1-Наурыз. Алғыс айту күні

Тақырып бойынша 31 материал табылды

1-Наурыз. Алғыс айту күні

Материал туралы қысқаша түсінік
1-Наурыз. Алғыс айту күні
Материалдың қысқаша нұсқасы






















«Алғыс айту-парызым»
















І жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен оқушылар!

ІІ жүргізуші:

Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылдың 14 қаңтардағы № 173 Жарлығы негізінде 1 наурыз Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күніне орай 1 наурыз Қазақстанда Алғыс айту күні болып жарияланды. Осы жарлық негізінде мектебімізде өткелі жатқан «Алғыс айту-парызым» атты Ризашылық күніне арналған мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!



І жүргізуші:
Ұстаз болу аса маңызды және өте қиын мамандық, өйткені ұстаз білім ғана беріп қоймайды. Ұстаз баланы болашақ үлкен өмірге дайындап қажетті кеңестермен сусындатады.


ІІ-жүргізуші: «Алғыс айту-парызым» атты Ризашылық күніне арналған мерекелік іс- шараға зейнеткер ұстаздарымызды ауыл тұрғындарының алғысына бөленіп жүрген асыл жандарды шақырып отырмыз. Іс-шараға шақырылған қонақтар:


қош келдіңіздер!


І-жүргізхуші: «Адал бол, - деп, - балдырған»,

Әділдікке баулыған.

Жүрегінде – махаббат,

Тілегінде – марқабат

апайларға МЫҢ АЛҒЫС!


ІІ- жүргізуші: Ризашылық күні адамдар бір-біріне қуаныш, шаттық сыйлайды, өз жетістіктерімен бөліседі, бір-біріне алғысын айтады. Ендеше, алғыс білдіру үшін сөз кезегін мектеп директоры Нұрахметова Гүлжанар Құмарғалиқызына береміз.


І жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, мектеп оқушыларының атынан көрсеткен қамқорлықтарыңыз бен аялы алақан, жылы лебіздеріңіз үшін басымызды иіп, рахметімізді айтамыз. Еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға бақыт тілейміз.
сынып қыздарының орындауында
«Ұстазым» Әні


ІІ жүргізуші:
Мұғалімнен өнеге – білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз.


Ән «Көңілді күн» Шәкен


І жүргізуші:
Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,
Ол болмаса, кім береді парасатты.
Асылын беріп шәкірт бойларына,
Ағартқан сол үшін де қара шашты.
Ұстазға әркім басын ию керек,
Кемеңгер, ақылшым деп білу керек.
Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,
Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.
Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын,
Ойлайды, олар сонымен ұшталғанын.
Мәңгілікке мақтанып өтеді ұстаз,
Шәкіртінің биікке шыққандарын.

ІІ жүргізуші:
Ұстаздарға арналған өз жадынан шығарған өлеңімен –

І жүргізуші:
Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс – әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беру.
Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезім.



ІІ жүргізуші:
Мың алғыс, миллион алғыс аналарға!
Аты да, өзі де ұлы тұрар алда.
Отанмен, туған жермен теңесесің,
Нәр алған аналардан даналар да.
Тірлікке бастаусыңдар тұнық бұлақ,
Таң шапақ сәулесіңдер жарық шырақ.
Жүз көрер айнасыңдар шаң қонбаған,
Жайдары жаз күніндей жанға шуақ.

Бүгінгі «Алғыс күніне» арналған бейнекөрінісімізді тамашалаңыздар!


І жүргізуші:
Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды.

Ендеше барша аналар қауымын келе жатқан «Халықаралық әйелдер» күнімен құттықтаймыз!!!

Ерсайн Қасымның орындауында «Ана» әні


ІІ жүргізуші:
Бүгінгі ризашылық күнін пайдаланып аналарымызға да басымызды иіп, рахметімізді айтамыз!

Ән «Ана сен бақыттысың»
Рахым Мұхамет 5 - сынып

І жүргізуші:
Құрметті оқушылар, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңізді ешкімнен ешқашан аямаңыздар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңыздар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңыздар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңіздер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңыздар.

ІІ жүргізуші:
Осымен «
Алғыс айту-парызым» атты Ризашылық күніне арналған мерекелік концертімізді аяқтаймыз, келіп тамашалағандарыңыз үшін

көп – көп РАХМЕТ(2жүргізуші бірге)



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.02.2024
92
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі