400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

1-қыркүйек білім күні

Материал туралы қысқаша түсінік
тәлімгерге көмек, тәлімгер жұмысы, сценарий, салтанатты жиынға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

БАЙЗАҚ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ

БЕРІКҚАРА ОРТА МЕКТЕБІ

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ




«Бекітемін»

Мектеп директоры:

______Тулеев Е.Н.

«___» ___2023ж










«Мектебім-мейірім мекені»
















2023-2024 оқу жылы

«Мектебім- мейірім мекені»


Жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен қадірменді ата — аналар!
Армысыздар ардақты, мектеп оқушылары мен балауса балдырғандар! Биылғы 2023 — 2024 жаңа оқу жылының басты мерекесі кішкентай бүлдіршіндеріміздің бірінші сыныпқа қадам басуы. Ендеше, «Мектебім –мейірім мекені» атты салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер!
Мектеп деген білім күні, жыр күні,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата — аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы білім күні мерекелеріңіз құтты болсын! Ендеше барлығымыз да сағынышпен күткен “ Мектебім –мейірім мекені ” атты білім күніне арналған мерекелік шарамызды ашық деп жариялаймыз.
Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысып отыр.
Көк тудың желбірегені

Жаныма қуат береді

Таласқа түссе жан мен ту

Жан емес маған керегі
Сап түзел, тік тұр. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ресми түрде енгізілсін.
Сап түзел, тік тұр. Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалсын
Жүргізуші:
Жан шуағы, күн шуағы арай ма,
Ұстаз деген әулиедей талайға
Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,
Әл — Фараби, Омар, ғалым Абай да.
«Мектебім- мейірім мекені» мерекесін салтанатты түрде ашу үшін алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Тулеев Ералы Нақыспекұлы беріледі.

Жүргізуші:

Құшақ жая қай жерде де қарсы алар,
Абзал жан бар, биік тұлға байсалды.
Қуаныш пен салтанатты шақтарда
Қонақтар да ақ тілегін ақтарар — сөз кезегі бүгін біздің қуанышымызға ортақтасу үшін мерекемізге келген құрметті қонағымызға беріледі: Аудан әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау басшысы Тайлақбаев Қайрат Әлімханұлы, Дихан ауылдық округінің әкімі Абдуалиев Жұман Әуесбекұлы

Жүргізуші:
Біреулер енші ап өмірден,
Аттанбақ болса асып қыр
Біреулер балғын көңілмен
Алғашқы қадам басып тұр
Сондықтан да назарды,
Солар жаққа бұрайық
Балдырғандарды базарлы
Қарсы алып, қол ұрайық – дей келе, бүгінгі мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1 — сынып оқушыларына сәтті қадам, таудай талап тілейміз.

Біраз жылын осында өткізген,
Ұстаздар – ізгі пәк жандар.
Қуана шәкірт қабылдап,
Алғашқы әріп үйретер,
Мыңжасарова Күміскүл Бергентайқызын ,Тұрсынбаева Алия Аманжоловна шәкірттерімен қарсы алыңыздар!
(Музыка ырғағымен 1 - сынып оқушыларын жетектеп, ұстаздары жиын өтіп жатқан алаңға шығып, ортаға 1 мәрте жүріп өтіп, арнайы дайындалған орынға келіп тұрады.)
Жүргізуші:
Ортаға 1 — сыныпқа қадам тастаған бүлдіршіндер жүрек жарды тақпақтарын сіздерге айтып береді.

тақпақтар

Жүргізуші:
Ән: «Мектебім»

Орындайтын: Еркежан Мырзабай
Жүргізуші:
Жүрегі нұр, өмірі гүл ұстаздың,
Сондықтан да ұстазыңа ұқсағың.
Адам жанын тәрбиелеп аялар,
Құрметті ғой әрбір ісі ұстаздың – дей келе, сөз кезегін 1 — сыныпқа шәкірттерін қабылдап отырған ұстазға береміз. Құрметпен ортаға 1 сыныптың мұғалімі Мыңжасарова Күміскүл Бергентайқызын шақырамыз.
Жүргізуші:
Ортада 5-сынып оқушыларының биін тамашалаңыздар!

Бүлдіршіндер ертеңгі ел мамандары,
Құтты болсын алғашқы қадамдары!
Құтты болсын басталған оқу жылы,
Құтты болсын, болашақ баспалдағы! – дей келе. Келесі сөз жоғарғы сынып оқушысына беріледі.
Инаят (құттықтау,арнау сөз)

(11-сынып оқушылары 1- сынып оқушыларына сыйлықтарын табыстайды)

(Қоңырау соғылып салтанатты жиын аяқталады)

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
26.09.2023
422
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі