жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
1. Абай Құнанбайұлының өмірі 2. Абай Құнанбайұлының өлеңдері
|
«Интердент» жоғары медициналық колледжі |
Құжаттама тәртібі ҚТ-СМЖ-003.6-2020 Әдістемелік қызметті басқару ЖОСПАР КЕСТЕСІ |
Басылым 1 |
«Бекітемін»
әдіскер _______ Надирбаева Р.К.
«____»_________ 2020г.
.
ДӘРІС КЕШЕНІ
пән /модуль/: «Қазақ әдебиеті»
пән/модуль
мамандық: 0301000 «Емдеу ісі»
шифр мамандық атауы
Курс: 1
Семестр: 2
Жалпы сағат (жалпы сағат/кредиттер KZ): 60/2
Құрастырған оқытушы: Омарова А.А.
«Қаралды және ұсынылды»
«Жалпы білім беру
және әлеуметтік-экономикалық
пән бірлестік» отырысында
хаттама №______
«____»_________ 2021г.
ЦӘК меңгерушісі ______ Асанбаева С.К.
Алматы, 2021 ж.
Пән/ Предмет: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны / Раздел долгосрочного планирования: Модуль-1: 1.Бөлім Қалың елім , қазағым... |
Колледж: «Интердент» ЖМК
|
|
|
|
|
|||
Мерзімі / дата: 3.02.2021 ж. |
Оқытушының аты-жөні / ФИО учителя: Омарова А.А. |
|
|
|
|
|||
Топ / группа: 100 |
Қатысқандар / Участвовали: Қатыспады / отсутствовали: |
|
|
|
|
|||
Сабақ тақырыбы/ Тема урока |
|
|
|
|
|
|||
Оқу мақсаттаы / Цели обучения |
Білімділік: Білімгерлердің әдеби дүниетанымдарын кеңейту.Аталған кезеңдегі тарихи әлеуметтік жағдай туралы түсініктерін тереңдете отырып, қазақ әдебиетінің негізгі бағыттары мен оның көрнекті өкілдері туралы түсінік беру; Дамытушылық: Білімгерлердің білімге деген қызығушылығын арттыра отырып, топпен жұмыс жасату арқылы ізденгіштік, шығармашылық, жауапкершілік және танымдық қабілетін дамыту; Тәрбиелік: Жас ұрпақты өз елінің тарихын білуге, жыр құндылықтарын құрметтейтін ұлтжанды азамат болуға тәрбиелеу. |
|
|
|
|
|||
Сабақ мақсаты / Цель урока |
Білімгерлердің барлығы / Все учащиеся Тақырыпты түсінеді, тақырыпты анықтайды, тақырып мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап береді,түпнұсқамен салыстырады. Білімгерлердің көбісі / Большинство учащиеся Сұрақтарға жауап береді, тақырып бойынша мәліметтер жинайды Білімгерлердің кейбіреуі / Некоторые учащиеся Өз ойларын еркін жеткізе алады, мазмұндай алады |
|
|
|
|
|||
Бағалау критерийлері Критерии оценивания |
Білімгерлер/Обучающийся:
|
|
|
|||||
Тілдік мақсаттар Языковые цели |
|
|||||||
Құндылықтарды қалыптастыру/ Воспитание ценностей |
- Жауапкершілік сезіміне тәрбиелеу - Патриоттық сезімге тәрбиелеу - Таңдаған мамандыққа қызығушылыққа тәрбиелеу - Кәсіптік сапасын жетілдіру |
|
|
|||||
Пәнаралық байланыс Межпредметная связь |
Тарих, тіл, медицина |
|
|
|||||
Алдынғы білім Предыдущие знания |
Ақын-жазушылар туралы біледі,шығармаларын мазмұндай алады. |
|
|
Сабақ барысы/ Ход урока
Үақыт/Сабақ кезеңдері Время / этапы урока |
Оқытушының және білімгерлердің іс-әрекеті / Деятельность учителя и студентов |
Сабақтың басы Начало урока 5 мин |
.1.Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу. Психологиялық ахуал тудыру. «Мейірімділік» тренингі. - білімгерлер «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады - сурет салады Сурет арқылы сабақ тақырыбымен таныстырылады. Оқу мақсатымен бағалау критерийлерімен таныстырылады. |
|
|
Негізгі бөлім Основная часть 25 мин |
Үй тапсырмасын сұрау.Қызығушылықты оятуТөмендегі жалпы сұрақтарды негізге ала отырып,өткен тақырыпты қайталау: 1.Әдебиет не туралы ғылым? 2. Әдебиеттің өнердің басқа түлерінен айырмашылығы неде? 3. Көркем әдебиет туралы А.Құнанбаев не деген? 4. Көркем әдебиет бізді неге үйретеді? 5. Бізге көркем әдебиеттің қандай пайдасы бар? Мағынаны тану Тақырып бойынша мәлімет төменде беріледі. Тапсырмалар арқылы өз болжамдарын айту. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру Шығармашылық жұмыс Топтық, жүптық, жеке жұмыстар орындау. Дескриптор: Сұрақтарға жауап береді. Өз ойларын жеткізе алады. Негізгі ойды анықтайды. |
Сабақ соңы / Конец урока 5 мин |
Кері байланыс (рефлекция) «Insert» әдісі арқылы - Не білемін? - Не білдім? - Білгім келеді? Оқушылар өз пікірлерін білдіреді. Үй тапсырмасы беріледі Баға қойылады |
Оқытушы үшін:
1. Г. Орда. С. Дәрібаев «Қазақ әдебиеті»10-сынып 2019 ж. ЖМБ
2. Г. Орда. С. Дәрібаев «Қазақ әдебиеті»11-сынып 2020 ж. ЖМБ
3. Хрестоматиялар
Студенттер үшін:
1. Г. Орда. С. Дәрібаев «Қазақ әдебиеті»10-сынып 2019 ж. ЖМБ
2. Г. Орда. С. Дәрібаев «Қазақ әдебиеті»11-сынып 2020 ж. ЖМБ
3. Хрестоматиялар
Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы
Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=UdlZqiAeZF4
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер , либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Абай Шығыс пен Батыс мәдениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.
Абай өлең жазуды 10 жасында («Кім екен деп келіп ем түйе қуған...») бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері — «Йузи-рәушән», екіншісі — «Физули, Шәмси, Сәйхали». «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 — 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы — «Қансонарда» 1882 ж. жазылған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі — ғақлия (немесе Абайдың қара сөздері) деп аталатын прозасы; үшіншісі — өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.
Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына көп бой ұрмағаны байқалады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады. Ислам діні тараған Шығыс елдерінің әдебиетімен жақсы танысу арқылы өзінің шеберлік — шалымын одан әрі шыңдайды. Шығыстың екі хикаясын «Масғұт» және «Ескендір» деген атпен өлеңге айналдырады. Ислам дініне өзінше сенген діни таным жайындағы философиялық көзқарастарын да өлеңмен жеткізеді. Абайдың дүниетанудағы көзқарасы XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақ халқының экономикасы мен ой-пікірінің алға ұмтылу бағытта даму ықпалымен қалыптасты. Дүниетану жолында сары-орыстың төңкерісшіл демократтарының шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірін қорытып, басқаларға қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге қолданады. Дүниетану өңірінде екі қасиеттің — сезім мен қыйсынның , түйсік пен ақылдың қатынасын таразылайды. Сондықтан да: «Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз» деп жазады.
Кез келген халықтың тарих сахнасына шығуы — жүйеге бейімделген біртектес өмір салттың ғана нәтижесі емес, сонымен бірге қасиеттік деп саналатын- арман-аңсардың (идеал) да біртұтастығына айғақ. Олай болса Абай сынының тәлкегіне түскен еріншектік, дарақылық, жалқаулық, күншілдік, өтірікшілік, өсекшілдік, мақтаншақтық, жағымпаздық, жікшілдік сияқты қасиеттер қазақ баласының кейбірінің бойындағы туа біткен кемшілік емес, сол Абай өмір сүрген қоғамдағы саяси әлеуметтік қатынастардың нәтижесі екеніне ден қою қажет. Сонда, Абай бұрынғы бабаларымыздың бойынан көрген «кемшіліктерді» себеп ретінде емес, сол замандағы саяси-әлеуметтік қатынастардың салдары ретінде қарастыруға жол ашқан.
Абай Құнанбайұлының «Сегіз аяқ» өлеңі
Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=UzOeV9yrenQ
«Сегізаяқ» — Абай Құнанбайұлының өлеңі және қазақ өлеңіне қосқан шумақтың үлгісі.Шумақ 5 буынды тармақтар мен 7–8 буынды тармақтардың жүйелі түрде үйлесіп, араласуынан түзілген. Төрт түрлі дыбыс үндестігіне негізделген үйлесім бар. Мұнда 3 және 6 тармақтар алыстан байланысады да, қалған көршілес тармақтар өзара үйлеседі. Келте тармақтарда бунақ 3 буынды және 2 буынды болып келеді. Сегізаяқта алдыңғы екі тармақта ақындық ой қорытылады. Шебер мүсінделген бұл өлең түрі — қазақ поэзиясында оқшау тұрған туынды. "Сегізаяқ" өлшемін, шумақтық өрнегін Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұқағали Мақатаев т.б. ақындар өз өлеңдерінде қолданған.
Абайдың «Сегізаяқ» атты өлеңінің әр шумағы сегіз жолдан тұрады. Өлеңнің ырғақтық құрылысы өзгеше өрнектелген.
Тапсырма: Төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер:
Абай Құнанбайұлының «Қалың елім, қазағым...қайран жұртым » өлеңі
Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=7W9OsGY4T8k
«Қалың елім қазағым қайран жұртым» деген өлең сол кездегі қазақтың рухани ахуалынан хабар беретін өте бір терең талғамды өлең. Қарап отырып бұл өлеңнен Абайдың ұлттық, елдік санаға көтерілген даналығын аңғарамызҚалың елім қазағым қайран жұртым» деген өлең сол кездегі қазақтың рухани ахуалынан хабар беретін өте бір терең талғамды өлең. Қарап отырып бұл өлеңнен Абайдың ұлттық, елдік санаға көтерілген даналығын аңғарамыз
Тапсырма: Класстерді толтырыңыздар:
Үйге тапсырма:
«Абай – дана, Абай –дара қазақта» тақырыбына шығарма жазыңдар
.

