Тапсырма
Мәтіндерді түсініп оқыңыз.
1-мәтін
Сөйлеу мәдениеті — үлкен қасиет, мазмұны жағынан
терең, ұтымды, әділетті, көркем, ғылыми, бай, халық тілі. Сөз
қолдану мәдениетін арттыратын негізгі шаралардың бірі — тіл
тазалығы. Сөйлеу мәдениеті жетілмейінше, ақыл-ой мәдениетіне
жетуіміз қиын. Қандай адам болмасын, ой-өрісінің, білімінің,
мәдениеті мен рухани дүниесінің қаншалықты екені оның жазған
жазуынан, сөйлеген сөзінен байқалады. «Кісіге қарап сөз алма,
сөзіне қарап кісіні ал» деп ұлы Абай тегін айтпаған. Қазіргі
жастардың сөйлеу мәдениеті өзгеше дәрежеде, жастардың бір ауыз
сөзді кібіртіктеп, ойланып барып әрең жеткізетінін көріп жүрміз.
Тілді бақылау жүйесінен, нақты тіл саясатынан, БАҚ-тағы цензурадан
және қазіргі заманғы көркем әдебиеттен бас тарту,
компьютерлік-технологиялық прогресс ең алдымен жастардың тұтас
тілдік бейнесін бұзды. Сөйлеу барысында жалпы қолданыстағы сөздерге
орысша жалғау жалғап, өз тілімізде баламасы бола тұра кірме
сөздерді шектен тыс көп пайдаланып, оның үстіне қазақша қосымша
жалғап, тіпті тарихи қалыптасқан сөйлемнің орын тәртібін бұзып
қолданып жүргендері бар. Жастар дағдысына қарай бұндай сөздерге өте
оңай бейімделеді, әрі оларды кез келген жағдайда қолдана береді.
Мысалы; түк те емес — чепуха; демалыс — халява; күлкі — угар; арзан
— фуфло; мас — бухой; бай адам — оллигарх, олигатор; толық адам —
пончик; тачка — машина; таргет — мақсат; скилл — дағды; сәнді —
гламурный, т.с.с. Жастардың сөйлеу мәдениетінде көзге түсетін,
құлаққа жағымсыз да естілетін, өзіне тән тілдік ерекшелігі
байқалатын тілдік элементтер бар. Сондай ерекшеліктердің бірі —
жаргон, сленг сөздер. Қазіргі жастардың сленг және жаргон сөздеріне
мысал: Жындыларский зат- күшті зат Базар жоқ- сөз жоқ Типаж болу,
блатной- өзімшіл, өркөкірек Құлаққа лапша ілу- өтірік айту
Капустаға қарау- қаржы (материалдық) жағдайына қарау Ауру- адамға
маза бермейтін адам Қуғынбай -артық сөйлеп кеткен, мылжың Сасымашы-
босқа сөйлемеу
Сондай-ақ, жастарымыз әлеуметтік желіде
сөйлескенде, хат алысқанда, көбінесе сөздерді қысқартып жазады және
қазақ тілі әріптерінің орнына (қазақ тілі қаріптері жоқ
қолданушылар) орыс, латын әріптерімен де жаза береді. Мысал келтіре
кетсек, слм — сәлем, не жан — не жаңалық, не іст жат — не істеп
жатырсың, кк- керек, бошы — болшы, раха — рахмет, дсм — досым, т.б.
Калайсын? — қалайсың? Не истеватсын? — не істеп жатырсың? бари
дурыс — бәрі дұрыс, жаксы — жақсы, т.б.
Қорыта айтқанда, жастардың сөйлеу мәдениетін
дамытуға, ана тілін шұбарламауға көңіл бөлу керек. Теледидардағы
бағдарламалар мен әлеуметтік желідегі ақпараттардың сапасын, сөздік
қорын, тіліміздегі сөздердің дұрыс қолданылғанын саралап қарау,
жастардың әдеби кітаптарды оқуға қызығушылықтарын арттыру қажет.
Ахмет Байтұрсынұлы атамыз айтқандай «тіл тазалығын сақтау — бейпіл,
жаргон сөздерді пайдаланбау — біздің патриоттығымыз бен
сауаттылығымызды арттырады» дегім келеді.
2-мәтін.
– Ей, қайда барасың?
– Батяның жұмысына.
– Кешке общягаға тартылсай.
– Айтсаң болды ғой, братуха!
– Қоянның суретін салып кетпе!
--------------------------------------------------------------------
слм (сәлем)
– прива. кк дел (Привет! Как дела?)
– ЖЖ-мен (Жаңа Жылыңмен!)
– спс (Спасибо!)
– нестеватсын
– кино көріватрм
– келшиш («келсеңші» дегені)
– Кошиш (қойшы)
– КТА болыватыр
– раха
– Кай канал табалмайатырм
-
Екі үзіндінің ұқсастығы мен айырмашылығын
(мәтіннің түрін, мақсатын, мазмұнын, стилі мен тілін, аудиториясын) салыстырып,
жазыңыз.
1-мәтін
|
2-мәтін
|
Мәтіндердің стилі
|
|
|
Мәтіндердің тақырыбы
|
|
|
Автор көзқарасы
|
|
|
Мақсатты аудиториясы және мәтіннің мақсатты аудиторияға қатысты мақсаты
|
|
|
Құрылымы
|
|
|
Стильдік ерекшеліктерге сәйкес тілдік қолданыстардан мысал келтіріңіз және себебін
түсіндіріңіз
|
|
|
-
1-мәтіндегі автор көзқарасын танытатын негізгі ақпараттарды іріктеп, конспект жазыңыз. Орфографиялық нормаларды сақтаңыз. Сөз көлемі – 100-130.
|
|