Материалдар / 11-сынып ЖМБ Әдебиет. Баққожа Мұқай. «Өмірзая» романындағы басты кейіпкер- Аяған Қуатов
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

11-сынып ЖМБ Әдебиет. Баққожа Мұқай. «Өмірзая» романындағы басты кейіпкер- Аяған Қуатов

Материал туралы қысқаша түсінік
11.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету. мақсатына құрылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2024
216
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқамерзімді жоспар

4-сабақ

Бөлім:

2-бөлім. Заман шындығы

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 11а

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Баққожа Мұқай. «Өмірзая» романындағы басты кейіпкер- Аяған Қуатов

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

11.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету.

Сабақтың мақсаты:

көркем шығармадағы Аяған Қуатовтың бейнесін даралау арқылы өмір шындығын көрсете алады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

3 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу үшін «Өрмекшінің торы» әдісін пайдаланып, оқушылар бір- біріне жақсы тілектер айту арқылы жіпті лақтырады.

ә). Топта жұмыс жасау ережені еске түсіру.

б). Топтастыру.





Оқушылар мұғалімнің нұсқауы бойынша екі топқа бірігеді.

І-топ:

ІІ-топ

Топтың ережесі:

  • ТҚЕ сақтау.

  • Топ басшысына бағыну.

  • Белсенді болу.

  • Бір-бірін тыңдау, өз пікірімен ашық бөлісу, басқалардың пікіріне құрметпен қарау.

  • Уақыт шегінде жұмыс жасау.


Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.


Тоқыма жіп


Жаңа сабаққа кіріспе


5 мин

(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.

Сұрақтар:

1.Жазушының тарихи тақырыпқа жазған шығармаларын ата.

2. Б.Мұқайдың авторлық тұжырымдамасы қандай?

Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

30 мин.

Мұғалім оқушыларды топқа бөлу арқылы тапсырманы орындауын қадағалайды.

ПОПС формуласы арқылы шығарма кейіпкері Аяған Қуатовтың өмірлік құндылығын бағалаңыз.

.

Дескриптор: Жалпы - 4 балл

11-сынып оқулығы

Жұмыс дәптерлері.

Жұптық жұмыс


Мұғалім оқушыларға жұптық жұмыс ұсынады. Қадағалайды.

Әр кейіпкердің монологінен образды ашатын ойларды теріп, кейіпкерлер жүйесін жинақтап, тура және жанама мінездеулерді жіктеп жазады.

­Кейіпкер

-Тура мінездеу

-Жанама мінездеу.

Дескриптор:

-Жұппен жұмыс жасайды.

-Мінездеулерді жіктеп жазады.

Жалпы - 6 балл

11-сынып оқулығы

Жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.



«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

Рисунок 23



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!