Материалдар / 1848 ж. революциялар Еуропада қандай саяси идеяларды қалыптастырды?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

1848 ж. революциялар Еуропада қандай саяси идеяларды қалыптастырды?

Материал туралы қысқаша түсінік
• Батыс Еуропадағы буржуазиялық революциялардың себептерін сипаттау; • экономикалық және саяси жүйенің өзгеруіне буржуазияның әсерін анықтау; • К. Маркстың көзқарастарын және марксизмнің қоғамдық өмірге ықпалын түсіну; тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін «либерализм», «консерватизм», «социализм», «марксизм», «ұлтшылдық» ұғымдарын қолдану.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Желтоқсан 2022
650
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:

Жұрмағамбет Қобылан Қалтайұлы, «М.Мақатаев атындағы №73 жалпы білім беретін орта мектебі»КММ

Пән/Сынып:

Дүние жүзі тарихы, 7 сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

ІІІ- тоқсан, 4апта, 4 -сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:


Сабақтың тақырыбы:

1848 ж. революциялар Еуропада қандай саяси идеяларды қалыптастырды?

Оқу мақсаты:

  • Батыс Еуропадағы буржуазиялық революциялардың себептерін сипаттау;

  • экономикалық және саяси жүйенің өзгеруіне буржуазияның әсерін анықтау;

  • К. Маркстың көзқарастарын және марксизмнің қоғамдық өмірге ықпалын түсіну;

тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін «либерализм», «консерватизм», «социализм», «марксизм», «ұлтшылдық» ұғымдарын қолдану.

Бағалау критерийі:

Бағалау критерийлері:

Батыс Еуропадағы буржуазиялық революциялардың себептерін сипаттайды;

Елде қалыптасқан саяси ағымдар мен ұйымдарды анықтап талдайды.


Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі


Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма


Тапсырманың мақсаты

Бағалау

Ресурстар

1 минут


Ұйымдастыру

Сабақтын тақырыбымен, оқу мақсаттарымен және бағалау критерийлерімен таныстыру



слайд 1-2

15минут


Жаңа сабақ

Сәлемдесу. Сыныпқа жағымды ахуал орнату:

Тақырыпты оқушыларға қысқаша түсіндіріп өту.

XIX ғасырдың басында Германия экономикалық тоқыраудан шығудың басты жолын әлі таппаған еді. Басты себептердің бірі елдің саяси бытыраңқылығында болды.

1815 жылы маусымда Вена конгресінің актісімен Герман одағы құрылды. Одаққа 35 егеменді монархия, 4 ерікті қала - Гамбург, Бремен, Любек пен Майндағы Франкфурт кірді.

Жеке мемлекеттердің экономикалық бірігуінде 1834 жылы Пруссия бастамасымен 18 мемлекетті біріктірген Неміс кедендік

одағы құрылды. Бұл одақтың құрылуы үлкен мәнге ие болды, өйткені ортақ экономикалық кеңістік қалыптаса бастады.

Феодалдық міндеткерліктер экономикалық тәуелділіктің әртүрлі түрлеріне ауыстырылды. Кедей шаруалар жұмыс іздеу мақсатында қалаларға көшті. Батрактар еңбегін пайдаланған және ішкі нарыққа тауарлар жеткізіп отырған ауқатты шаруалар гроссбауэрлер пайда бола бастады.

XIX ғасырдың 50-60-жылдарында Германияның қарқынды экономикалық дамуы байқалды. Германиядағы өнеркәсіптік революцияның ерекшелігі оның отандық жетілдендірілген жабдықтар мен технологияға сүйенгендігінде болды. Қол жеткізген жетістіктер Германияның өнеркәсіптік дамыған мемлекетке айналуына мүмкіндік берді. XIX ғасырдың аяғында Германия өнеркәсіптің дамуы бойынша Францияны озып, Англиямен тең бәсекелесті.

1870-1880 жылдары «Темір канцлер» Отто фон Бисмарк тұсындағы капитализмнің германдық нұсқасы толығымен орнады. Бұл дәуірде Германияның барлығы дерлік неміс мемлекеттерінің ішіндегі ең қуаттысы – Пруссияның билігінде біріккен болатын. Өнеркәсіп дамуы үшін тиімді жағдайлар жасалынғанымен, буржуазия саяси билікке шығуға мүмкіндік ала алмады.

Рейхстагтың (парламент) құзыреті айтарлықтай шектеулі болды, ал сайлау жүйесінде теңқұқылық ұстаным бұзылды. Жердің көп бөлігін сақтап қалған помещиктер мәшинелер, химиялық тыңайтқыштар және басқа да жаңа нәрселер қолданылған ірі капиталистік шаруашылықтар құра бастады.

Бисмарк атаған «қан мен темірдің саясаты» сыртқы саясат милитаризмі түрінде көрініс тапты. Елдің бюджетінен қайта қарулануға қомақты қаражат бөлінді, әскер көлемі айтарлықтай көбейді. Әскери орталарда Франция және Ресейге қарсы бір сәтте жүзеге асатын операция жоспарлары жасалынып жатты.

Жарты ғасырға алға озуға деген талпыныс Германияны күшті капиталистік державаға айналдырды.

XIX ғасырда Германияда бірнеше ірі партиялар қалыптасты. Олардың ішінде Шығыс Пруссия, Бранденбург, Померания юнкерлігінің, сондай-ақ прустық офицерліктің, дінбасылардың және ауқатты шаруалардың мүддесін танытқан консервативтік партия болды.

«Ерік консерваторлар» партиясы немесе «империялық партия» 1866 жылы Германияның бірігу мәселесі бойынша келіспеушіліктер салдарынан консервативтік партия құрамынан шығып кетті. Бұл магнаттарға арқа сүйеді. «Еркін консерваторлар» партиясы Бисмарктің империялық саясатын сөзсіз қолдады.

Бисмарктің тірегі болып табылған "ұлттық либералдық" партия 1867 жылы «прогрессистер» партиясынан шығып кеткен бұрынғы мүшелерінен құрылды. Ұлттық-либералдар ірі өнеркәсіптік буржуазия бөлігінің мүддесін танытты.

Рейхстагта Бисмарк саясатына қарсы либералды оппозиция «прогрессистердің» қалған бөлігінен құрылған «еркін ойлаушылар» партиясы болды. «Еркін ойлаушылар» ұсақ қалалық буржуазия

бөлігінің және кейбір зиялылар топтарының мүдделерін білдірді. Пруссия гегемонияға қарсы күресу үшін 1870-1871 жылдары католиктік шіркеу «орталық» партиясын құрды.

Вена конгресінің шешімі бойынша Италия бірнеше мемлекеттерге бөлініп кетті. Оның аумағын Неаполитандық корольдық, Папа облысы, Тоскана, Модена, Парма, Лукка және Сардин корольдығы өз араларында бөліп алды,

Елдің солтүстік-шығысы – Ломбардо-Венециандық корольдықты Австрияға қосты. Барлық жерде монархтардың абсолютті билігі қайта қалыптасты.

Италия XIX ғасырдың соңғы ширегінде капитализмнің «алғашқы буын» елдерімен салыстырғанда экономикасы артта қалған ел болып саналды.

Бірқатар себептермен: яғни елдегі феодализмнің

сарқыншақтары - ірі жер иелену және шаруалардың аз жер үлесі, фабрикалық өнімдерді сатып алуға мүмкіндік бермейтін шаруалардың кедейшілігі, өнеркәсіп буржуазиясы қатарының аздығымен, италяндық тауарлардың бәсекелестікке қабілетсіздігімен, саяси

тұрақсыздықпен түсіндірілетін ел экономикасы баяу дамыды.

Ауылшаруашылығының дамуы әртүрлі аудандарда әрқилы болды. Шаруалардың жерден айырылуы оларды батрактарға немесе жалға алушыларға айналдырып, толық күйзеліске ұшыратты.

Италияда феодалдық дворяндық және католиктік дінбасылар үстемдік етті. Елдің саяси бірігуі және ескі тәртіпті жоюы экономика дамуының негізгі шарты болды.

Не меңгеретінін білу үшін


Жаңа тақырыпты меңгеру


слайд 3 -17








1 минут


Қорытынды

Сабағымызды қорытындылайық.

Германия мен Италияда 1848 жылдардағы саяси идеялардың пайда болуы мен дамуын сипаттай отырып, революциялық жағдайлардың қалыптасқанын байқадыңыздар.



Презентация № 18бет











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!