№
23
«Балдырған» бөбекжай-бақшасы.
1-желтоқсан –Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
күні.
(Балалардың ата-аналарымен бірігіп
түсірілген
бейне жазба челлендж)
«Бәйтерек» тобы
Тәрбиеші: Жалмаханова Ж.
2020 - 2021 оқу жылы.
1-желтоқсан –Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
күні.
Мақсаты: Балалар 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш
Президент күнімен құттықтайды. Отансүйгіштік дағдылары
қалыптасады.
Ән жетекші: Шамшатова
Ақсауле
1-желтоқсан –Қазақстан Республикасының Тұңғыш
Президенті күні.
1-желтоқсан бүкіл халықтық мереке.
Баршаңызды, осы айтулы мерекемен құттықтаймын.
-Ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі
қарсаңында Қазақстан Парламентінің Сенаты «1-желтоқсан Қазақстан
Республикасының Тұңғыш Президент күні» мемлектеттік мерекесін
бекіткен заңын қабылдады. Бұл еліміздің жаңа тарихындағы ерекше
күн.
Қазақстанның егеменді ел атануына
Елбасымыздың қосқан үлесі зор. Ол қазақстанды мекендеген, барлық
халықтардың ұлттық мәдениетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын
жарастырып отыратын тұлға.
Рамазан:
Нұр-ата-бейбіт нұрлы күн,
Сақтаған достық бірлігін.
Ынтымақ тауып жарасып,
Тасытты ырыс тірлігін.
Рамазанның ата-анасы:
Сан ұлттың басын қосып
Қазақстан,
Бекемдеп саясатын іш пен
тыстан.
Елбасы алдын ала болжай біліп,
Сүрінбей аман өттік
дағдарыстан.
Бекзат:
Асырып ойын ғарыштан,
Бағытты болжар алыстан.
Санасы сара көреген,
Нұр-ата білгір данышпан.
Бекзаттың ата-анасы:
Бар әлемге шын танылдық міне,
біз,
Елін сүйген Елбасы деп
білеміз.
Тең аталып Қазақстан
Нұрсұлтан,
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр
егіз.
Салтанат:
Теңесер көкпен төбесі,
Ойының биік өресі.
Емендей өзі жігерлі,
Қайратты қайсар Ер осы.
Салтанаттың ата-анасы:
Татулықты ұран қылып күнде
біз,
Берекемен берік болды іргеміз.
Халқымызды күллі әлемге
танытқан,
Елбасымен қашандағы біргеміз!
Тәрбиеші: Байтерекова
Айгүл
Ғасырлар бойы халқымыздың асыл арманы болып
келгенғ егемен Қазақстанды құру жөніндегі ата-бабаларымыздың тарихи
аманаты орындалды. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстанды жарқын болашаққа батыл бастады. Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев Президент болған аз уақыт ішінде қаншама жетістіктерге
қолымыз жетті.
«Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар,
ол-Тәуелсіз Қазақстан» деп, Елбасымыз айтқандай кең байтақ
Қазақстан –туған өлкеміз, оны сүйіп, құрметтеу-барлығымыздың
парызымыз.
Фариза:
Намыстың жанып қайрағын,
Көтеріп көкшіл байрағын.
Қазақтың даңқын шығарды,
Дәріптеп дәстүр қаймағын.
Фаризаның мамасы:
Азаттық пен елге қонды тосқан
бақ,
Қазақ елін мойындауда, дос
таңдап.
Елбасының еңбегімен нұрлана,
Қазағымның мерейі тұр
аспандап.
Альбина:
Қазақстан-республикам,
мақтанышым.
Мен сені жырламаймын мақтан
үшін.
Құдайым маған құйттай жүрек
берген,
Лүпілдеп сені сүйіп, сақтау
үшін.
Альбинаның папасы:
Жыл сайын табыс қоссын
табысыңа,
Әр қазақ берік болсын
намысына.
Нұрсұлтан Назарбаев бастай
берсін,
Нұрлы жол, Нұрлы заман
бағытына!
Айтмансұр:
Төрткүл дүние бұрышын,
Кеңейту үшін тынысын.
Құшаққа алып бар елді,
Сілтеді жолдың дұрысын.
Айтмансұрдың мамасы:
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы
жан,
Сіз біздердің піріміз де
әніміз.
Халқым айтқан жер көтерер ел
даңқын,
Елім айтқан, ер көтерер жер
даңқын.
Президентім, елбасы, аман
болып,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр
халқым!
Тәрбиеші: Жалмаханова
Жанар
Қазақстанның егеменді ел атануына
Елбасымыздың қосқан үлесі зор. Ол Қазақстанды мекендеген барлық
халықтардың ұлттық мәдениетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын
жарастырып отырған тұлға. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
әрдайым халықпен бірге, ол өз халқына үлкен қамқорлық көрсетеді.
Еліміздің тәуелсіздік жемістерін, бүгінгі қол жеткізген табыстарын
біліп жүру - біздің басты міндетіміз.
Баршаңызды 1-желтоқсан – Қазақстан
Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен
құттықтаймыз.
Хор: «Тәуелсіздіктің
ұраны»