10-11 сынып АПҚО жиналысының анықтамасы

Тақырып бойынша 17 материал табылды

10-11 сынып АПҚО жиналысының анықтамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
10-11 сынып АПҚО ата-аналар жиналысының анықтамасы 2025 жыл
Материалдың қысқаша нұсқасы

«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде «Жасөспірімнің ұйқысы мен психикалық денсаулығы» тақырыбында ата-аналар жиналысының өткізілуі жайлы


АНЫҚТАМА


Күні: 20. 09 2024ж

Тақырыбы: «Жасөспірімдердегі ұйқысы мен психикалық денсаулығы»
Қатысушылар: 10-11 сынып ата-аналары

Мақсаты: ата-аналардың ұйқыға жауапкершілікпен қарауы жасөспірімнің денсаулығын және психикалық саулығын сақтау факторы ретінде қарастыру

Міндеттері:

  1. ата-аналардың жасөспірімнің ұйқы сапасын жақсарту үшін қолайлы жағдайлар жасауға ынталандыру;

  2. жасөспірімдердің танымдық белсенділігі мен мінез-құлқына ұйқының әсерін түсінуге ықпал ету;

  3. ұйқы сапасын жақсартуға көмектесу үшін практикалық дағдыларды дамыту

    • Жұмыс барысы: Тапсырма

    • Бейнематериалды талқылау

    • Жаңа ақпарат:«Жасөспірімдердің ұйқысы:оқу және мінез-құлыққа әсері»

    • Релаксация жаттығулары

    • «Жасөспірімге ұйқыны жақсартуға қалай көмектесуге

    • болады?» тапсырмасы

  1. Қорытынды бөлім:

    • Рефлексия

    • Ақпараттық материалдарды тарату

Ақпарат беру
Жасөспірімдердің ұйқысы: оқу және мінез-құлыққа әсері туралы ақпарат берілді.

Жасөспірімдердің ата-аналары баласын 22:00-де ұйықтауға мәжбүрлеуге тура келетін жағдаймен таныспыз. Жасөспірімдер бұл ережеге жиі қарсылық білдіреді. Өйткені, кешке олардың көптеген «істері» бар: әлеуметтік желілерде достарымен сөйлесу, фильмдер мен сериалдар көру, компьютерлік ойындар және т. б. бұл әрекеттердің барлығы жақсы ұйқының антонимдері.

Жасөспірім кезінде, ұйықтауға жауап беретін гормон – мелатонин, балалар мен ересектерге қарағанда баяу өндіріледі. Мелатонин ағзаға ұйқыны реттеу үшін қажет, өйткені ол ұйықтау процесінің бастамасы. Мидағы без оны қараңғылықта шығара бастайды және ол жарық түскенде тоқтайды. Бұл - циркадтық ритмдердің негізгі механизмі. Біздің торлы қабық миға жарықтың өзгеруі туралы сигнал жібереді. Жылдың әр мезгілінде күннің ұзақтығы әр түрлі болғандықтан, ағза қыста ең көп мөлшерде мелатонин шығарады, ал жазда аз болады. Осылайша, жасөспірімдердің ұйқысының бұзылуы объективті және субъективті себептерге ие екені туралы ақпарат беру.

Топтық жұмыс: - Қатысушы ата-аналар 4 топқа бөлініп, шығармашылық жұмыс үшін тақырыптары бар карточкалар алып, талқылады. Тапсырма: кілт сөздерді, сызбаларды,белгілерді пайдаланып,тақырыпты «Ұйқының бұзылу салдары»,«Ұйқы гигиенасы: ата-аналарға арналған ережелер»,«Ұйқыға қалай дайындалу керек: жасөспірімге арналған кеңестер» туралы айтып, олардың маңыздылығын талқылады.

Презентация және талқылау: Әр топ өздерінің шығармашылық жобаларын таныстырды. Ата-аналарға ұйықтар алдында релаксацияға арналған тыныс алу әдістері көрсетілді.Балаларға қалай жасау керектігін психологпен бірге орындады.

Қорытынды рефлексия: Бұл тренинг барысында өзіңіз үшін жаңа не үйрендіңіз?Ақпаратпен танысқан кезде ойыңыз өзгерді ме? Неге?

«Ата- аналарға жасөспірімге ұйқыны қалай жақсартуға көмектесуге болатыны туралы кеңестер» берілді.

Қорытынды:

-ата-аналар жасөспірімнің ұйқы режимін сақтауға ынталы болды;

-ата-аналар ұйқының жасөспірімнің салауатты өмір салтының маңызды бөлігі екенін түсінді;

-ата-аналар жасөспірімнің ұйқы сапасын қамтамасыз ету дағдысын меңгерді.

Ұсыныс: Ата –анаға: ата-аналардың ұйқыға жауапкершілікпен қарау, жасөспірімнің денсаулығын және психикалық саулығын сақтауына мән беру .






Мектеп директорының тәрбие ісі жөнінде орынбасары: Т.Кейқуатов



















«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде «Тұлғаның қалыптасуы: тәуелсіздік құқығы» тақырыбында ата-аналар жиналысының өткізілуі жайлы


АНЫҚТАМА



Күні: 27. 01. 2025ж

Тақырыбы: «Тұлғаның қалыптасуы: тәуелсіздік құқығы»

Қатысушылар: 10-11 сынып ата-аналары

Мақсаты: баланың тәуелсіздігі мен өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға ата-аналардың дайындығын қалыптастыру.

Міндеттері:

-ата-аналардың баланың өмірлік жетістігінің шарты ретіндетәуелсіздігін қалыптастыруға деген ұмтылысын дамыту;

-жасөспірімнің ата-анасынан дер кезінде қиындықсыз бөлініп шығуының мәні мен психологиялық аспектілері туралы ата-аналардың түсініктерін кеңейтуге ықпал ету;

-ата-аналардың бөлініп шығу үдерісінде жасөспірімді қолдаудың практикалық дағдыларын игеруіне ықпал ету.

  1. Жұмыс барысы: Кіріспебөлім

    • Сәлемдесу

    • «Ассоциация»жаттығуы

  2. Негізгібөлім

    • Топтық жұмыс

    • «Бао» қысқа метражды мультфильмін көру және сюжетін талқылау

    • Кейстерді талдау

  3. Қорытындыбөлім

    • «Ми шабуылы» тапсырмасы

    • Рефлексия

    • Қорытындылау.

«Ассоциация»жаттығуы жүргізілді.Тапсырма:ата-аналарға «Психологиялық бөлім» деген сөзді естігенде нені елестетесіз?» - деген сұраққа жауап беру ұсынылды.Жаттығу орындауда ата-аналар белсенділікпен орындады.

Ақпарат беру
Тақырыпты толығырақ түсіндіру үшін «Бао» қысқаметражды мультфильмін көру ұсынылды.
http://surl.li/uajyv(7 мин.)

Мультфильмнің сюжетін талқылады. Ата-ана-бала қарым-қатынасын талдау.Ата-аналардың балаларының тәуелсіздігіне ата-ана көзқарасы үлкен әсер ететінін түсінуі.

Топтық жұмыс: - Қатысушы ата-аналар 3 топқа бөлініп, шығармашылық жұмыс үшін тақырыптары бар карточкалар алып, талқылады. олардың маңыздылығын талқылады.

Кейстерді талдау жүргізілді. Ата-аналар 3 адамнан тұратын топтарға бөлінді және әр топқа кейс берілді.Әрі қарай, әр топ дайын кестеге сәйкес мәселені, себебін және істі шешу жолдарын ұсынды.

Презентация және талқылау: Әр топ өздерінің шығармашылық жобаларын таныстырды. Ата-аналарға ұйықтар алдында релаксацияға арналған тыныс алу әдістері көрсетілді.Балаларға қалай жасау керектігін психологпен бірге орындады.

Қорытынды рефлексия: Бұл тренинг барысында өзіңіз үшін жаңа не үйрендіңіз?Ақпаратпен танысқан кезде ойыңыз өзгерді ме? Неге?

«Балаларға тәуелсіз және бақытты тұлға болып өсіп, дамуына көмектесу үшін, оларға қолдау көрсетудің» жолдары туралы кеңестер» берілді.

Қорытынды: Ата-аналар жасөспірімдермен қарым- қатынаста шекараны белгілеудің маңыздылығын, шекаралар қажеттілігінің негізгі себептерін түсінді, жасөспірімдермен қарым-қатынастың маңызды аспектілерін басқа ата-аналармен талқылады, олардың көзқарасындағы мүмкін олқылықтарды көрді және оларды шешу жолдарын тауып, жасөспірімдердің психологиялық және эмоционалдық қажеттіліктері туралы хабардарлығын артты.

-ата-аналар баласын бөлініп шығу үдерісінде қолдауға ынталандырылды;

-ата-аналар жасөспірімнің қиындықсыз және күрделі бөлініп шығу белгілерін тануды үйренді;

-ата-аналар жасөспірімнің бөлініп шығу үдерісінде қолдау үшін нақты стратегиялар мен әдістерді меңгерді.

Ұсыныс: Ата –анаға: ата-аналардың жасөспірімдермен арадағы қарым-қатынасқа шекара сақтауына мән беру .







Мектеп директорының тәрбие ісі жөнінде орынбасары: Т.Кейқуатов




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.04.2025
109
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі