Материалдар / 10 саны Ашық сабақ 5 мектеп-лицей
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

10 саны Ашық сабақ 5 мектеп-лицей

Материал туралы қысқаша түсінік
10 санының таңбасымен таныстыру. 10 санының құрамын анықтау. Балалардың жылдамдықтарын, ойшылдық, сауаттылық қасиеттерін дамыту. Шығармашылық еңбек етуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қазан 2020
591
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

МАД «Б» тобы.

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Қарапайым математика.

Тақырыбы:10 саны мен цифры.

Мақсаты10 санының таңбасымен таныстыру. 10 санының құрамын анықтау. Балалардың жылдамдықтарын, ойшылдық, сауаттылық қасиеттерін дамыту. Шығармашылық еңбек етуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Билингвальды компонент: он,десять, тен.

Сөздік жұмыс: екі таңбалы сандар

Технологиялық картаны қамтамасыз ету: Сан таңбалары, слайд,сурет.

Пән аралық байланыс:Көркем әдебиет,қоршаған ортамен танысу.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

- Балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр екен. Қонақтармен амандасып алайық.

Балалар үстел басында тұрып, қонақтарға қарап

Күннің көзі ашылып, көкке шуақ шашылып,

құтты қонақ келіпті, төрге міне еніпті,

сәлемдесу үлкенге,тәрбиенің басы ғой.

Сәлеметсіздер ме апайлар! Здравствуйте!

Good moning!

(Барлығы орындарына отырады.)

Тәрбиеші:Сәлеметсіздер ме , құрметті қонақтар! «Білімділер клубына » қош келдіңіздер !

Өз білімдерін ортаға салатын үш топпен танысайық .

Бірінші топ: «Алғырлар»

Екінші топ: «Білімпаз»

Үшінші топ: «Тапқырлар»


Сәлеметсіздер ме апайлар! Здравствуйте!

Good moning!


Ұйымдастырушылық-ізденістік

Балалар бүгінгі біздің ойынымыз бес кезеңнен тұрады. Әр кезеңде 1 тапсырма болады. Тапсырманы дұрыс орындаған топ ұпайларға ие болады. Ал ,енді «Атына заты сай » деген үмітпен ойынды бастаймыз.

І-кезең. Блиц-турнир

1.Бір жылда неше жыл мезгілі болады?

2.Бір аптада неше күн бар?

3.Төртбұрышта неше бұрышы бар?

4. Қандай геометриялық пішіндерде не басы не соны жоқ?

5. Заттарды бір-біріне біріктіргенде қандай амал қолданамыз?

6. 5 саны мен 7 санын арасында қай сан бар?

7.Заттар өзара бірдей болғанда, қандай амал қолданамыз?

8.Тоғыз саны қанша бірліктен тұрады?

9.Бір санңан екінші санды алу үшін қандай амал қолданамыз?

10.Бір таңбалы санңын ішіңде ең үлкені қандай сан ?

Жақсы балалар, ойларың ұшқыр екен бұл кезеңнен жақсы өттік,1- кезең өз мәресіне жетті.


Екінші кезеңді бастамас бұрын «Білімділер»

сайысына келіп отырған сіздерге азғантай үлесімді көрсеткім келіп отыр. Сендер білетін бір таңбалы сандардың ішінде ең үлкен сан қандай ?

Ия ,дұрыс айтасыңдар 9 саны болатын. Мына суреттке назар аударыңдар, неше торғай отыр екен қане бірге санайық ,(9) осы 9 торғайға 1 торғай келіп қосылды барлығы неше торғай болды ? Ендеше, балалар 9 +1= 10саны болады.

Тоғызға бірді қосайық,жаңа шыққан санды біз 10 саны деп атайық.Қалай ойлайсыңдар ,

бүгін біз қандай санмен танысамыз? (10)Дұрыс айтасыңдар біз бүгін 10 саны ,цифрың оқуды және жазуды үйренеміз!

Ол үшін бізге екі цифр қажет 1 (бір) және 0 (ноль). 1 және 0 санынан тұратын санды біз 10 саны деп атаймыз. Екі цифрдан тұратын сан екі таңбалы сан деп аталады. 1 цифрдың артына дөңгелек әдемі

ноль цифрын қоятын болсақ , 10 деген сан пайда болады .10 саны 10 бірліктен тұрады.

Ал, енді он санын ауада жазайық. Бір цифрын төменен жоғары,жоғарыдан төмен сызамыз, содан сон ноль цифрын солға қарай сопақша қылып қасына жазамыз.

Енді, алдымызда жатқан парақтағы санды сусақпен жазамыз.Содан соң қарандашпен жазайық.

Жарайсыңдар балалар, рахмет!

Енді балар он санын қазақ тілінде , орыс тілінде және ағылшын тілінде санайық.

(слайд арқылы).

Міне балалар сендер білетін сандарға тағы бір сан келіп қосылды. Енді осы сандарды тура және кері санайық.Жарайсыңдар! Он санын жазу үшін неше цифр қолданамыз балалар?

Дұрыс айтасындар екі цифр қолданамыз екен .

Екі цифрмен жазылатын сандар екі таңбалы сан деп атайды екенбіз.

-10 саны қанша бірліктен тұрады?

- 10 бірліктен тұрады екен.

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Бәрін қосып санасақ

Болады екен 10 саусақ

Жақсы. Жаңа санмен танысу барысында мұқият тыңдап,белсенді қатысып жауап бергендерің үшін 3 топқа бір-бір ұпайдан беруді шештім.


Ал, енді ойынымызды жалғастырайық.

ІІ-кезеңін бірінші тапсырмасы «Көршісін тап» деп аталады.

Шарты: 1-ден 10 –ға дейіңгі сандар тізбегінде

жоқ сандарды атап беру.

Алғырлар тобы: 1-3, 7-9.

Білімпаз тобы: 4-6; 8-10.

Тапқырлар тобы: 6-8; 3-5.


Балалар сәл тынығып алу үшін мен «Сергіту сәтін» жариялаймын.

1,2,3-Қарлығаш боп үш

4,5,6-Қарлығаш боп қалқы.

7.8,9,10-Қарлығаш боп қон.


ІІ-кезең аяқталды,келесі ІІІ-кезең .

3-кезеңің тапсырмасы «Құрамын тап» деп аталады. (слайд арқылы) Ітоп:10--- (2,5,3); ІІ топ:10----(3,6,1); ІІІтоп:10---(8,1,1)

Бәрекелді, барлық топ (------)


Келесі 4--кезең «Мысалдарды жаз» және дұрыс жауабын табу тапсырмасы.


Тауық шықты көшеге,
Ерді барлық шөже де.
Алға кетті 2-еуі,
Артта қалды 3-еуі.
Санай алмай барлығын
Есі шықты тауықтың.
Сен есепте, балақан,
Қанша еді балапан? (5)

Алма ағашта 7 алма

Бірі түсті үзіліп

Айтшы маған балақай

Нешеуі қалды ағашта?


Төрт қонжық орманға
Бара жатты қорбаңдап.
Бірі олардың шаршады,
Әрі қарай бармады.
Жауабын тез айт,
Қанша қонжық кетті алда? (3)


Сайыстын соңғы 5- кезеңі: «Келісемін -келіспеймін» деп аталады. (10 санына байланысты)

1. Сен келісесін бе 10 саны 1 таңбалы сан?

(Жоқ, мен келіспеймін,өйткені 10 саны 2 таңбалы сан.

2. Сен келісесін бе 10 саны 10 бірліктен тұрады? (Жауап)

3. Сен келісесін бе 10 саны 5 санынан аз?

(Жоқ, мен келіспеймін,өйткені 10 саны 5 санынан көп).

4. Сен келісесін бе 9 санынан кейін 10 саны тұрады?

(Ия,мен келісемін, өйткені 9 санынан кейін 10 саны тұрады.







Балалардың жауабы.



















Балалардың жауабы.





9 саны






10 саны









Балалар ауада

жазады.


Саусақпен жазады.




3 тілде айту.



Тура ,кері санайды.






10 бірліктен тұрады.














2,8.

5,9.

7,4.



Балалардың іс-қимылдары.








Балалардың жауабы.







Балалардың жауабы.





















Балалардың жауабы.










Рефлексиялық түзетушілік

Қорытынды: Әр топтың ұпай санын есептеу. Жеңімпаздарды анықтау. Меңгерген білімдеріңді өздерің бағалайсыңдар. Алдыларыңда тұрған жасыл, қызыл және сары жапырақтарды мына ағашқа ілесіңдер. Кім бүгінгі ұ.о.і.ә.өте жақсы білсе ол жасыл жапырақты іледі,орташа түсінген бала қызыл жапырақты,ал кімоқу іс-әрекетінде  ештеңе түсінбедім деген бала сары жапырақты іледі. Сөйтіп балалар өздерін бағалайды.

Балалар, шаттық шеңберге тұрып ұ.о.і..ә аяқтаймыз.

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау саламат болайық.

Сау болыңыздар!

До свидания!

Bay bay!!!


Балалардың бағалауы.





Балалардың іс-әрекеті.


Сау болыңыздар!

Досвидания!

Bay bay!!!






Нені білу керек: 10 санын таңбасын білу керек.

Нені игереді: 10 саннын жазылуын, оқуын игереді

Нені білді: екі таңбала сандардың құрамын



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!