Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
18.11.2024 сынып сагаты
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бекітемін.
Мектеп директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: А.Кошаков
Тақырыбы:«Буллингтен қорған!»
Қауіпсіздік сабағы (10 минут)
№ 11-САБАҚ
4-сыныптар: :«Шұғылқызмет нөмірлері»
Сынып жетекші:Хасанова Барно Забихулаевна
Тексерілді:
ДТІЖО _______________
Білім беру ұйымының атауы |
Ә.Науаи атындағы жалпы ббм |
||||||
Пәні |
Тәрбие сағаты |
||||||
Педагогтің аты-жөні: |
Хасанова Барно Забихулаевна |
||||||
Күні: |
18..11.2024 й |
||||||
Сынып: |
4-Б |
Жалпы оқушы саны- |
Қатысқан оқушы саны- |
Қатыспаған оқушы саны- |
|||
Сынып сағаттың тақырыбы: |
«Буллингтен қорған!» Қауіпсіздік сабағы (10 минут) № 11-САБАҚ 4-сыныптар: :«Шұғылқызмет нөмірлері» |
||||||
Мақсаты |
«Буллинг» сөзінің мағынасын түсінеді; Дөрекілік, өктемдік танытатын адамдармен өзін қалай ұстау керектігін үйренеді; Біреуді мазақтауға, қорлауға, намысына тиюге жол бермейді. Сынып арасында бір-бірін қолдай білуге, сыйластық танытуға үйренеді. |
||||||
Құндылық |
|
||||||
3-апта дәйексөзі |
«Жауапкершілік – адамгершілік қасиеттің көрінісі» |
||||||
Сабақтың барысы |
|||||||
Сабақтың кезеңі\ уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылар назарын сабаққа аудару. Миға шабуыл Буллинг дегеніміз не? Балалар сұраққа жауап береді, пікір алмасады. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру. Миға шабуыл (бейнеролик) Мұғалім: (бейнероликтен кейінгі жетелеуші сұрақтар) Бұл бейнеролик не туралы? https://www.youtube.com/watch?v=l5OsvTnwLN4 Видео көресету. Видеодан кейінгі https://www.youtube.com/watch?v=RCA_wFW-mSo
|
Балалар сұраққа жауап береді, пікір алмасады. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру |
|
Суреттер видеоролик |
|||
Сабақтың ортасы |
Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін? Біреу сені қорқытып, қорлап жүрген жағдайда не істеу керек? Егер сен өзің біреуді қорлап жүрген болсаң ше? Неліктен адамдар бір-бірін қорлап, қиянат жасайды? Оқушылар сұрақтарға жауап береді, жауаптарына дәлел келтіреді. Балалар оқиды, талқылайды. • Буллинг әр түрлі мағынаны білдіруі мүмкін. Ол: адамды мазақтау, қорлау, соқтығысу • оның ақшасын не басқа заттарын тартып алу, оларды бүлдіру сол жайында өсек тарату • оны елемеу немесе жекелету • ренжітетін, жаман әзіл айтып, басқа адамдардың алдында ыңғайсыз жағдайға қою • ұрып-соғу, тепкілеу, итеру немесе басқаша зақым келтіру • қоқан-лоқы көрсету немесе қорқыту Буллинг онлайн немесе телефон арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Олардың қатарына ренішті хабарламалар мен суреттер, зұлым мінеп-сынаулар жіберу жатады. Бұлардың барлығы кибербуллинг деп аталады. • Расисттік буллинг Біреудің нәсіліне, түсіне, нанымына байланысты басқаша көзқарас туындау. Сондай-ақ адамның нәсіліне қарай жағымсыз сөздер айту жатады. • Таптық буллинг Адамдар біреудің белгілі бір әлеуметтік тапқа жататындығын анықтағаннан кейін, сол адамға жаман көзбен қарау. Мысалы, біреулер «ауылдан келген» деп Бағыттау сұрақтары адамды жекелету. • Адамның сырт келбетіне қатысты буллинг Біреуді көпшілікке ұқсамағандығы үшін кемсіту, мысалы адамның шашы жирен болуы немесе қысқа бойлы болуы, я болмаса көзілдірік киіп жүруі үшін. • Дінге қатысты буллинг Біреуді дініне немесе нанымына байланысты қорлау немесе әдепсіздік таныту. Мысалы, киелі кітапты оқу, мешітке бару сияқты діни дәстүрлерді мазақ ету. • Мүгедектерге қатысты буллинг Адамды мүгедек болуына байланысты қорлау және оған тіл тигізу. Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін? Біреу саған күш көрсетпей, қорлап, қорқытқан да сенің жаныңа батады. Осындай жағдайға тап болған адам түрлі жағдайларды басынан кешіруі мүмкін, атап айтқанда: • уайымдау • ұйқының бұзылуы • тәбеттің болмауы • өзі жайлы жаман ойлау • өз-өзіне физикалық зақым келтіру • өлім туралы ойлау • сабақ үлгерімдерінің нашарлауы • ауыру • «маған ешкім көмектесе алмайды» деп ойлау • өзін жалғыз сезіну, уайымға берілу не ашулану • қорқу Біреу сені қорқытып, қорлап жүрген жағдайда не істеу керек? • Батыл болуға үйрен Батыл болу деген агрессия танытпай, өзіңді қорғай білу. Сен өз ойыңды дөрекі және ызалы сөздерсіз білдіруге үйрене аласың. Кейде біреумен келіспеген жағдайда өзіңді шын мәнінде қалай сезінетініңді жеткізу қиын. Дегенмен сен батылдыққа үйрене аласың. Ол үшін айтқың келетін сөздерді қағазға жазып, ал уақыты келгенде айтып қал. Кезі жеткенде сенің батылдығыңның арқасында барлық қорлық пен қорқытулар тоқтайды. • Құрбыңмен/досыңмен бөліс Достарың сені оларға барлық оқиғаны ашып айтпасаң да, саған қолдау көрсете алады. Олар сені қолдап, көңіліңді көтере алады. Сонымен қатар, достарың жәбірлеушілер енді мазаңды алмас үшін оларға қалай жауап беру керектігін айта алады. • Ересек адамдармен бөліс Сен өз оқиғаңмен ата-анаңмен, өзіңнің қамқоршыңмен немесе сенімді ересек адамның біреуімен бөлісуіңе болады. Олар сені қолдап, мәселені шешуде ақыл-кеңес бере алады. Сондай-ақ,111сенім телефонына қоңырау шалуыңа болады. Онда саған көмек пен қолдау көрсетіледі. • Мұғаліммен бөліс Мектебіңдегі мұғалімдер саған бас-көз болуға міндетті. Сен мектепте болған кезіңде өзіңді қауіпсіздікте сезінуге толықтай құқығың бар. Мүмкін, сенің мектебіңде буллингке қарсы тұруға қатысты кейбір нұсқаулар бар шығар. Сонымен қатар, сен мектеп психологына да жүгіне алады |
Оқушылар сұрақтарға жауап береді, жауаптарына дәлел келтіреді. Балалар оқиды, талқылайды. • Буллинг әр түрлі мағынаны білдіруі мүмкін. |
Қол шапалақтау |
суреттер |
|||
Сабақтың соңы бекіту |
Буллинг (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалаудегенді білдіреді. Адамүйде, мектепте, автобуста немесе интернетте, жалпы айтатын болсақ, кезкелген жерде буллингке ұшырауы мүмкін. Бұл кез келген адамның басында болатын жағдай. Бірақ есіңде болсын, ешкімнің сені ренжітуге немесе өзің жайлы жаман ойлауға мәжбүрлеуге құқығы жоқ.
|
Сабақтағы іс-әрекетіне рефлексия жасайды. |
|
|
№ 11САБАҚ
ТАҚЫРЫБЫ: «ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТ НӨМІРЛЕРІ. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТУЫНДАҒАН КЕЗДЕ ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚОҢЫРАУ ШАЛУ СЦЕНАРИЙЛЕРІ».
Сабақтың мақсаты: Төтенше жағдайлар кезінде көмекке келетін жедел қызметтердің нөмірлерін ажырату.
Сабақ барысы.
-
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл-күй қалыптастыру.
(1-2 мин)
-
Мақсат қою.
Мұғалім:
Шыр-шыр етеді, Құлағыңнан өтеді.
Ұстай алсаң,
Сөйлеп кетеді. (жауабы: телефон)
-
Бүгін біз сабақта не туралы сөйлесеміз деп ойлайсыздар?
-
Адамдарға телефондар не үшін қажет?
-
Әлемдегі ең маңызды телефондар қандай?
Адамдардың өмірін құтқару бойынша шұғыл қызметтердің нөмірлерін есте сақтаңыз.
-
Білімді өзектендіру. Зерттелген нәрсені қайталау.
Қызметтік машиналардың суреттерінен «Қызметті тап» ойыны.
- Бұл машиналардың қандай қызметтерде жұмыс жасайды?
Әр бір адам өз өмірінде төтенше жағдайдың куәгері болған шығар. Және сол адам, зардап шеккендерге көмектесуге тырысады. Осындайда адамдарға жедел көмек көрсететін құтқару қызметтері бар. Сиреналарды қосып, олар арнайы қызмет көрсету машиналарымен көмекке шығады.
-
Тақырыпқа кіріспе.
Шұғыл қоңыраулар рөлдік ойын.
Жедел қызметтердің бірыңғай телефоны бар, оған қоңырау шалу арқылы сіз кез-келген жағдайда көмек сұрай аласыз. Бұл телефон - 112. Төтенше жағдайларда ең бастысы-тыныштықты сақтау және операторға сізге не болғанын түсіндіре білу. Ешқашан қиындыққа тап болмас үшін қауіпсіздік ережелерін есте сақтау қажет.
Нұсқаулар:
-
Егер сізде немесе көршілеріңізде өрт болса, 101-ге қоңырау шалыңыз.
-
Егер сізді ренжіткен болса, затыңызды ұрлаған немесе қатты қорқытқан болса онда 102-ге қоңырау шалыңыз.
-
Егер сіз немесе жақын адамыңыз ауырып қалса, 103-ге қоңырау шалыңыз.
-
Сізге кез-келген жағдайда 112 қызметі көмектеседі.
-
Білімді бастапқы игеру және түсінуді тексеру.
Соңғы ойын «Әр түрлі жағдайлар» (балалар қандай қызметке қоңырау шалу керектігін және бұл жағдайда балалар өздерін дұрыс ұстайтынын түсіндіруі керек:
-
Есікті бейтаныс адам қағады. (102)
-
Әже ауырып қалды. (103)
-
Көрші үйдің терезесінен түтін шығады. (101)
«Есте сақта!»
-
Өрт күзеті
101
Полиция
102
Жедел жәрдем
103
Төтенше газ қызметі
104,112
Бірыңғай құтқару қызметі
112
«111 Жедел қызметі» байланыс орталығы балалар мен ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы, баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне және денсаулығына қауіп төнгенде хабарласу.
«111» нөмірі - 24/7 жұмыс істейді.
111
6.Бекіту. Өзіндік жұмыс. Тапсырманы орындаңыз. Суреттің астына қызмет нөмірін жазыңыз.
7.Қорытынды.
Пайдалы сілтемелер:
https://www.youtube.com/watch?v=fyfkEuHSiIc&list=PLA5eCSY2FeoQLLocS-
IEuEG9KjOrJzvPM&index=5 https://www.youtube.com/watch?v=hH_WhoDXIzU&list=PLA5eCSY2FeoQLL