1 қыркүйек – Білім күніне
арналған тәрбие сағаты
«Мен – өз елімнің
патриотымын!»
Мақсаты:
-
Жас
ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай –
қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген
сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
-
Отанын,
туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының
өлеңдері мен ата – бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық
сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің
қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге
тәрбиелеу;
-
Ойларын
жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп
өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын
дамыту.
Көрнекілігі: Елбасы суреті, рәміздер,
қанатты сөздер, слайд, шарлар.
Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу,
түсіндірмелі, көрнекілік.
Формасы: тәрбие
сағаты, топтық жұмыс.
Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық және
полимәдениеттік тәрбие беру.
Мұғалім:
Біздің
Отанымыз-Қазақстан. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан
Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда елдігімізді
танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар. Қазақстан
Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін
жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен жолдарымызға қарасақ, әр
жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Қазақстанды
мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдинетін көркейтіп, бірлігі
мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз. Осыған орай «Мен – өз
елімнің патриотымын» атты тәрбие сағатымызды
бастаймыз.
– Отанымыз Қазақстан
– Мемлекеттік рәміздер – ту, елтаңба, гимн.
– Елордамыз Астана қаласы.
Тәрбие сағатымызды
бастамас бұрын сынып оқушыларын еліміздің рәміздері бейнеленген
қима қағаздар арқылы 3 топқа бөлу.
-
1 топ:
Елтаңба;
-
2 топ:
Ту;
-
3 топ:
Әнұран.
Қыран
құсым көк аспанда самғасын
Желбіресін көк байрағым сан ғасыр
Жас ұландар, берік ұста туыңды
Жарқыратып туған елдің таңбасын - дегендей, Қазақстан
Республикасының өз рәміздерін мақтаныш етеміз.
Еліміздің рәміздерін атайық.
(Туы, Елтаңбасы,
Әнұраны)
І кезең.
«Қазақстанның елордасы – Астана»
Көз тіккен төрткүл дүние
алты алашы,
Бұл бүгін қазағымның бас
қаласы.
Елордам халқым үшін ерен
бөлек –
Тәуелсіз еліміздің –
Астанасы!
1-топқа
сұрақ.
-
Қазақстан халқы өзінің
президентін қашан сайлады? (01.12.1991 ж.)
2-топқа
сұрақ.
-
Елорда ажарын асқақтатар
орындар? (Бәйтерек, Қазақ елі монументі, Ақ орда)
3-топқа
сұрақ.
-
ҚР халық саны? (18 млн.
астам)
ІІ
кезең.
1992 жылы
ҚР жоғарғы Кеңесінің сессиясында Республикамыздың Туы, Елтаңбасы
және Әнұраны қабылданды.
Шексіз көк аспанды
жамылады
Уақыттың басылған жоқ дауылы әлі
Бірігіп бір жүрекпен шырқай тұғын
Әнұран – Мемлекеттің халық әні
(1-топ Әнұран жайлы мәлімет береді, сұрақтарға жауап береді)
Айнымайды аспаннан. Біздің тудың бояуы,
Оны халық қашанда. Биікке іліп қояды.
Көк аспанда алтын күн. Көк аспанда жас қыран,
Естілгендей біздің үн. Сол ғарыштың
астынан.
(2-топ Ту туралы мәлімет
береді)
Бұл - таңбасы
елімнің
Елдігімнің белгісі
Мұнда да бір ерлігім
Мұнда да бар жер күші
Қара –шаңырақ – ел күні. Асқақтатып тұр мұны
Елтаңбасы – елдігім. Елдің тыныш тірлігі
(3-топ Елтаңба туралы
мәлімет айтып, сұрақтарға жауап береді)
-
1.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы
– Ту –
мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты
рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен
шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе
эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата
ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны
белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып
келеді. Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы
қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн,
оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір
түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек
нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі
алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2.
Геральдика дәстүрінде әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады.
Мәселен, аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық,
сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Сонымен қатар,
көк түс түркі мәдениетінде терең символдық мәнге ие. Ежелгі
түркілер аспанды тәңір-атаға балаған, ал олардың көк туы арғы
ата-бабаларға деген адалдықты бейнеледі. Қазақстанның Мемлекеттік
туында ол ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің
біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді.
-
2.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
– Елтаңба
– мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині
немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени
және тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді
пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді.
Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері
кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем
арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл
термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған. Егеменді
Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның
авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман
Уәлиханов. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек
нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен
мәңгіліктің символы. Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық
элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы
күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі
секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына
аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы
бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде
«Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың,
аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан»
деген жазу – алтын түстес. Көк күмбезін еске салатын және Еуразия
көшпенділерінің дәстүрлі мәдениетінде тіршіліктің негізгі
бастауының бірі боп саналатын шаңырақ – киіз үйдің басты жүйе
құраушы бөлігі. Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы шаңырақ
бейнесі – елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының,
біртұтас Отанының символы. Шаңырақтың мықтылығы мен беріктігі оның
барлық уықтарының сенімділігіне байланыстылығы секілді, Қазақстанда
бақытқа жету әрбір азаматтың аман-есендігіне
байланысты.
-
3.
Әнұран, Гимн – мемлекеттің басты
рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині
«салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Гимн ел азаматтарын
тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан
теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз
саналады.
Тәуелсіз
Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік гимні екі рет – 1992
және 2006 жылдары бекітілді.
Республика мемлекеттік егемендігін иеленгеннен кейін, 1992
жылы Қазақстан әнұранының музыкасы мен мәтініне байқау жарияланды.
Байқау қорытындысы бойынша Қазақ КСР гимнінің музыкалық редакциясын
сақтау туралы шешім қабылданды. Осылайша тәуелсіз Қазақстанның
алғашқы гимінің музыкасының авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений
Брусиловский және Латиф Хамиди болды. Сонымен қатар, үздік мәтінге
жарияланған байқауда авторлар ұжымы, белгілі ақындар Мұзафар
Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра
Дәрібаева жеңіп шықты.
Елдің
дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа
мемлекеттік гимн қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында
кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды.
Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне
жазған болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге
мемлекеттік гимн жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты
шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді.
Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен
отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету
енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік гимнін
бекітті.
ІІІ кезең: Сөзжұмбақ
шешу «Отан»
1. Ұлттардың бірлігі, татулығы не? (Достық)
2. Елордамыз қай қала? (Астана)
3. Біз қай ұлтпыз? (Қазақ)
4. Мемлекеттің рәміздеріміздің бірі ? (Әнұран)
Мен
бүгінгі тәрбие сағаттымызды мына өлең жолдарымен
қорытындылағым келіп тұр.
Қорытынды:
Тауды көрсең күн көзімен
таласқан,
Аспан көрсең ай мен
күнге жол ашқан.
Менің байтақ республикам
даласы,
Менің көгім теңізбен қол
ұстасқан.
Дала көрсең көк жиекпен
таласқан,
Көлді көрсең секілді бір түскі
аспан.
Менің байтақ республикам даласы,
Менің көгім – теңізбен қол
ұстасқан.
Қызыл бұлттай көрсең қырдың
гүлдерін,
Көрсең анық Алатаудың күндерін,
Жерінде гүл, көгінде күн бір жүзген
–
Ұлан байтақ республикам бұл
менің.