1 Мамыр Қазақстан халқының Бірлігі күніне арналған "Достығымыз жарасқан" атты ертеңгілігінің сценарийі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

1 Мамыр Қазақстан халқының Бірлігі күніне арналған "Достығымыз жарасқан" атты ертеңгілігінің сценарийі"

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақстан халқының бірлігі күніне арналған ертеңгілікке тәрбиешілерге көмек деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қарлығаш» І кіші тобының 1 - мамыр Қазақстан халықының бірлігі күніне арналған

«Достығымыз жарасқан» атты ертеңгіліктің сценарийі



Мақсаты: Балаларға 1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу. Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейту. Ойын арқылы әр ұлттың киімдерін ажырата білуге үйрету.
Әдіс – тәсілі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын, ән айту.
Көрнекілігі: Әр ұлт өкілдерінің суреттері, интерактивті тақта.Әсем безендірілген зал, мерекелік шарлар, ұлттық киімдер мен жалаушалар.


Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар, құрметті ұстаздар!

Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттармен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Достығымыз жарасқан» тақырыбындағы мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Қазақтың – халқы жомарт, даласы дархан, орманы қарқан, таулары қалқан болған ақ бесік ата мекені бар. Сол мекенде жусанның жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз.

Тілі бөлек болғанменен тілегі бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрегі гүл.

Қазақстан барлық ұлтқа шаңырақ,

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достығымыз мәңгілік болғай.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілі.
- Дұрыс айтасыңдар, қазір көктем мезгілі, көктем мезгілінде біз қандай мерекелерді тойладық, қане есімізге түсірейікші.
- 8 наурыз аналар мерекесі, 22 наурыз, наурыз мерекесі.
Жарайсыңдар, сендер жақсы біледі екенсіңдер, естеріңе жақсы сақтап қалыпсыңдар. Осы көктем мезгілінің соңғы мамыр айында тойланатын тағы бір мереке бар екен. Ол мереке 1 мамыр Қазақстан Халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні мерекесі.
- Балалар біздің ұлтымыз қандай?
- Қазақ
- Біз қай тілде сөйлесеміз?
- Қазақ тілінде.
Қазақстан халқының өзінің қазақ тілі, ұлттық киіміміз, салт – дәстүріміз бар. Сол сияқты біздің Қазақстанда басқада ұлттар тұрады. Өзбек, орыс, қырғыз, татар және тағы басқа да ұлт өкілдері тұрады. «Бірлік бар жерде бақыт бар»
Отан - әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Адам жүрексіз өмір сүре алмайды. Отан - біздің туған жеріміз, өзіміздің туған - туысқанымыз, дос - жаранымыз бен тұратын еліміз.
Біздің Отанымыз - Қазақстан.
Республика халқының саны 17 миллионнан астам 
Жергілікті ұлт қазақтармен бірге басқа да 130 - дай ұлт өкілдері тұрады. Мұнда ұлтына, нәсіліне қарамай барлық халық өкілдері бір - бірімен туысқандай болып кеткен. Қазақстанның шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға барлық ұлт өкілдері белсене қатысып, бірлесе еңбек етіп келеді. Сондықтан 1 - мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні болып аталады.

Слаид: «Бірлігіміз жарасқан»
Сырттан есіктің қағылған дауысы естілді
- Почтален есік қағып тұр екен
- Почташы бізге көптеген хат алып келген екен, бұл хаттардың кімдерден келгенін оқып берейін сендерге.
- бұл хаттар бізге Қазақстанда тұратын әр ұлт өкілдерінің сендер сияқты балаларынан келіпті. Олар бізге достық хатын жолдапты.

Мына бір хатты сендерге оқып берейін. «Менің жасым 4те. Менің ұлтым орыс, тілім қазақ, менің Отаным Қазақстан. Сендерді балалар - 1мамыр Ұлттар достығы күнімен құттықтаймын. Сендермен дос болғым келеді. Балалар болашақта сендер өз Отанымыздың патриоты, ұлтын сүйетін азамат болып өсіңдер» – деп тілек жазыпты.

(осы кезде залға орыс ұлтынан Настя апай қонаққа келеді. Ол балаларға орыс ұлттық ойыны жайлы айтып береді)

Балалар, әр ұлттың өзіне тән ұлттық ойындары болатыны сияқты біздің орыс халқыныңда бар. Сіздер орыс достарыңның аулада « – Гу-си, гу-си! – Га-га-га! – Есть хоти-те? – Да! Да! Да!» деп тақылдап жүргенін естіген шығарсыңдар? Кане бәріміз бірге айтып осы ойынды ойнайық. (Настя апай балалармен бірге ойын ойнайды). Ендеше балалар бізге қонақ болып келген орыс ұлтын ортамызға шақырып, орыс ұлтының биін тамашалайық.

Би: «Орыс ұлты биі»

Мамырдың бірі, достық күні
Ән салып, билеген халықтың үні.
Тұтасып, тойлаған ұлттар,
Керемет мереке, мамырдың бірі.


Тәрбиеші: Ал, балалар, мен келесі достық хаты қай ұлттан келгенін оқып берейін. Бұл хат бізге кәріс ұлтынан келіпті. Балалар ол да сендерді мерекемен құттықтап, сендермен дос болғысы келетінін жазыпты. Балалар дос боламыз ба?
Корей атауы "коре" деп аталынған орта ғасырлык мемлекеттің атынан пайда болған екен Егер "Чосон" деген сөздің иероглифтік жазбасының аудармасына көңіл бөлсек, онда "коре"—"Таң самалы елі" деген ұғымды білдіреді Жалпы бұл атау Корей құл иеленушілік мемлекеті болып тұрғанға дейін өмір сүрген Корей — өзіндік тарихы мен бай мәдениеті бар ежелгі ел
Корейлердің ұлттық тағамдары – қышқыл дәмді, ащы тұздық қосқан балық пен көкөніс. Корейліктердің дәстүрлі тағамдары өсімдік тағамдар – жарма мен көкөністен жасалған тағамдар басым болып табылады

Ендеше бізге қонақ болып келген кәріс ұлтының биін тамашалайық.
Би: «Кәріс биі»
Тәрбиеші: Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата - бабадан,
Бірлік асыл мұрамыз – дей отыра келесі хатымызды оқиық. Бұл хат өзбек ұлтынан келіпті. Оларда сіздерді мерекемен құттықтапты. Ал балалар өзбек ұлтының балалары қандай ойын ойнайды екен.
«Ақ терек, көк терек! Бізден сізге кім керек?» деп ойнауға әуессіңдер, солай емес пе? Бұл ойынды өзбек халқы өздерінің ұлттық ойыны санайды. Каникей осы ойынды бірге ойнайық.

Ойын: «Ақ терек, көк терек» өзбек ұлтының ұлттық ойыны



Болсын жер мен су да ортақ,
Болсын біздің ту да ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз – деп келесі хатты ашып көрейік бұл хатты бізге үнді халқы жазыпты. Мерекемен құттықтапты. Балалар үнді халқының ұлттық киімі сари деп аталады екен. Олар амандасқанды екі алақанын бір-біріне жауып тұрып «Намасти» деп амандасады екен. Ендеше үнді халқының биін тамашалайық.

Би: «Үнді биі»

Тәрбиеші: Келесі хатымыз грузин ұлтының балаларынан келіпті. Балалар қараңдаршы грузин жігіттері өздері бізге қонаққа келіпті. Олар сіздерге әдемі би билеп береді.

Би: «Грузин биі»

Тәрбиеші: Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.

- Рахмет балалар осы достығымыздың, бірлігіміздің одан әрі жасай берсін нығая берсін дегіміз келеді. Достығымыздың белгісі ретінде қазақ ұлтының би

«Қара жорға» биін бәріміз бірге билейік.
Жарайсыңдар балалар! Бір – біріңе деген достықтарың мәңгі болсын,

Ата-аналарың аман болсын. Балалар бүгінгі мерекеміз сендерге ұнадыма?
олай болса
«Қазақстан - ортақ үйіміз» атты үлкен шаңарақтың астында бәріміз бірге би билеп, Қазақстан туы мәңгі биікте желбіресін деген әнін шырқап ертеңгілігімізді аяқтаймыз.









Ақмола облысы Егіндікөл ауданы

МКҚК «Балбөбек» бөбек-жай бақшасы









«Қарлығаш» І кіш тобы

1 мамыр Қазақстан Халықының Бірлігі күніне арналған «Достығымыз жарасқан» атты ертеігілігінің сценарийі



Дайындаған тәрбиеші: Сарманова Сапаргул Елубаевна







2019ж мамыр


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.05.2019
8009
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі