1 Наурыз - Алғыс айту күніне арналған тренинг

Тақырып бойынша 11 материал табылды

1 Наурыз - Алғыс айту күніне арналған тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілері мен өзін - өзі тану пәні мұғалімдеріне керек деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

1 Наурыз – Алғыс айту күніне арналған тренингтің

жоспары


Тренингтің мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру; үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту; әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

Әдістері: сыни тұрғыдан ойлау технологиясының стратегиялары, ойын, түсіндіру, әңгімелесу.

Барысы:

І. Топқа бөліну. Тренингке қатысушылар есімдерінің алғашқы әріптері бойынша сапқа тұрып, топқа бөлінеді.

ІІ. Әңгімелесу.

1 – жүргізуші: Құрметті балалар, бүгін 1 Наурыз – Алғыс айту күні. Талай тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған Қазақстанда адамға құрмет көрсететін күн белгіленді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барлық ұлттың бір-біріне және қазақтарға алғыс айту күнін бекітуді ұсынды. Осылайша, 1 Наурыз күні – көктемнің алғашқы күні Алғыс айту күні болып жарияланды.

Бүгінгі күн – нұрлы күн,

Жарық шашқан әлемге.

Ескеретін күн бүгін,

Ризашылық қой әр елде.

2- жүргізуші: - Балалар, ризашылық дегеніміз не ? Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?

- Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?

- Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?

- Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер? (балалардың жауаптары тыңдалады.)

Қорытынды ой: Ризашылық - адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.

- Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс - әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі (слайд бойынша).


ІІІ. Топтық жұмыс.

І - топ: Мұғалімнің және сыныптастарының қыз баланы туған күнімен құттықтау сәтін сахналау.

ІІ - топ: Ағалы - қарындас туыстардың үйге келген қонақтарды күтіп алу сәтін сахналау.

ІІІ - топ: Сендер қандай жағдайда риза боласыңдар? Ризашылықты қандай жолдармен білдіруге болады?

ІҮ - топ: Дәйексөздің мағынасын түсіндіреді. «Өмірге риза болып, алғыс айт»


ІҮ. Бейнеролик көру, талдау. «Жақсылығың қайтар өзіне».


Ү. Пікір алмасу. Проблемалық сұрақ: «Жақсылық жасаудың біз үшін қандай пайдасы бар? Біз неліктен басқаларға жақсылық жасауымыз қажет?»


ҮІ. Сергіту сәті. «Анам дүкеннен не сатып алды ?»

Желпуіш, іс тігетін машина, велосипед, тербелетін орындық, шипажайға жолдама.


ҮІІ. «РАФТ» әдісі. Оқушыларға бата беріп тұрған қарияның суреті көрсетіледі. Сурет бойынша өлең құрастырады.


ҮІІІ. Қорытындылау

- Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.


ІХ. «Автограф» ойынын ойнату. Әр оқушыға артына қағаз бекітіледі. Осы қағазға басқа оқушылар тілектерін жазуы қажет.


Х. «Пікірлер себетін толтыру».


Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Осы сабақта өздерің үшін қандай жаңалық аштыңдар?

Осы сабақтан кейін қоршаған ортаға деген көзқарастарын өзгерді ме? Өзгерсе қалай?










«Васильковка негізгі мектебі» КММ








Shape1









Өткізгендер: ТІМ Бейсенбаева С.С.,

психолог Ақынбек Ж.











1 наурыз 2017 жыл

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.06.2018
2158
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі