Қазақ әдебиетінен «Ғасырлық
туынды» № 2 БЖБ 3-тоқсан
М.Әуезов «Абай жолы»
роман-эпопеясы
Білім алушы
__________________________________________________11 –
сынып
Оқу
мақсаты:
11.1.2.1 әдеби шығармадағы
көтерілген мәселелерді қазіргі өмірмен байланыстырып, ұлттық мүдде
тұрғысынан ашу;
11.2.1.1 әдеби шығарманың
композициясын жанрлық ерекшеліктерін айқындап, уақыт пен кеңістік
тұрғысынан талдау;
11.3.2.1 көркем шығарманың
жаңашылдығын ғаламдық тақырыптармен байланыстыра отырып, сыни
тұрғыдан баға беру;
Бағалау
критерийі:
-
романдағы көтерілген
мәселелерді қазіргі өмірмен байланыстырып, ұлттық мүдде тұрғысынан
талдайды;
-
әдеби шығарманың композициясын
жанрлық ерекшеліктерін айқындап, уақыт пен кеңістік тұрғысынан
талдайды;
-
шығарманың жаңашылдығын
ғаламдық тақырыптармен байланыстыра отырып, сыни тұрғыдан баға
береді.
Ойлау дағдыларының
деңгейі: Жинақтау. Жоғары деңгей
дағдылары
Орындау
уақыты: 20
минут
1-тапсырма. «Абай жолы» романыны
бойынша тарауларды мазмұнымен
сәйкестендіріңіздер.
Қайтқанда
|


|
Бөжейлер Құнанбай
үстінен арыз жазды. Абай да бірге Қарқаралыға жол алады. Ол жерде
Абай Шөже ақынды
көреді.
|
Жолда
|
13 жасар Абай
ауылға қайтады. Қодар мен Қамқа жазаланады. Ауылға қонақ болып
Барлас пен Байкөкше
келеді.
|
Шытырманда
|
Абай 17 жаста әке
атанады (Ақылбай мен Күлбадан). Жұт болады. Абай халыққа қамқорлық
көрсетеді. Зере қайтыс болады. Балағаз бен Абылғазы жылқы ұрлаумен
айналысады. Сайлауда Тәкежан болыс болады. Ұрылар ұсталып, Үркітке
айдалады.
|
Қияда
|
Жер, қыстау
мәселелеріне Абай араласады. Түйеөркеш деген жерде Тоғжанды
кездестіреді. Кәмшат қайтыс болады. Соңынан Бөжей
кетеді.
|
Тайғақта
|
Абай ауылына
Біржан қонаққа келеді. Оралбай мен Керімбала бір-бірін ұнатып
қалады. Бұл сезім Жігітек пен Бөкенші арасында шайқас
тұдырады.
|
Жайлауда
|
Еңлік-Кебекті
жазуға Шұбар мен Дәрмен таласады. Жігітектің қыстық шөптерін
Әзімбай ордырады. Ырғызбай қарашығын жинайды. Базаралы айдаудан
қашып келеді.
|
Абай
аға
|
Құнанбай
қажылыққа жол тартады. Абай мен Ербол Байшораның Бекей ауылында
Әйгерімді (Шүкіманды) кездестіреді. Әйгерімге құда
түседі.
|
2-тапсырма. «Абай жолы»
роман-эпопеясында кездесетін салт-дәстүрлердің бүгінгі өмірде
қолданыста қандай дәрежеде, көнеріп, жойылған түрлері туралы
пікіріңізді білдіріңіз.
Салт-дәстүрлер: Бастаңғы, жоқтау, сауын
айту, ұрын бару, әмеңгерлік салт.
Бүгінгі таңда қолданыста
бар салт-дәстүрлер, олардың
маңыздылығы
|
Қолданыстан шығып кеткен
салт-дәстүрлер, жойылу
себебі
|
|
|
3-тапсырма.
Шығармада қазақ қоғамындағы замана көрінісін бүгінгі күн тұрғысынан
салыстырып баға беріңіз
ХІХ
ғасыр
|
ХХІ
ғасыр
|
1. Дін жолы арқылы үстемдік
жасаған.
2. Әйелдер қауымының бас бостандығы
жоқ.
3. Зорлықпен
жесірлерге күш көрсетілген.
|
|
Бағалау
критерийі
|
Тапсырма
|
Дескриптор
|
Балл
|
•романдағы көтерілген
мәселелерді қазіргі өмірмен байланыстырып, ұлттық мүдде тұрғысынан
талдайды;
•әдеби шығарманың
композициясын жанрлық ерекшеліктерін айқындап, уақыт пен кеңістік
тұрғысынан талдайды;
•шығарманың жаңашылдығын
ғаламдық тақырыптармен байланыстыра отырып, сыни тұрғыдан баға
береді.
|
|
«Абай жолы» романыны бойынша
тарауларды мазмұнымен
сәйкестендіреді;
|
2
2
|
Бүгінгі таңда қолданыста бар
салт-дәстүрлер, олардың маңыздылығы туралы
анықтайды;
|
1
1
|
Қолданыстан шығып кеткен
салт-дәстүрлер, жойылу себебін
анықтайды;
|
1
1
|
Шығармада қазақ қоғамындағы
замана көрінісін бүгінгі күн тұрғысынан салыстырып баға
береді.
|
1
1
|
|
|
Барлығы – 10
балл
|
Ықтимал
жауаптар
1-тапсырма. 1-тапсырма. «Абай жолы» романыны
бойынша тарауларды мазмұнымен
сәйкестендіріңіздер.
Қайтқанда
|


|
Бөжейлер Құнанбай
үстінен арыз жазды. Абай да бірге Қарқаралыға жол алады. Ол жерде
Абай Шөже ақынды
көреді.
|
Жолда
|
13 жасар Абай
ауылға қайтады. Қодар мен Қамқа жазаланады. Ауылға қонақ болып
Барлас пен Байкөкше
келеді.
|
Шытырманда
|
Абай 17 жаста әке
атанады (Ақылбай мен Күлбадан). Жұт болады. Абай халыққа қамқорлық
көрсетеді. Зере қайтыс болады. Балағаз бен Абылғазы жылқы ұрлаумен
айналысады. Сайлауда Тәкежан болыс болады. Ұрылар ұсталып, Үркітке
айдалады.
|
Қияда
|
Жер, қыстау
мәселелеріне Абай араласады. Түйеөркеш деген жерде Тоғжанды
кездестіреді. Кәмшат қайтыс болады. Соңынан Бөжей
кетеді.
|
Тайғақта
|
Абай ауылына
Біржан қонаққа келеді. Оралбай мен Керімбала бір-бірін ұнатып
қалады. Бұл сезім Жігітек пен Бөкенші арасында шайқас
тұдырады.
|
Жайлауда
|
Еңлік-Кебекті
жазуға Шұбар мен Дәрмен таласады. Жігітектің қыстық шөптерін
Әзімбай ордырады. Ырғызбай қарашығын жинайды. Базаралы айдаудан
қашып келеді.
|
Абай
аға
|
Құнанбай
қажылыққа жол тартады. Абай мен Ербол Байшораның Бекей ауылында
Әйгерімді (Шүкіманды) кездестіреді. Әйгерімге құда
түседі.
|
2-тапсырма. «Абай жолы»
роман-эпопеясында кездесетін салт-дәстүрлердің бүгінгі өмірде
қолданыста қандай дәрежеде, көнеріп, жойылған түрлері туралы
пікіріңізді білдіріңіз.
Салт-дәстүрлер: Бастаңғы, жоқтау, сауын
айту, ұрын бару, әмеңгерлік салт.
Бүгінгі таңда қолданыста
бар салт-дәстүрлер, олардың
маңыздылығы
|
Қолданыстан шығып кеткен
салт-дәстүрлер, жойылу
себебі
|
1.Бастаңғы. Қазақта «шешесі қыдырмашының
қызы бастаңғышыл болады» дейтін сөз бар. Үй адамдары сапарға
шыққанда қыздың қыз-жігіттерді шақырып көңіл көтерер ойын-сауық
өткізгенін бастаңғы деп білеміз. Оны бүгінгінің сауық кештерімен
салыстыруға келмейді.
2.Жоқтау-
Өлген адамның әйелі, иә қызы,
иә келіні зарлы үнмен өлген адамның тірідегі істеген істерін,
өлгенінше бастарына түскен қайғы-қасірет, күйіктерін шағып,
жылағанда айтатын жыр түріндегі сөз. Қазіргі кезде қолданыста
бар.
3. Сауын
айту –
үлкен ас, ұлы той сынды маңызды
да ауқымды жиындар туралы ел-елге жариялап, хабар беру түріндегі
қазақтың ежелден келе жатқан халықтық ғұрпы. Ол бірнеше ай, не бір
жыл бұрын айтылған. Қазіргі кезде осылай той-жиындарға шақыру бар,
бірақ қазір техниканың дамуына байланысты шақыруды онлайн жібере
салатын болды.
|
Ұрын
бару –
күйеу жігіттің айттырылған
қалыңдығымен танысу үшін қайын жұртына ең алғашқы бару
сапары. Қазақ дәстүрі бойынша
ата-аналар өзара келісе отырып, балаларын бесікте-ақ атастырған.
Сондықтан да 14—15 жасында кәмелетке толып, оң-солын танитындай
жағдайға жеткенде жастарды алғаш рет ресми түрде кездестіріп
таныстырған. Мұндағы негізгі мақсат — жастардың өзара түсінісіп,
үйлену тойына дейін бірін-бірі жақсы білісуіне жағдай жасау. Бұл
дәстүр қазір
қолданылмайды.
Әмеңгерлік
— дәстүрлі құқықтық мәдениеттің
негізгі институттарының бірі; күйеуі өліп, жесір қалған әйелдің
қайынағасына немесе қайынінісіне, не болмаса жұбайының ең жақын
туыстарының біріне тұрмысқа шығуы, некелесуі. Бұл дәстүр де қазіргі
кезде өте сирек
қолданылады.
|
3-тапсырма.
-
ХІХ
ғасыр
|
ХХІ
ғасыр
|
1. Дін жолы
арқылы үстемдік жасаған.
2. Әйелдер
қауымының бас бостандығы
жоқ.
3. Зорлықпен жесірлерге
күш көрсетілген.
|
1. Зайырлы мемлекет,
сондықтан дін адамдар құқығына қол сұқпайды. Мемлекеттің
қамқорлығы бар.
2. Асыраушысынан айырылған
жанұяға қаржылай көмек
береді.
3. Қайырымдылық қорынан
да көмек
көрсетіледі.
|