1 мамыр-Ынтымақ,Бірлік күні

Тақырып бойынша 11 материал табылды

1 мамыр-Ынтымақ,Бірлік күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл күн — әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, адамзаттық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Бұл күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:1 мамыр-Ынтымақ ,Бірлік күні

Мақсаты: ұлттар достастығын күшейту және жастар арасында патриоттық сезімде

 Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен  оқушылар, сіздердің назарларыңызға Халықтар ынтымақтастығы күніне арналған “Татулығы жарасқан, тағдыры бір халықпыз” тақырыбындағы 1-4 кластар арасында өткізілетін сайысымызды бастаймыз. Бүгінгі мерекемізде біз 3 ұлт өкілдерінің басын қосып отырмыз. Әрине, қазіргі таңда елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.

Әнұраным – жан ұраным,

Айтар әнім – сөйлер сөзім,

Туған жерім – сағынарым,

Мәңгі бақи шырқалады

Республика әнұраны.

(ҚР мемлекеттік Гимні орындалады)

 

1-жүргізуші: Бұл күн — әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, адамзаттық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Бұл күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.

 

2-жүргізуші: Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау – Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет.

 

1-жүргізуші: Баршаңызды 1 мамыр – Халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

 

2-жүргізуші:

Қазақтың қасиетті даласында

Думанда ауыл аймақ арасында

Қызықтап көрермендер жиналыпты

Қошемет көрсетуге баласына, — дей келе сіздердің қошеметтеріңізбен бүгінгі байқауға қатысушы ұлттарды  ортаға шақырайық

 

1 жүргізуші:

Енді осы өнерпаздарымыздың өнерлерін бағалаушы  әділқазы алқасының мүшелерімен таныс болайық:

  1. Мектеп әдіскері Ерғалиева Мөлдір Төлегенқызы

  2. Музыка пәні мұғалімі Мектепова Зәуре Құлтанқызы

  3. Еңбек пәні мұғалімі базарбаев Медет Сәрсенбайұлы

 

2-жүргізуші: Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз молшылыққа, ал әрбір шаңырақ шаттық пен бақытқа кенелсін, деген тілекпен біз әрі қарай сайысымыздың кезеңдерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер

  1. Таныстыру

  2. Өз өнерін көрсету

  3. Сұрақ-жауап

  4. Үй тапсырмасы

 

1-жүргізуші: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.

Татулығын жырға қосам ұлттардың,

Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

Кешімізді сайыс қатысушыларын таныстырудан бастаймыз.

(Сайысқа қатысушы ұлттар өз тілдерінде топтарын таныстырады)

 

2-жүргізуші: Тілі бөлек болғанымен тілек бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

Ұлтаралық татулық арқасында  бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай.Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен деген тілекпен, ұлттарымыздың дайындап келген өнерлерін тамашалаңыздар!

(Сайысқа қатысушы әр топ өз ұлттарының өнерлерін көрсетеді)

 

1-жүргізуші: Кең байтақ елімізді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарып отырса, біздің білім ордамыздың ұйытқысын келтіріп отырған оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жакупова Назия Қасымқызы. Ендеше, апай, көпшілікке деген жүрекжарды ақ тілегіңізді білдіру үшін өзіңізді ортаға шақырамыз.

 

2-жүргізуші:

Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан, — дей отырып сұрақ-жауап кезеңіне де жеттік

(Сайысқы қатысушылар сұрақтарды таңдау арқылы жауап береді)

 

1-жүргізуші:                          

            Ортақ бізге бір Отан,

            Ортақ жердің байлығы.

            Еңбек ортақ, жыр ортақ,

            Ортақ бізге барлығы, — дей келе сайысымыздың ІҮ кезеңі үй тапсырмасы

(Әр ұлт өздерінің қолдарынан шыққан ұлттық бұйымдарын немесе тағамдарын көрсетеді )

 

2-жүргізуші:                        

Елім менің, жарқыраған, жайнаған,

Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.

Елім менің биіктігі шарайнам,

Қыран құсы көгінде мың самғаған!

Жер-Ана бәрімізге ортақ. Осынау сахара кең қазақ даласында көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті ынтымақта, бауырластықта өмір кешуде. Қазақ жері ортақ Отан, ортақ өлке болып, әр азаматтың мекеніне айналған.

 

1-жүргізуші:

Ағайын-туған – бар адам,

Адалдық үшін жаралған.

Бар қымбат туыстық,

Баянды болсын тыныштық!

Бүгінгі  «Татулығы жарасқан, тағдыры бір халықпыз» атты сайыс жеңімпаздарын матапаттау рәсімін әділқазыларға береміз.

(Сайысқа қатысушылар марапатталады)

 

2-жүргізуші:                    

Жер-анамыз жасайды тарлық кімге,

Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде.

Қайталанып, жаңарып айтылады,

Бейбітшілік деген сөз барлық тілде.

 

1-жүргізуші: Осымен, бүгінгі «Татулығы жарасқан, тағдыры бір халықпыз» атты сайысымызды аяқтаймыз. Сау саламатта болыңыздар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.04.2018
842
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі