Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
1-11 сыныптардағы ағылшын тілі пәнінің оқытылуы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
|
1-11 сыныптардағы ағылшын тілі пәнінің оқытылуы
Бақтиярова Арайлым Еркебуланқызы Тасөткел орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс.» Н.Ә.Назарбаев Ұлтаралық татулық – мемлекеттік тұрақтылықтың негізі. Еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің татулығы, ынтымағы өзге елдерге үлгі боларлықтай екені даусыз. Тәуелсіздік тізгіні қолымызға тиіп, егеменді ел болған алғашқы күндерден бастап – ақ елімізде тіл саясаты мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тікелей басшылығымен салиқалы да, сындарлы түрде жүзеге асырылуда. Елбасымыз айтқандай, биылғы халыққа арнаған «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты жолдауында Үкіметтің алдына «Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдету міндетін қоя отырып, бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударды. Біздің мақсатымыз: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Өз ана тілін біліп, өзге тілдерді құрметтеуге, қадірлеуге үйрету. Оқушыларды ізденуге дағдыландыру.Мемлекеттік тілді білу – парыз, өзге тілдерді үйрену – құқық. Қазіргі таңда өз мектебімізде жаңартылған бағдарлама бойынша ағылшын тілі 1-ші сыныптан бастап оқытылуда. Негізінен ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. Ал әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Қазір ағылшын тілін білу – уақыт талабы. . Қазіргі кезде ағылшын тілінен оқу құралдары өте көп, қазіргі таңда 1-ші, 2-ші, 3-ші сыныптарда «Smiles» оқулығымен оқытылуда. Бұл кітаптардың ерекшелігі сөйлеу мен тыңдау дағдыларын дамытуға арналған оқу кітабы мен дискілер, жазу тапсырмалары бар жұмыс кітабы және әр сабақтың жоспары мен әртүрлі әдіс-тәсілдер көрсетілген мұғалімге арналған кітабы, тақырыпқа сай көрнекіліктері берілген. Ал 5,6,7 сыныптар «Eyes open» оқулығымен оқытылуда. Бұл кітаптардың ерекшелігі сөйлеу мен тыңдау дағдыларын дамытуға арналған оқу кітабы мен дискілер, жазу тапсырмалары бар жұмыс кітабы және әр сабақтың жоспары мен әртүрлі әдіс-тәсілдер көрсетілген мұғалімге арналған кітабы, тақырыпқа сай көрнекіліктері берілген Шет тілін оқытудың тиімділігін тек қана білім алушыларға байланысты емес, оқыту стратегиясына байланысты. Осы стратегиялардың үйлесімімен ең жоғарғы тиімділікке қол жеткізуге болады. Бұл мақсатқа жету үшін ең басты фактор мыналар: мұғалімнің білім алушыға немесе оқушыға деген педагогикалық іс- әрекеттің тиімділігін жетілдіру және сабақтағы әлеуметтік-психологиялық бірлестік жағдайындағы қарым-қатынасы. Тілді үйрену сабақтарында оқушылардың тыңдау, оқу, жазу, сөйлеу дағдыларын дамыту сабақ барысында жүзеге асып отыруы тиіс және жазудан гөрі оқушылардың тыңдап түсінуіне, сөйлеуіне көбірек назар аударылады, өйткені бұл жаста балалардың көбі есту, көру арқылы есте сақтайды. Бастауыш сыныпта ата-аналардың көмегі де өте маңызды. Егер олар бүгін сабақта үйренген сөздерін күнделікті үйде қайталап отырса, келесі сабақта балалар оны ұмытпай еркін қолданатын болады. Қойылған мақсаттарға жету үшін бастауыш оқушыларының сөйлеу дағдыларын жетілдіру, дамыту және сабақта ойын түрлерін қолдануы керек.Мен сабақ барысында көптеген ойын түрлерін қолданамын. Мысалы , Ойыншықтар аузы байланған қалтада.Бұл ойынның мақсаты оқушылар қалтаның ішіндегі ойыншықтарды қалтаның сыртынан сипау арқылы табу керек. Сол ойыншықтың суретін салуға тапсырма берілсе де болады. «What is missing?» Жоғалған ойыншықты тап. Өтілген ойыншықтардың суреттерін іліп, мұғалім бір ойыншықты жасырады. «Close your eyes, heads down! Heads up, open your eyes! What is missing?» Өйткені, ойын – көңіл-күй, ойлау күштерін талап ететін, ұйымдастырылған сабақ болып табылады. Әр кез ойын шешім қабылдауды ұсынады, себебі, жеңіске жету мақсаты болады. Осы сұрақтарды шешуде ойлау шығармашылықтары қалыптасады. Бастауыш сыныпта ағылшын тілін үйpету баpысында көбінесе әндеpді қолданамын. Сабаққа байланысты ән , тақпақтаpды интеpнеттен алып баланың жас еpекшеліктеpіне қаpай таңдаймын Ағылшын тілін тез меңгерудің тағы бір жолы осы тілдегі балаларға арналған әндер. Мәселен, «My Bonnie», «We can play», «May there always be sunshine», «If you are happy and you know it». Сабақ баpысында оқушылаpмен ән,тақпақтаp айтып және олаpдың ауызекі тілінің дамуы мақсатында ағылшын тіліндегі еpтегілеpді pөлге бөліп ойнайды. Ән тілдік қаpым-қатынас құpалы pетінде жаңа сөздеp мен сөз тіpкестеpінен құpалып, оны әуенімен қоса айтқанда оқушының сөздік қоpының көбеюіне ықпал етеді. Ән, өлең тыңдау кезінде таныс лексика оқушы есінде тез жатталады. Шет тілінде ән айтып үйpену баpысында оқушы дыбыстаpды дұpыс атап үйpенеді, сөйлемге дұpыс екпін қояды. Әнмен жұмыс баpысында оқушының көңіл күйі көтеpіліп, тілге деген қызығушылығы аpта түседі.Сабақ баpысындағы ағылшын тілінде мультфилмдеp көpсету аpқылы оқушылаpдың тыңдап, көpу қабілетін аpттыpамыз. Сабақ ортасында сергіту сәттеріне ағылшын тіліндегі әуенді жаттығуларды орындатамын. «The Skeleton Dance», «Crazy Hippo» т.б. т.б. Қазіргі 1-сыныпқа арналған ағылшын тілі оқулығын игеру алғашында оңай болғанмен, кейін тапсырмалар күрделеніп, қиындай түседі. Осы кезеңде оқушыларды тек оқулық тапсырмасын орындаумен шектеп қоймай, сергіту жаттығулары мен әндерді және балаларға арналған ағылшын тілін үйрететін мультсериалдардан үзінділер көрсете отырып оқыту өте тиімді деп санаймын. Оқушылар, өлеңді үйрену барысында, дене мүшелері мен сезім мүшелерінің, ағылшын тіліндегі атауымен танысады. Эстетикалық мотивация жайлы айтпай кетуге болмайды. Әсіресе,эстетикалық мотивация-ойлауды дамытады, көңіл-күй,ойлау, жағымды сезімдерді қалыптастырады. Бұлардың барлығы оқушылар шет тіліндегі өлеңді сүйіп қызығушылықпен орындаған жағдайда ғана жүзеге асады. Өзге оқыту барысында тіл шығармашылығын әуен түрінде қолданғанда, материал тез жатталып, шаршағандарын басады. Қорыта келгенде, «Тілдердің үш тұғырлылығы» бағдарламасының негізгі мақсаты мемлекеттік тіл – қазақ тілін орыс және ағылшын тілдерінің деңгейіне дейін көтеріп, бәсекелестігін арттыру болып табылады. Өскелең ұрпақтың үш тілді: қазақ тілін – мемлекеттік тіл, орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілін халықаралық тіл ретінде оқып үйренуге ұмтылыс жасауы – замана талабы, болашақ ұрпаққа қажеттіліктен туындап отыр. Осыдан келе, көптілді білім беру бағдарламасы аясында үштілді меңгеру тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейде көтерілуіміз керек. Бұл оқушылардың халықаралық жобаларға қатысуын кеңейту, шетелдік әріптестермен ғылыми байланыстарын нығайтуға, шетел тілдеріндегі ақпарат көздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірімен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет. |
Ұсыныс: Ағылшын тілінің жаһандану тілі екенін баршамыздың сезініп, ағылшын тіліне деген сүйіспеншілікті арттыру. Болашақта қазақ әліпбиінің латын әліпбиіне көшуіне байланысты барлығымыздың ағылшын тілі мен латын әліпбиінің байланыстылығын ұғыну.
Тасөткел орта мектебі
БАЯНДАМА
Тақырыбы: 1-11 сыныптардағы ағылшын тілі
пәндерінің оқытылуы
Өткізген: Бақтиярова А.Е
2018-2019 оқу жылы