Ой
шақыру. Тақырыпқа шығу.
Оқушылардың жауабы
тыңдалып болғаннан кейін, бүгінгі өтетін тақырыптың алдыңғы тақырыптың жалғасы екендігі ескертіледі. Енді
бүгінгі сабақта 1836-38жж Бөкей Ордасындағы көтеріліске қатысты
деректер зерттелетіні туралы айтылады.
Сабақтың тақырыбы, оқу
мақсаты пысықталады. Мұғалім көтеріліс
туралы қысқаша мағлұмат береді.
Көтеріліс басшыларының
суреттері көрсетіледі
Зерттеу
сұрағы:
Исатай мен Махамбеттің
ортақ идеясы қандай болды?
Жұптық жұмыс
“Тарихи тұлғаларды тану” әдісі
Тарихи тұлғаларды жасыру
-Кіші жүз Байұлының
Беріш руынан. Жоңғар шапқыншылығы кезінде атағы шыққан Ағатай
батырдың ұрпағы.
-Атырау облысы,
Қызылқоға ауданы, Тайсойған құмындағы «Тайман жалы» деген жерде
дүниеге келген
-Исатайдың басына, оны
тірідей ұстағанға қанша күміс ақша берілетін болды? «Оны
өлтірген адамға сол ақшаның жартысы беріледі», — деп жарияланған
болатын.
-И. Тайманұлының
туғанына 200 жыл толу мерейтойы республика көлемінде қашан
атап өтілді?
-Батыс Қазақстан
облысының Жәнібек ауданында туған.
-Халқының азаттығын
көксеген күрескер, ел бастаған батыр, қазақтың өр рухты
ақыны.
-Қай жылы Махамбет
Өтемісұлының 200 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО шеңберінде кең түрде
аталып өтілді?
-Атырау облысының Индер
ауылынан 40 шақырым жерде қай батырдың кесенесі тұрғызылды
?
-Ресей империясына
қарсы жүгізген саясатының бірі – қазақ даласында ислам дінін
кеңінен насихаттау болды.
-Қазіргі таңда
коронавирус пандемиясына қарсы жаппай вакцина салу қолға алынып
жатқан тұста Жәңгір ханның ХІХ ғасырдың екінші ширегінде осы екпе
мәселесіне ерекше көңіл бөлгендігі туралы не айтар
едің?
-Қазақ даласында қазақ
балалары үшін тұңғыш мектеп қашан ашылды ?
Рөлдік
ойын
Рөлдік ойын қойылымын
дайындауда Махамбеттің,Исатайдың және Жәңгір ханның рольдері
сомдалып сипаттама беріледі
Дескриптор:
1-топ. Махамбеттің ерлігін
сипаттайды;
2-топ. Исатайдың саяси
қолбасшы болғандығын дәлелдейді;
3-топ. Жәңгір хан тұсындағы басқарудың жаңа жүйесінің
енгізілгеніне дәлел келтіреді.
Интерпретация.
Мұғалімоқушылардың тақырыпқа
байланысты білім мен дағдыны қаншалықты игергенін және күтілетін
нәтижеге қаншалықты жеткенін анықтау үшін «Исатай Тайманұлы мен
Махамбет Өтемісұлын қандай ортақ идея біріктірді?»
зерттеу
сұрағына оралған жөн. Оқушылардан толық
жауап алу үшін төмендегідей тапсырма беріледі.
«Үздіксіз
сөйлеу»
Көтеріліс
барысында Исатай мен Махамбетті
қандай ортақ идея біріктіргендігін анықтау үшін
топтарға тапсырма беріледі. Қос батырдың ортақ
мақсат-мүддесі туралы оқушыларға мұғалім тарапынан бағыт-бағдар
беріледі. Әр топтан шыққан өкіл қос батырды қандай идея (мақсат,
ой) біріктіргенін 1-2 минут ішінде үздіксіз сөйлеп шығуы
керек.

Үлгі:
Исатай мен
Махамбетті ..... біріктірді
Исатай мен
Махамбеттің ортақ идеясы...
Бірінші
.....
Екінші
.....
Үшінші
.....
Бұл
оқиға/тұлға маңызды болды, өйткені...
Бұл оқиғаның
салдары...
Бағалау
критерийі:
Дескрипторы:
-Қос батырды
біріктірген ортақ мақсаттың кемінде 1-уіне мысал
беру;
-Қос батыр
туралы өзіндік 1 пікір ұсыну
Кері
байланыс. Мұғалімнің
бағалауы.
|