КЕЛІСІЛДІ:
БЕКІТЕМІН:
«Бэйби Бум» ЖШС «Бэйби Бум» ЖШС №36 «Аққу»
б/б әдіскері: №36
«Аққу» б/б
меңгерушісі:
_______ Кунусова.А.Л ________Ищанова С.М
«_____»________2018ж «_____»________2018ж
16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған
тақырыптық сабақ
Тақырыбы: Тәуелсіздік көкбайрағы
№12 «Балдырған» Мектепалды даярлық тобы
Тәрбиеші:
Набиева.Р.М
Көкшетау қаласы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Балаларды Қазақстан Республиаксының рәміздерімен таныстыруЕлтаңба, ту, әнұран жайлы түсініктерін бекіту, оған құрметпен қарауға
тәрбиелеу. 16 желтоқсан тәуелсіздік күні екені туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Тәуелсіз,егемен сөздерінің мағыналарын ұғындыру арқылы сөздікқорларын толықтырып,есте сақтау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру
және өз туған жерін қорғауға
тәрбиелеу .
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ –
жауап,әңгімелесу,көрсету.
Көрнекілігі: Президент,
Рәміздер,желтоқсан құрбандары,Астана қаласының
суреттері.
Сабақтың
барысы
-
Ұйымдастыру
кезеңі
Әнұран: Балалардың
орындауында
-
Кіріспе
бөлім
Өткен сабақтағы «Қыс» өлеңін
еске түсіру
Сұрақ – жауап арқылы өткен
материалды пысықтау
Балалар қазір қыс мезгілі. Қыс
айлары қандай айлар?
Желтоқсан айында қандай
мерекелер бар?
-
Негізгі
бөлім
- 1 желтоқсан – Президент
күні
- 16 желтоқсан – тәуелсіздік
күні
-Балалар, біздің
республикамыздың ұлан-асыр жері бар.Осы кең байтақ қазақ жер –
бүгін Тәуелсіз Қазақстан Республикасы деп аталады.Яғни егеменді
мемлекет.
( Слайд. Сөздік
жұмысы)
Ахмет:
Еліміздің тыныштығын ойлайтын
Халқым менің Елбасыны қолдайық
Бәрімізге тыныш өмір сыйлаған
Жасай берсін,Нұрсұлтан
Назарбаев!
Асылзат:
Болашағым Қазақстанның алдағы
Орындалсын қазағымның арманы
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев
Халқымыздың сеніп алған
таңдауы.
Ермек:
Тәуелсіздік ел мұраты
Жас
ұрпақтың болашағы
Ұялатып берік сенім
Бағымызға жол ашады.
Айзере:
Қазақстан менің Отаным,
Атыңды әнге қосамын
Шарықтап өсіп,дами бер,
Біліммен үлес қосамын
Нұрәлі:
Жадырап жарқын жүзіміз
Жарқырап әрбір күніміз
Ертеңнен елімнің
Үміт күткеннің біріміз
Бақытты боп жүргенім
Али:
Сарқылмайтын қуатым
Тірегімсің,Қазақстан
Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің Қазақстан
Асан:
Тәуелсіздік елдеміз
Қуанамыз күндеміз
Ата-бабам қалдырған
Қазақтың біз батырымыз
сенсеңіз
Нұрай:
Тәуелсіздік мақтанышым
Бізге бақыт сыйлаған
Бейбіт күнде мен
тынышпын
Әрбір таңым нұр маған
Көрініс: «Қазақстан республикасының 16 желтоқсан
тәуелсіздік күні »
-16 желтоқсан- еліміздің ең
үлкен,ең басты мерекесі. 1991 жылы қазақ елі егемендікке қол
жеткізіп, өз алдына тәуелсіз мемлекет атанды. 2013 жылы тәуелсіз
мемлекет атанғанымызға 22 жыл толды. Осы тәуелсіздік Қайрат
Рысқұлбеков,Ербол Сыпатайұлы,Ләззат Асанова сынды қазақтың
батыр,қаһарман ұл-қыздарының арқасында келді.Олардың Тәуелсіздік
жолындағы ерлігі,қайсарлығы біз үшін
өнеге.
Ұлттық
ойын: «Қыз
қуу»
-Отан дегеніміз
не?
-Біз қай мемлектте
тұрамыз?
-Еліміздің астанасы қай
қала?
-Қазақстан Республикасының
президенті кім?
-Республикамыздың рәміздерін
білеміз бе?
-(Слайд Рәміздер) Әнұран.
Хормен
Айяш:
Отанның қасиетті тілін сүйем,
Отанның құдіретті үнін сүйем
Отан,Отан бәрінен биік екен
Мен
оны мәңгілікке сүйіп өтем
Дархан:
Толтырған гүлге даланы
Жайнатқан ауыл-қаланы
Ардақты атамекенім
Отаным-Қазақстаным!
Бекхан:
Тәуелсіздік жолында
Талай-талай тер төккен
Билігің өз қолында
Еркіндігім ,елдігім
Айғаным:
Отан дейміз от жаққан жерімізді
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер,атамекен
Биік тау,орман,тоғай,көлімізді.
Мансұр:
Отан-менің ата-анам
Отан-досым,бауырым
Отан-өлкем,астанам
Отан-туған ауылым.
Аида:
Отан-асыл анамыз
Ана
сүтін ақтаймыз
Есейгенде ел болып,
Елді жаудан сақтаймыз.
Азамат:
Тәуелсіздік таңы атты
Барлық әлем жаңарып
Осы
тұрған халқыма
Бейбітшілік орнады
Айзат:
Тәуелсіздік еліміз
Мәңгі жасар жеріміз
Тәуелсіздік жасаған
Аға-әпкелеріміз
-Балалар біз бүгін Астана қаласына саяғатқа
шығамыз.
-Астана қаласына тез барып қайту үшін ұшаққа
отырайық.
-Уақыт өткізу үшін (Қазақстан, егемен, тәуелсіз )
сөздеріне сөйлем құрау.
-(Слайд Астана қаласының
суреттері.)
-Балалар біздің қайтатын уақытымыз
болды.
-Қайтар жолымызды қысқарту үшін ән
тыңдайық.
Ән: «16 желтоқсан».
-
Астана қаласынан алған әсеріміз «Қайда бардым?Не көрдім?
»
Сергіту сәті:
Көтеріліп шаңырақ
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өріліп,
Уықтар болып иіліп,
Шаңыраққа киіліп,
Бәріміз жүрсек айналып.
Қорытынды:
-
Балалар біз бүгін республика жайлы біраз мағлұмат
алдық.
Орта ылғи от жайнады,
Тірлік,ырғақ тоқтай ма
әлі,
Тас төбемде
желбіреші,
Тәуелсіздік көкбайрағы. (Н.
Мұқатов)
Мақсаты: Отан
туралы алған білімдерін
бекіту.
Білімділік
мақсаты: мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін бекіту:
Тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстан туралы балаларға
ұғындыру.
Дамытушылық
мақсаты: шығармашылық қиялын
дамыту.
Тәрбиелік
мақсаты: көпұлтты отанға деген сүйіспеншілік, құрмет сезіміне
тәрбиелеу. Балаларды елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге,
шыншылдыққа тәрбиелеу.
Технолоиялық
қамтамасыз ету: Слайд шоу: «Қазақстан рәміздері», Бейне көрініс:
«Көк тудың желбірегені», Астана қаласының көрікті жерлері, Караоке:
«Біз бақытты балдырған» әні, нышандары, мақал - мәтелдер. Мульти -
анимациялық сергіту сәті: «Жұмыр қылыш»
әуені.
Жүру барысы:-
Тәрбиеші көзіне "күлгін көзілдірікті" киіп, менің көзімдегі
көзілдірік жай көзілдірік емес, бұл ғажайып көзілдірік, бұл
көзілдірікті кигенде мен адамның жан дүниесіндегі ерекше адами
құндылықтарды яғни сендердің бойларыңдағы жақса қасиеттерді көре
аламын. Гүлнұрай сен ақылды қызсың, Данияр сен ақкөңіл баласың,
Сабина сен еңбекқор қызсың, Мейрамбек сен тамаша баласың, Мейіргүл
сен өте мейірімдісің, Айерке сен білімге құмар қызсың т. б.
балаларға сипаттама береді.
Біздің еліміз
сендердей тамаша жас ұрпақтары бар бақытты ел. Сендер бақытты елдің
бақытты ұландарысыңдар. Ендеше караоке арқылы "Біз бақытты
балдырған" әнін орындап
жіберейікші.
Балалар біреу
есік қағатын тәрізді тыңдайықшы. Ой балалар, бізге қонаққа шет
елден Америкадан қонаққа Джон мырза келді. Ол сендердің әндеріңді
естіп, сендермен танысып, біздің еліміз туралы тереңірек білгісі
келеді екен. Ол сендерге бірнеше сұрақтар бергісі келеді.
Сұрақтарына жауап береміз
бе?
Шет елдік
қонақ:- Балалар сендер тұратын мемлекет қалай
аталады?
Балалар:
Қазақстан.
- Қазақстан
мемлекетінің елбасы кім?
Балалар:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
- Елбасы қандай
адам болуы керек?
Балалар:
Білімді, ақылды, іскер, жан - жақты, өз Отанын шексіз сүйетін адам
болуы керек.
- Қандай
мемлекеттік рәміздерді
білесіңдер?
Балалар: Ту,
елтаңба, әнұран
- Қазақстанның
бас қаласы қалай аталады?
Балалар:
Астана
- Тамаша,
сендер рәміздер туралы қандай өлең - тақпақ
білесіңдер?
Гүлнүрай: Әйнегі - күн, шатыры -
аспан
Кең дала,
төсегі толқыған есік.
Көлдері көкке
күмістер шашқан,
Қазақстан -
Республикам менің.
Айерке: Әнұраным - жан
ұраным,
Айтар әнім,
сөйлер сөзім,
Туған жерім,
сағынарым,
Мәңгі бақи
шырқалады.
Республика ән
ұраны.
Қазақстан республикасының Ән ұранын
тыңдайды.
Шет елдік
қонақ: Қандай тамаша өнерлі, білгір
балалар.
Тәрбиеші: Джон
мырза сіз біздің Қазақстан туралы тереңірек білгің келсе мына слайд
шоуды тамашала.
Слайд шоу:
"Қазақстан рәміздері"
Тәрбиеші:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің көпұлтты тәуелсіз
мемлекетіміздің тұңғыш президенті. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
кішкентайынан спортты, белсенді демалысты жақсы көрді, сол себепті
республикадағы барлық тұрғындар спортпен айналысып, дені сау,
бақытты, салауатты өмір сүргендерін армандайды. Біздің Елбасымыз
кітап оқығанды өте жақсы көреді. Сондай - ақ ән айтқанды, домбыра
шерткенді ұнатады, тіпті өлең жазып, ән
шығарады.
- Балалар,
егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына биыл 25 жыл
болды.
Мұзға жанған
желтоқсанның жалауы,
Құтты болсын
Тәуелсіздік мейрамы.
Ол әркімге
еркін өмір сыйлайды.
Жақсы атақпен
нұр шапағын жинайды.
Бүгінде
тәуелсіз еліміздің өркениетті 50 елдің қатарымен тереземізді
теңестірсек деген алдына мақсат қойып отыр. Аспанымыз ашық, еліміз
аман болса, бұл мақсатқа да жетеміз. Сол болашақтың тірегі мына
алдымыздағы бүлдіршіндер -
сендерсіңдер.
Есігі ашық төрі
кең,
Жылап өттік
жылдар өмір өрінен.
Жетер енді
желпінейік, қарайық,
Мына өмірге
үмітпен.
Бейне көрініс:
«Көк тудың желбірегені»
Сергіту сәті:
Ұлытау тобының «Жұмыр қылыш» мульти - анимациялық сергіту сәті
музыкасына қимыл қозғалыс
жасату.
Тәрбиеші
шетелдік қонаққа қарап: Біздің балаларымыз Отан туралы көптеген
мақал - мәтелдер біледі.
Мақал -
мәтелдер:
Данияр: Ердің
көркі елімен,
Отан көркі
жерімен.
Сабина: Отан
оттан да ыстық
Илияс: Отансыз
адам, ормансыз бұлбұл.
Балалар: «Мен
Отанымды сүйемін!» жылулық шеңберімен
аяқтайды.
- Мен өз
мемлекетімді мақтан
тұтамын!
- Мен өз
Отанымды шексіз сүйемін!
- Мен өз
Отанымның бақытты ұланымын!
Оқу қызметінің
соңында балалар «Көк ту және достар» мультфильмін
тамашалайды.