11 сынып Дене шынықтыру пәніндегі жаттығу жұмыстары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

11 сынып Дене шынықтыру пәніндегі жаттығу жұмыстары

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал 11 сыныпқа арналған дене шынықтыру сабағы. Ол мұғалімдерге жас мамандарға пайдалануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім 3 – Гимнастика арқылы танымдық

дағдыны құрастыру


Мектеп: №17

Күні:24.11.2020

Мұғалімнің аты-жөні:Сарсенова Б

Сынып: 11Ә

Қатысқандар саны: 7

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы: Гимнастикалық снарядтардағы жаттығулар жиынтығы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.1.4.4. Сапалы орындауды жақсарту үшін жаңа қозғалыс қабілеттерін дамыту

Сабақ мақсаттары

Әр-түрлі жағдайларда жүйелі қозғалыстардагимнастикалық жабдықтардағы жаттығуларды құрутәсілдерін менгере алады.

Жетістік критерийлері

- Оқушылар арнайы дене дайындығына әртүрлі жаттығуларды біріктіру барысында, кемінде бұлшық еттің бір тобына (иық белдеуі, тығыздауыш, аяқ), дененің түрлі бұлшық еттеріне күш түсіруді реттей білудің қарапайым дағдыларын реттей білетіндіктерін көрсетеді.

- Оқушылар өзгермелі жағдайларда гимнастикалық жабдықтардағы жаттығулар құрамын құру және келтіруге арналған кешенді ұсына алады

Тілдік мақсаттар


  • Пәнге тән лексика мен терминология:

  • Гимнастилалық жаттығулар, секіру және лақтыру дағдыларын қолдану әдісін сипаттау

  • дене даярлығы, денсаулық, дене даярлығының құрамдастары: күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік

  • аса кең таралған төрт созу түрі: статикалық, баллистикалық, проприоцептивтік жүйке-бұлшық ет және серпінді

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

-Гимнастикалық жабдықтардағы жаттығулар жиынтығын құрастырғанда неге реттілікті ауыстыру маңызды?

- Ұсынылған кешен қалайша мақсатқа жеткізді?

-Жұмыстың нәтижелілігі мен физикалық белсенділік пен демалыстың реттілігі үшін қандай жаттығулардың орнын ауыстыруға болатын еді?

Құндылықтарды дарыту

Сабақ кезінде бір-біріне деген әділдік, жауапкершілігін арттыру.

Пәнаралық байланыстар

Сабақты математика пәнімен байланыстыру

АКТ қолдану дағдылары

Гимнастикалық жабдықтардағы жаттығулар құрамын(акробатикалық секіру, тепе теңдік, лақтыру қозғалысы) құру және келтіру техникалық әдіс тәсілдерін интернеттен көрсету

Бастапқы білім

Әртүрлі жағдайларда жүйелі қозғалыстар және гимнастикалық жабдықтардағы жаттығулар сапасын дамытуға арналған жаттығуларөткізудің әдіс тәсілдері.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5-7


Оқушыларды қатарға тұрғызу сәлемдесу, рапорт қабылдау, сабақ мақсаттарымен таныстыру. Бір орында оңға,солға, кері бұрылу алаң шетімен қолды жоғары көтеріп, аяқ ұшымен және қолды белге қойып өкшемен жүру, жүруден жүгіріске өтіп алаң шетімен жүгіру. Жүгіруден жүріске өтіп, жалпы дамыту жаттығуларын жасау.



Әр жаттығу үшін үлкен, таза кеңістік. Мұғалім үшін ысқырық.

Сабақтың ортасы

25-30




























(Б, Т, К,Ф) Гимнастикалық снарядпен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы туралы оқушыларды ескертіңіз. Оқушылардан снарядты орнату кезінде жақсы қауіпсіздік техникасын көрсетуді сұраңыз.

Жабдықтар бойынша жіктелу: снарядты бейімдеу, оқушылардың бір топ бөлігіне.

( Т, ЖЖ,Ф)Балаларға арналған кермедегі жаттығулар: асылып тұрған қалыптан күшпен көтеріліп таяну, аяқты сермеп орындау, асылып тұрып аяқты сермеп шалқая көтеріліп таяну, таянып тұрып артқа құлау - 90° айнала отырып алдыға сермей асылсекіріп түсу.

Қоссырықта орындалатын жаттығулар. Сырықта таянып тұрып алғы және артқа тербелу кезінде қолды бүгіп жазу, аяқты ортаға түсіріп, артқа сермеген сәтте секіріп түсу.



Түрлі биіктегі қоссырықтар. Асылып тұрып тербелу, төменгі сырыққа жүрелей асылып тұрған қалыптан тір аяқты сермеп, екіншісімен итеріліп, алға аунап жоғарғы сырықта таяну, жоғарғы сырықта таянып тұрған қалыптан алға түсіп, төменгі сырыққа жатып асылу, төменгі сырықта жатып оңға бұрылу, оң қолмен жоғарғы сырықтан ұстап оң жамбаспен төменгі сырықта отыру, сол қолмен төменгі сырыққа тірелу. Төменгі сырықтан (бет жоғары қарап), 90° бір аяқты артқа тастап аналумен секіріп түсу.






Жоспарланған әрекет үшін керекті инвентарь. Секіргіш, гимнастикалық төсеніштер. Мұғалім ысқырығы, планшет, интернет өздігінен жаттығулар кешенін іздеуге арналған ноутбук, сабақтың өту барысын жоспарлау және оқушылардың пульсін тексеру үшін секундомер















Әр жаттығу үшін үлкен, таза кеңістік. Гимнастикалық снарядтар.















Оқушылардың әр жұбы үшін гимнастикалық кілемше.


Сабақтың соңы

3-5

Жабдықты топпен ақырын орнына қою және басқа топтар бұны аяқтамағанша, орын тауып, тұру. Оқушылар қолды жоғары созып алға қарай жылжый жұреді. Тыныс алу жүйесін қалпына келтіру жаттығуларын орындау үйге тапсырма беру қорытындылау.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2020
1505
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі