400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

11 сынып геометрия 4 тоқсан 3 сабақ Пирамида және қиық пирамида көлемдері

Материал туралы қысқаша түсінік
11.3.13 – пирамида және қиық пирамида көлемдерін табу формулаларын білу және оларды есептер шығаруда қолдану;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Денелердің көлемдері

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 11

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Пирамида және қиық пирамида көлемдері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

11.3.13 – пирамида және қиық пирамида көлемдерін табу формулаларын білу және оларды есептер шығаруда қолдану;

Сабақтың мақсаты:

– пирамида және қиық пирамида көлемдерін табу формулаларын біледі және оларды есептер шығаруда қолданады;

Құндылықтар:

Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы

-Еңбекті, өзінің және басқалардың еңбек нәтижелерін бағалау

- Еңбекті, мамандықтарды практикалық тұрғыда зерттеуге қызығушылық таныту

- Еңбек қоғамның және жеке әл-әуқаттың негізі екенін түсіну

-Еңбек қызметінің ерекшелігін түсіну, еңбек қатынастарын реттеу, өзін-өзі тәрбиелеу және кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

5мин


Сәлемдесу

Үй тапсырмасын тексеру және талдау


Оқушыларға оқу мақсатын талқылатып, бағалау критерийлерін өздеріне табуға мүмкіндік беру.

Әр тапсырмаға -1 ұпай

1. “Кім жылдам?”

1.Пирамида дегеніміз қандай фигура?

2.Пирамиданың биіктігі?

3.Апофемасы?

4.Бүйір жағы?

5.Sтолық беті?

Параллелепипедтің және призманың көлемінің формулаларын еске түсіру.

Сәлемдесу

Үй жұмысын көрсету

Сабақ мақсатымен танысу

Сұрақтарға жауап беру

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісіарқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»


ДК экраны


Сұрақтар топтамасы.

Сабақтың басы

10мин




Жаңа тақырыпты оқу. (Топтық жұмыс)

Айталық, SABC төбесі S және табаныABC болатын үшбұрышты пирамида болсын. Бұл пирамиданы табаны мен биіктігі дәл сондай үшбұрышты призмаға дейін толықтырамыз. Бұл призма үш пирамидадан құралады: берілген SABC пирамидасы және тағы екі үшбұрышты SCC1B1 және SCBB1 пирамидалары.

Екінші және үшінші пирамидалардың табандары СС1В1 және

В1ВС өзара тең және S төбесінен жүргізілген биіктігі ортақ. Сондықтан олардың көлемдері де тең болады.Бірінші және үшінші пирамидалардың да табандары

SAB мен BB1C тең және С төбесінен жүргізілген биіктіктері беттесіп түседі. Сондықтан олардың көлемдері де тең болады. Демек, барлық үш пирамидалардың көлемдері де бірдей. Бұл көлемдердің қосындысы призманың көлеміне тең болғандықтан, пирамидалардың көлемдері SH/3 –ке тең болады.

Кез-келген үшбұрышты пирамиданың көлемі оның табан ауданы мен биіктігі көбейтіндісінің үштен біріне тең.

V=1/3 SH

Оқушыларға саиттағы мәліметтерді бере отырып,стратегия талаптарын орындату.

Видеоматериал көрсету. https://bilimland.kz/kk/subject/geometriya/11-synyp/piramidanyng-kolemi

Оқушылар слайдтан пирамида туралы мәліметтерді қарап түсінеді. Формулаларын жазып алады

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісіарқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»


ДК экраны

Оқулық;

Оқу құралдары;

Дәптер;

Слайд;


Тарататын карточкалар;

Постер;

Маркер;

Бағалау парақтары






Shape1

Сабақтың ортасы

25минут




Бекіту тапсырмаларын орындау

І деңгей

1. Дұрыс төртбұрышты пирамиданың табан ауданы 7 см2, биіктігі 10 см болатын пирамиданың көлемін тап.

2. Дұрыс үшбұрышты пирамиданың табан ауданы 11 см2, биіктігі 18 см болатын пирамиданың көлемін тап.

3. Пирамиданың табаны паралеллограмм. Оның ауданы 6 см2, биіктігі 4 см. Пирамиданың көлемін тап. Дескриптор: - фигураны кескіндейді; - көлемнің формуласын қолданып, есептейді

Формативті бағалау тапсырмалары

1-тапсырма

Төртбұрышты дұрыс қиық пирамиданың биіктігі см тең, ал табандарының қабырғалары 1 см және 4 см тең. Қиық пирамиданың көлемін табыңыз.


Дескриптор: Білім алушы

  • қиық пирамиданың сызбасын салады;

  • табан аудандарын табады;

  • қиық пирамиданың көлемі формуласын қолданады;

  • қиық пирамиданың көлемін табады.


2-тапсырма

Дұрыс үшбұрышты қиық пирамида табанының қабырғалары 4 дм-ге және 2 дм-ге тең, ал бүйір қыры 2 дм –ге тең . Қиық пирамиданың биіктігін және көлемін табыңыз.

Дескриптор:

-қиық пирамиданың кіші табанының ауданын табады;

-үлкен табанының ауданын табады;

-көлемін анықтайды

ДК экраны


Сұрақтар топтамасы.


Оқулық 11-сынып.


Слайд



IV. Есептер шығару. (Топтық жұмыс)

Пирамида көлемін табыңыз.

1. 2. 3.

V = ___________ V = ___________ V = ________


3. 4.

V = ___________ V = ___________

5. 6. 6.

V = ___________ V = ___________ V = ________

Жауаптары:

1. 2. 20 mm3 3. 80 in3 4. 10 cm3 5. 112 ft3 6. 700 mm3.

Дескриптор:

Суреттер бойынша фигуралардың көлемдерін анқтайды

ДК экраны

Оқулық;

Оқу құралдары;

Дәптер;

Слайд;


Тарататын карточкалар;

Постер;

Маркер;

Бағалау парақтары


Сабақтың соңы

5мин

Шығармашылық үй тапсырмасы:

  1. Қағаздан жасалған қабырғасы 3 болатын кубтан қыры 1 болатын куб құрастыруға болатындай жазбаны қалай қиып алуға болады.


Рефлексия:

  • не білдім

  • нені үйрендім

  • не түсініксіз болды

Оқушылар өзінің және өзінің сыныптасының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалайды.


Бағалау. Оқушылар бір-бірін ауызша критерий бойынша бағалайды.

- Кейбір оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.


ДК экраны


Сұрақтар топтамасы.


Оқулық 11-сынып.


Слайд




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
3 сәуір
92
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі