Материалдар / «1-қыркүйек – білім күні»

«1-қыркүйек – білім күні»

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2018
660
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жамбыл облысы Тараз қаласы №13 бөбекжай-бақша тәрбиешісіНурсейтова Нуржанат ЖолшибековнаОқу қызметінің тақырыбы: «1-қыркүйек – білім күні».Мақсаты: Балаларға 1-қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету.Көрнекі-құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері,суреттер.Әдіс-тәсілдер: көрнекілік, сөздік, сұрақ-жауап.Мотивациялық- қозғаушылық:«Достық шеңбері» Біздің топта балаларТату - тәтті ойнайды.Дос көңілі әрқашанТек жақсылық ойлайды.Тәрбиеші: Бүгіннен бастап біз доспыз, арамыз ешқашан осы шеңбердей бұзылмасын.Мемлекеттік Гимн орындау.Ұйымдастырушы- ізденістік:Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі оқу қызметіміз біздің білім күніне, бірінші қыркүйек күніне арналады. 1-ші қыркүйек күні барлық балабақшаларда, мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады. 1-қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Бұл күн сендер үшін, оқушылар үшін және біздер үшін, ұстаздар, тәрбиешілер үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір мектептерде, балабақшаларда, басқа да білім беру мекемелерде тұңғыш қоңырау соғылады (тәрбиеші қоңырау соққан баланың суретін көрсетеді). Осы тұңғыш қоңыраудан бастап күнделікті оқу басталады. Балалар, жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер балабақшаға күнде келіп, сабақ оқып, тәрбие алуларың керек. Балалар, біз «Құлыншақ» ересек тобында оқу оқығанда біздің Қазақстан Республикасының рәміздері жайында білім алғанбыз, ендеше есімізге түсірейікші, біз қандай Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз?Балалар: Ту, Елтаңба, Гимн.Тәрбиеші: Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Қазақстан Республикасының мемлекттік Туы- ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Алтын күн, қыран және ою-өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.- Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Бес жұлдыз, қанатты тұлпар бейнеленген. Бидай сабақтары тоқшылық,  молшылықты білдіреді.- Кез-келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы- Гимн. Гимн мемлекеттік ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.Тәрбиеші: Балалар, айтыңдаршы, біз қай Республикада тұрамыз?Балалар: Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.Тәрбиеші: Дұрыс. Қазақстан Республикасының президенті кім?Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Тәрбиеші: Өте жақсы. Біздің Қазақстан Республикасының елордасы қай қалада?Балалар: Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласы.Тәрбиеші: Кім Астанаға барды? Астанада қандай керемет үйлер бар?Балалар: Астанада – Хан шатыр, Байтерек, Ақ орда тағы да басқа өте әсем көп ғимараттар бар.Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Айтыңдаршы, біз қай қалада туып, өмір сүріп жатырмыз?Балалар: Біз Тараз қаласында туып, өмір сүріп жатырмыз.Тәрбиеші: Балалар, айтыңдаршы, біздің балабақшамыздың аты қалай?Балалар: «№13 бөбекжай-бақшасы»Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Сендер өздеріннің Республикаларың, рәміздер жайында, елорда жайында барлығын білесіңдер. Жарайсыңдар! Ендеше біз бүгінгі мерекеге арналған өлең тақпақтарымызбен оқу қызметімізді жалғастырайық. Інжу: Жымыңдап күз келді,Күліңіз сіз де енді.Бірінші қыркүйекҚарсы алшы біздерді!Бексұлтан: Өсті міне бойымыз,Өсті міне ойымыз.Қуанышқа ортақпыз,Құтты болсын мерекеміз.Айша: Білім - менің ертеңімӨсу үшін өркенімЖүзем оқу - айдындаЖайып білім желкенінМедер: Қиындықтан өтугеАрмандарға жетугеБілім алам ерінбей,Еліме қызмет етуге!Тәрбиеші: енді балалар,білім туралы мақал-мәтелдерді тыңдап, қайталап жаттап алайық.1. Білекті бірді жығар,Білімді мыңды жығар.2. Кітап- білім бұлағы,Білім – өмір шырағы.3. Ақыл азбайды, Білім тозбайды.Дидактикалық ойын: «Оқу құралдарын ата және боя»Мақсаты: балалардың ойлау қабілетін, байқағыштығын, қолының ұсақ маторикасын дамыту.Тәрбиеші: Міне, балалар, осы күннен бастап бізде күнделікті оқу қызметіміз, қызықты да көп нәрсеге үйренетін күндеріміз басталды. Әрқашан бүгінгідей жақсы көңілмен, барлығын үйренеміз. Бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатысқандарың үшін көп рахмет. Бүгінгі 1-ші қыркүйек – білім күніне арналған оқу қызметеміз осымен аяқталды.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ