Материалдар / 10-сынып. «Тұқымқуалушылық пен өзгергіштік заңдылықтары» тарауына тест ІІ нұсқа
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

10-сынып. «Тұқымқуалушылық пен өзгергіштік заңдылықтары» тарауына тест ІІ нұсқа

Материал туралы қысқаша түсінік
«Тұқымқуалушылық пен өзгергіштік заңдылықтары» тарауына тест
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Наурыз 2024
384
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Shape2

10-сынып. «Тұқымқуалушылық пен өзгергіштік заңдылықтары» тарауына тест ІІ нұсқа

1.Хромосомада болатын тіркес гендердің орналасу сызбасы:

А.Генофонд

В.Генетикалық карта

С.Генотип

Д.Ген

2.Көптеген өсімдіктер мен жануарлардың дене жасушаларындағы хромосомалар ұрықтану процесі кезінде біреуін аналықтан, ал екіншісін аталықтан алған екі хромотидтен тұрады.Мұндай хромосомалар:

А.Гомологты емес

В.Аутосомалар

С.Жыныс хромосомалары

Д.Гомологті

3.Хромосома терминін алғаш рет ашты:

А.Ч.Дарвин

В.Т.Морган

С.В.Вальдейер

Д.Г.Мендель

4.Нәтижесінде организм биохимиялық, физиологиялық, морфологиялық өзгерістерге ұшырайды:

А.Гендік

В.Геномдық

С.Хромосомааралық

Д.Хромосомаішілік

5.Нәресте туылған кезде бала жолдасының кішкентай болуы және жалғыз кіндік артериясының болуы арқылы к.нібұрын анықтауға болады:

А.Клайнфельтер

В.Даун

С.Патау

Д.Эдвардс

6.Хромосома санының гаплоидты жиынтыққа еселенбей өзгеруінің нәтижесінде пайда болады:

А.Гендік мутация

В.Геномдық мутация

С.Хромосомалық мутация

Д.Цитоплазмалық мутация

7.Пластидтер құрамында болатын геннің өзгеуіне байланысты хлорофилдік мутация пайда болады:

А.Гендік мутация

В.Геномдық мутация

С.Цитоплазмалық мутация

Д.Хромосомалық мутация

8.Центромера хромосоманың бір ұшында орналасқан:

А.Субметацентрлік

В.Акроцентрлік

С.Метацентрлік

Д.Телоцентрлік

9.Ол есекшөп өсімдігінің кейбір белгілерінің қалыпты жағдайдан ауытқитынын және олардың тұқымқуалайтынын байқады:

А.Х.Де Фриз

В.Ч.Дарвин

С.Г.Мендель

Д.Т.Морган

10.Мысал ретінде адамның терісінің ақ түстен қара түске дейінгі аралықта болатындығын айтуға болады:

А.Доминантты эпистаз

В.Комплементарлық

С.Көпаллельділік

Д.Полимерия

11.Ұрпақтар арасындағы материалдық және функционалдық сабақтастықты қамтамасыз ететін тірі организмдерге тән қасиет:

А.Тынысалу

В.Зат алмасу

С.Тұқымқуалаушылық

Д.Оқшаулану

12.Олардың плазмасында аа және вв агглютинині болады:

А.ІІ топ

В.І топ

С.ІІІ топ

Д.ІV топ

13.Сүйектің әлсізденуі, қисаюы:

А.Гипертония

В.Гемофилия

С.Дальтонизм

Д.Рахит

14.Генетикалық зерттеулер жүргізуге өте қолайлы нысан:

А.Тышқан

В.Көбелек

С.Ара

Д.Дрозофила

15.Гетерозиготалы дальтонизм генін алып жүруші әйел қалыпты көретін ер адаммен тұрмыс құрса, онда осы отбасында ауру баланың туылу ықтималдығы:

А.25%

В.100%

С.50%

Д.75%

16.Бұл құбылысты 1911 жылы Т.Морган ашқан:

А.Инверсия

В.Трансляция

С.Кроссинговер

Д.Комменсализм

17.Сұлы тұқымының қара түсін доминантты А гені, сұр түсін доминантты В гені анықтайды. А гені супрессор. Сұр түстің генотипін тап:

А.АаВв

В.ААВВ

С.Аавв

Д.ааВв

18.Олардың саны қазір 400-ден асады:

А.Физикалық мутаген

В.Биологиялық мутаген

С.Лазерлік сәуле

Д.Химиялық мутаген

19.Хромосома бөлігінің 1800С-қа бұрылуы:

А.Делеция

В.Инверсия

С.Дупликация

Д.Дефишенсия

20.Бір иығы өте қысқа:

А.Метацентрлік

В.Субметацентрлік

С.Акроцентрлік

Д.Спутникті

21.2n+1, 2n-1:

А.Анеуплоидия

В.Полиплоидия

С.Автополиплоидия

Д.Аллаполиплоидия

22.Иықтары кең, бөкселері тар:

А.Клайнфельтер

В.Даун

С.Патау

Д.Шерешевский-Тернер

23.Даун ауруының фенотиптік белгілері:

А.Аяқ-қолы шамадан тыс ұзын

В.Бассүйегі, құлақтары кішкентай

С.Тырнақтары толық жетілмеген

Д.Мұрындарының түбі жалпақ, кең кеңсірікті

24.Гаметалық мутация:

А.Ұрық жасушаларында өтеді

В.Жыныс жасушаларында өтеді

С.Дене жасушаларында өтеді

Д.Сүйек жасушаларында өтеді

25.2n+1n, 2n+2n, 2n+3n:

А.Анеуплоидия

В.Гетероплоидия

С.Полиплоидия

Д.Дупликация

26.Полиплоидия тән:

А.Сүлік

В.Кальмар

С.Қой

Д.Өрмекші

27.Таяқша тәрізді хромосоманың сақина тәрізді болып өзгеруі:

А.Гендік мутация

В.Геномдық мутация

С.Хромосомаішілік мутация мутация

Д.Хромосомааралық мутация

28.Аналық шыбындардың сомалық жасушасынан ХХҮ хромосомаларды, ал аталықтарынан ХО хромосомаларды тапты:

А.К.Бриджес

В.Ч.Дарвин

С.Г.Мендель

Д.Т.Морган

29.Хромосома ұштарының жетіспеушілігі:

А.Делеция

В.Дефишенсия

С.Дупликация

Д.Инверсия

30.Раушангүл тәрізді және бұршақ тәрізді айдары бар тауықтың екі тұқымын будандастырғанда жаңғақ тәрізді айдары бар тауық алынды. Есеп:

А.Доминантты эпистаз

В.Көпаллельділік

С.Комплементарлық

Д.Эпистаз
































1.В

11.С

21.А

2.Д

12.В

22.Д

3.С

13.Д

23.Д

4.А

14.Д

24.В

5.Д

15.А

25.С

6.В

16.С

26.Д

7.С

17.Д

27.Д

8.Д

18.Д

28.А

9.А

19.В

29.В

10.Д

20.С

30.С







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!