Материалдар / 1-маусым балаларды қорғау күніне өтілген іс-шара
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

1-маусым балаларды қорғау күніне өтілген іс-шара

Материал туралы қысқаша түсінік
қайырымдылық жасау игі іс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Маусым 2021
403
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

"Сәбидің бәрі бақытты болуы үшін жаралған!"

"М.Мақатаев атындағы №47 жалпы орта мектебі "коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1-маусым Балаларды қорғау күніне арналған «Сәбидің бәрі бақытты болуы үшін жаралған!» атты,ғұмырымыздың жалғасы,болашақтың арнасы, жанұямыздың қызығы, шаңырағымыздың шаттығы,көңіліміздің ажары,өміріміздің базары болған ұл-қыздарымызға мектеп ұжымы демеушілік жасау арқылы ауқымды іс-шара өткізілді.

Іс-шара бес бөлімнен тұрады : 1. Концерттік бағдарлама 2.Мәнерлеп оқу сайысы 3."Біздің балалық шақ" атты сурет байқауы 4.Шахмат, дойбы сайысы 5.Бірінші сыныптар арасында эстафеталық ойындар өткізілді. Мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы Нұржамал Исабекова оқушыларды мерекемен құттықтап және де өткізілетін сайыстарға балалардың белсене қатысып, түрлі сыйлықтарға ие бола алатындарын айтты.Іс-шара ұйымдастырушылары БСОІМ: А.Жунусова,3"ә"сынып жетекшісі Ұ.Датқабаева ,орыс-тілі пән мұғалімі У.Умаровалар мектеп ұжымынан келіп түскен қаражатқа ,сайыстарға қатысатын оқушыларға сыйлықтар тағайындады.Ертеңгіліктің ашылуында өз өнерлерін көрсетіп алғыс хатпен марапатталған оқушылар: Біргебай Нұрасыл,Синасап Назерке, Беглер Инабат, Жумахан Индира . «Мәнерлеп оқу» сайысына қатысып марапатқа ие болған оқушылар : Қалдыбекова Тоғжан, Есенхан Айлин, Рахматулла Аяулым,Аманбай Назерке,Тойжан Нұрасыл,Нұрназарова Каусар,Махмутжан Жансулу,Берікбай Айару,Халық Аякөз, Базарбек Айжұлдыз т,б."Біздің балалық шақ!" атты сурет сайысына қатысып марапатталған оқушылар:Жаңабай Сабина,Намиялы Зейнеп,Ундирбек Аяна,Адил Фатима.Шахмат, дойбы сайысына қатысып марапатқа ие болған оқушылар :Аманбай Нұрасыл,Жасузақ Ақерке, Базарбек Уалихан. Эстафеталық ойындарға екі топ қатысты олар "Қарлығаш" және "Көгершін" топтары. Бұл сайыста 25 ұпаймен "Қарлығаш" тобы жеңіске жетті. Ұйымдастырушылар Исмайлова Гүлжан ,Кулчайнова Назира апайлар. Мерекелік іс-шараның соңында балалардың ең сүйікті асы балмұздақ тарқатылды. Оқушылардың қуаныштарында шек болған жоқ,жүздерінен күлкі кетпей өз ұстаздарына деген қуаныштарын ,ризашылықтарын білдіріп жатты. Осы іс-шараны ұйымдастырған ұстаздар, аз да болса өз үлестерін қосып, балалардың қуанышын бөлісе білген мектеп ұжымына мың алғыс айтылып, тарқады.

ДТІЖО :Исабекова Нуржамал

Умирзаховна.











Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!