Педагогикалық
практиканы өткізудің жаңа формаларының
бірі – қашықтықтан оқыту
Елімізде
қашықтықтан оқыту жүйесі төтенше
жағдайларға байланысты өз бастауын
алды. Оқыту мен сабақ берудің негізгі
тәсілдерін жаңа форматқа икемдеген
ұстаздар қауымы үшін өткен апта ескіні
бағамдау мен жаңаны бағалаудың алғашқы
кезеңі болды. Мұғалімдерге қысқа уақыт
ішінде үйреншікті жүйеден бас тартып,
технологияны ғана емес, өзін-өзі өзертуге
тура келгені баршамызға белгілі.
Осы
орайда № 1 Алматы қазақ мемлекеттік
гуманитарлық - педагогтік колледжі
маман даярлауда әлеуметтік - серіктестікте
біріккен қызмет атқаруды жалғастыруда.Колледж
студенттері теориядағы білімдерін
іс-жүзіне асыра отырып, кәсіби
шеберліктерін өндірістік педагогикалық
практика түрлерінде көрсетіп келеді.
Педагогикалық практика барысында
болашақ мамандар практика түрлеріне
байланысты білім мазмұнын толық
меңгерген, берілген оқу-тәрбие жұмыстарын
дер кезінде орындай алатын, білім мен
біліктілік дағдылары қалыптасқан деп
айтуға болады. Болашақ ұрпаққа мазмұнды
білім беруде колледж түлектерінің
білімін тәжірибе барысында ерекше
атауға болады және практика барысында
мұғалімдермен бірге қашықтан оқуға
икемделіп, өз үлестерін қосуда.
Атап
айтар болсақ, «Бастауыш білім
беру»мамандығы, 3-курс студенті Ж.Е.
Кесіпбаева 1-сыныпта қашықтан өткізуге
«Монета» тақырыбында дайындаған сабақты
құрылымына , пайдаланатын ресурстар
мен технологияларды тиімділігіне,
оңтайлы тапсырмаларды ұйымдастыруға
баса назар аударған. Берілген тапсырмалар,
түсіндірулер, сұрақ-жауап ағымдағы оқу
үрдісіндегідей жүргізіліп отырылды.
Сабақ барысында оқушылардың жақсы
көңіл-күйі, берілген барлық тапсырмаларды
қызығушылықпен жұмыла орындап, кері
байланысты асыға күтетіндерін байқауға
болады. Сабақтың өту барысы, мақсат,
талаптары оқушының жас ерекшелігіне
сай алынған. Мұғалім (практикант) сабақты
түсінікті, әрі баланың қабылдауына
қарай тиянақты дайындалған. Мүмкіндігінше
қолжетімді платформаларды пайдаланып,
сабақта күтілетін нәтиженің сапалы
көрсеткішіне ерекше көңіл бөлген.Сонымен
бірге MS Excel, Word, PowerPoint, Ahotoshop т.б. компьютерлік
бағдарламаларды сауатты меңгергені
ZOOM арқылы жүргізген сабағы дәлел. Студент
– практиканттардың мектеп оқушыларына
қашықтықтан ZOOM платформасы арқылы
өткізген сабақтарына мектеп және
мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары
колледж түлектерінің болашағынан зор
үміт күттіретін, болашақта өз ісінің
майталман шебері болады деген пікірлерін
жазбаша түрде білдірді.
Қазіргі
замандағы телекоммуникациялық және
электронды басылымдар дәстүрлі оқыту
түрінің барлық құндылықтарын сақтай
отырып, кемшіліктерін жеңіп шығуға
мүмкіндік береді.
Қашықтықтан
оқыту мен
дәстүрлі
оқытудың айырмашылығы, оқытушымен
бетпе-бет қатынас болмайды. Дегенмен,
бірнеше артықшылық жақтары да бар.
Күнделікті оқу практикасында дидактикалық
ресурстар, оқулықтар, аудио және
бейне-кассеталар,электронды оқулықтар
және т.б. қолданады. Жаңа ақпараттық
технологияларды бастауыш және негізгі
сыныптарда ( интербелсенді әдістер,
кері байланыс,гипермәтін, мультимедиа
т.б.технологиясын ) қолдану көрнекі
және мазмұнды түрде беріледі. Яғни, оку
практикасы барысында тәжірибені кез
келген уақытта, кез келген қашықтықта
оқуға болады.
Колледжде
blm.kz параграф
бойынша студенттер кері байланысты
педагогикалық
практика барысында
практика жетекшілерінің берген
тапсырмалары бойынша ,есеп жазып
күнделіктерін толтырып отырады.
Практика
жетекшілері
қашықтықтан оқытудың қолжетімді
платформаларына сүйене отырып студент
- практиканттармен blm.kz параграф,
ZOOM,электронды
пошта,каз пошта т.б.
техникалық құралдар арқылы
кері байланыстар жүргізіледі.
Сонымен
қатар, ZOOM платформасы арқылы студенттердің
курстық жұмыстарын қорғау барысында
оқу базалық мекемелерден № 90 бөбекжай
– балабақшасы,№172 мектеп – гимназия,
№76 ЖББ мектептің педагогтары қатысып
студенттердің жан-жақты ғылыми
ізденісін,теорияда алған білімдерін
практика түрлерімен байланыстыра отырып
мысалдар, дәлелдемелер келтіріп, талдау
жүргізіп өз пікірлерін білдірді.
Тақырыптың өзектілігіне,ғалымдардың
зерттеу жұмыстарына тоқталды.Курстық
жұмыстың мазмұнының жүйелі орындалуы
ортаға салынды.
Қорыта
келгенде төтенше жағдайға байланысты
әлемдік техникалық ақпарат, цифрлы
қазақстан кеңістігіне жол ашып,
студенттердің практикалық, ғылыми және
шығармашылық ізденістеріне қашықтықтан
оқыту еш кедергі келтірмейтінін аңғаруға
болады.
№1Алматы
қазақ мемлекеттік гуманитарлық –
педагогтік колледжінің директордың
оқу - өндірістік жұмысы жөнінен орынбасары
Г.С.
Асубаева