жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1-4 сынып Бақылау жинағы
Бақылау жұмыстар жинағы
1-4 сыныптар
Құрастырған: Алипбаева М
I. ТҮСІНІК ХАТ
Жалпыға міндетті орта жалпы білім беру стандартына сәйкес «Математика» оқу пәні өзінің дербестігін сақтай отырып, «Математика» білім беру саласының мазмұнына енеді.
Математика – мазмұнына сандар мен оларға қолданылатын амалдарды, шамаларды, есептерді, алгебра, геометрия элементтерін біріктірген, олардың өзара байланысы мен өзара әсерлесуін жүзеге асыратын кіріктірілген оқу пәні.
Бастауыш білім берудің базалық пәні болып табылатын математика, бір жағынан, өзге пәндерді (информатика, қоршаған орта, көркем еңбек, т.б.) оқытудың алғышартын және негізін қалайды, ал екінші жағынан, осы пәндерді оқытып-үйретуде қалыптасатын білім, білік, іс-әрекет тәсілдерін тұтынушы болып табылады.
Бастауыш мектеп математикасы негізгі орта мектеп математикасының табиғи бір бөлігі болып табылады. Бұл бастауыш мектепте математиканы оқытудың төмендегідей мақсаты мен міндеттеріне жетудің қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Мақсаты::
-
мемлекеттік білім стандарты деңгейде білім, білік және дағдыларды игерту;
-
«Математика» пәнінің мазмұны арқылы танымдық және коммуникативтік іс-әрекетке, өздігінен білім алуға және еңбекке бейімдеу, сондай-ақ ата-дәстүр, әдет-ғұрып, салт-сана, халықтық және ұлттық болмысты жалпы адамзаттың мөдени мүраларымен үндестіру арқылы баланы түлға ретінде қалыптастыру;
-
оқушының ақыл-ойының математикалық стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту;
-
мектептің негізгі сатысында оқуға, меңгерген математикалық білімін өмірде қолдануға жан-жақты дайыңдауды жүзеге асыру.
Міндеттері:
-
баланың тұлға ретінде қалыптасуына, оқушының ақыл-ойын дамытуға, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты белсенділігін қалыптастыруға мүмкіндік туғызу;
-
математиканың өмірде болып жатқан нақты қүбылыстарды жалпылауға жөне қоршаған болмысты танып-білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына ықпал ету;
-
оқушының өмір сүруіне және мектептің келесі деңгейінде оқуын жалғастыруы үшін қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыру.
Оқу бағдарламасы оқу материалының мазмұнын және пәннің құрылымын іріктеудің төмендегідей негізгі ұстанымдарына сүйенеді: ғылымилық, білім берудің үздіксіздігі, іс-әрекеттік, пәнішіндік және пәнаралық интеграция, қолжетерлік, оқушылардың дара жетістіктері мен шығармашылығын ескеру.
Ғылымилық ұстанымы кіші жастағы оқушылардың күнделікті өмірде және оқу барысында ғылыми терминдер мен ұғымдарды меңгеру және қолданысқа енгізу үшін қажетті жағдайлар жасауды көздейді.
Үздіксіздік ұстанымы мектепке дейінгі дайындық, бастауыш және негізгі мектеп («Математика» 5-6 сыныптар) математикасы курсындағы барлық мазмұндық-әдістемелік желілердің ретімен дамуын қамтамасыз етеді, оқытудың әдіснамасы, мазмұны, әдістемесі мен технологиясы деңгейінде оқытудың барлық сатылары арасындағы сабақтастықты білдіреді.
Іс-әрекеттік ұстанымы математикалық ұғымдар мен амал-тәсілдерін саналы әрі берік игеруге арналған негізді қамтамасыз етеді. Оқушыларды белсенді оқу-танымдық іс-әрекетке тарту арқылы жаңа білімді «ашуға», өзін-өзі бағалау мен өз әрекетін бақылауды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Пәншілік интеграция ұстанымы математикалық білім беру мазмұнын құрайтын сан және өрнек, теңдеулер мен теңсіздіктер, функциялар, геометриялық фигуралар және геометриялық шамаларды өлшеу, ықтималдық теориясы мен статистика элементтері деп аталатын мазмұндық желілер арасындағы табиғи бірлікті қамтамасыз етеді. Пәнаралық интеграция әлемнің біртұтас бейнесін оқушыларда қалыптастыруға мүмкіндік береді, олардың әр түрлі оқу пәндердің өзара байланысын саналы түрде түсiнулерiне көмектеседі. Осы ұстанымның маңызды компоненті қарым-қатынас жасаудың ерекше құралы ретіндегі математикалық тілге үйрету болып табылады.
Қолжетерлік ұстанымы баланың жас ерекшелігін ескеруді және психологиялық жағдай туғызуды, жетістікке жетуді, тілектес болуды көздейді, бастауыш мектеп математикасын оқыту барысында оқушының жеке білім беру траекториясы бойынша өз қозғалыс бағытын сезінуіне көмек береді.
Оқушының жеке ерекшеліктерін ескеру ұстанымы қиындық деңгейі әр түрлі тапсырмаларды, оқытудың тұлғалық-маңызды мотивтерін қалыптастыратын өздік, зерттеу және жобалық жұмыстарды қолдануды көздейді, тиімді оқыту технологияларын және оларды бейімдеу деңгейін іріктеуге, әр түрлі іс-әрекетті (жасау, түрлендіру, алгоритмдік және шығармашылық) ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Шығармашылық ұстанымы оқушылардың өз бетімен стандартты емес, шығармашылық, логикалық есептердің шешуін табу қабілеттерін қалыптастыруды, жаңа амал-тәсілдерді «ашуды», практикалық бағыттағы тапсырмаларды орындауды көздейді.
Пән бойынша оқу жүктемесі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті
білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына
сәйкес 1-4 сыныптардағы «Математика» пәні бойынша оқу жүктемесінің
көлемі:
«Математика» оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі
Бастауыш сыныптардағы математиканың вариативті мектептік компоненті пәнді тереңдете оқытуға бағытталған. Пәнді тереңдете оқыту математиканың бастауыш курсының негізгі математикалық мазмұнын кеңейту арқылы мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылуы мүмкін: стандартты емес және қызықты есептерді, қиындығы жоғары есептерді шешу; тиімді есептеу тәсілдері; сандардың бөлінгіштігі; ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканың элементтері және т.б.
Вариативті оқушылық компоненті стандарт деңгейінде бағдарлама мазмұнын меңгеру барысын түзетуді көздейді.
СЫНЫПТАР БОЙЫНША ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙIНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
көбейтудің қасиеттерін (ауыстырымдьшық терімдігіқ үлестірімділік);
-
көбейту мен бөлуге байланысты белгшер мен терминдерді;
-
бip таңбалы сандарды көбейту кестесін;
-
шамалардың атауларын (аудан және көлем) және олардың өлшем бірліктерін (квадрат сантиметр, куб сантиметр);
-
жақшалы және жақшасыз санды өрнектерде арифметикалық амалдардың орыңдалуының реттеуді;
-
жақшалы және жақшасыз өрнектердегі арифметикалық амалдардың орындалу ретін;
-
қарапайым теңдеулерлерді "сынап көру" әдісімен шешу тәсілін;
-
қарапайым теңдеулерді тура теңдіктердің, өзара кepi амалдардың қасиеттеріне сүйеніп шешу тәсілін;
-
тік төртбұрыштың (шаршының) қасиеттерін;
-
геометриялық шамалардың (периметр, аудан және көлем) атаулары мен өлшем бірлікгерін;
-
тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі мен ауданын табудың ережелерін білyi тиіс.
-
сандарды және шамаларды салыстыра алуы;
-
көбейту кестесін пайдаланып бөлуді ауызша орындай алуы;
-
бірдің және нөлдіің қасиеттерін пайдаланып, ауызша есептеулер жүргізе алуы;
-
бip таңбалы сандардың және 10 санының квадраттары мен кубтарын ауызша есептей алуы;
-
екі таңбалы сандарды бip таңбалы санға ауызша көбейтумен бөле алуы;
-
кестелік жағдайларға келтірінетін сандарды ауызша көбейте және бөле алуы;
-
екі таңбалы сандарды екі таңбалы санға "сынап көру" тәсілімен ауызша бөле алуы;
-
сондай-ақ:
-
екі таңбалы сандарды бip таңбалы санға қалдықпен бөлуді;
-
үштаңбалы сандарды бip таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлуді;
-
2- 3 амалдан тұратын жақшалы және жақшасыз санды өрнектерді құруды, оқуды және жазуды;
-
көбейтудің дұрыстьнын бөлумен, бөлудің дұрыстығын көбейтумен тексеруді орындауды;
-
2- 3 амалдан тұратын жақшалы және жақшасыз санды өрнектердің мәндерін табуды;
-
санның және шаманың үлесін еептеп табуды; әр алуан, яғни көбейту және бөлу амалдарының мәнмағынасын ашатын; белгісіз көбейткіштерді, бөлінгішті, бөлінішті табуды талап ететін жай есептердің "...есе артық", "...есе кем" қатынастарымен, еселік салыстырумен, маңызды шамалар арасындағы (заттың бағасы, мөлшері және кұнының; тік төртбұрыштың eнi, ұзындығы және ауданының, бip заттың массасы, заттардың мөлшері және жалпы массасының) тәуелділіктерімен, үлес ұғымымен байланысты есептерді шығаруды; жай есептердің қандай да бip комбинациясы болып табылатын құрама есептерді (2-3 амалдан тұратын) шығаруды үйренуі;
-
құрамында бip ғана әріп болатын, жақшалы және жақшасыз әріпті өрнектерді (1-3 амалдан тұратын), санды тендіктер мен теңсіздіктерді құра алуы, оқи және жаза алуы;
-
құрамында бip ғана әріп болатын кез келген әріпті өрнектің (1-3 амалдан тұратын) мәнін таба алуы;
-
қарапайым теңдеулерді және амал компоненті немесе нетижесі санды өрнек болып келетін құрылысы күрделі теңдеулерді шеше алуы;
-
нүктені, кесіндіні, бұрышты, үшбұрышты, төртбұрышты, (соның ішінде тік төртбұрышты (шаршыны), бесбұрышты, алтыбұрышты, дөңгелекті, шеңберді, сәулені, түзуді, сынықты, қисықты) ажырата алуы;
-
тік төртбұрышты (шаршыны) сала алуы;
-
геометриялық фигураларды латын альфавиті әріптерімен белгілей алуы және сол белгілеулер бойынша оқи алуы;
-
тік төрбұрыштың (шаршының) периметрін және ауданын есептей алуы тиіс.
-
Математика пәні бойынша оқушылардың жазба жұмыстарын (бақылау,
өзіндік жұмыстарын) бағалау критерийлері:
«5» - барлық құрастырылған тапсырмаларды дұрыс орындалған;
«4» - егерде құрастырылған тапсырмаларда 1-2 өрескел қателер немесе 3
өрескел емес қателер жіберілсе;
«3» - 5 –ке дейін өрескел қателер немесе 6 өрескел емес қателер болса;
«2» - 5-тен астам өрескел қате немесе 7-8 өрескел емес қателер жіберілсе.
Бақылау жұмыстарының көлемі 1 сыныптың екінші жартыжылдығында, 2 сыныптың бірінші жартыжылдығында 20 минутке негізделген, 2 сыныптың екінші жартыжылдығында 30 минут, 3-4 сыныптарда – 35-40 минут және осы берілген уақытта оқушылар тапсырмаларды орындауды, тексеруді үлгеру тиіс.
Бақылау жұмыстарын ұйымдастыруда мынаны ескерген жөн:
-
бақылау жұмыстарына дайындықты барлық тақырыпты меңгеру кезеңінде жүргізу;
-
болатын бақылау жөнінде балаларға ескерту жасамау;
-
тексеру жұмыстарын сабақтар барысында 10-15 минуттан өткізу;
-
оқушы бақылау жұмысын таза орындамаса немесе грамматикалық қателер жіберсе бағалауда бағаны төмендетуге болмайды.
Математикалық диктантты бағалау критерийлері:
(құрамында 8-10 есептер)
«5» - барлық тапсырмалар дұрыс орындалғанда;
«4» - тапсырмалардың 1/5 бөлігі орындалмаса;
«3» - тапсырмалардың 1/4 бөлігі орындалмаса;
«2» - тапсырмалардың 1/2 бөлігі орындалмаса.
Өздік жұмысы тек екі есептен тұрған жағдайда бағалау:
«5» - екі сөз есеп дұрыс шығарылса;
«4» - екі есеп шығаруда 1 қате болса;
«3» - екі есеп шығаруда 2-3 қате жіберілсе;
«2» - екі есеп дұрыс шығарылмаса.
Математикадан жазба жұмыстарын бағалауда өрескел қате болып
есептеледі:
-
амалдарды орындауда есептеу дұрыс жасалмаса;
-
есепті дұрыс шығармаса;
-
қарапайым теңдеулер дұрыс шешілмесе;
-
амал компоненттері, жақшамен, жақшасыз амалдарды орындау тәртібі бұзылса;
Математикадан жазба жұмыстарын бағалауда өрескел қате болып
есептелмейді:
-
есептеуде рационалды емес әдістерін қолданса;
-
тапсырмаларды орындауда грамматикалық қателер болса;
-
есептеуде сандық немесе амал белгілерін дұрыс көшірмесе, бірақта есептерінің жауаптары дұрыс болса.
1-нұсқа Есепті шығар:
Дана шыршаға 3 жасыл шар,ал Сара 2 қызыл шар ілді.Олар барлығы неше шар ілінді?
Өрнекті шығар
2+3= 6-3=
5+6= 7-4=
3+4= 5-2=
Өрнектерді салыстыр:
10-1*3+4 10-3*6+1
8+2*4+2 6+4*10-0
Салыстыр:
0*10 10*9
3*4 10*8
6*4 4*2
2-нұсқа Есепті шығар:
Сараның қолында 5кітапбар еді.Динаға 2 кітап берді.Сарада неше кітап қалды?
Өрнекті шығар:
2+4= 6-4=
3+1= 5-1=
4+1= 7-3=
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген