11 сынып Қазақ тілінен қорытынды аттестаттау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

11 сынып Қазақ тілінен қорытынды аттестаттау

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау бойынша емтихан материалдары
Материалдың қысқаша нұсқасы























































1


Мазмұны

  1. Бағалау мақсаты 3

    1. Оқу бағдарламасымен байланысы 3

    2. Критериалды бағалау жүйесімен байланысы 3

  2. Емтихан жұмысының сипаттамасы 3

    1. Бағалау міндеттері 4

    2. Балдардың үлестірілуі 4

    3. Емтиханды өткізу тілі 4

  3. Емтиханды өткізу үдерісін басқару 5

  4. Емтихан жұмысы үшін балдар мен бағаларды қою үдерісі 5

  5. Бағалар сипаттамасы 5

  6. Тапсырмалар мен балл қою кестелерінің мысалдары 6

  1. Бағалау мақсаты

Білім алушылардың «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасының көлемін меңгеру деңгейін негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (бұдан әрі – МЖМББС) сәйкес анықтау.


    1. Оқу бағдарламасымен байланысы

Білім алушыларды қорытынды аттестаттау жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10- 11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын қамтиды. Білім алушылардың білімі, білігі, сондай-ақ дағдылары МЖМББС күтілетін нәтижелермен анықталады.


    1. Критериалды бағалау жүйесімен байланысы

Білім алушыларды қорытынды аттестаттау қалыптастырушы және жиынтық бағалауды қамтитын критериалды бағалау жүйесінің бөлігі болып табылады.




  1. Емтихан жұмысының сипаттамасы


Оқылым және жазылым

3 сағат

Емтихан жұмысы 2 бөлімнен тұрады.

  1. бөлім өтілген тақырыптарға сәйкес келетін жалпы көлемі 600-650 сөзден аспайтын 2 үзіндіден тұрады. Білім алушылар үзінділерге негізделген 15 сұраққа: көп жауап таңдауы бар 10 сұраққа, қысқа және толық жауапты қажет ететін 5 сұраққа жауап береді. Бөлім тапсырмасы білім алушылардың ұсынылған мәтін бойынша нақты сұраққа жауап беруі мен тілді қолдана алуын және өз ойы мен көзқарасын жеткізе білуін, қорытынды жасай алуын, сондай-ақ лексикалық, грамматикалық құрылымды дұрыс қолдану дағдысын бағалайды. Тапсырма балл қою кестесіне сәйкес бағаланады.

Балл саны – 20.

  1. бөлімде жаратылыстану-математикалық бағыттағы білім алушылар ұсынылған бір

тақырыпта 200-250 сөзден тұратын эссе жазады. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы білім алушылар ұсынылған үш тақырыптың біреуін таңдап, 200-250 сөзден тұратын жазба жұмысын (мақала, эссе, тезис, аннотация, рецензия және т.б.) орындайды.

Тапсырмада білім алушылардың мақсатты аудиторияға арналған мәтінді стильдік және жанрлық ерекшелікті сақтап, аргументтер келтіре отырып, жүйелі және сенімді жаза алуы, өз ойларын дәлелді жеткізуі, сонымен бірге сөздік қор мен орфографиялық, грамматикалық норманы сауатты қолдану қабілеттері бағаланады. Тапсырма балл қою кестесіне сәйкес бағаланады.

Балл саны – 20.

Сөздіктерді қолдануға тыйым салынады.

Максималды балл

40 балл


    1. Бағалау міндеттері







1-БМ

Коммуникативтік құзырлық

Білім алушы:

  • белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білуі;

  • мәтіндегі негізгі ойды анықтай алуы;

  • берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеуі және толықтыруы;

  • жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдар мен қажетті ақпараттарды орынды қолдануы;

  • көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу алуы тиіс.


2-БМ

Тілдік құзырлық

Білім алушы:

  • орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық, пунктуациялық нормаларды сақтауы тиіс.


    1. Балдардың үлестірілуі

Бағалау міндеттері бойынша балдардың бөлінуі кестеде ұсынылған.



Бөлім

Бағалау міндеттері

Балл

1

  1. БМ Коммуникативтік құзырлық

  2. БМ Тілдік құзырлық

20

2

  1. БМ Коммуникативтік құзырлық

  2. БМ Тілдік құзырлық

20

Барлығы

40


    1. Емтиханды өткізу тілі

Емтихан қазақ тілінде өтеді.

  1. Емтиханды өткізу үдерісін басқару

Емтихан «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидаларына сәйкес өткізіледі.


  1. Емтихан жұмысы үшін балдар мен бағаларды қою үдерісі

Емтихан жұмысы үшін балл қою үдерісін ұсынылған балл қою кестесі негізінде аттестациялық комиссия жүзеге асырады.

Білім алушыларға қойылған балдар бағаға айналдыру шәкіліне сәйкес ауыстырылады.


Емтихан жұмысының балдары

Балдардың проценттік құрамы, %

Баға

0-15

0-39

2 (қанағаттанарлықсыз)

12-25

40-64

3 (қанағаттанарлық)

26-33

65-84

4 (жақсы)

34-40

85-100

5 (өте жақсы)


  1. Бағалар сипаттамасы


Бағалар сипаттамасы оқушылардың мүмкіндік деңгейін анықтайтын белгілі бір стандарт жөніндегі жалпы түсінігін қалыптастыру үшін беріледі. Іс жүзінде қойылған баға білім алушылар жұмысының бағалау міндеттеріне қаншалықты сәйкес келетіндігіне байланысты.


Баға

Сипаттамасы

5

Білім алушы пән бойынша өздерінің жетік деңгейдегі қабілеттерін көрсетеді:

  • түрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді түсінеді және оларға сәйкесінше еркін жауап береді;

  • қажетті стильде жазылған түрлі тақырыптарға қатысты ақпараттарды нақты анықтайды, ұсынады және талдайды;

  • мақсатты аудиторияның назарын өзіне аудара алады, идеяларды терең түсінгендігін көрсетеді, ақпаратты терең талдау және бағалау қабілетін көрсете отырып, жеке көзқарасын нақты, айқын білдіреді;

  • ұсынылған тақырыпты толықтай ашады, ойын жүйелі, еркін жеткізеді, тақырыпқа сай лексиканы ұтымды, дәлме-дәл қолданады. Жанрлық және стильдік ерекшеліктерді, мәтін құрылымын қатаң сақтайды. Орфографиялық/грамматикалық/пунктуациялық қатесі өте аз немесе мүлде жоқ.

4

Білім алушы пән бойынша жеткілікті деңгейдегі қабілеттерін көрсетеді:

  • түрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді түсінеді және оларға жауап береді;

  • қажетті стильде жазылған түрлі тақырыптарға қатысты ақпараттарды анықтайды және ұсынады;

  • мақсатты аудиторияның назарын өзіне аудара алады, идеяларды түсінгендігін көрсетеді, ақпаратты талдау қабілетін көрсете отырып, жеке көзқарасын білдіреді;

  • ұсынылған тақырыпты ашады, ойын жүйелі жеткізеді, тақырыпқа сай кейбір лексиканы орынды қолданады. Жанрлық және стильдік ерекшеліктерді, мәтін құрылымын сақтайды. Орфографиялық/грамматикалық және пунктуациялық ұсақ қателер кездеседі.

3

Білім алушы қанағаттанарлық деңгейдегі қабілеттерін көрсетеді:

  • түрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді түсінеді және кейбіреуіне жауап береді;

  • қажетті стильде жазылған түрлі тақырыптарға қатысты кейбір ақпараттарды анықтайды;

  • идеяларды түсінгендігін шектеулі деңгейде көрсетеді, жеке көзқарасын білдіреді;

  • ұсынылған тақырыпты жартылай ашады, ойы шашыраңқы, тақырыпқа сай лексиканы қолдануда қателер жібереді. Орфографиялық/грамматикалық/пунктуациялық қателер өте жиі кездеседі.

2

Білім алушының пән бойынша базалық білімі жеткіліксіз.

  1. Тапсырмалар мен балл қою кестелерінің мысалдары 1-бөлім

1-тапсырма

Мәтін үзіндісін оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

Textbox 4

Қазіргі уақыт әйелдердің қоғамдық мәселелерді шешуге белсене араласып, өз құқықтарын қорғауға мүмкіндіктері молынан туған заман. Елімізде де әйелдерді кемсітушілікке қарсы атқарылып отырған шаруалар аз емес. Бірақ бүгінгі күнге дейін көптеген қыз-келіншектеріміз өздерін қоғамның белсенді мүшесі ретінде сезіну былай тұрсын, құқықтарын қалай қорғауды да білмейді. Сондықтан да әйелдердің әлеуметтік ахуалы әлем бойынша басты назарда. Сарапшылардың пайымдауынша, күнделікті күйбең тіршілікте ер адамдардың әйелдерге қол көтеруі, балағаттауы, қорлау фактілері жиі кездеседі екен. Сондықтан Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығының президенті «егер креслода отырған әйелдердің қатары көбейсе, қыз-келіншектердің қордаланған мәселелері шешімін табар еді» дейді. Әйел мүддесі қорғалмай, қоғамның әлеуметтік-экономикалық немесе демографиялық ахуалының дамуы мүмкін емес. Мысалы, Швеция, Финляндия, Дания, Голландия секілді елдерді алып қарайықшы. Оларда жыл өткен сайын билікте әйелдердің саны өсумен қатар, тұрғындардың да әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарып келеді.

Әйелдердің әлеуметтік жағдайына бас қатырып жүрген мамандардың дені нәзік жандардың креслодағы беделіне қатысты мәселелерден бұрын, қоғамдағы рөліне қатты алаңдап отыр. «Шындығында бүгінгі жағдайда әйелдердің саяси, құқықтық нормаларға бас қатыруға шамасы жоқ. Олар қазір ең алдымен денсаулық, әлеуметтік


салаларда қорғалуды қалайды» дейді олар.

Күнделікті өмірде еңбек саласында әйелдердің құқығы жиі бұзылады. Жұмыссыздардың денін дәл осы қыз-келіншектер құрайтыны тағы бар. Алтын құрсақты аналардың бір бөлмелі үйге қолы жетпей, пәтерден пәтерге көшіп жүргенін күн сайын көріп жүрміз. Дүниеге үшем әкеліп, еліміздің демографиялық саясатына үлес қосқан аналар құзырлы орындардың есігін қағып, қайыршы баланың күйін кешіп жүр. Ай сайын алатын мардымсыз жәрдемақылары жыл сайын құны шарықтап бара жатқан коммуналдық төлемге де жетпей қалатын кездері де аз болмайды. Ал еңбек етуге құлшыныс танытқан келіншектер балаларын балабақшаға бере алмай зар илейді. Балабақша кезегі көз ұшында бұлыңғырланып тұратын болғандықтан көпшілігі мәңгілік «декретке шығып», дипломы сандықтың түбінде қалып қояды. Міне, осындай әлеуметтік дерттің субъективті себептерінен әйелдер мүддесін қолдайтын көптеген проблемалар мемлекет тарапынан қолдауға зәру күйінде ғана қалып отыр.

Гендерлік дегенді тіксіне қабылдаушылар арасында «әйел еркектен төмен тұруы керек» деген түсінік қалыптасқан. Дегенмен діни сайттарда жарияланған бірқатар мақалаларға зер салсақ, Ислам әйелдерге саяси, қоғамдық өмірдің басқа да салаларында табысқа қол жеткізуге тыйым салмайды, керісінше өзі өмір сүріп отырған қоғамды дамыту, көркейту үшін атсалысуға даяр әйелдерді екен. Сол үшін де қазақ «ана бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді» деп әйел адамды әспеттей білген.

(349 сөз)

Textbox 5
  1. «Әйелдер зорлық-зомбылықтың құрбанына жиі айналады» деген дерек қай абзацта кездеседі?


    1. бірінші

    2. үшінші

    3. екінші

    4. төртінші


  1. Әйелдердің әлеуметтік мәселесі неліктен әлем деңгейінде маңызды мәселелердің қатарынан түспей отыр?

    1. себебі билік басында отырған басшы әйелдер саны аз

    2. себебі қоғам ескі діни көзқарастан арыла алмай отыр

    3. себебі әйелдердің мүддесі қоғам тарапынан қорғалмайды

    4. себебі көптеген әйелдердің құқықтық сауаттылығы төмен






[1]









[1]


  1. Бірінші абзацтың екінші және үшінші абзацқа қатысы қандай?


    1. екі ойды салыстырады

    2. ойды қорытындылайды

    3. алдыңғы ойды дамытады

    4. ойға қарсы дәлел айтады

[1]

  1. Мақала авторының көзқарасын танытатын ойды көрсетіңіз.


    1. Қалыптасқан түсінік бойынша әйел еркектен төмен тұруы тиіс.

    2. Қоғамда әйелдердің өз құқығын қорғауы тым белең алып кетті.

    3. Гендерлік саясат әсерінен шаңырақ шайқалып, жетімдер көбейді.

    4. Биліктегі әйелдердің саны өссе, тұрғындардың жағдайы жақсарады.

[1]


  1. Автор «алтын құрсақты аналар» тіркесін кімдерге қатысты қолданып отыр?


    1. көп балалы аналарға

    2. жоғары білімді аналарға

    3. жұмыссыз жүрген аналарға

    4. жәрдемақысы төмен аналарға

[1]


  1. Автор «дипломы сандықтың түбінде қалып қояды» деген тіркес арқылы қандай мәселені қозғады?


    1. балаларға алатын жәрдемақының мардымсыздығын

    2. мектепке дейінгі мекемелерге орналастыру қиындығын

    3. балалы әйелдерге лайықты жұмыс орнының болмауын

    4. көпбалалы аналардың баспана мәселесінің шешілмеуін





[1]


  1. Зерттеуші мамандар әйелдердің қандай мәселесіне алаңдаушылық танытып отыр?

    1. дін тарапынан қорғалмауына

    2. саясаттағы рөлінің төмендігіне

    3. әлеуметтік ахуалдың төмендігіне

    4. білім алу мүмкіндігінің шектелуіне


  1. Берілген тұжырымдардың қайсысы мәтін мазмұнына сәйкес келеді?

  1. Әйелдердің алатын жәрдемақыларының көлемі төлемдерінің құнын ақтайды.

  2. Ислам діні бойынша әйелдерге жұмыс істеуге болады.


    1. біріншісі дұрыс

    2. екіншісі дұрыс

    3. екеуі де дұрыс

    4. екеуі де бұрыс


  1. Соңғы абзацтағы бос орынға қандай сөзді қоюға болады?


    1. тыйым салады

    2. жазалайды

    3. айыптайды

    4. мадақтайды






[1]









[1]







[1]

  1. Автордың соңғы сөйлемдегі мақсаты қандай?


    1. қоғамдағы орнын анықтау

    2. әйелдің құқығын теңестіру

    3. қоғамдағы беделін көтеру

    4. қоғамдық пікір қалыптастыру

[1]


[Барлығы: 10 балл]


2-тапсырма.

Мәтіндегі мәліметтерді қолданып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

Мүмкіндігінше өз сөзіңізбен жауап беруге тырысыңыз.

Әр тапсырманың балы [ ] тік жақшада берілген. Тіл сапасына қосымша 5 балл беріледі.


Graphic 6 Өнер әлемі және қоршаған орта

Өткен ғасырда көптеген суретшілер өз еңбектерін қоғамның назарын қоршаған ортаның ластану мәселесіне аударуға тырысты. Олар әлсіз планетамыздың шексіз ластануы мен өзіміз шығарып жатқан қалдықтардың зияны туралы білгенімізді қалады. Ал суретшілердің өздерінің қоршаған ортаны ластауы ше? Жалпы қалыптасқан түсінік бойынша өнерді сынға алуға болмайды, себебі өнер дегеніміз – мәдениет, ал мәдениет – ой мен рухымызға азық. Бірақ ұзақ уақыт бойы өнер әлемі зиянды заттарды пайдаланумен тығыз байланысты болып келген, ал суретшілер болса қалдықты азайту ісіне септігін тигізуге тырысады.

Бірақ жалпы алғанда, бұл жағдай жақсарып келеді. Жаңа еуропалық ережелерге сәйкес белгілі бір химиялық және қорғасын құрамдас бояуларды саудалауға тыйым салынды. Суретшілердің көбі мұндай танымал ақ бояудың заманы өтіп кеткеніне қиналды (бұл өнім құрамында қорғасынның мөлшері тым көп болғандықтан, үш жыл бұрын саудадан алынып тасталған). Ал олардың көпшілігі ақ бояудың дүкен сөрелерінен жоғалуына дейін жеткілікті мөлшерін жинап алып, оны әлі де қолданып жүр. Бірақ мұндай материалдардың қоршаған ортаны қатты ластайтыны және өте қауіпті екендігі дәлелденген.

Мұндағы ең өкінішті жайт – суретшілердің көбі өздері қолданып жүрген кейбір заттардың қаншалықты мөлшерде зиянды екеніне күдіктенбеген. Өнім нарықта сатылымда болған соң, қауіпсіз екен деп ала берген. Бірақ қазір бұл өзгерді. Енді жаңа заңнамаға сәйкес сурет өнеріне қажетті материалдарды өндірушілер өз өнімдерінің құрамында улы заттардың барын анық көрсетулері қажет. Сондай-ақ, олар бұл заттардың экологиялық жағынан таза баламаларын шығарып, егер суретшілер қажет деп тапса, оларға улы химиялық заттары жоқ бояуларды сатып алуға мүмкіндік берулері қажет.

Ең маңыздысы – суретшілердің өздерінің шығармалары арқылы негізгі экологиялық мәселелерді көтеруінен гөрі, өздерінің қоршаған ортаға кері әсерін шынайы түрде азайтуға көшулері. Шынымен, ұлы шығармаларды болашақ ұрпаққа жеткізу үшін оларды үнемі күшті улы химиялық заттармен өңдеу қаншалықты дұрыс? Өнер туындыларының барлығы мәңгілік емес екендігін, олардың табиғи түрде ыдырауға түсетіндігін мойындауымыз керек пе? Сондай табиғи түрде ыдырайтын туындының бір мысалы ретінде «Ғажайып әлем» көрмесін атауға болады. Бұл

көрмеде дизайнер Хелен Стори мен химик Тони Райан жасаған теңдесі жоқ әдемі, экзотикалық көйлектердің жинағы ұсынылды. Бірақ енді оларды ешқашан көре алмайсыз, себебі дизайнер Стори оларға су бүркіп, ыдыратып жіберді — мақсат та осы еді. Міне, экологиялық таза өнер дегеніміз осы!

Textbox 7
  1. Суретшілердің экологияны қорғауға немқұрайлы қарайтындары туралы мәтінде қандай екі ақпарат берілген?

    1. [2]


  1. Жаңа ережелерге сәйкес өндірушілер қандай екі шартты орындауы керек?

    1. [2]


  1. Төртінші абзацта қандай негізгі идея көтерілген?


Graphic 8

[1]



[Барлығы: 5+5 =10 балл]

2-бөлім

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы сыныптар үшін


  1. «Елімізде атом станциясын салу – энергетикалық тығырықтан құтқаратын жалғыз жол ма?» тақырыбында аргументтерді сараптап, талқылай отырып эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 200-250 сөз болуы қажет.

[20]


Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптар үшін

Берілген тапсырмалардың ішінен 1-еуін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Барлық тапсырмалар бірдей деңгейде.

Тиісті шаршыға қанат белгісін ( ) қойыңыз.


Graphic 10
Graphic 11
Graphic 12
1 2 3

  1. «Елімізде атом станциясын салу энергетикалық тығырықтан құтқаратын жалғыз жол ма?» тақырыбында аргументтерді сараптап, талқылай отырып эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 200-250 сөз болуы қажет.

[20]



  1. Жергілікті газетте табиғатты қорғау күніне орай «Экотуризмді дамытайық!» атты мақалалар байқауы жарияланды. Өз аймағыңыздағы көпшілік тани бермейтін туризмге лайықты жерлер туралы көпшілікті қызықтыратын мақала жазыңыз. Сөз көлемі 200-250 сөз болуы қажет.

[20]


  1. Сізге ғылыми-практикалық конференцияда «Жастар мәдениеті және құндылықтар жүйесі» тақырыбында баяндама жасау тапсырылды. Өз пікіріңізді қажетті деректермен дәлелдей отырып, баяндамаңыздың тезисін жазыңыз. Сөз саны 200-250 сөзден тұруы тиіс.

[20]


1-бөлім. 1-тапсырма

Балл қою кестелері Арнайы балл қою кестесі

















Textbox 13

Жауабы

Балл

1

A


2

D

1

3

C

1

4

D

1

5

A

1

6

B

1

7

C

1

8

B

1

9

D

1

10

C

1

Барлығы

10


1-бөлім. 2-тапсырма

Арнайы балл қою кестесі

Төмендегі кесте тапсырма жауабының жуық мазмұнын көрсетеді. Оқушылар қойылған сұрақ бойынша өз жауаптарын мазмұнын сақтап, төменде көрсетілгеннен нұсқадан басқа етіп (сөйлем құрылымын өзгертіп) бере алады.



Жауабы

Балл

1

  1. Ұзақ уақыт бойы өнер әлемінде суретшілер құрамында зиянды заттары бар құралдарды пайдаланған.

  2. Суретшілердің көпшілігі зиянды бояуды қолдануға тыйым салынғаннан кейін де қолдануды жалғастырған.




2

2

  1. Шығарған өнімдерінің құрамында улы заттардың барын анық көрсетулері қажет.

  2. Олар бұл заттардың экологиялық жағынан таза баламаларын қоса шығарып, суретшілерге улы химиялық заттары жоқ бояуларды сатып алуға мүмкіндік берулері қажет.






2

3

Өнер туындылары экологияға зиянын тигізбейтіндей, таза экологиялық өнер болуы қажет.

1

Барлығы

5

  1. бөлім. 2-тапсырма


Жалпы балл қою кестесі Сөйлеу тілінің сапасы

Балл

Сипаттамасы

5

Осы деңгейде күтілетін лексика мен грамматикалық формалардың кең ауқымын қатесіз, еркін және тиімді пайдаланады. Тілдің тыныс белгілері мен орфографиялық нормаларын сақтайды. 1 кішігірім қатеге жол береді.

4

Осы деңгейде күтілетін лексика мен грамматикалық формаларды жеткілікті түрде қолданатынын көрсетеді. Жіберілген қателіктері жауапты түсінуге кедергі келтірмейді. Тілдің тыныс белгілері мен орфографиялық нормаларын сақтайды. 1-2 қате жібереді.

3

Осы деңгейде күтілетін лексика мен грамматикалық формалардың шектеулі көлемін қолданатынын көрсетеді. Жіберілген қателіктері жауапты түсінуге аздап кедергі келтіреді. 3-4 тыныс белгілері және/немесе емле қателеріне жол

береді.

2

Сөздік қорды қолдануда өрескел қателер жібереді, осы деңгейде күтілетін лексикалық және грамматикалық формалардың қолдануда қиналатыны байқалады. Жіберілген қателіктері жауапты түсінуді қиындық тудырады. 4-тен

астам тыныс белгілерін және/немесе емле қателерін жібереді.

1

Тіл нормалары туралы қарапайым білім жоқ, сөздік қоры өте жұтаң. Грамматикалық, пунктуациялық, орфографиялық қателердің көп болуы жауапты түсінуді қиындатады.



  1. бөлім

Жалпы балл қою кестесі


Балл

Сипаттамасы




17-20

  • Тапсырманың қызықты және мәнерлі тәсілдемесі бар, формасы сәйкес; аудиторияны тарта біледі.

  • Қатаң ұсталған құрылымы бар; логикалық бірізділік күйінде ойын тиімді дамытады.

  • Түсіндіру, дәлелдеу және көз жеткізу үшін кең спектрлі тілді және риторикалық амалдарды тиімді қолданады.

  • Еркін мазмұндайды, күрделі талқылауды бейнелей алуға қабілетті; сауаттылығы жоғары деңгейде.





12-16

  • Тапсырманың ойластырылған тәсілдемесі бар; формасы сәйкес; аудиторияны дұрыс түсінеді.

  • Ойларын, дәлелдерін анық жеткізу арқылы тапсырмаға үйлесімді және тиімді құрылымды қолданады.

  • Түсіндіру, дәлелдеу немесе көз жеткізу үшін тілдік және риторикалық амалдарды қолданады.

  • Еркін мазмұндайды, қарапайым және кейбір күрделі дәлелдер қолданысын бейнелеуге қабілетті; мағына жеткізуде қиындық тудырмайтын кездейсоқ

қателер болады.


9-11

  • Формасы сәйкестендірілген, анық әрі жеткілікті қолданылған; кей жерлерде аудиторияны дұрыс түсінгені көрінеді.

  • Құрылым берілген тапсырмаға сәйкес, алайда бірізділік жетіспейді – және/немесе құрылым соңына дейін сақталмауы мүмкін.


  • Түсіндіру, дәлелдеу және көз жеткізу әсеріне жету үшін тілдік құралдарды қолдануға талпынысы көрінеді, алайда кей жерде сәтті емес.

  • Анық, бірақ мазмұндауы біртекті немесе кейбір тілдік нормалардың сақталмағаны (етістік шақтары дұрыс қолданылмауы, бастауыш пен баяндауыштың ұйқаспауы, орфография және пунктуация қателері) қажетті әсерге жетуді қиындатады.




6-8

  • Форма сәйкес; аудиторияны біршама түсінеді.

  • Құрылым толық көрінбеуі мүмкін – жеткілікті дамымаған немесе логикаға сәйкес емес.

  • Түсіндіру, дәлелдеу және көз жеткізу үшін қолданылған тілдік құралдардың бірнеше мысалы көрінеді.

  • Анық, бірақ мазмұндауы барлық жерде бірізді емес, тілдік нормалар көп жерде сақталмаған (етістік шақтары дұрыс қолданылмауы, бастауыш пен баяндауыштың ұйқаспауы, орфография және пунктуация қателері бар).




3-5

  • Форма сәйкес емес; аудиторияны түсінуде шатасады.

  • Құрылым толық көрінбеуі мүмкін дамымаған немесе логикаға сәйкес емес.

  • Түсіндіру, дәлелдеу және көз жеткізу үшін қолданылған тілдік құралдарды әлсіз.

  • Мазмұндауы барлық жерде бірізді емес, тілдік нормалар көп жерде сақталмаған (етістік шақтары дұрыс қолданылмауы, бастауыш пен баяндауыштың ұйқаспауы, орфография және пунктуация қателері бар).

0-2

  • Талапқа сай емес.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2024
430
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі