Материалдар / 1- сыныпқа арналған математикалық есептер мен тапсырмалар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

1- сыныпқа арналған математикалық есептер мен тапсырмалар

Материал туралы қысқаша түсінік
1- сыныпқа арналған математикалық есептер мен тапсырмалар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2018
31061
40 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





1 сыныпқа арналған математикалық есептер мен тапсырмалар




Алғы сөз


Бұл құрал мұғалімдерге көмек ретінде ұсынылып отыр. Бағдарлама мен оқулыққа сәйкес әр түрлі тапсырмалар жинақталған. Тапсырмаларды жаңа материалды бекіту, жаттықтыру, қайталау, пысықтау және қорытындылау үшін, ең бастысы, өз бетінші жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру мақсатында пайдалана алады.

Балаға тапсырмаларды карточка түрінде жасап берген жөн.

Балалардың танымдық қабілетін дамытып, пәнге қызығушылығын арттырудың негізгі бір жолы – қосымша тапсырмалар мен есептер. Сабақта және сабақтан тыс уақытта қосымша есептермен қатар, математикалық ребустарды, сөзжұмбақтарды шешу, қызықты әзіл есептерді шығару логикалық жаттығуларды орындау баланың қиялын, ой ұшқырлығын дамытудың бірден-бір ұтымды жолы.









  1. Мысалды шығар.

5 + 2 =

6 – 5 =

2 + 3 =

7 – 6 =

4 + 3 =

5 – 1 =

2 + 2 =

4 – 3 =

3 – 1 =

1 + 3 =

6 + 3 =

4 + 2 =

9 – 2 =

5 + 4 =

5 – 4 =

9 – 3 =

3 + 3 =

4 – 2 =

4 + 6 =

6 – 3 =

7 + 1 =

5 + 1 =

7 – 4 =



1. Есепті шығар.

Арманның 10 теңгесі болды. 3 теңгесіне ол кәмпит сатып алды. Арманда қанша теңге қалды?


  1. Шелектің ішінде 7 сәбіз бар. Оның 4 сәбізінен салат дайындалды. Шелекте қанша сәбіз қалды?

  2. Асқардың пеналында 9 қарындаш, ал Мараттың бары 7 қарындаш. Кімнің пеналында қарындаш көбірек: Асқардың ба, әлде Мараттың ба?

  3. Әсемде 3 доп, Сағида 4 доп, Мержанда 2 доп бар. Балаларда барлығы қанша доп бар?

  4. Орманда 5 қоян қыдырып жүрді. Оларға тағы да 2 қоян қосылды. Орманда барлығы қанша қоян қыдырып жүр?

  5. Математикалық үйірмеге барлығы 10 бала қатысады. Оның 7-еуі қалалық, қалғаны ауылдың балалары. Матемтикалық үйірмеге қанша ауылдың балалары қатысады?

  6. Ағаш бұтағындп 3 қарға отыр. Оларға тағы да 7 қарға қосылды. Ағаш бұтағында барлығы қанша қарға отыр?


Салыстыр:

« > » , « < » , « = »

6 * 7

3 * 2

2 * 4

1 * 7

6 * 4

4 * 5

5 * 3

4 * 3

4 * 5

5 * 1

2 * 3
4 * 4

8 * 6

9 * 9

2 * 3

9 * 10

1 * 3

3 * 3

2 * 1





«Ең үздік есептегіш»

Мақсаты: суреттермен цифрлар санының сәйкестігін құру.

Мұғалім магнитті тақтадағы бөлімдерге 1-ден 10-ға дейінгі суреттерді орналастырады. Әр бөлімді кезекпен аша отырып, балаларға суреттерді санап, тиісті цифрды көрсетуді ұсынады


«Санды тап»

Мақсаты: натурал сандар қатарының реті туралы білімдерін бекіту.

Балаларға мына сандарды табу ұсынылады:

  • 6 мен 8 сандарының арасындағы сан;

  • 5-тен 1-еуі артық, 7-ден 1-еуі кем;

  • 7 мен 9-үйде көршілер тұрады, мен қайда тұрамын? т.б.


«Сиқырлы орындық»

Мақсаты: 10 көлеміндегі қосу, азайту дағдыларын қайталау.

Әр балаға цифрлар жазылған карточкалар таратылады. Мұғалім мысалдар жазылған карточкаларды көрсетеді. Балалар мысалдарды тез есептеп, мәні өзінің карточкасындағы цифрға сәйкес болса, жүгіріп шығып, орындыққа отырады.


«Ойлаған ондық сандарды тап»

Мақсаты: ондықтармен есептеуді орындау дағдыларын дамыту.

Ойынға сынып оқушылары толық қатысады. Мұғалім айтады: «Мен бір сан ойладым. Ол санға 30-ды, содан кейін 40-ты қосқанда, 100 шықты. Мен қандай сан ойладым?» «20-ға ойлаған санды және 30-ды қосқанда, 70 шықты. Қандай сан ойладым?»


«Кім көп табады және дұрыс көрсетеді?»

Мақсаты:10 көлеміндегі сандардың реті туралы білімдерін бекіту.

Қағаз бетіне 1-ден 10-ға дейінгі сандар әр түспен, әртүрлі пішінде

жазылған. Олар әр жерге орналастырылады. Ойнаушының мақсаты - ең кіші саннан үлкен санға дейін немесе керісінше көрсетуі керек. Осы тапсырманы бәрінен жылдам орындаған оқушы жеңеді.



«Математикалық баспалдақ»

Мақсаты:есептеу дағдыларын жетілдіру.

Мұғалім мысалдарды баспалдаққа жазады. Екі оқушыны шақырады. Оларға бұйрық берілгеннен кейін балалар мысалдарды шығаруды бастайды. Кім баспалдақтың ең жоғарғы басқышындағы мысалға бірінші жетсе, сол жеңеді.






Жұмбақты есептер 

1. Мұз айдында жеті бала. 
Асыр сап жүр сырғанап. 
Сырғанамай екі бала. 
Жағалауда тұр қарап. 
Енді осы бар баланың 
Санын айтсаң жарадың! 

2.Көлден ұшты жеті қаз, 
Қайтып қонды екі қаз, 
Қонбады оның нешеуі? 
Кәне, кім тез шешеді? 

3.Жаңа ғана шалғында, 
Алты бұзау жүр еді. 
Әлде шаршап қалды ма, 
Жатып қапты біреуі. 
Нешеуі енді жайылып, 
Айт, жүргенін айырып. 

4.Табақта бес алма, 
Қолымда үш алма, 
Інімде екі алма, 
Қосқанда барлығын. 
Болады неше алма? 
Бір алма атама, 
Бір алма әжеме, 
Бір алма апама, 
Бір алма әкеме, 
Нешеуін алады? 
Нешеуі қалады? 

5.Аулада бс үйрек, 
Қорада үш үйрек. 
Бір үйрек тығылды, 
Бір үйрек жығылды, 
Қалғаны неше үйрек? 

6.Қанша қоян аулада 
Сонша тауық аулада. 
Аяқтары он екі, 
Санап көрші, кәнекей? 

7.Екі аяқпен екі қол, 
Бір ауыз бен бір тілің.... 
Нешеу болды кәне, бол, 
Санап шығар кім бұрын? 

8.Тал басында, 
Тізіліп, 
Он жапырақ тұр еді. 
Жел соқты да, 
Үзіліп, 
Ұшып кетті біреуі. 
Ізінше оның 
Жұлынып, 
Түсті тағы бесеуі. 
Тұр әлі де ілініп, 
Жапырақтың нешеуі? 

9.Портфелімде әуелі, 
Он үш жаңғақ бар еді, 
Науат пенен Сағатқа, 
Самат пенен Маратқа, 
Апасына Қанаттың, 
Екі-екіден тараттым. 
Қанша жаңғақ қалғанын 
Айта қойшы, ал жаны? 
10.Мына алты ақ алма- 
Нұрбибі мен Жанарға. 
Үш сарысы-Анарға, 
Қызыл алма-Манарға. 



1.Дымбілмес алдында 4 құлпынай , содан кейін 3 құлпынай жеді.Дымбілмес барлыға неше құлпынай жеді? 
2. Айнұр 2 пирамида, ал Гүлнұр 3 пирамида құрастырды.Екі қыз неше пирамида құрастырды? 
3. Алпамыс аптасына 3 кітап, ал Берік сонша кітап оқыды.Балалар қанша кітап оқыды? 
4. Күлшеқызға 3 тиін және 7 қоян қонаққа келді. Күлшеқызға барлығы неше қонақ келді? 
5.Қызыл телпек әжесіне 6 тәтті тоқаш және 3 етті тоқаш әкелді.Қызыл телпек барлығы неше тоқаш әкелді? 
6.Асанда 4 машина, ал Үсенде сонша ұшақ ойыншықтары бар.Балаларда барлығы неше ойыншық бар? 
7. Кірпі 3 саңырауқұлақ, ал тиін 5 саңырауқұлақ жинады. Олар барлығы неше саңырауқұлақ жинады? 
8.Гауһар 5 гүл , ал Жауһар 4 гүл жинады. Қыздар қанша гүл жинады? 
9.Аюға туған күніне арнап таңертең 6 бөшке бал , түсте 3 бөшке бал әкелді.Аюда барлығы неше бөшке бал болды? 
10.Бірінші сөреде- 3 кітап, ал екінші сөреде- 7 кітап тұр.Екі сөреде барлығы неше кітап? 

Азайғышты табуға арналған есептер 
1.Қоян 4 сәбіз жегеннен кейін ода тағы 5 сәбіз қалды.Қоянда қанша сәбіз болды? 
2.Ара бақбақтан тосап қайнатты.Ол досына 3 банка бергеннен кейін, 7 банка қалды.Арада қанша банка тосап болды? 
3.Бөбектер ұшу шарында 2 километр ұшқаннан кейін, оларға тағы 3 километр ұшу қалды. Бастапқы кезде Бөбектерге қанша километр ұшу қажет болды? 
4.Суретші қорабынан 6 бояу алғаннан кейін, 4 бояу қалды. Суретшіде қанша бояу болды? 
5.Қоян көжектеріне 4 сәбіз бергеннен кейін, тағы 3 сәбіз қалды. Қоянда қанша сәбіз болды? 
6. Себеттен 5 алма алғаннан кейін, онда тағы 5 алма қалды.Себетте қанша алма болды? 
7.Карлсон 6 тәтті нан жегеннен кейін, 4 тәтті нан қалды. Қарлсонда неше тәтті нан болды? 
8. Айдана 5 гүлге су құйғаннан кейін 2 гүлге су құйюқа үлгерген жоқ. Айдананың гүлзарында қанша гүл өсіп тұрды? 
9.Винни- Пух 4 бөшке бал жегеннен кейін, тағы 2 бөшке бал қалды.Винни- Пухта қанша бөшке бал болды? 
10. Пошташы 8 журнал таратқаннан кейін сөмкесінде 2журнал қалды.Пошташыда неше журнал болды? 

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!