Материалдар / 1 ден 10ға дейін тура және кері санау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

1 ден 10ға дейін тура және кері санау

Материал туралы қысқаша түсінік
: Келесі санды 1-ді қосу арқылы және 1-ді азайту арқылы алу тәсілімен таныстыру. Сандық кесіндіден 1-ді қосу және 1-ді азайту арқылы мысалдар шығару ұғымдарын қалыптастыру. 1-ді қосу және азайтуды үйрету. 10-ға дейін тура және кері санауды жүргізу. Талдау, салыстыру, қарапайым тұжырымдар жасауды үйрету. Назар аудару, логикалық ойлау дағдыларын дамыту. Шыдамдылыққа тәрбиелеу
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

21 Білім беру салалары: таным,

Бөлімі: МАТЕМАТИКА НЕГІЗДЕРІ.

Тақырыбы: 10 көлемінде тура және кері санау.

Мақсаты: 10 көлемінде тура және кері санау дағдысын қалыптастыру.

Міндеттері: 1. Келесі санды 1-ді қосу арқылы және 1-ді азайту арқылы алу тәсілімен таныстыру. Сандық кесіндіден 1-ді қосу және 1-ді азайту арқылы мысалдар шығару ұғымдарын қалыптастыру. 1-ді қосу және азайтуды үйрету. 10-ға дейін тура және кері санауды жүргізу. Талдау, салыстыру, қарапайым тұжырымдар жасауды үйрету. 2. Назар аудару, логикалық ойлау дағдыларын дамыту. 3. Шыдамдылыққа тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер: меңгереді: қарапайым мысалдар шығару, 1-ден 10-ға дейін тура және кері бағытта санауды; түсінеді: 1 санды қоса есептеу арқылы келесі санды және 1 санға азайту арқылы алдыңғы санды алу тәсілін; қолданады: 1-ден 10-ға дейін санау дағдысын. Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар:

2 жұмыс дәптері, демонстрациялық материал, 7, 21, 24-кесте. Қуыршақтар Әлия және Сырым. Сөздік жұмыс: есептік сандар 1-10.

ҰОҚ-нің барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі. Ойын жағдаяты. Әлия мен Сырым балаларға пойызбен саяхат жасауды ұсынады. Педагог балаларды вагондар болуға шақырады. Он бала бір-біріне тіркесіп, пойыздың қозғалысын еліктейді. Балаларға 1-ден 10-ға дейін цифр жазылған карточкалар таратылады. Педагог басқа балаларға вагондарды 1-ден 10-ға дейін тура және кері санауды сұрайды.

2. Негізгі кезең. Вагондармен көрініс ойнатылады. Педагог вагондардың бір-бірден туннельге қарай кетіп жатқанын хабарлайды. Сандық сәуле бойынша педагог 1-ге азайту амалын көрсетеді. Сонымен 10 – 1 = 9 9 –1 = 8 8 – 1 = 7 7 – 1 = 6 Натурал сандар қатарын (немесе сызықшаны) көрсетуіне болады. Одан кейін педагог вагондардың бір-бірден туннельден шығып жатқанын хабарлайды. Біз оларды қалай санаймыз?

Жазба жазуға болады: 1 + 1 = 2 – оны оқыңыз. 2 + 1 = 3 және т.б. Карточкамен жұмыс Тақтада (демонстрациялық материал 21- кесте) 1 -ден 10-ға дейін сандар қатары ретімен тұрады. Топтан екі баланы шақырады, олар цифрды тез және дұрыс қояды, тура және кері санайды. Бір бала санауды бастайды, екіншісі жалғастырады деген тәсілді пайдаланамыз.

Дәптермен жұмыс істеу 1-тапсырманы орнындауға педагог балаларға сурет береді. - Қандай вагондардың нөмірі жоқ? Жаз.

1-тапсырманы жалғастыру үшін балалардың қала сыртына шана тебу үшін барғаны туралы сюжетті жалғастырады.

-2 тапсырма. Педагог сурет бойынша балалар не істеп жүргенін әңгімелеп берулерін сұрайды. - Төбешікте неше бала тұр?

(3). Неше бала көтерілді? (1) Барлығы нешеу болды? (4). Екінші сурет бойынша: – Неше бала төбешіктен сырғанады? – Төбешікте неше бала қалды?







Сергіту сәті

Қане қанат жазайық,

Қарлығашқа ұқсайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

Білімде алда болайық.

Жазу:

5+1

2+2

3+4

10-2

Ойын жаттығуы: «Жазбаны шеш». Балалар карточкалардың көмегімен үстелде және тақтада математикалық жазбалар жасайды.

Дәптермен жұмыс Осыдан кейін балаларға 3-тапсырманы жұппен орындауды ұсынады, балалар суретте не бейнеленгенін санайды және атайды.

Мысалдар құрастырып, оларды шығарады. Сұрақтарға жауап береді.

-Суреттерде не бейнеленген, қандай әрекеттер орын алады?

Бұл сурет үшін қандай математикалық жазба сай келеді?

Педагог 4-тапсырманы орындауды ұсынады, әр пойызға тағы бір вагонды тіркеу керек. Вагондарды бояйды. Әр қатарға неше вагон боядың?

Әр қатарда неше вагоннан болды?

70 Тапсырманы жұппен тексеруге болады. Әр бала көршісіне дәптерін көрсетеді.

Педагог балаларды сыпайы сөйлесуге және тапсырманың дұрыстығы туралы пікір білдіруге үйретеді. «Математикалық жазулар»

дәптерімен жұмыс. Педагог 16-ші беттегі № 21-ші тапсырманы орындауға ұсынады. Балалар жұмысқа кіріспес бұрын ауада түзу және толқынды сызықтар салады, қолымен дөңгелек қимылын көрсетеді. Педагог балалардың партада дұрыс отыруына назар аударады. Жеке жұмыс жүргізеді. 3. Рефлексия. Педагог оқу қызметін қорытындылайды, балаларды мадақтайды. Әсерлерімен бөліседі. Педагог өзін-өзі бағалауға ұсынады. Егер ҰОҚ-тін дұрыс орындасаң – жасыл дөңгелекті боя. Егер тапсырмалар жартылай орындалса – сары дөңгелекті боя. Егер ҰОҚ қиын болып, түсініксіз болса – қызыл дөңгелекті боя.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!