400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

10 кл 4-токсан №2 бжб.docx

Материал туралы қысқаша түсінік
10 кл 4-токсан №2 бжб.docx
Материалдың қысқаша нұсқасы

№2 «Сандық технологияны пайдаланудағы теңсіздік»бөлімі бойынша жиынтық бағалау



Оқылым: Сандық технология

Күн өткен сайын сандық технология қарыштап дамып келеді. Ол өмірдің барлық саласына енді. Сандық технология бизнес, медицина, өндіріс, тұрмыста кең қолданылады. Сандық технологияны қолданатын адамдар саны да өсіп келеді. Сандық технология ақпаратты тез алу үшін қолданылады. Интернетті пайдаланатын кез келген адам бірнеше секундтың ішінде өзіне қажет ақпаратты не жаңалықты табады. Сандық технологияның дамуы адамзатқа үлкен мүмкіндік беріп отыр.

Сандық технология — әлемге үлкен жаңалық әкелген, әр адамның өміріне өзгеріс әкелген бірегей құбылыс. Жаңа технологиясыз заманауи адамдардың өмірін елестету мүмкін емес. Қазір компьютер, смартфон, тұрмыстық электроника әр үйде бар. ХХ ғасырда электр тогін ендіруге 30 жыл кетсе, планшетті компьютерлер небары 3-4 жылда енді. Әр адам үйден шықпай, интернет арқылы ақпарат алып, білімін толықтырады. Үйден шықпай, сауда жасап, ақша табады.

Сандық технология медицинада миллиондаған адамның өмірін сақтап қалады. Жоғары технологиялық жабдықтар ауруды ерте анықтап, алдын алуға, емдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар тұрғындардың денсаулығын онлайн-режімде бақылауға жол ашады.

Сандық технологияны қолдану арқылы өндіріс үдерісі жылдамдайды, сапалы өнім алынады. Кез келген ірі ұйым бүкіләлемдік интернет желісіне еніп, қызмет аясын кеңейте алады. Адамдардың қажеттілігін анықтап, соған орай өз өнімдерін өндіреді, сатады. Қорыта айтқанда, сандық бүкіләлемдік инновациялық дамудың мүмкіндіктерін адамзаттың игілігіне жаратады.

1. «Жаңа технологиясыз заманауи адамдардың өмірін елестету мүмкін емес». Мәтін мазмұны бойынша ұсынылған оймен келісетініңді не келіспейтініңді жаз. Өз көзқарасыңды дәлелде.

Үлгі: Мен «...» деген оймен келісемін/келіспеймін. Себебі ... ... ... / 1балл/ 50-60 сөз



















2. Мәтін мазмұны бойынша 3 сұрақ құрастыр. /3 балл/










Айтылым

«Ақпарат меңгеруде сандық технологияның рөлі үлкен» тақырыбына фактілерді қолдана отырып, монолог құрап айт.





























Бағалау критерийі

Тапсырма

№

Дескриптор

Ұпай

Білім алушы

әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдау және кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау.

1

Мәтінге өз пікірін жазады;

1


Мәтін мазмұны бойынша 3 сұрақ құрайды

1

1

1

пікірталастың «пікірталас -монолог», «пікірталас-диалог», «пікірталас-полилог» түрлерінде сенімді және еркін сөйлеу;

2

Монологқа еркін түседі;

1

монолог барысында фактілерді пайдаланады;

1

Ақпарат көздерінің түрлері туралы ақпаратты кеңінен қолданады;

1

Ақпарат көздері,технология туралы айтады;

берілген ақпаратты талдайды;

берліген ақпаратқа баға береді

1

1

1

Барлығы



10



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
641
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі