Тақырыбы: «1 желтоқсан – Қазақстан
Республикасының тұңғыш Президент күні»
Мақсаты:
1 - желтоқсан - Тұңғыш Президент күні
мерекесінің мәнін ашу. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы мен шығармашылыққа толы атқарылған
істері туралы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері
туралы мағлұмат беру;
Қ. Р. Президенті Н. Ә. Назарбаев ел үшін
жасаған істерін үлгі – өнеге
ету.
Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік
сезімін ояту, оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып
өсуге, елжандылыққа, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық
сезімге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
Тақырып жазылған плакаттар, нақыл сөздер,
елбасының суреттері, еңбектері,
т.б.
Мұғалім:
Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! Бүгінгі тәрбие
сағатымыздың тақырыбы «1 желтоқсан – Қазақстан
Республикасының тұңғыш Президент
күні»
деп
аталады.
Көк байрақты туым
бар,
Рухы биік елім
бар
Ырыс пен арды
ойлаған,
Ел басқарған ерім
бар.
Егеменді
Отанымның,
Қасиетті
қазағымның,
Елбасы кім
айтыңдар?
1991 жылы өзінің тәуелсіздігін жеңіп алған
жас мемлекет - Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Ендеше бүгінгі тәрбие
сағатымызда әділеттің ақ жолын ту етіп, елінің егемендігін ойлаған,
ынтымақты, тұтастық бірлікті ойлаған ұрпақтың саналылығына мән
берген, ар мен намыста биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам
қайраткері – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев туралы мағлұмат
алмақпыз.
Тәуелсіз елдің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев: «Мен өз халқымды сүйемін». Оның мені бала кезімнен сабыр
мен парасатқа баулығанын мақтан тұтамын. Мен осы халықтың қаны мен
жанынан жаралған перзентпін, сондықтанда қиын кезеңде өз мойныма
түскен ауыр жүкті көтеруге міндеттімін – дегендей тәрбие
сағатымызды бастауға рұқсат
етіңіздер.
Тәрбие сағатымыз 5 бөлімнен
тұрады:
-
«Менің - Қазақстаным» (Оқушылар берілген
сұрақтарға жауап береді)
-
«Қазақстан Республикасының тұңғыш
президенті - Н.Ә.Назарбаев» (Елбасы туралы толық мәлімет алу үшін
сұрақтар қойылады.)
-
Жырым саған арналады,
Елбасы
(Оқушылардың елбасына
арнауларын тыңдау)
-
«Елімен бірге -
Елбасы» (Оқушылардың елбасы
туралы өз ойларын білу)
-
Қорытынды
Мұғалім:
Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде
Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш
пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. Еңбек жолын 1960 жылы
Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы
жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі
жолдан өтті.
Қазақстан Республикасының Елбасына дейін
көтерілген. Н. Ә. Назарбаев осындай тамаша жетістіктер деңгейіне
бірден қолы жеткен жоқ. Кішкентай кезінен бастап, түрлі
қиындықтарды бастан кешірген. Соның бірі бала кезінде бірнеше
шақырым жердегі мектепке қыстың қарлы бораны мен күздің қара
суығына қарамастан, таңның атуын күтпестен мектепке қатынаған сәтін
айтсақ та болады. Алдына қойған мақсаты айқын адамдар не нәрсе
болса да жеңіп, сол мақсатына жететінін біз осы атамыздың жасап
жатқан айшықты да айқын жұмыстарынан аңғара
аламыз.
1.«Менің Қазақстаным» (Оқушылар берілген
сұрақтарға жауап береді)
1. Қазақстанда
неше облыс бар?
2. Қазақстанда
неше астана болды аттарын ата.
3. Тәуелсіздік күнін қай күні
мерекелейміз?
4. Қазақстанның
Конституциясы қай жылы қабылданды?
5.Жалпы Қазақстан туралы не
білеміз?
6.Қазіргі Қазақстан
қандай?
7.ЭКСПО туралы не айта
аласыңдар?
8.Осындай елде тұрып жатқандарыңа
қуаныштысыңдар ма?
2.«Қазақстан Республикасының тұңғыш
президенті - Н.Ә.Назарбаев» (Елбасы туралы толық мәлімет алу үшін
сұрақтар қойылады.)
1. Қазақстан Республикасының Президенті
кім?
2. Елбасымыздың туған
жері?
3. Елбасының анасының
аты?
4. Әжесінің
аты?
5. Орта мектепті қашан
бітірді?
6. Қай қалаға барып жұмысқа
тұрады?
7.«Балалық шағымның аспаны» атты фильмі
кімнің балалық шағы туралы?
8.Осы фильм туралы не
білеміз?
3.Жырым саған арналады,
Елбасы
(Оқушылардың елбасына
арнауларын тыңдау)
4.«Елімен бірге -
Елбасы» (Оқушылардың
елбасы туралы өз ойларын білу)
5.Қорытынды
Бүгінгі тәрбие сағатымыз өз
мәресіне жетті.
«Беталысы күнде өзгерген
алмағайып дүниеде адамзат үшін ешқашан өзгермеген, өзгермейтін
темірқазықтар бар. Ол – білім! Ол – еңбек!
Ел болашағының баянды болмағы
баста бұлықсыған білім мен қолда ойнаған еңбекке
байланысты». Ержүрек халықтың жалғасымыз-дегендей
елбасымыздың осындай қанатты бір сөздерімен қорытындылағым келіп
отыр. Себебі, елбасымыз үлкен жетістікке жету үшін білім мен
еңбекті қатар алып жүрді десек те қателеспейміз. Сол себепті
сіздерге де айтуымның бірден бір себебі осы. Білім мен еңбекті
қатар ұстасаңдар өмірден өз орындарыңды таба аласыңдар. 1 желтоқсан
– Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні мерекесімен
баршаңызды шын жүректен құттықтай отырып, тәрбие сағатын аяқтаймын.
Сау болыңыздар!
№98 орта
мектеп
Тақырыбы:
«1 желтоқсан – Қазақстан
Республикасының тұңғыш Президент күні»
8-сынып
Сынып жетекші:
Г.Сералиева