400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім алушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні

Темірбай Аяжан Жақсылыққызы

Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті

«Педагогика және психология жоғары мектебі»

«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы


1-желтоқсан - Қазақстан Республикасының тұңғыш президент күні. Бұл мейрам 2011 жылы 10 желтоқсанда белгіленіп, бүгінгі күнге дейін тойланады. Бұл жарлықтың мағынасы Тәуелсіз мемлекеттің тұңғыш президентін құрметтеу. Мемлекеттік деңгейде аталып өтілетін мейрамның маңызы да, тарихы да тереңде жатыр. Еліміздің ел болу шежіресі сан түрлі белестерден тұрады. Сол белестердің ең алғашқысы ол еліміздің Тұңғыш Президентінің сайлануы болатын. Тәуелсіз Қазақстанды сындарлы жолдардан, сан түрлі белестерден құлатпай, сүріндірмей алып шығу үшін де үлкен қажыр қайрат пен ұлтына, қазағына деген сүйіспеншілік керек еді. Нұрсұлтандай ұлдың бойынан сол қасиеттердің барлығы дерлік табыла білді. Халықты қашанда білікті басшы шыңға шығарады емес пе? Ал біліксіз басшы шыңырауға түсіреді. Біздің еліміздің шыңға өрлеп, бүкіл әлем мойындаған ел болуы аянбай еңбек еткен басшымыздың арқасы екенін бүгінде баршамызға аян. Елбасымыз, қарапайым отбасында дүниеге келген. Кішкентай кезінен барлығы Сұлтан деп атап кеткен екен. Бала Сұлтан бауырмал, елгезек, ата-анасына қолқабыс беруге қашанда дайын бала болыпты.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - елбасы болып сайланған соң, қазақ халқы тәуелсіздік алды. Елбасы егемендігіміздің алғашқы күнінен бастап, жатса- тұрса ойлайтыны да, айтатыны да еліміздің тыныштығы мен бірлігін сақтап қалу болды. Бар уайымы, халықты аштыққа, жалаңаштыққа ұрындырмау болды. Қазақстанның тәуелсіз мемлекетке айналару жолында, не қилы қиындықтар кезінде халқын қолдап, рух-жігерін көтерді. Қазақ халқының құлаған іргесін қайтадан көтеру оңай болған жоқ. Алайда, елбасымыз бар күш-жігерін елінің аяғына нық тұруына бағыттады. Елбасымыздың арқасында біз көп жетістіктерге қол жеткіздік. Мысал келтірер болсақ, байтақ еліміз, тұңғыш Президентіміздің басшылығымен әлем мойындаған, жаһанға аты жеткен мемлекетке айналды. Сонымен қатар, еліміздің экономикасын жақсартып, халқымыздың әл ауқатын көтерді.Бүгінде бұл мереке өте үлкен деңгейде тойланып өтеді. Ұлт тағдыры үшін барын салып жүрген Елбасымыз, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен жасалынып жатқан игі іс-шараларды бір кітаптың өзіне сыйғыза алмаспын. Елбасымыздың жастарға деген қамқорлығы да ерекше. Ол болашақ жастардың қолында екенін үнемі айтып отырады. Оларды қолдау үшін барын салады. Осы орайда Елбасының өзінің жеке тапсырмасымен «Болашақ» бағдарламасы жүзеге асырылып жыл сайын қаншама қазақтың қаракөздері әлемдегі ең атақты жоғары оқу орындарында білім алып келеді. Одан бөлек ұлттық мақтанышымызға айналған Елордамыз Астананың уығын қадап, бүкіл әлемге бас қаламызды мойындата алғаны өзінше бір шежірелі тарих.

Жыл сайын ел алдына шығып өзі жасаған жұмыстары жөнінде есеп беріп, елдің болашағы үшін алаңдап, алдағы жұмыстарының жоспары ретінде Қазақстан халқына Жолдау жолдайды. Мұның барлығы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының халқына деген сүйіспеншілігін, ел жүгін мойынына арқалай білгендегі жауапкершілігін айқындайды. Сондықтан аталмыш мереке үлкен қуанышпен аталып өтіледі.

Бұл мерекенің тойлануының өзіндік ұлтқа берері мол. Осы мереке арқылы жас ұрпақ Тәуелсіз Қазақстанның тарихын танып, оның ел болып қалыптасу жолында қандай тұлғаның аянбай еңбек еткенін жадында сақтауына үлесін қосады. 1-желтоқсан Қазақстанның шежіресінде үлкен мәнге ие, сондықтан аталмыш датаның Тұңғыш Президент күні ретінде тойлануы заңды құбылыс.

Халық елбасымыздың істеген жұмыстарына, еңбегіне разы болып отыр. Ел басының арқасында Қазақстан Республикасы өзінің атын жоғалтпады, біздің әнұранымыз, рәміздеріміз, валютамыз, және туымыз бар. Ол біздің еліміздің тәуелсіз, егеменді ел екендігміздің бұлтартпас айғағы..

Қорыта айтқанда, Н.Ә.Назарбаев біздің еліміздің дамуына үлкен үлес қосты. Менің ойымша, әр қазақстандық Президентімізбен мақтана отырып, игі істерін жалғастыра біле алуы  керек. Елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаев – Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі,мақтанышы мен абыройы.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
215
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі