16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне
арналған
«Тәуелсіз елім - Қазақстаным» ертеңгілік сценариі
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар және балалар. Біздің
тобымыздың"Тәуелсіз елім – Қазақстаным” атты ертеңгілігіне қош
келдіңіздер! -Бүгін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнін
тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын!!!
«Күншуақ» тобы мен «Балауса» топтарының ертеңгілігін бастауға
рұқсат етіңіздер.
Балалар ән ырғағымен залға кіреді.
Әнұран айтылады.
Сәлемдесу рәсімі
Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің
отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға
берілесің. Бұл ұғымның аясы кең. Отан – далаң, орман, тауың, ауылың
мен астанаң.
Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені, жер басып жүрген әр
тіршілік иесінің шексіз байлығы. Тәй-тәй басқан нәресте де,
еңкейген қария да оның бір мүшесі.
Қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған
мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар.
Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді
бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал, 1986 жылғы оқиға
халықтың есінде мәңгі сақталады.
16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан
тәуелсіздігін талап етті.
Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының
туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан
бүкілхалықтық мереке.
- Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз.
Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы.
Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп,
солардың бірі – Қайрат Рысқұлбеков. Ол қыршын жасын қиды. Оған
үлкен айып тағылды.
Қазір сіздердің назарларыңызға желтоқсан оқиғасында әділдік үшін
күрескендердің бірі – Қайрат Рысқұлбеков, ендеше Қайрат жайындағы
көріністен үзінді тамашалаңыздар.
Осыдан 25
жыл
бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен
барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін
қатысқан.
Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен
апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы
армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.
Бас алаңда ел жосқан,
Жастар қаны жуған түн.
16 желтоқсан-
Тәуелсіздік туған күн!
-Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің
өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан
мемлекетіміз.
Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті
болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын
қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер
болмақсыңдар.
2
видеоролик
3
оқушылар жаттауы
1.Нұрасыл 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі
сақталады.
16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан
тәуелсіздігін талап етті.
Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының
туған күні деп алтын әріппен жазылды.
Сондықтан
да желтоқсан бүкілхалықтық мереке.
Кұтты
болсын тәуелсіздік мерекеміз!
Мықты болсын еліміздің керегесі.
Жүректе намыс оты лапылдаған,
Күш-жігері жастардың сарқылмаган.
Әлі де шығар аланға Отан үшин
Карсы аккан өзеннен өтетіндер.
Жүректе намыс оты сөнбейді
Кезінде ызғарына аяздың төзгендей–ақ
Түсінеміз, ұғамыз
Бұл күннің онайлықпен келмегенін.
Еліміз тыныш, халкымыз аман болсын!
2. Бексұлтан
«Болса екен қазақ баласы»
Ертеңі өсіп елімнің
Сабырлысы болса екен
Ар-ұятты айбатты
Азулысы болса екен
Батыл, берік орнықты
Байсалдысы болса екен
Алғыр, зерек, мейрімді
Ақылдысы болса екен
Тапқыр, шешен талапты
Өнерлісі болса екен
Ойшыл, өткір, дарынды
Білімдісі болса екен
Сергек, іскер, сезімтал
Саналысы болса екен
Парасатты намысты
Отаншылы болса екен
Болса екен қазақ баласы
3 Қ.Ақылбек
Қайраттай қайсар ұлдардың
Жанымен келген еркіндік
Жазира мен ляззаттың
Арымен келген еркіндік
Қасірет пен қайғының
Бәрімен келген еркіндік
4Б.Ақылбек
Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан
5Ұлан
Әр қазақтың есінде сақталады
Желтоқсандық өрендер ақталады
Ел намысын қорғаған сарбаздарым
Ерліктерін мәңгілік сақталады.
6 Мұхит
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн
7 Әли
Көк аспанда тулардың
Желбіреген күні - бұл,
Елім деген ұлдардың
Елжіреген күні - бұл.
8 Дінмұханбет
Елдігімнің – реңі,
Тендігімнің – тірегі
Мүддесінен халықтың
Ажырамас бір елі.
Алтын заңым – арай таным!
9 Сүндет
Әділеттің ұраны,
Ақиқаттың шырағы.
Тыныштықтың туы боп,
Зор салтанат құрады.
10 Аиида
Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын
Тату – тәтті бірлік болып қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.
11 Досым
Енді міне біз тәуелсіз ел болдық
Басқалармен терезесі тең болдық
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай
Отан үшін болуға да құрбандық
12 Ақнұр
Дүбірлетсін өңірді
Дүбірлесін дүлділі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын бұл - күні!
13 Гүлдана
Ерлігіңе қуанам да,
сүйінем,
Қайрат аға рухыңа мен иілем.
Бәйшешектің солғанына ах ұрсам,
Әділ жанның қазасына күйінем.
14 Несібелі
Он
алтыншы желтоқсан -
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеге ел тосқан
Атамменен барғанмын.
Мерекеге шығады
Бүкіл халық, біліп қой.
Отандастар ұғады
Тәууелсіздік - ұлық той.
15 Бақдаулет
Аралаймын алаңды
Тәуелсіздік күні мен.
Батыр Қайрат ағамның
Суретіне үңілем.
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеге ел тосқан
Шырқатып ән салған күн
3 «Көк тудың желбірегені» ән.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
16-желтоқсан Тәуелсіздік күні

шағым қалдыра аласыз