1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабаққа колдануға керек деп ойлаймын. Желтоқсан құрбандары туралы біледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан тарихы - 9б сынып


Тақырыбы: S32. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы


Мақсаты:1.1986жылғы желтоқсан оқиғасының тарихи

маңызын ашып, оқушыларға жеткізу.

2.Оқушылардың қосымша құжаттарды меңгере отырып, өздігінен

ізденіп, білімдерін толықтыру.

3.Жасақшылардан қайтпаған, қаймықпаған желтоқсаншылардың ерлігін үйрете отырып, жас ұрпақты ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.


Көрнекіліктер: интерактивті тақта, презентациялар,рефераттар,саяси карта,

газет-журналдардан мақалалар

Сабақтың түрі: ақпараттық-коммуникативтік сабақ

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы , қазақ әдебиеті ,география пәндері


Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй жұмысын тексеру

- 1950-1960жылдары Қазақстанда қандай өнеркәсіп орындары болды?

- Мыс қорыту зауыты қай қалада орналасты? /Балқаш/

- Тың игеру қай жылы басталды?Қай облыстарда жүргізілді?

/1954ж.Ақмола,Көкшетау,Қостанай,Павлодар,Солтүстік Қазақстан,Торғай/

ІІІ.Жаңа сабақ түсіндіру

Жоспары:

А).1986жылғы Желтоқсан оқиғасының әлеуметтік-экономикалық және

саяси астары.

Ә).Желтоқсан оқиғасының сипаты.

Б).Желтоқсан оқиғасының себептері,тарихи маңызы.


Эпиграфы: «1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының сана-сезімінің қаншалықты өскендігін көрсетті».


1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Ү пленумы өтті,ол 18 минутқа созылды. КОКП Орталық Комитетінің

Хатшысы Г.Разумовский ұсынысымен Д.А.Қонаев қызметінен босатылды.

Оның орнына Ресей Федерациясында Ульянов облыстық партия ұйымын басқарған Г.Колбинді сайлады.

Шын мәнінде бұл ешқандай сайлауц емес, Қазақстанда орталықтың саясатын жүргізуге тиіс болған номенклатура өкілін пленумға жиналғандарға таныстыру рәсімі ғана еді.

17 желтоқсан күні таңертең Алматының Брежнев атындағы алаңға жастар жинала бастады.Кешке қарай жиналғандардың саны 25-30 мыңға жетті.


Бұл бейбіт шеру болатын.Өйткені жастардың қолында: «Әр халыққа - өз көсемі!», «Жасасын біздің Қазақстан!» сияқты плакаттар ғана болатын.

Алаңға жиналғандар орталықтың саясатына наразылық білдірді.


Салдары:

  • 8,5 мыңнан астам адам ұсталып, 2401 адам уақытша қамау орындарына жеткізілді, қалғандары қала сыртына апарылып тасталды;

  • 99 адам айыпталып, бас бостандығынан айырылып, 2 адам өлім жазасына кесілді;

  • 246 студент оқудан шығарылды;

  • ЖОО-ның 12 ректоры қызметінен алынды;

  • 1720 адам жарақат алды;

Хамзина Әлимаш– Ләззат Асанова туралы реферат;

Сеит Жангел – Қайрат Рысқұлбеков туралы реферат дайындап

3-4 мин.баяндайды.

Қайрат Рысқұлбеков – 1966ж.Жамбыл облысы,Мойынқұм ауданы,Бірлік ауылында дүниеге келген.1986 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтының

1 курс студенті.

ІҮ.Сабақты қорытындылау.


Пікірталас.

- 1986ж.Желтоқсан оқиғасына сенің көзқарасың қандай?

- Осы көтеріліске сен қатысар ма едің?

- Болашақ Қазақстанды қалай елестетесің?


Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбековке 1996 жылы «Халық қаһарманы» атағы берілді.

Алматы қаласында орталық алаңға Желтоқсан көтерілісінің құрметіне Тәуелсізді таңы деп аталатын ескерткіш орнатылды.

1986ж. Желтоқсан оқиғаларына тарихи-ғылыми баға беру үшін құрылған комиссия оларға ғасырлар бойы азаттық,тәуелсіздік үшін жүргізілген қозғалыстардың жалғасы, Кеңес еліндегі демократия жолындағы қозғалыстардың басы, жаршысы деп баға берді.

Желтоқсан оқиғалары – Қазақстан тарихындағы естен кетпес, аса ауыр және қайғылы беттердің бірі.Бұл оқиғалар Қазақстанда ғана емес, бүкіл Кеңес Одағына жаңа еніп келе жатқан жас демократия үшін күрестің басы болды.

1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Алматы қаласындағы жастар бейбіт шеруге шықты.

- Д.Қонаев Қазақстанды 1960ж.қаңтардан – 1986ж.желтоқсан айына дейін басқарды.

- М.Горбачев КОКП ОК-ның бас хатшысы болған жыл – 1985жыл.

- 1990жылы «1986ж.желтоқсан оқиғасына қатысқандар Желтоқсан партиясын құрды.

- Н.Назарбаев «1986жылғы 17-18 желтоқсанда Қазақстандағы оқиғаға қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөнінде» 1991ж.12 желтоқсанда Жарлық шығарды.



Ү.Үйге тапсырма:S32.оқып, мазмұнын айту,

ҮІ.Бағалау.

































Новоишим қазақ орта мектебі










Ашық сабақ

Тақырыбы: «1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы»

9«б»-сынып









Өткізген тарих және география пәні мұғалімі: Дүйсенбин Е.Б.








2012-2013 оқу жылы

Новоишим қазақ орта мектебі












РЕФЕРАТ


Тақырыбы: «Қайрат Рысқұлбеков тәуелсіздік қыраны»











Орындаған: 9б-сынып оқушысы

Сеит Жангел

Тексерген:тарих мұғалімі

Дүйсенбин Е.Б.








2012-2013жж.


1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Алматы қаласындағы жастар бейбіт шеруге шықты.

- Д.Қонаев Қазақстанды 1960ж.қаңтардан – 1986ж.желтоқсан айына дейін басқарды.

- М.Горбачев КОКП ОК-ның бас хатшысы болған жыл – 1985жыл.

- 1990жылы «1986ж.желтоқсан оқиғасына қатысқандар Желтоқсан партиясын құрды.

- Н.Назарбаев «1986жылғы 17-18 желтоқсанда Қазақстандағы оқиғаға қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөнінде» 1991ж.12 желтоқсанда Жарлық шығарды.





























Новоишим қазақ орта мектебі










«ХХІ ғасыр көшбасшысы»

/Зияткерлік сайыс/

9«а»-9«б»-сыныптар арасында









Өткізген тарих және география пәні мұғалімі: Дүйсенбин

Ерболат Байтасұлы








2012-2013 оқу жылы













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
20.02.2018
452
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі