Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
15 қараша – Ұлттық валюта – теңге күні «Ұлттық теңге - Тәуелсіздігіміздің нышаны»
15 қараша – Ұлттық валюта – теңге күні «Ұлттық теңге - Тәуелсіздігіміздің нышаны»
11-сынып
Сынып жетекші: Нургалиева.С.К
2024-2025 оқу жылы
Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Сынып жетекшінің аты-жөні |
Нургалиева С.К |
Күні |
11.11.24ж |
Тақырыбы |
15 қараша – Ұлттық валюта – теңге күні «Ұлттық теңге - Тәуелсіздігіміздің нышаны» Қауіпсіздік сабағы (10 минут) № 10-САБАҚ 11- сыныптар: «Адамның жеке шекарасын қорғаудағы негізгі ережелері» |
Сабақтың мақсаты |
Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыру, өзге мемлекеттің валюталары туралы түсінік беру |
Қауіпсіздік мақсаты |
Сабақтың мақсаты: жеке шекара туралы түсінік беру , жеке шегараны қорғау |
Апта дәйексөзі: |
Тура биде туған жоқ! |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңдері |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Ресурс |
Ұйымдастыру кезеңі (10 миеут) |
Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахуал -Мемлекеттік әнұран орындалады Біртүрлі қима қағаздар арқылы 1-топқа «», ал екіншісін таңдағандарды 2- топқа «» тобына бөлу. Ой қозғау 1-топ. Ақша деген не? 2-топ.Ақша не үшін қажет? 3-топ.Ақша қайдан келеді? Теңге тиыннан өсер,Жылқы құлыннан өсер деген мақалды түсіндіріп беріңдер
|
Оқушылар мұғаліммен амандасады, түгенделеді. Психологиялық ахуал Оқушылардың пікірі тыңдалады Алғашқы кезде Теңгенің бірінші шығарылған қатары (1 теңге = 100 тиын) мынадай номиналдардан тұрды: 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік банкноттар 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар, 1, 3, 5, 10, 20 және 50 тиындық монеталар (бастапқыда қағаздан жасалған). Кейіннен айналысқа: 1994 жылы 1993 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік және 1994 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкноттар; 1995 жылы 1994 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар; 1996 жылы 1996 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар; 1997 жылы номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңгелік монеталар (жаңа дизайны); 1999 жылы 1998 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттар; 2000 жылы 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген), 2001 жылы: 2000 жылғы үлгідегі номиналы 1000 және 2000 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген); 2001 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген); Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік мерейтойлық банкноттар; 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген). 2002 жылы: 2003 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар; 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген) шығарылды. 2003 жылы: 2003 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттар. 2006 жылы: 200, 500, 1000, 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттар (мүлде жаңа дизайн). |
Компьютер |
Негізгі бөлім (25 минут |
Жеке шегара әр адамға өзін жайлы ұстау үшін керек. Егер адам өзін жайсыз сезінсе, бұл кейін күйзеліске әкеп соқтыруы мүмкін. Мысалы, бейтаныс адам сізге сүйкеніп тұрса, рұқсатсыз қолыңыздан ұстаса, жаныңызға келіп отырса, көз алмай қарап тұрса немесе телефоныңыздағы хабарламаға көз салып оқып отырса, бұл сізге жайсыздық тудырады. Мұндай қылықтар жеке шегараны бұзуға жатады. Сонымен қатар, эмоциялық шегара деген де болады. Егер бейтаныс адам немесе жақыныңыз сізге ашуланып, дауыс көтерсе, ол да сіздің шегараңызды бұзғанға жатады. Себебі, бұл сізге жайсыздық тудырып тұр. Жеке шегараны құру басқалардың сіздің өміріңізге араласпауына, өзіңізге сенімді болуыңызға көмектеседі. Бір сөзбен айтқанда, біздің эмоциялық, физикалық қауіпсіздігімізді қамтамасыз етеді. Кейбір адамның санасында «жеке шегара» деген Қазақстан өз төл ақшасын шығару үшін 1990 жыл теңгенің алғашқы үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. Тәуелсіз елдің ұлттық валютасын жасап шығарған Тимур Сүлейменов, Меңдібай Әлин, Ағымсалы Дүзелханов, Хайролла Ғабжәлеловтер еді. Олар жұмыстарын Қазақстан мәдениетінің тарихи даму аспектілерін зерттеуден бастаған. Әбу-Насыр әл – Фараби Ол Отырарда дүниеге келген. Арабтар бұл қаланы Фараб деп атаған. Әл- Фараби орта бойлы, мығым денелі, батыл болып өседі. Бала күнінен атқа шапқыштығымен, мергендігімен көзге түседі. Түркі, парсы, араб тілдерін мүлтіксіз сөйлейді. Грек, латын тілдерін жақсы білген. Ол дүние жүзінде Аристотельден кейінгі екінші ұстаз. Әл- Фараби 150 жуық еңбек жазған. Сүйінбай. Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген. Балалық шағында кедейшілік, жоқшылық көреді. Соған қарамастан 14-15 жасынан бастап ақындық өнерге машықтана бастайды. Сүйінбай келе-келе нағыз суырып салма, айтыстың ақиық ақынына айналады.
Сүйінбай халық мұңын мұңдап, үстем тап өкілінің әділетсіздігін бетіне басып, әшкерелеп отырған батыл да әділ ақын. Оның өлеңдерінде адамның мінез- құлқы, адамгершілігіне, жақсы- жаман қасиеттеріне көңіл бөлінеді. Құрманғазы. Құрманғазы қазақтың күйші, сазгері, домбырашысы. Күй өнерінің классигі. Оның әнге әуестігі жастайынан байқалады. Алты жасында әкесі байдың қозысын бағуға жібереді. Зейінді туған бала әке-шешесінің жағдайын түсініп, олардың айтқанына қарсы келмейді. Жалғыз серігі қолдан жасалған домбырасын йығынан тастамайды.
Құрманғазы қуғын-сүргінді көп көрді.1880 жылдардың бас кезінде Астрахань жаққа қоныс аударды.
Ортаға 10,20,50,100 теңге кейіпкерлері шығады.
Шоқан Уәлиханов. Ол өте ақылды, көреген, өз заманының білімді адамы болды. Орысшаға қоса бірнеше шығыс тілін білген. Шоқан әуелінде қазақ мектебінде оқиды. Абай Құнанбаев. Абай - қазақтың ұлы ақыны, сазгер, философ, қазақ әдебиетінің негізін салушы. Ол әуелде ауыл молдасынан оқиды.10 жасқа толғанда әкесі оны Семейге медресеге оқуға жібереді. Мұнда араб, парсы, шағатай тілдерін меңгереді. Науаи, Низами, Фирдауси сияқты оқымыстылардың шығармаларын құныға оқиды. Орысшасын өз бетінше жетілдіре түседі. Абай өлеңдері татулықты, достықты уағыздайды. Оның елуге жуық қара сөздері бар. Ұлттық валюта-төл теңге Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар. Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша асыл қазына, халық байлығы. 1990 жылдары бұрынғы Кеңес Одағы ыдырап, әр республика өзінің тәуелсіздігін жариялаған соң, тәуелсіз елдер бірінен соң бірі ұлттық валютасын бекітіп, айналымға енгізе бастады. Аталған тарихи оқиғадан Қазақстан да қалыс қалмады. Осылайша, 1993 жылдың 12 қарашасында елімізде ұлттық валюта туралы жарлыққа қол қойылды. 15 қарашадан бастап, ҚР аумағында теңге айналымға енгізіліп, ұлттық ақша ретінде пайдаланыла бастады. Ұлттық валютаның айналымға енуіне байланысты ел тарихындағы мынадай үш маңызды датаны атап өтсе болады: 1993 жылы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге айналымға енгізіледі. Осылайша, ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат 8.00-де басталып, 20 қарашада сағат 20.00-де аяқталған; 1997 жылдан бері тұңғыш Президент Н. Ә. Назарбаевтың жарлығымен 15 қараша – валюта күні әрі қаржыгерлер күні деп белгіленді; 1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгіcін бекітті. Бүгінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұлттық валютаның Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз эмитенті болып табылады. Бұл жөнінде Ұлттық банктің ресми сайтында былай деп жазылған: "Қазақстан Республикасының айналыстағы ақша белгілері банкноттардан және монеталардан тұрады. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының банкноттары мен монеталары ұлттық валюта – Қазақстан теңгесінің банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленеді. Банкноттар мен монеталардың бейнесі мен сипаттамалары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Қазақстан Ұлттық Банкінің айналысқа шығарған банкноттары мен тиындары олардың белгiленген құнымен Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында төлемдердiң барлық түрлерi бойынша, сондай-ақ банк шоттарына, енгізу және ақша аудару үшiн қабылдауға мiндеттi, оларды барлық банктер және Ұлттық пошта операторы шектеусiз ұсатады және айырбастайды. Теңге туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? Теңге туралы қандай жұмбақтар білесіңдер? |
Оқушылар кезекпен мақал мәтел айтады: Адам болам десең, арыңды ақшаға сатпа. Ақшаның жайын жарлыдан сұра, Ақшаңнан айрылсаң, Балтам барда тақта жоқ, Ақшалының қолы ойнар, Ақша ашпайтын құлып жоқ. Ақшада көз жоқ. Ақша сіздікі, Ақша кетуге тырысады, Ақша болса — алақанда сорпа қайнайды. Базарда бәрі бар, Ажалдан ақша беріп құтылмас. Ақша ақшаны қимайды, Теңге — тиыннан, Әр жеген асқа, |
Презентация |
Қорытынды (10 минут) |
Жалпы қазақ теңгесінің тарихы тереңде жатыр. Өкініштісі бұл тақырып әлі толық зерттелген жоқ. Десек те, қазіргі таңда қазақ теңгесі, яғни ұлттық нумизматикамызға қатысты жәдігерлер Түркістан қаласында орналасқан «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музей қорында сақтаулы тұр. Атап айтқанда, қорық музейдің нумизматикалық теңгелер тобында 13583 дана жәдігер болса, олардың 7695-і негізгі қор есебіне, 5888-і көмекші қор есебіне алынған екен. Бұлардың дені – ерте орта және XIV ғасырға тән бұйымдар көрінеді. |
Оқушылар теңге туралы өз ойларын айтады және бір біріне сұрақтар қояды. |
|

