МЕЙІРІМДІ БОЛСА ЖҮРЕК,
ОРЫНДАЛАР ТІЛЕК»
ТАҚЫРЫБЫНДА 11 - СЫНЫП
АТА-АНАЛАРҒА ТРЕНИНГ-САБАҚ
Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың
дамуына жеке тұлға болып қалыптасуына ата- ана тәрбиесінің
үлесі зор екендігін түсіндіре отырып, пән мұғалімдерімен жақсы
қарым - қатынас орнату. Ата-аналарды өздерінің балаларының
жан-дүниесін түсінуге білуге және қиындықта қол ұшын соза білуге
ықпал ету.
«Қар қиыршықтары»
жаттығуы
Нұсқау:
Бәріміз қолымызға ақ қағазды алып ортасынан бүктейміз. Оның оң жақ
жоғарғы бұрышын жыртып аламыз. Тағы да бүктейміз, оң жақ жоғарғы
бұрышын жыртып аламыз. Тағы да ортасынан бүктеп оң жақ жоғарғы
бұрышын жыртамыз. Осылай мүмкіндігімізше жалғастыра береміз. Енді
өзіміздің әдемі қар қиыршығын ашып
қараймыз.
Талдау:
— Кімде бірдей, бір-бірінен аумайтын қар қиындысы шықты? Себебі
неде деп ойлайсыздар?- не себепті бәрімізде бірдей ақ қағаз бен
бірдей әрекет бола тұра әр түрлі қар қиыршықтары пайда
болды?
Түйін:
Себебі бәріміз бірдей әрекет жасағанмен, ол бізде әр түрлі шықты.
Өйткені біз әртүрлі адамдармыз. Біздің қоғамдағы орнымыз,
қызметіміз, жан-дүниеміз бәрі әртүрлі. Ал, біздің бірге
жиналуымызда бір себеп бар- ол өмір қиыншылықтарына төтеп беру,
одан жақсы жетістікке жету. Қоғамдағы орнымыз бен роліміз әртүрлі
болса да, бәріміздің алдымызда тұрған мақсатымыз
бір.
Ол- жақын арада, маусым айында
біздің он бірінші сынып оқушыларымыз ҰБТ тапсырады. ҰБТ біздің
елімізге осыдан тура он екі жыл бұрын, 2004 жылы енгізілген
болатын. Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) — орта білімнен кейінгі
немесе жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына түсу
емтихандарымен біріктірілетін, жалпы орта білім беру ұйымдарында
білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысандарының бірі. Алайда
бірінші ҰБТ да тапсырдық.
Ситуациялық
сұрақтар
1-топқа
жағдаят
ҰБТ. Айтулы күн жақындаған сайын мектеп бітіруші баланың ұйқысы
қашып, мазасыздана бастады. Ең алдымен ол мектептің, ата-анасы мен
өзінің абыройын ойлады. Осыған дейін тер төгіп дайындаған еңбегінің
еш кеткенін қаламайды. Оның үстіне ата-анасы баласына тым жоғары
талап қойып отыр. ҰБТ күні ол төмен ұпай жинады. Баланың ата-анасы
ретінде балаға қандай көмек көрсетесіз? Оның төмен ұпай жинаған
себебі?
2-топқа
жағдаят
Балаңыз 11 сынып оқушысы. Ол мамандық таңдауға қатысты өз шешімін
жасап қойған. «Болашақ дәрігермін» дейді. Ал сіз болсаңыз
балаңыздың медицинаға еш қабілеті жоқ екенін нақты білесіз.
Тәжірибелі, ересек, жанашыр адам ретінде сіз балаңызға қалай кеңес
берер едіңіз? Оның өз бейімділігіне қарай мамандық таңдауына қалай
бағыттар едіңіз?
3-топқа
жағдаят
Сіздің 16 жасар қызыңыз және 2 жасар ұлыңыз бар. Сіз екі мезгіл
жұмыс жасайсыз. Қызыңыз биыл 11 сыныпқа келді. Алдында ҰБТ күтіп
тұр. Әдетте, уй шаруасын тындырып, баланы да бағатын үлкен
қызыңыздың күн тәртібін енді сіз қалай өзгертесіз? Қызыңызға
өзіңіздің тарапыңыздан қандай қолдау көрсетіп, оның алдында күтіп
тұрған емтиханға дайындалуына қалай жағдай
жасайсыз?
Ой
жинақтау:
Видеролик “Күріштің
қасиеті”
Ата-аналарға сұрақ:
1. Видеороликтен не
түсіндіңіздер?
2. ҰБТ және мемлекеттік емтихан тапсыратын
балаңызға ата-ана тарапынан қолдауды қанша пайызбен көрсете
аласыздар?
3. Талдау: Видеороликтен көргендей дәрігер
Эмото үш банкідегі күрішті ата-ананың баламен қарым-қатынасы
ретінде тәжірибе жасап көрген. Біріншісіне –алғыс айтып, жақсы сөз
арнағаннан күріштің жақсы иісі шығып, көтерілгенін, екіншісіне-
“дурак” –яғни “ақымақсың” сөзінен- күріштің қарайып кетуі, ал
үшіншісінен-мүлдем назар аудармағандықтан- көгеріп, құрып, пайдасыз
болғанын көруге болады.Бұл тәжірибенің сіздің ҰБТ тапсыратын
балаңыз үшін де көп маңызы бар. Себебі, үнемі қолдау көрсетіп,
жақсы сөзіңізді арнасаңыз-балаңыз ажарланып, алға ұмтылады, ал
үнемі “оқымайсың”, “білмейсің”, “алға ұмтылмайсың” т.б. ауыр
сөздермен жаншып отырсаңыз, жаншылып, алға ұмтылысы болмайды. Ал
үшінші жағдайда- тіпті назар аудармау- балаңыздың ҰБТ тапсыру
кезіндегі психологиялық қиындықтарға төтеп бере алмай, өз –өзімен
болып кетуін түсіндіреді.
Балаңызға қолдау көрсетіп, үнемі жанынан
табыла біліңіз, Ата-ана!
«Түйінді сөзді мен
айтамын» стратегиясы
«Бала көңілін қалай табуға
болады?» деген сұрақты әр ата – ана,
ұстаз топтарында талқылап, бір байламға келіп, ой түйінін ортаға
жеткізіп, айтып береді.
Тәжірибелік бөлімді
қорытындылау
“Балама тілек” ашық
хаты
Жиналысқа қатысушы барлық ата-аналарға түрлі-түсті қағаздан гүл,
жүрек, күн т.б. суреттерінде ашық хат жасау тапсырылады. (Алдын ала
дайындап қоюға да болады)
Дайындалған ашық хат екі беттен құралуы тиіс. Ата-аналар ашық
хаттарды өздері таңдап алып, алғашқы бетіне “Балама тілек” ашық
хаты деп әдемілеп жазылады. Ал екінші бетіне әр ата-ана өз
баласының есіміне жақсы қасиетін, еркелететін есімін қосып жазып,
әрі қарай ата-аналық тілегімен жалғастырыңыздар
.
Құрметті Ата-аналар және ұстаздар
сіздер әр күн сайын балаларыңызға да осындай көңіл-күйді сыйлап
отыруды сіздерден сұраймын!
( Бұл ашық хаттарыңызды
өздеріңіз балаларыңызға беруге болады немесе тәрбие сағатында мен
беруіме болады).
Ұлттық бірыңғай
тестіге және мемлекеттік емтиханға
барлығыңызға
сәттілік
тілейміз!