4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу Ұзақтығы: 40 минут
Оқылым – 15 минут Жазылым – 25 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: Біріншісі – тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі – оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі – жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
|
*Тапсырма |
Қамтылатын мақсаттар |
Тапсырмал ар түрлері |
*Тапсырмалар сипаттамасы |
*Орындау уақыты, мин |
Балл |
|
1 |
10.1.5.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу. |
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар |
Тапсырма жұппен орындалады. Оқушыларға 263-287 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі, оқушы жеке отырып оқиды (немесе аудио арқылы тыңдатуға болады). Оқушылар айтылым барысында коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеуді назарда ұстайды. Тыңдаушы жұбы мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды, көтерілген мәселені талдайды. Дәл осылай екінші оқушы тапсырманы қайталайды. Бағалау екі оқушыға жеке-жеке қойылады. Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеуі бағаланады.. |
Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут беріледі) |
10 |
|
2-4 |
10.2.3.1 көпшілікке арналған мақаланың құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау |
Көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтар |
300 сөзге жуық мәтін беріледі. Мәтінді оқып, мазмұны негізінде берілген сұрақтарға жауап береді және мәтінге қатысты өз пікірін, көзқарасын білдіріп жазады, мәтіннің құрылымы мен рәсімделуін біледі, жанрлық ерекшеліктеріне талдау жасайды. |
15 |
10 |
|
5 |
10.3.1.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала жазу; 10.4.5.1 сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу. |
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар |
Оқушылар ұсынылған екі тақырыптың бірін таңдап, мақала жазады. Жазылым жұмысында ғылыми көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды дұрыс пайдалануы, сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін орынды қолдана білуі бағаланады. |
25 |
10 |
|
Барлығы |
40 минут |
30 |
|||

«Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма» бөлімі
Тыңдалым және айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді оқып шығыңыз. Мәтіндегі ақпараттарға мұқият мән беру арқылы түртіп алып, мазмұндауда қолданыңыз, коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеңіз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз. 2. Өз жұбыңды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз. [10]
1- мәтін
Қазақ архитектурасы
Материалдық игілікті жасаудың басты саласы ретінде Қазақ архитектурасы қоғамның өндірістік-экономика дамуына, ғылым және техника жетістіктерімен жарақтануына, оны жасаушылардың дүниетанымдық-эстет. талғамына тығыз байланысты жағдайда өркендейді. Қазақстан аумағындағы жекелеген аймақтарды, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан өңірін адамдар шелл-ашель дәуірінде (ерте палеолит кезеңі) қоныстана бастады. Ашель-мустье кезеңінде қоныстану аумағы айтарлықтай кеңейді. Қазақстан жерінде құрылыс салу жоғары палеолит дәуірінде пайда болды. Қаратаудағы, Баянауылдағы, Ұлытаудағы, Маңғыстаудағы үңгірлер мен адам тұрақтары шағын топтар болып өмір сүрген, бірігіп еңбек еткен алғашқы қауымдық құрылыстар аңшылардың, кейінірек ертедегі рулық қауымдарды құрған адамдардың тіршілік жайын сипаттайды. Бұл дәуірден ортасында дөңгелек ошағы бар, тастан немесе топырақтан қаланған, аласа қабырғалы, төбесі сырықтармен жабылған алғашқы тұрғын үйлердің (Орт. Қазақстандағы Тамды, Бөрібас,
Дамсы тұрақтары) іздері сақталып қалған. Металл құралдарын пайдалану, кетпенді егіншілікке, мал өсіруге ауысу қоғамдық еңбек бөлінісінің бастамасы болды. Бақташы тайпалардың бөлініп шығуы кейінгі қола дәуірінде (Беғазы-Дәндібай мәдениеті) ұланғайыр далалық жерлерді игеруге мүмкіндік берді. Қола дәуірі тұрақжайлары тұрғын және шаруашылық бөлігі болып, қоршаумен екіге бөлінген (бұлар шаруашылыққа арналған қосымша құрылыстармен бірге дөңгелене орналасқан) тік бұрышты жеркепелер тобынан құралды. Ошақтың үстіндегі орталық кеңістік бөренелермен сатылы-үшбұрышты түрде, басқа жағы тіреулі бөренелермен жабылды, қабырғалары тақта тастан қаластырылды немесе топырақтан соғылды (Оңтүстік Қазақстандағы Атасу, Бұғылы тұрақ жайлары).
Кейінірек дөңгелек пішінді үйлер, оның ішінде жиналмалы киіз үйлер, төбесі түйетайлы етіп жабылған тік бұрышты құрылыстар (қыстаулар) пайда болды. Сонымен қатар қабір үстіндегі құрылыстардың пішіндері мен түрлері сараланып бөлінді. Қола дәуір сәулет өнерінің үлгісі өңделмеген тақтатастан қаланған Дың ескерткіштері кездеседі (екідың ғимараттары). Тас ғасырының мәйіт жерленген бейіттері күмбезбен көмкерілген және айналасы дөңгелене қоршалған, ортасында тас мүсіндері бар сәулетті кешендер түрінде жасалған. Қабір үстінде көлденеңі 30 м-ге жететін үлкен қорғандар (Жезқазған облысындағы Ақсу-Аюлы кешені) жиі салынған. (263 сөз) https://kk.wikipedia.org/wiki/
2-мәтін
Айша бибі кесенесі
Айша бибі кесенесі — ХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің
көрнекті ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Айша бибі
ауылында орналасқан. Сырты керамикалық плиталармен қаланып, ойып
жасалған өрнектің сән-салтанаты мен сан түрлілігі жағынан
Қазақстандағы басқа мемориалдық-дәстүрлік ескерткіштер
ішінде оған тең келетіні жоқ. Ескерткішті
қалаған кірпіштердің әртүрлілігінің өзі таң қалдырады. Оның
алғашқы қалпы біздің уақытымызға дейін тек батыс
қабырғасында сақталған.
Тараз қаласынан
18 км қашықтықта басқа да діни ескерткіш
орналасқан (XI- XIIғғ.). Қазіргі кезде ол кесене ЮНЕСКО
қатарына алынған. Кесене құрылысын 1897 жылы В. А. Каллаур, 1938-39
жылы А. Н. Бернштам бастаған КСРО ҒА Қазақ филиалының
тарих және материалдық мәдениет экспедициясы, 1953 жылы
Қазақстан ҒА-ның экспедициясы зерттеген.
Мазар сырты ерекше қапталған, оны тек Бұхарадағы Исмаил
Самани мазарымен ғана салыстыруға болады.Айша бибі кесенесі
Орталық Азиядағы плита түрінде
қапталған оюға толығымен кесілген терракотамен
безендірілген. Кесене безендіруінде
бай және әр түрлі геометриялық фигураларымен
апталған. Тізбектер терракотамен қапталған жіңішке суреттермен
қазақ оюлармен безендірілген
Айша-бибі кесенесі көне орталық-азия түріктер халқының ою-өрнектерінің бай мұражай-сақтаулылардың байлығы болып келеді. Қазіргі кезде бұл ескерткіштерден батыс қабырғасы, ал қалған қабырғалардан — аз ғана суреттер қалған. Пішіні шаршыланып біткен, ауданы 7,6×7,6 м, бұрыштар бағана-тіреулер арқылы көтерілген. Кесене ортасында құлпытас (3×1,4 м) орнатылған. Батыс жақ қабырға мен бағаналар оюлы ұсақ плиткалармен қапталған. Қабырғаның ортасында сүйір аркалы текше жасалған. Текше беттерінің қабырғаға ұласар тұсы шағын бағаналармен сәнделген. Бұл бағаналардың жоғарғы жағы көгеріс өрнекпен әшекейленген мығым блок болып келеді. Бұрыштағы бағаналар көгеріс өрнекті жұқа кірпішпен өрілген белдеу арқылы әсемделген.
Айша бибі кесенесінің іргетасынан бастап есептегенде 3,4 м биіктікте бағаналарға араб әрпінде жазуы бар белдеу жүргізілген. Солардың біріндегі «күз, бұлттар, дөңгеленген дүние…» деген сөздер жазылған. Кесене қабырғалары (қалыңдығы 80 см) үш бөліктен: күйдірілген кірпішпен қаланған ішкі жағынан, оймыш әшекейлі плиталармен қапталған сыртқы жағынан, сонымен бірге саз балшықпен және жарамсыз плиткалардың сынықтарымен толтырылған қабырға ортасындағы кеңістіктен тұрады. (287 сөз). https://e-history.kz/kz/publications/view/978
Оқылым
Тапсырма. Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Тәж Махал – Үндістандағы ең әйгілі ғимарат және ЮНЕСКО әлемдік мұра нысаны. Әлемге танымал бұл монумент Аграның жанындағы Жанума өзенінің жағалауында орналасқан.
Жакан шахтың ұрпағы 13 бала туып, 14-інші баладан қайтыс болғаннан кейін, Тәж Махал кесенесін Мұмтаз Махалға арнап салдырған. Кейіннен құсадан қайтыс болған шахтың өзі де сүйікті тоқалының қасына жерленген. 1631 жылы басталған кесененің құрылысы 22 жылға созылған. «Өлмес махаббат» нышаны болып саналатын Тәж Махал – әлемдегі жеті кереметтің бірі. Төрт құбыласында төрт минареті, биіктігі 74 метр бес күмбезі бар ақ мәрмәрдан салынған мазардың құрылысына Орта Азия, Парсы, Таяу Шығыс елдерінен 20 мың зергер-ұсталар жұмылдырып, құрылысты 1653 жылы аяқтады. Тәж Махалдың құбыласында қызыл құмнан салынған мешіт, шығысында қызметкерлер жататын тура соның көшірмесі салынған. Мазарға симметриямен салынған екі үлкен қақпа арқылы кіреді. Әдемі бассейндермен көмкерілген Тәж Махал ансамблі – архитектураның шыңы. Ескерткіштің табанында оны өзен деңгейінен жоғары көтеріп тұрған мәрмәр платформа салынған.
Мазар тұтастай ақ мәрмәрдан тұрғызылған. Қабырғаларындағы кесек мәрмәрдағы ұсақ, аса шеберлікпен кескінделген ортаазиялық ою-өрнектер қолдан қашалып жасалған. Таң шапағымен қызғылт түске, күндіз ақ шаңқан, түнгі ай сәулесімен күміс түске боялатын мөлдір ақ мәрмәрді Аградан 300 шақырым жерден алдыртқан екен. Ең кереметі кіре берістегі Құран сүрелері қара ақықтан, ал қабырғалардағы әшекейлер мен гүлдер қызғылт ақық, малахит, жақұт, нифриттен жасалып, мәрмәр тастың ішіне ойып салынған. Әлемдегі ең кесек алмас тас (бриллиант) «Кох-и-Нұр» осы мазарда тұрған, кейіннен ағылшындар елдеріне алып кеткен. Қазір ол Лондонда сақтаулы.
Тәж Махалдың іргесін жуып жатқан Жамуна өзенінің арғы бетінде қара мәрмәрдан жасалған іргетас жатыр. Жақан шахтың жоспары бойынша оның өзі сол жерден қара мәрмәрдан салынатын тұп-тура Тәж Махалдың көшірмесіне жерленуі тиіс болатын. Жамуна өзенінің екі жағасында жатқан қос мазарды жалғастыратын көпір салынуы тиіс еді. Алайда сырттан келетін шапқыншылықтан қажыған мемлекеттің қазынасы тағы бір қымбат ғимараттың құрылысын көтере алмайтын болды. 1658 жылы Жақан шахты ұлы Аурангзеб орнынан алып, Қызыл бекініске қамап қойды. Тоғыз жыл қамауда отырған Жақан шахты қайтыс болғаннан кейін тоқалының жанына апарып жерледі. (310 сөз).
https://kk.wikipedia.org/wiki/
[10]
1. Мәтіннің құрылымын қанша бөлікке бөлуге болады?
A. 4
B. 3
C. 2
D. 1 [1]
2. Тағы бір қымбат ғимараттың құрылысын көтере алмау себебі неде?
A. Жақан шахтың қайтыс болуынан
B. Сырттан келетін шапқыншылықтың әсерінен және қазына тапшылығынан
C. Кесененің құрылысы 22 жылға созылғандықтан
D. Жақан шахтың қамауда болуына
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
10сынып ЖМБ қазақ тілі ТЖБ 4-тоқсан

шағым қалдыра аласыз