Материалдар / 1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке пайдалануға болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Тамыз 2024
324
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар.


  1. Мұғалімдермен кеңесу

  2. Қатысатын оқушыларды анықтау

  3. Зерттелетін тақырыптар анықтау

  4. Оқушылармен жұмыс.



Мақсаты:


Көрнекілігі:



Өтетін орны:
































Қайырлы күн ұстаздар, әріптестер және оқушылар!

Бүгінгі өткізгелі отырған дәрісіміздің тақырыбы «Ақбұлақ шайқасы».

Патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы Кіші жүзде 1836-1838 жылдардағы Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтеріліс тарихындағы ең ірі әрі соңғы шешуші шайқасы Ақбұлақ соғысы. Бұл соғысқа биыл 180 жыл толып отыр.

Бүгінгі ұрпағымыз алған азаттық, еліміз ие болған егемендік пен тәуелсіздік халқымыздың сан ғасырлар бойғы ежелгі арманы. Кешегі Исатай мен Махамбетке арман болып, қазақ елі қол жеткізген Тәуелсіздікке дейін еліміз талай тарихты өткерді. Халықтың қаншама қаһарман ұлдары қанын төгіп, жанын қиған, тарихта есте қаларлық, өз маңызын жоймайтын, ұрпақтан - ұрпаққа ұласып отыратын оқиғалар көптеп кездеседі. Солардың бірі – Исатай-Махамбет көтерілісі деген атпен жұртшылықтың санасынан орын алып, тарихқа енген қазақ еліндегі 1836-1838 жылдардағы көтеріліс.

Исатай Тайманұлы сол көтерілістің ұйымдастырушысы болса, Махамбет Өтемісұлы отты жырларымен, өршіл күйлерімен Алашты ерлікке үндеген ұраншысы.

Ұлы бабаларымыздың көтерілісінің соңғы кезеңі Қобда жерінде (Ақтөбе облысы) өткен. Ақбұлақ деген шағын өзен солтүстік батыста Жосалы жотасынан басталып, Қиыл өзенімен қатарласа шығысқа бұрылып, Қарағанды өзеніне, ал Қарағанды Қиыл өзеніне құяды. Қарағанды өзенінің оң жағындағы «Шейіт» сайы. Исатай батырдың қаза тапқан жері. 1838 жылы Қиыл және Ақбұлақ өзендерінің бойында көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында шешуші шайқас өтті. Сол шайқаста көтерілістің басшысы Исатай Тайманұлы және көптеген сарбаздар қаза тапқан еді. Архив деректері, ел аузындағы әңгімелер Исатайдың соңғы шайқасы Қобда ауданының 1974 жылы құрылған «Қиыл» кеңшарының териториясында болғанын толық дәлелдейді. Ақтөбе облысының Қобда ауданындағы Қиыл өзенінің бойындағы Ақбұлақ сағасындағы кейін Шейітсай атанып кеткен жерде орыстың жазалаушы отрядымен соғыста ел үшін, сары бала қамы үшін қаза тапқандар «шейіт» болды деп жұртшылық бұл сайды «Шейтсай» деп атап кеткен.

1838 жылы қуғын көріп, Тайсойған құмындағы кете руының батыры Көнсадақты Құдайберген ауылын құпия түрде қыстап шыққан Исатай қарап жатпай, жаңа жорыққа әзірленеді. Қарабау, Қаракөл, Бүйрек адырларын мекендеген ысық, шеркеш, таз руларының отаршыл патша үкіметіне, жергілікті билеушілерге наразы азаматтармен сөз байланысады. Ел іші жіберілген тыңшылар арқылы Исатайдың 5 наурызда Жемге беттегенін естіген Орынбор генерал-губернаторы Перовский көтерілісшілерге қарсы арнайы топ құрып, оның басшысы полковник Даниловский болады. Исатайдың әр қадамын бақылап отыру Баймағамбет сұлтан Айшуақұлына тапсырылады. Ол патша әкімшілігіне жолдаған ақпаратында: «17 маусымда 3000 адамнан құрылған көтерілісшілер Жем өзенінің жағалауындағы Көкпекті жазығында жиын өткізді» деп хабарлайды. Осы жиында Исатай батыр мен Қайыпқали сұлтан сөз сөйлеп, халықты патшаға қарсы қол жиюды міндеттейді. Жағдайды қадағалап отырған Орынбор генерал-губернаторы Сағыз, Ойыл алабына беттеген Исатай жасағына қарсы жазалаушы отряд шығару туралы жарлық шығарады. Отрядқа басшы етіп Исатайға қарсы соғыста тәжірибе жинақтаған полковник К.К.Гекені тағайындайды. Геке әскерінің құрамында Орынбор тұрақты полкі (250 адам), (Елек казак-орыстары (50 адам), Орал казак-орыс полкі (100), жаяу әскер бөлімі (50), артиллерия бөлімі (2зеңбірек) және әскер шаруашылық бөлім болады. Қобда, Қиыл арқылы жүріп отырып, 10 шілде күні кешкі сағат 7-де жазалаушы отряд Ешкіқырған өзенінде Баймағамбет жасағымен тоғысады. Содан олар түні бойы 50 км жол жүріп, Ақбұлақ өзенінің Қарағанды арнасына қосылып, Қиылға құятын құлшасына жетеді. Суықбұлақтағы Баймағамбет ауылын шабуға беттеген көтерілісшілердің жолына бекініс құрады.

Шілде айының басында Ойылға 3000 қолмен жеткен көтерілісшілердің күн өткен сайын қатары сирей береді. Шілденің 5-6 –сы күні Кіші жүзге хан болудан үміткер Қайыпқали сұлтан Исатаймен келісе алмай, әскерін таратып жібереді. Шекті назар руының басшысы Жүсіп би Құланұлы да кетіп қалады. Көтеріліс басшылары қатты сеніп, көмек күткен табын Жоламан Тіленшіұлы Ырғыздан бері шыққанымен, жолшыбай шекаралық бекіністерге шабуын жасап, кешігіп жатады. Ал, 400 жігіт жиып, ұрысқа бел буған Асау Барақұлы аяқ асты айнып қалады. Ақырында, 1838 жылы 12 шілдеде таңертең көтерілісшілердің басты тобы 500-ден астам сарбаздар Ақбұлақ пен Қиылдың құйылысында жазалаушылардың үлкен отрядымен кездеседі. Олар ашық далада түнеп, 12 шілде күні таңда шабуылға шығады. Сол күні қолға түскен тұтқындардан зеңбіректермен, мылтықпен қаруланған Геке отряды мен Баймағамбет жасақтарының тосқауыл қойып, жолдарын тосып біле тұра, Исатай кері шегінбей шабуылға шығады. Әуелі Ақбұлақтың арғы бетіне бекінген отрядқа жағалай оқ атып, зеңбіректің бар жоғына көз жеткізеді. Ентелеп келіп қалған көтерілісшілердің өзеннен өтіп кетуінен қорыққан Геке зеңбіректен оқ атуға бұйрық береді.Исатай жасағы кері серпіледі. Осы кезде Геке отряды бекіністе қалып, Баймағамбет қарауындағы казак-орыс командасымен және жасақтарымен көтерілісшілердің соңына лап қояды. Зеңбірек оғы дарымайтын жерге жеткен соң Исатай жасағын кері бұрып, ата жауы Баймағамбетке қарсы ұмтылады. Мұндай оқыс қимылды күтпеген сұлтан жасақтары мен казак-орыстар кері шегінеді. Иасатайдың жігіттері оларды жайлап өтеді, бірақ Баймағамбет атының жүйріктігінің арқасында құтылып, ат жылдам арғы бетке өтеді. Осы сәтте өзеннен тығылып өтіп, сайға жасырынған 200 казак-орыс әскері көтерілісшілердің бір қапталынан аңыздап шыға келеді. Бетпе-бет шайқас басталады да, ұрыс сәтінде 19 жасар ұлы Оспанның жау қоршауында қалып қойғанын көрген Исатай кері бұрылады. Қоршаудағыларды құтқарып, Шейітсайға жөңкілген сарбаздарды Махамбетте қуып жетеді. Исатай оған ауыр жарақаттанған Оспанды ұрыс алаңынан алып кетуді аманаттап, қасындағылардың құтылып кетуге үгіттегеніне қарамастан жаудың жолын бөгеуге бел байлайды. Оспандар қара үзіп кеткенше, 15 км-ге дейін қаша ұрыс салып жауға алдырмайды. Ақырында, Угольный станицасының казак-орысы Леонтий Зеленин батырдың астындағы құлаяқ атын атып, оқ дарытады. Қасындағы Қожахмет пен Үбі аттарын кезек-кезек көлденең тартқанымен «ат артына мінгесіп қашты деген өсекке қалғанша, өлгенім артық» деп көнбейді. «Исекелеп» жылаған Үбіні ақырып қуып жібереді. Қансырап, әлі қалмаған құлаяқ ат құлаған соң Исатай жаяу соғысады. Екі пистолетпен атып, соңынан жеткен қуғыншы қазақтар мен казак-орыстардың 8-ін өлтіреді. Алысып жүргенде Богатырев қылышын, батырдың мойының ашық қалған жеріне тақап шабады. Сөйтіп, ел қамы үшін намысын жаныған көтеріліс қолбасшысы ер Исатай арыстандай арпалысып, айқаста шейіт болады да, таңғы сағат 6 шамасында басталған Ақбұлақ соғысы түскі сағат 2 шамасында аяқталады. Екі жақтан біраз адам шығын болады, бірақ олардың нақты саны ресми деректерде әр түрлі көрсетілген. Хас батырлық пен қайсарлықтың үлгісіндей осы шайқас оқиғасы туралы қарсы соғысқан Гекенің өзі «Исатай көзсіз батырлығының құрбаны болды» десе, тарихшы А.Ф.Рязанов «Исатай Тайманұлы қазақ халқының ұлттық батыры» деп бағалады. Осы соғыста қаза тапқан көтерілісшілердің мүрдесі «Шейтсайға» жерленген. Бүгінде 2014 жылы қараша айында Шейітсайдағы Исатай мен оның ұлы Оспан жерленген орынға 11 метр кесене тұрғызылды.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!