Д.Қонаев атындағы агарарлық
техникалық колледжінің
№9-231 Аспаз тобы
студенттерінің ата – аналарының
қатысуымен
«Отбасы – тәрбиенің басты
ұясы» тақырыбында
өткен
кездесудің
х а т т а м а с
ы
|
Өткен
орны:
|
Өткен
уақыты:
|
|
Сайрам ауданы, Қарабұлақ
ауылы,
Д.Қонаев атындағы аграрлық
техникалық колледжі
|
14 қараша
2024жыл
|
Қатысқандар:
-
Отбасы қолдау орталығының маманы Максат
Калыбеков
-
Отбасы қолдау орталығының психологі Алия
Асходжаева
-
Сайрам АПБ ЖПҚБ-нің аға учаскелік полиция
инспекторы полиция майоры А.Ақмырза
Жиналыс Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық
колледжінің ұйымдастыруымен өтті. Бұл шараның басты мақсаты –
ата-аналарды баланың тәрбиесі мен дамуы жайлы ақпараттандыру,
отбасы тәрбиесінің маңызды рөлін түсіндіру және ата-аналарға өз
балаларымен тығыз байланыста болуға кеңес беру болды. Колледждің
әкімшілігі мен арнайы мамандар қатысқан жиналысқа Аспаз тобының
ата-аналары да белсенді түрде қатысты.
Жиналыс колледж әкімшілігінің және тәрбие
жұмыстары жөніндегі директор орынбасары Р.Абдусаметовтың
алғысөзімен басталды. Ол ата-аналар мен колледждің тығыз
байланысының маңыздылығын атап өтіп, ұрпақ тәрбиесіне бірлесе
атсалысудың қажет екендігін айтты.
Жиналыстың алғашқы баяндамасын Отбасы қолдау
орталығының маманы Максат Калыбеков жасады. Ол ата-аналарды баланың
жан-жақты дамуы мен тәрбиесіне қатысты маңызды мәселелермен
таныстырып, колледж бен ата-аналар арасында тығыз ынтымақтастық
орнатудың маңыздылығына тоқталды. Балалардың тұлға ретінде
қалыптасуына отбасы мен ата-ананың әсері зор екендігін ерекше атап
өтті.
Сайрам АПБ ЖПҚБ-нің аға
учаскелік полиция инспекторы полиция майоры А.Ақмырза сөз алып,
балалардың құқықбұзушылыққа бейімделуінің алдын алу шаралары жайлы
баяндады. Ол
жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу үшін ата-аналардың
балаларына дұрыс бағыт-бағдар көрсетуі, олармен қарым-қатынасты
нығайтуы аса маңызды екенін айтты. Сонымен қатар, ата-аналардың
балаларының еркіндігін дұрыс шектеу және оларды қоғамда
жауапкершілікке тәрбиелеу қажеттігіне тоқталды.
Р.Абдусаметов колледждің даму жоспарлары мен
тәрбие жұмыстарының бағыттары туралы ата-аналарды хабардар етті. Ол
колледжде жүзеге асырылатын тәрбие жұмыстарын және осы жұмыстардың
оқушылардың жеке тұлғалық дамуында қандай рөл атқаратынын
түсіндіріп, ата-аналарды білім ордасымен бірігіп жұмыс жасауға
шақырды.
Сонымен қатар, ата-аналарға
колледжде болатын түрлі мәдени-оқу шаралары мен тәрбие сағаттарына
қатысуға ұсыныс жасалды.
Жиналыстың соңында Отбасы қолдау орталығының
психологі Алия Асходжаева сөз сөйлеп, ата-аналармен тілдесіп,
олардың балаларына қатысты кейбір сұрақтарға жауап берді. Алия
Асходжаева ата-аналарға өз балаларымен тиімді қарым-қатынас орнату
тәсілдері мен психологиялық тұрғыдан қалай көмектесуге болатындығы
туралы кеңестер берді. Ол сондай-ақ ата-аналардың балаларын түсіну
мен қолдау көрсету үшін қажетті психологиялық әдістер мен тәсілдер
туралы айтты.
Қорытынды:
Жиналыс соңында барлық қатысушыларға алғыс айтылып, шараның маңызы
мен ата-аналардың балаларымен тығыз байланыс орнатуының маңыздылығы
ерекше атап өтілді. Ата-аналар да өз пікірлері мен ұсыныстарын
білдіріп, балаларын тәрбиелеу жолында бірлесе жұмыс жасауға дайын
екендіктерін жеткізді. Аспаз тобының ата-аналары осы шараға
қатысып, балаларын тәрбие мен білім алу жолында қолдау
көрсететіндіктерін айтты.
Қабылданған шешімдер:
-
Ата-аналар мен колледж арасында тығыз байланыс
орнатуды одан әрі дамыту.
-
Балалармен тиімді қарым-қатынас орнату үшін
ата-аналарға психологиялық тренингтер мен кеңестер
беру.
-
Отбасы тәрбиесінің маңыздылығын түсіндіру
мақсатында ұдайы ақпараттық және әдістемелік көмектер
көрсету.
-

Топ жетекші:
Д.Абдуллаева