|
Кіріспе
|
Сәлемдеседі
Мемлекеттік
Әнұранды орындайды
Сабақтың ерекше басталатынын
хабарлайды:
–
Балалар, бүгінгі сабағымызды
жүрегімізді елге деген сүйіспеншілікке бөлейтін “Рух” әнінің
шумақтарымен бастаймыз. Бұл ән біздің патриоттық сезімімізді
күшейтіп, тәуелсіз елдің ұрпағы екенін
сезіндіреді.
Музыка әуенін баяу қосады
немесе өлең жолдарын өзі мәнерлеп оқиды.
Оқушыларға бағыт
береді:
–
Өлең жолдарын тыңдай отырып,
осы ән сізге қандай сезім сыйлайтынын ойлаңыздар. Қандай рух,
қандай күш сезіндіңіз?
|
Оқушылар
салемдеседі.
Әнұран
айтады
Мұғаліммен бірге жылы
атмосферада сабаққа назарын
аударады.
Өлең жолдарын бірге қосылып
айтады.
Өз сезімдерімен бөлісуге
дайындалады:
–
«Маған бұл ән күш
береді»,
–
«Мен еліммен
мақтанамын»,
–
«Әніміз бізді жігерлендіреді»
сияқты ойлар айтады.
Көңіл-күйі көтеріліп, сабаққа
ынта-жігері артады.
|
«Керемет», «Тамаша»,
«Жарайсыңдар»
|
Слайд, презентация
Видео

|
|
Негізгі
бөлім
|
Слайдтан топтарға бірігу үшін
көгершін суреттерін көрсетеді.
Оқушыларға көгершін таңдап,
көрсетілген санға сәйкес топқа жиналуды
тапсырады.
Түсіндірме
жұмысы:
Желтоқсан оқиғасы туралы
қысқаша дайын сторибукты көрсетеді.
Оқушыларға маңызды эпизодтарға
назар аударуды тапсырады.
Негізгі ойды қорытындылай
отырып:
«Желтоқсан — ерлік пен
намыстың оқиғасы» деген түйінді пікір
айтады.
«Тәуелсіздік сырын
аш!»
Желтоқсан оқиғасына байланысты
қысқа сұрақтар тізімін ұсынады.
Оқушылардың өз ойымен жауап
беруін қадағалайды.
Қажет жағдайда бағыттап,
нақтылауға көмектеседі.
«Тәуелсіздік
Жарқылы
–
Бір сөз, Бір
сөйлем»
әдісі
Шарлардың ішіне Тәуелсіздікке
байланысты сөздерді (мысалы: Еркіндік, Бірлік, Қыран, Ту, Намыс,
Болашақ) алдын ала салып дайындайды.
Оқушыларға шар таңдауды
ұсынады:
«Шарды таңдап , ішіндегі сөзге
Тәуелсіздік тақырыбында бір сөйлем құрастырыңыз» деп тапсырма
береді.
«Арман үшін жан қиғандардың
соңғы үні»
Желтоқсан құрбандарының (Қайрат, Ләззат,
Сабира, Ербол) қысқа соңғы сөздері немесе елге қалдырған рухты
ойларын слайд арқылы кезекпен
көрсетеді.
Әр сөйлемді оқымас
бұрын:
«Бұл – елдің азаттығы үшін күрескен жандардың
соңғы аманаты…» деп кіріспе
жасайды.
Әр сөйлемнен кейін оқушыларға 3 секунд
үнсіздік сақтауды ұсынады.
Оқушылардың сезінуіне мүмкіндік беріп,
қысқаша сұрақ қояды:
«Бұл сөз сізге қандай ой
салды?»
Топтық
жұмыс
Топтарға кестесі бар слайдты
көрсетеді.
Тапсырманы
түсіндіреді:
«Желтоқсан құрбандарының
ерлігін еске ала отырып, солардың не жоғалтқанын және біз тәуелсіз
ел ретінде нені тапқанымызды кестеге
толтырыңыздар.»
Топтарға ойлануға және
талқылауға уақыт береді.
Әр топтың жауабын тыңдап,
қорытындылайды.і
Сабақ барысында сергіту үшін
ЖИ (жасанды интеллект) жасаған қысқа бейнеролик пен әуенді қосады.
Бейне аяқталғаннан кейін: «Бұл клип сіздерге қандай
сезім сыйлады?» деген қысқа сұрақ
қояды.
Топтық
жұмыс
Әр топқа толық сурет бірнеше
пазл бөліктеріне бөлініп беріледі. Тапсырманың шартын түсіндіреді:
«Әр сұраққа дұрыс жауап берген сайын өз суреттеріңнің бір бөлігін
аласыздар. Барлық бөліктерді жинақтап, суретті толық
құрастыруларыңыз қажет.»
Топтарға кезекпен сұрақтар
қояды. Дұрыс жауап берген топқа пазлдың келесі бөлігін береді.
Суретті толық жинаған топты мадақтайды.
ЖИ ассистентке алдын ала
дайындалған сөйлемдерді оқытуға қосады.
Қорытынды
тапсырма
«ЖИ оқитын әр сөйлемнен кейін
сіздер ‘Ақиқат’ немесе ‘Жалған’ деп белгілейсіздер. Сабақ соңында
слайд арқылы дұрыс жауаптарды тексереміз.» ЖИ айтқан сөйлемдердің
соңында оқушылардың жауаптарын бақылайды.
Соңында слайдты қосып, дұрыс
нұсқаларды көрсетіп, оқушылардың өз таңдауларын тексеруін
ұйымдастырады.
|
Слайдтан көгершінді таңдайды
және
көгершіннің саны бойынша өз
тобына жайғасады.
Сторибукты және
иллюстрацияларды бақылап отырады.
Мұғалім айтқан негізгі
деректерді есте сақтайды.
Желтоқсан оқиғасының мәнін
түсінеді.
Сұрақтарды оқып, жауап
береді.
Сторибуктен алған ақпаратты
қолданады.
Оқиғаның себеп–салдарын
түсіндіре отырып, өз ойын
жеткізеді.
Кез келген шарды таңдап
алады.
Шарды ашып, ішіндегі сөзді
оқиды.
Сол сөзге байланысты Тәуелсіздік туралы бір
мазмұнды сөйлем құрастырады.
Өз ойын сынып алдында немесе тобында
айтады.
Слайдтағы құрбандардың суреті
мен соңғы сөздерін мұқият тыңдайды.
Құрбандардың ерлігі мен жүрек
сөздерінің мағынасын түсінуге тырысады.
Оқушылар видеодағы қимылдарды қайталап,
сергіп алады
Тобымен бірге кестенің екі
бағанын толтырады:
1) Құрбандар нені
жоғалтты?
2) Біз нені
таптық?
Өз ойларын дәлелдеп, топ
пікірін ортаға салады.
Топ атынан қатырылған жауапты
сыныпқа жариялайды.
Әуенге қосылып, ЖИ арқылы
жасалған әуен мен видеоны тамашалайды.
Көңіл-күйлері көтеріліп,
сабаққа белсенді түрде қайта қосылады.
Топпен бірігіп, мұғалім қойған
сұрақтарға жауап береді.
Әр дұрыс жауаптан кейін пазл
бөлігін алады.
Барлық бөлшектерді жинап,
біртұтас сурет құрайды.
Жиналған суреттің мағынасы
бойынша қысқаша қорытынды жасайды.
ЖИ ассистент оқыған әр
сөйлемді мұқият тыңдайды.
Сөйлемнің мазмұнына қарай
«Ақиқат» немесе «Жалған» деген белгі қояды (қол көтеру, карточка,
немесе дәптер).
Соңында мұғалім көрсеткен
слайд арқылы өз жауаптарын салыстырып, өзін-өзі
тексереді.
Қателер болса, себебін
талдайды.
|
Қолдау
қолпаштау
Қол шапалақтау, ауызша
мадақтау

Стикерлер арқылы
бағалау
«Жарайсыңдар»,
«Керемет»

Стикерлер арқылы
бағалау

Стикерлер арқылы
бағалау
Қол шапалақтау, ауызша
мадақтау

Стикерлер арқылы
бағалау
Қол шапалақтау, ауызша
мадақтау

Стикерлер арқылы
бағалау

Стикерлер арқылы
бағалау
|
Слайд, презентация

Экран, бейнеролик

Слайд
Дәптер
Слайд

Видео
Слайд




|
|
Қауіпсіздік
сабағы
(10
минут)
|
«Егер сіз желіде қорқытуға тап
болсаңыз»
Қазіргі цифрлық заманда
балалар мен жасөспірімдер күн сайын интернетті қолданады.
Әлеуметтік желілер, ойындар, чаттар – бәрі де қарым-қатынасқа
мүмкіндік береді. Бірақ бұл кеңістікте кейде кибербуллинг,
яғни желіде
қорқыту сияқты жағымсыз жағдайлар
кездеседі. Сондықтан әр оқушы өз қауіпсіздігін сақтауды білуі
керек.
Кибербуллинг
дегеніміз – интернет арқылы
біреуді кемсіту, қорқыту, жағымсыз сөз жазу, жеке суреттерін тарату
немесе қасақана ренжіту. Мұндай әрекеттер адамға психологиялық зиян
тигізеді және оның сабаққа, өмірге деген қызығушылығын төмендетуі
мүмкін.
Егер сіз желіде қорқытуға тап
болсаңыз, ең алдымен үндемей
қалмаңыз. Кемсітетін
хабарламаларға жауап беруге болмайды — бұл жағдайды ушықтырады.
Екіншіден, дәлел ретінде барлық жазбаларды, скриншоттарды сақтап
қою маңызды. Үшіншіден, сенімді ересек адамға – ата-анаңызға,
мұғалімге немесе мектеп психологына міндетті түрде хабарлау қажет.
Әлеуметтік желілердің өзінде де «блоктау» және «шағымдану»
құралдары бар, оларды қолдануға болады.
Кибербуллингке қарсы ең күшті
қару – әдептілік, мейірімділік
және саналы цифрлық мәдениет.
Әрқайсымыз онлайнда да, оффлайнда да жауапкершілікті болсақ,
бір-бірімізге құрметпен қарасақ – интернет баршаға қауіпсіз әрі
жағымды ортаға айналады.
|
Сұрақтарға жауап беріп,
«желіде қорқыту» ұғымын анықтайды.
Қауіпсіздік ережелерін
талқылауға қатысады.
Талдау тапсырмасын орындайды:
қай әрекет қауіпсіз, қайсысы қауіпсіз емес екенін
ажыратады.
Өз ойларын постер, қысқа мәтін
немесе презентация түрінде ұсынады.
Сабақ соңында жеке рефлексия
жазады: «Мен интернетте қауіпсіз болу үшін не
істеймін?».
|
Ұсынылған
жағдаяттарды оқып, талдайды.
|
Карточка
тарату
|