Махамбет», «Бәйдібек», «Қорқыт ата» сияқты архитектуралық тарихи туындылары. 2010 жылы Астанада өткен ЕҚЫҰ-ның Саммитінде,   2011 жылғы VII Қысқы Азия Ойындары кезінде де Қазақстанға келген шетелдік қонақтар үшін ұлттық кәдесый топтамасын «Әдемі-ай» компаниясы жасап шығарды.  2011 жылдан бері “Әдемі-Ай” өнер мұражайын ашылып, 2009 жылы «ҚР Мәдениет қайраткері» атағын алған.


Бахаргүл Төлегенқызы ұстаздармен іскерлік бағыттағы өзінің тәжірибесімен бөлісіп, өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақ, пікірлерге тұшымды жауап айтумен қатар, қандай іс болсын қолға алғаннан кейін соңына дейін жеткізіп, жауапкершілікпен, мейіріммен қызмет жасайтын болса ғана жетістікке жететіні сөзсіз екенін айтып өтті.

Сонымен қатар кәсіпкер ең басты адам бойында өзіне деген сенімділік, өзін жетілдіру, яғни күнделікті дамытып отыру, іздену сынды қасиеттерді қалыптастыру керектігін де тілге тиек етті.

Бахаргүл Төлегенқызының жасаған әшекей заттарында Ұлттық ою-өрнектеріміздің негізгі ерекшелігі сақталған және ол ұлт жауһарларын қайта жаңғыртып халыққа ұсынып отырған кәсіпкер.

Ұстаздар қауымы кәсіпкерге ұлттық құндылықтарымызды сақтап қалу, оның жасалу жолдарын насихаттау бағытында мектептермен байланыс жасап, оқушыларға дәрістер жүргізсе деген ұсыныстарын білдірді.

Бахаргүл Төлегенқызымен өткен кездесу ұстаздарға үлкен әсер қалдырды.

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы,

Алматы облысы бойынша ПҚ БАИ

Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық тұрғыдан қолдау кафедрасының аға оқытушысы

А.Болсынбаева



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.10.2018
385
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі