400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

13 сабақ. Ауа неден тұрады? 3 сынып жаратылыстану

Материал туралы қысқаша түсінік
13 сабақ. Ауа неден тұрады?
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп

№ орта мектебі

Пәні:

Жаратылыстану

Бөлім:

Зат. Ауа. Су

Педагогтің аты - жөні


Күні:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сыныбы: 3

13 сабақ. Ауа неден тұрады?

( Жаратылыстану 52 - 54 бет «Назарбаев Зияткерлік мектептері» 2024 ж.)

Сабақтың тақырыбы

3.3.2.1 ауаның құрамы мен жануды қолдайтын қасиетін сипаттау;

3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін, артықшылығы мен кемшілігін анықтау;
3.1.2.2 жүргізілген эксперимент нәтижесін құрылған жоспарға сәйкес көрсету мен қорытынды жасау;

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

  • Ауаның құрамы туралы білесің;

Сабақтың барысы


Сабақтың

кезеңі\уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың

басы

1 минут

Оқушылармен сәлемдесу

Оқушыларды түгендеу

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару Сабаққа дайынбыз ба?

Көңіл – күйіміз қандай?

Ендеше сабағымызды бастайық?

Оқушылар сәлемдеседі.

Кезекші оқушы сыныпты түгендейді

Сабаққа назарын аударады.

Керемет! Тамаша! Ғажап! Алақай!

Оқушылар сабаққа зейінін салады


Қ.Б

Керемет!



Психология

лық ахуал қалыптасты

ру.




Тренинг ережесі






Алдыңғы білім

5 минут

Осы біздер қандаймыз?

Талабы биік таудаймыз.

Ақылдымыз, парасаттымыз, көңілдіміз.

Үлкенге ізеттіміз,

Кішіге құрметтіміз.

Көп оқимыз, өнерліміз!


  • Сабағымыз сәтті болсын!

  • Бүгінгі сабағымыздың мақсатына жеттейік!

  • Сабақта бір - бірімізді

  • Сабақта уақытты:

  • Сабақта тапсырмаларға;:

  • Сабаққа қатсықанда:


12 сабақ. Заттар қандай болады?

«Миға шабуыл» әдісі


  • «Заттар қандай болады?» - мәтінін мазмұнда


Мәтіннің түсінігі бойынша сұрақтарға жауап бер


  • Алтын сұйық болуы мүмкін бе?

  • Ауа неден құралады?

  • Суды қалай тазартады?

  • «Заттар қандай болды» - - мәтінін мазмұндайды қорытындылайды


  • Психологиялық ахуал туғызады






  • Сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Үнемдейміз!

  • Нақты, дәл жауап береміз!

  • Шапшаңдықты, тапқырлықты көрсетеміз!

Белсенділік танытып, жақсы баға аламыз!


  • «Заттар қандай болады» - мәтінін мазмұндайды


Мәтіннің түсінігі бойынша сұрақтарға жауап береді


  • Иә, алтын сұйық болуы мүмкін, бірақ тек өте жоғары

температурада.

  • Ауа — Жердің атмосферасындағы газдардың қоспасы

  • Суды тазарту үшін оны арнайы сүзгіден өткізеді..





Қ.Б

Керемет!













Дескриптор

Мәтінді мазмұндайды

1 балл Сұрақтарға жауап бере алады

1 балл



















Оқулық

48 – 51 бет



Сабаққа

кіріспе

15 минут


ұРисунок 2 жымдық жұмыс















Сынып жұмысы

13 сабақ. Ауа неден құралады?

Сабақтың мақсаты:

  • Ауаның құрамы туралы білесің;


Тірек сөздер: азот, ауаның құрамы


Оқулықпен жұмыс

1-тапсырма

«Таным» әдісі

Айтылым; 52 бет 1 тапсырма

  • Жұмбақты шеш

Көзге ілінбейді,

Жұтсаң білінбейді.

Жұмбақта жасырылған заттың қасиеттерін сипатта


Айтылым; 52 бет 2 тапсырма

  • Түсіндір

  • Жер бетінде тіршіліктің болуы неге байланысты?



  • Жер мен Марс салыстырып түсіндір.


























  • Тірі ағзаның ауамен байланысын сипатта



Сабақтың тақырыбымен мақсатын меңгереді








1 – тапсырма

Жауабы: Ауа

  • Ауа көзге көрінбейді, өйткені ол мөлдір және

түссіз..

  • Ауа қысыла алады және қайтадан бастапқы

күйіне келеді.

  • Ауа жеңіл болғанымен, оның салмағы бар. Ол жер.




2 - тапсырма

  • Ауа

Ауа тіршілік үшін өте маңызды. Тірі ағзалар, әсіресе жануарлар мен адамдар, тыныс алу үшін оттегін пайдаланады, ал өсімдіктер көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөліп шығарады.

Су
Су – тіршіліктің негізгі көзі. Барлық тірі ағзаларға өмір сүру үшін су қажет. Су өсімдіктердің өсуіне, жануарлар мен адамдардың денсаулығына қажет.

Күн жылу мен жарық
Күннің энергиясы Жер бетінде жылу мен жарық береді. Бұл өсімдіктердің өсуі, жыл мезгілдерінің ауысуы және тіршіліктің дамуы үшін өте маңызды.

Қоректік заттар
Жерде өсімдіктер мен жануарларға қажетті қоректік заттар бар. Олар табиғаттың әртүрлі бөліктерінде кездеседі және тірі ағзалардың өсуіне көмектеседі.


Өлшемі

Жер: Жер Марстан үлкен. Оның диаметрі шамамен 12 742 км.

Марс: Марстың диаметрі Жердің жартысындай ғана, шамамен 6 779 км.

Ауа райы

Жер: Жердің климаты тіршілікке қолайлы. Мұнда ауа, су және орташа температура бар.

Марс: Марс өте суық. Оның температурасы -60°C шамасында.

Ауа қабаты

Жер: Жердің атмосферасында оттегі мен азот көп, сондықтан тіршілік бар.

Марс: Марстың атмосферасында көмірқышқыл газы көп, ал оттегі өте аз.

Су

Жер: Жердің бетінде мұхиттар, өзендер мен көлдер бар.

Марс: Марста сұйық су жоқ, бірақ оның бетінде мұз немесе су буы болуы мүмкін.

Түсі

Жер: Жер жасыл және көгілдір түсті, себебі онда су мен өсімдіктер бар.

Марс: Марс "Қызыл планета" деп аталады, себебі оның беті қызыл түсті темір тотығынан тұрады.

Тіршілік

Жер: Жерде адамдар, жануарлар мен өсімдіктер бар.

Марс: Марста тіршілік бар ма, жоқ па – ғалымдар әлі зерттеп жатыр.


  • Адамдар мен жануарлар ауаның құрамындағы

оттегін жұтып, тіршілік етеді. Оттегі олардың денесіндегі энергия өндіруге көмектеседі.

Өсімдіктер де ауамен тыныстайды. Олар түнде оттегін сіңіріп, күндіз көмірқышқыл газын қабылдайды.













Дескриптор

Сұрақтарға жауап бере алады 1 балл























Дескриптор

Сұрақтарға жауап бере алады 2 балл























Оқулық

52 бет






Сабақтың ортасы

15 минут


Оқулықпен жұмыс

2-тапсырма

«Ой қозғау» әдісі

Айтылым; 53 бет 3 тапсырма

  • Диаграмманы оқы.

Диаграманың көмегімен ауаның құрамын анықта. Сұрақтарға жауап бер. Ауада қандай зат көбірек кездеседі?

Тыныс алу үшін қандай газ қажет?

Тыныс алғанда қандай газ бөлінеді?


Зертте

Майшам қаншалықты ұзақ жанады?

Прямоугольник: скругленные углы 2

Отпен ойнау өте қауіпті!

Өрт шығуы мүмкін!










Ауа азот, оттек, көмірқышқыл газ және басқа газ қоспасынан тұрады. Ауа құрамында азот көп. Азот кез келген ағзаның тіршілігі үшін қажет зат. Ауа құрамындағы ең маңызды газ оттек. Оттекпен тірі ағзалар тыныс алады. Оттексіз от жанбайды. Сондықтан өрт сөндіру кезінде оттек жібермеу үшін ауаның жолын сумен, құммен жабады.

Ауа құрамының аз бөлігін көмірқышқыл газ құрайды. Оны адамдар, жануарлар және өсімдіктер бөліп шығарады. Ірі фабрика , зауыттар, автокөліктер көмірқышқыл газын көп бөліп, ауадағы мөлшерін көбейтуі мүмкін. Фотосинтез үдерісі нәтижесінде өсімдіктер ауадағы оттек қорын толықтырады.

Сондай-ақ ауа құрамында басқа да газдар, ш аң-тозаң мен су буы болады.


Ойлан

  • АПрямоугольник: скругленные углы 1

    Есте сақта!

    Ауа азот, оттек, көмірқышқыл газ және басқа газдардан құралады


    уаның құрамы өзгеруі мүмкін бе?






3 тапсырма


  • Ауада азот көп кездеседі

  • Тыныс алу үшін оттек қажет

  • Тыныс алғанда көмір қышқыл газы бөлініп шығады







Зерттеу

  • Егер майшам үлкен және ұзын болса, ол ұзақ уақыт жанады.

  • Ал кішкентай майшам тезірек жанып бітеді.

  • Кішкентай майшам шамамен 2-3 сағат жанады.

  • Үлкен майшамдар 5-8 сағатқа дейін жанып тұруы мүмкін.



  • Жаңа сабақты ұғынады





Ойлан

  • Иә, ауаның құрамы өзгеруі мүмкін. Ауаның

Құрамында әртүрлі газдар бар, мысалы: оттегі, азот, көмірқышқыл газы және басқа да қоспалар.

Адамдар мен жануарлар ауадан оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын бөледі. Ал өсімдіктер керісінше, көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегі шығарады.



Есіңе сақта!







Дескриптор

Сұрақтарға жауап береді

1 балл










Дескриптор

Сұрақтарға жауап бере алады 2 балл












Оқулық

53 бет

















Оқулық

54 бет


Сабақтың

Соңы

5Рисунок 1 минут

Бекіту

ұжымдық жұмыс

Сабақты бекіту

3-тапсырма

«Таны, біл» әдісі

Айтылым; 53 бет 4 тапсырма

  • Қатесін тап

Суреттерге қара. От қай кезде жанады, қай кезде жанбайды? Суретшінің жіберген қатесін тауып түсіндір


Оттың жануының ауамен қандац байланысы бар?


Үйге тапсырма : 52 – 54 бет «Ауа неден құралады?» оқу мазмұндау

4 тапсырма

Жаңбыр (1-сурет):
От жаңбырда жанбайды, өйткені су отты сөндіреді.

Түнгі ашық ауа (2-сурет):
От түнде және құрғақ ауада жақсы жанады. Мұнда ешқандай кедергі жоқ.

Әйнек қақпақ астында (3-сурет):
От ауа жеткіліксіз болғандықтан жанбайды. Өрт оттегісіз сөніп қалады.

Жел (4-сурет):
Желдің әсерінен от қатты жанып, айналасына ұшқын шашуы мүмкін. Бұл қауіпті, себебі өрт пайда болуы мүмкін.

Күннің астында (5-сурет):
Күн астында от жақсы жанады, себебі ауа құрғақ. Бірақ қосымша жылу отты тезірек жандырып жіберуі мүмкін.

Орманда (6-сурет):
Орманда от жағуға болады, бірақ сақтық қажет. Себебі от желмен таралып, өрт болуы мүмкін.

Суреттегі қателер:

1-сурет: Жаңбыр кезінде от жануы қиын, бұл қате.

3-сурет: Әйнек қақпақ астында от жанбайды, бұл оттегі жетіспегендіктен дұрыс көрсетілген.

4-сурет: Желде отты бақылаусыз жағу қауіпті, бұл қауіпсіздік ережелерін бұзады.

6-сурет: Орманда абайсыз жағылған от үлкен өртке әкелуі мүмкін.

Қорытынды:

От жақсы жану үшін құрғақ ауа, жеткілікті оттегі және тыныш орта қажет. Жауын-шашын, жел немесе оттегі жетіспеушілігі оттың жануына кедергі болады. Орманда немесе желде от жаққанда сақ болу өте маңызды.









Дескриптор

Сұраққа жауап береді

1 балл












Оқулық

53 бет


Кері байланыс

2 минут


Кері байланыс

  • Бүгінгі сабақта түсінгенім:

  • Қызықты болған сәттері:

  • Түсінбеген тұстары:


Бүгінгі сабақтан алған білімдерін ойымен бөліседі





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
2 желтоқсан
432
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі