1 «а» сыныбы Ата-аналар жиналысы №1 хаттамасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

1 «а» сыныбы Ата-аналар жиналысы №1 хаттамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
1 «а» сыныбы Ата-аналар жиналысы №1 хаттамасы 07 қыркүйек 2018 жыл «Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі » КММ-сі Қатысқандар – 14 Қатыспаған – 0 Күн тәртібінде: 1.Жаңа оқу жылына ата-аналар комитетін сайлау. 2.Жаңа оқу жылында ата-анамен жүргізілетін жылдық жұмыс жоспарымен және қойылған мақсат, міндеттермен таныстыру. 3.Ағымдағы мәселелер: (Мектеп психологының қатысуымен) - Отбасылық тәрбиенің ерекшеліктері (пікіралмасу) ; - Оқушыларға қойылатын талаптар. Тыңдалды: Алдымен сынып жетекшісі – Бекмурзина Сауле Токтаровна ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтай отырып, бүлдіршіндерге құтты қадам, ақ жол тіледі. Содан кейін бірінші мәселе бойынша ата-аналармен келісе отырып, бірауыздан ата-аналар комитеті төрағасы етіп – Карбозов Түгелбай, оның көмекшісі болып – Әлимбаева Айдана сайланды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

1 «а» сыныбы

Ата-аналар жиналысы

1 хаттамасы


07 қыркүйек 2018 жыл «Ш.Уәлиханов атындағы


орта мектебі » КММ-сі


Қатысқандар – 14

Қатыспаған – 0

Күн тәртібінде:


1.Жаңа оқу жылына ата-аналар комитетін сайлау.

2.Жаңа оқу жылында ата-анамен жүргізілетін жылдық жұмыс жоспарымен және қойылған мақсат, міндеттермен таныстыру.

3.Ағымдағы мәселелер: (Мектеп психологының қатысуымен)

- Отбасылық тәрбиенің ерекшеліктері (пікіралмасу) ;

- Оқушыларға қойылатын талаптар.


Тыңдалды:


Алдымен сынып жетекшісі – Бекмурзина Сауле Токтаровна ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтай отырып, бүлдіршіндерге құтты қадам, ақ жол тіледі. Содан кейін бірінші мәселе бойынша ата-аналармен келісе отырып, бірауыздан ата-аналар комитеті төрағасы етіп – Карбозов Түгелбай, оның көмекшісі болып – Әлимбаева Айдана сайланды.

Бұдан кейін күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Бекмурзина Сауле Токтаровна ата-анамен жүргізілетін жылдық жұмыс жоспарымен таныстырды. Атқарылатын іс-шаралар мақсатына, ондағы сынып жетекшісінің, ата-ананың және бүлдіршіндердің міндеттеріне толықтай тоқталып, түсіндіріп өтті. Сонымен бірге әрбір ата-анаға өз бүлдіршінін педагог ұйымдастырған білімді меңгеруге, біліктілік пен дағдыларды игеруге және алған білімді тәжірибеде қолдануға арналған оқу құралдарымен қамтамасыз етуде тиімді кеңес бере отырып, тапсырды.

Жиналыстың үшінші мәселесі бойынша ағымдағы мәселелер айтылды:

- Отбасылық тәрбиенің ерекшеліктері;

- Оқушыларға қойылатын талаптар.


Жиналыс соңында төмендегідей шешім қабылданды.


Қаулы:


1.Ата-аналар комитетінің төрағасы болып – Карбозов Түгелбай , оның көмекшісі болып Әлимбаева Айдана – сайлансын.


2.Жылдық жұмыс жоспарындағы атқарылатын іс-шаралардың жүзеге асырылу міндеті сынып жетекшісі мен ата-аналарға бірдей жүктелсін.


3.Ағымдағы мәселелер бойынша қойылған талаптарға сай ата-ана мен сынып жетекшісі арасындағы келісім – шарт оқу жылы бойына өз күшінде болады деп табылсын.

Хатшы: Турганова Қарлығаш


«Ш.Уәлиханов атындағы Торғай орта мектебі»КММ –сі

1 «а» сыныбы

Ата-аналар жиналысы


2 хаттамасы

10 қараша 2018 жыл


Қатысқандар – 11

Қатыспағандар – 2


Күн тәртібінде:


1. Баяндама: «Критериалды бағалау». Бекмурзина С.Т.

2. I тоқсан оқу қорытындысы.

3. Ағымдағы мәселелер: сыныпқа қажетті заттар, бөлме гүлдерін отырғызу т.б.


Тыңдалды:


Сынып жетекшісі жаңа стандарт бойынша оқушылардың оқу жетістіктері критериалды жүйе арқылы бағаланатындығы жайлы таныстырылым жасай отырып, жаңартылған білім мазмұны ерекшеліктеріне тоқталды.


Бұдан кейін күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Бекмурзина Сәуле 1 тоқсан бойынша оқудың үлгерім, сапа көрсеткіштеріне презентация жасады және алдағы тоқсанда оқу сапасын одан әрі арттыру мақсатында ата-аналардың сабақтарға қатысу, бала біліміне өте үлкен жауапкершілікпен қарап, мұғаліммен тығыз байланыста болу міндеттері тапсырылды.


Жиналыстың үшінші мәселесі бойынша ағымдағы мәселелер айтылды: сыныпқа қажетті заттар, бөлме гүлдерін отырғызу т.б.

Жиналыс соңында төмендегідей шешім қабылданды.




Қаулы:


1. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет деп табылсын.


3. Ағымдағы мәселелер: сыныпқа қажетті заттар, бөлме гүлдерін отырғызу т.б. жұмыстардың орындалуы ата-аналар төрайымы мен оның көмекшілеріне тапсырылсын.




Хатшы: Турганова Қарлығаш







«Ш.Уәлиханов атындағы Торғай орта мектебі»КММ –сі

3 хаттамасы


27 желтоқсан 2018жыл


Қатысқандар – 13

Қатыспағандар – 0


Күн тәртібінде:


1. Баяндама: «Бала тәрбиесіндегі ата – ананың жауапкершілігі». Бекмурзина С.Т.

2. ІІ тоқсан бойынша оқушылардың білім сапасы мен оқу үлгерімі.

3. Ата-аналар ұйымының есебі мен алдағы атқарылатын жұмыстары.

4. Әр түрлі мәселелер:

1. Жеке іс қағазы папкасында жетіспейтін құжаттар жайлы.

2.Жеке оқушылармен қосымша сабақ.


Тыңдалды:


1. Сынып жетекшісі – Бекмурзина Сәуле Тоқтарқызы «Бала тәрбиесіндегі ата – ананың жауапкершілігі» атты баяндама барысында, тәрбие саласында ата-анамен жағымды қарым-қатынасты реттеу, қазіргі жаңа педагогикалық ойлауға орай ата-ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту, балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру мақсатында тренинг өткізе отырып, ата-анамен жұмыс жүйесін жаңаша ұйымдастырды.

2. ІІ тоқсан бойынша оқушылардың білім сапасы мен оқу үлгерімі жайлы сынып жетекшісі презентация жасады.

3. Ата-аналар комитетінің төрайымының бірінші жарты жылдықта атқарған жұмыстары есебі.

4. Сынып жетекшісі оқушының жеке іс қағазы папкасында жетіспейтін құжаттарға тоқталды.


Қаулы:

1. Ата-аналардың сабақтарға қатысу, бала біліміне өте үлкен жауапкершілікпен қарап, мұғаліммен тығыз байланыста болуы жүзеге асырылып, оқу сапасын одан әрі арттыру міндеті сынып жетекшісі мен ата-аналарға бірдей жүктелсін.

2.Оқушының жеке іс қағазы папкасында жетіспейтін құжаттарды белгіленген уақыт аралығында жеткізу әр ата-анаға жүктелсін;

3. Сынып жетекшісі жеке оқушылармен нәтижелі жұмыс атқаруы үшін балалардың белгіленген уақытта қосымша сабаққа саналы түрде қатысуы ата-ана міндеті деп табылсын.





Хатшы: Турганова Қарлығаш




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.04.2019
27682
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі