Ақтау қаласы 2017-2018 оқу
жылы «И.Жанболатова атындағы №15 жалпы білім беру орта
мектебі»КММ
11 – сынып оқушыларына
арналған психологиялық тренинг.
Тренингтің
мақсаты: 11-сынып оқушыларын
сенімділікке үйрету, стрестік қалпынан арылту, бір-біріне деген
қарым-қатынасын нығайту.
Оқушылардың сана-сезімін,
өзіндік бағалауын көтеру, әр оқушының сенімділігін
арттыру.
Тренинг
барысы:
1.Ұйымдастыру
кезеңі.
- Құрметті мектеп түлектері,
сіздермен бүгінгі тренингте кездескеніме қуаныштымын. Осы тренингте
қандай ереже қабылдайсыздар?
Ереже құру:
Белсенді қатысу; Тыныштық сақтау; Бірін-бірі
тыңдау, Ойын ашық айту; Бір-бірін сынамау;
Ынтымақтылық;
1.«Жылылық сыйлау»
жаттығуы
Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың
бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық
сыйлау.
Көршіңді сол жақтан
құшақта,
Көршіңді оң жақтан
құшақта.
Оң жақтағы көршіңе бір
жымиып,
Сол жақтағы көршіңе бір
жымиып.
Бүгінгі тренинг
барысы,
Біз – үлкен отбасы! – деп
бүгінгі тренингімізді бастаймыз.
2. «Эмоцияны жаттықтырамыз»
жаттығуы.
Мақсаты: танымдылыққа және
сезімдерін ерікті көрсетуіне үйрету, қимыл қозғалысты басқару
біліктілігін жаттықтыру және өз мінез-құлқын
бағалау.
Нұсқау: Бүгін біз актер
болуға әзірленеміз. Актерлар мектебіне аздаған тексеруден кейін
қабылданады. Сонымен сендер қимыл-қозғалыспен берілген тапсырманы
орындайсыңдар. Мысалы: Қасқырды көрген қояндай қорқу; Ұясынан
құлаған құстың балапаны; Жылап тұрған адам; Жаңадан жүруді үйреніп
жүрген кішкентай сәби.
3. «Қандай кейіп»
жаттығуы
Мақсаты: балалардың
бойындағы ұялшақтық мінездерін төмендетіп, сенімділігін
арттыру.
Мұғалім жағдаяттар
тізімін таратып береді. Бір бала оқушылардың қандай кейіпте қатып
тұрып қалғанын шешу керек. «Толқиды теңіз бір, толқиды теңіз екі,
толқиды теңіз үш. Қуаныш фигурасы орныңда қатып қал». Жағдаяттар
тізімі: қуаныш, ыза, мейірім, үрей, қызығушылық, ұялшақтық,
жетістік.
4. «Өз құндылықтарымның
мәлімдемесі» жаттығуы.
Психолог: Қазір мен
сендерге «өз құндылықтарымның мәлімдемесін » оқимын. Бұл әркімнің
өзіне арналған әнұраны іспеттес. Барлығымыз дауыстап бірге оқимыз:
Мен – бұл мен. Бүкіл әлемде дәл Мендей ешкім жоқ. Барлық менің
жеңістеріммен жеңілістерім менікі. Барлық қиялдарым, армандарым,
барлық менің үміттерім мен қорқыныштарым менікі. Мен өз-өзімді
жақсы көре аламын және достаса аламын. Монымен бірге Мен мендегі
барлық қасиеттерді менің қызығушылығымды оятуға жұмылдыра аламын.
Мен көремін, естимін, сезінемін, ойлаймын, сөйлеймін және әрекет
ете аламын. Басқа адамдарға жақын болу үшін және айналамдағы заттар
мен адамдар әлеміне тәртіп енгізу үшін Менде бәрі бар . Мен тек
өзіме тиесілімін, сондықтан Мен өзімді өзім жасай аламын. Мен – бұл
Мен. Мен кереметпін.
Талдау.